А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет73/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103

169 
 
Ӛлеңнің  идеялық  ӛзегінде    ӛмір  философиясы  бой  кӛрсетеді.  Ӛлеңнің 
композициялық құрылымы ерекше. Ақын ӛмірдің бар болмысын толқынның 
тууы  мен  ӛлуі  арасына  тізбектей  отырып  кӛркем  безендірген.  Ӛлең 
композициясында  ақын  үн  үйлесімін  аллетерациялық  тәсіл  арқылы  шебер 
берсе,  ӛлең    ырғақ,  ӛлшем,  ұйқас  арқылы  да  сазды,  әуезді  құрылым  түзген. 
Анафоралық  қайталаулар  мен  паралелизм    ақынның  салмақ  түсіретін  ойын 
ерекшелей  түскен.  Осылайша  ақын  «Толқын»  ӛлеңінде  терең  толғанысты, 
әуезді әсем сурет жасаған.    
Осы орайда мектеп бағдарламасына енген бірнеше ӛлең мәтініне түсінік 
беріп кӛрейік. 6-сыныпта оқылатын С.Сейфуллиннің «Дала» ӛлеңі жаңа ӛмір 
жастарына арнау  ретінде  жазылған. Дала  –  қазақтың  киелі  құт  мекені.  Дала 
халық  ұғымында  кеңдіктің,  ырыс,  несібенің,  еркіндіктің  символы.  Сәкен 
Сейфуллин «Далада» ӛлеңінде «алты жасар асауды ұстап мініп» ой қиялымен 
даланы  дүбірлетеді.  Кӛсілген  дала  еркіндіктің  бейнесі  болса,  асау  тұлпар 
еркін    де  қайсар  рухтың  бейнесін  сипаттайды.  Ақын  ӛлеңіндегі  ой  үш 
детальға  (ұғымға)    тоғысады.  Олар:  дала,  асау  тұлпар  және  ақынның 
лирикалық  қаһарманы.  Ақын  ӛлеңде  дала  «жаңғырады»,  «дүбірлеп 
күңіренеді»,  асауды  «орғыды»,  «осқырды»,  «зымырап  құлашын  керді», 
«кӛздері оттай» деген сӛздермен бейнелейді. Ақынның лирикалық қаһарманы 
еркіндікке құлшына құлаш сермеген жалынды жас. Ол кең даланы күңірентіп 
ән салады. Әніне барлық дала «Аққу қазды шалқар кӛл,  
Қамысты-құрақты кӛк ӛзен  күңіренеді, үнге қосылады.  
Ӛлең астарлы оймен жазылған. Ақынның даласы – еркіндіктің бейнесі, 
асауы  – еркін рухтың, жалынды күрестің бейнесі, ал ақын әні  – жаңа заман 
үні.  Жаңа  заман  үні  «әділдік,  теңдік  іздеген»,    «еркіндік,  кеңдік  іздеген» 
«кӛкірегі жанып, бақыт іздеген» жастарға: іні, қарындастарға арналады. Ақын 
бақыт  жолының  бұралаңын,  күрделі  де  қиын  жол  екенін  білдіре  тұра,  сол 
қиындықты  қайратты  ер  жастардың  ғана  жеңіп  шығатынына  қалтқысыз 
сенеді. Ерік, махаббат, бақыт жолындағы жастарды бірлікке шақырады. 
6-сыныпта  Қасым  Аманжоловтың  «Алатау»  ӛлеңі  берілген.  Ақын 
шығармашылығында  туған  жер  тақырыбы  ерекше    мәнге  ие.  Туған  жердің 
қасиетін  тану,  тебірене  жырлау    Қасымдай  еліне  шексіз  беріліп,  қалтқысыз 
қызмет  еткен  тұлғаға  тән  қасиет.    Ӛр  тұлғаның    асқар  тауды    жырлауы  да 
тосын  емес.  «Хантәңірі»,  «Алатау»    ӛлеңдерінде  ақын  ӛрлікті,  асқақтықты, 
табиғаттың  еңселі  ерек  болмысын  ардақтайды.  «Алатау»  ӛлеңінде  ақын  
табиғаттың  сұлу  перзенті  Алатаудың  қадыр-қасиетін  туған  елмен 
байланыстыра  суреттейді.  Алатау  кӛркімен  кӛз  сүйсіндіріп  қана  қоймай, 
елдің  аспаны  мен  жеріне  сән  беріп,  Қазақстандай  кең  құлашты  мекеннің 
тӛрінде  кӛркем  шаңырағы  болып  тұрғандығын  елестетеді.  «Алатау  –  айдын 
дала  қариясы,  Кӛтерген  тӛбесіне  ӛз  баласын»  деп  табиғаттың  оқшау 
жаратылған  перзентін  кӛпті  кӛрген  кӛнекӛз  қария  ретінде  ерекшелейді.  Ӛр 
тұлғалы,  тәкаппар  келбетті  Алатау-қария  елге  қазыналы  «дастарханын» 
жайып  ырзық  несібе  беріп  отырғанын  аңғартады.    Ӛлеңде  кӛркемдік 
айшықтаулар мен алмастыра қолданылған сӛздер кездеседі.   


170 
 
Бұдан ӛзге Қасым Аманжоловтың 8 сыныпта оқылатын «Ӛзім туралы» 
ӛлеңі  – кӛп  қырлы,  терең  мағыналы  шығарма.   Ақын    бұл  ӛлеңді  шығарма-
шылығының  кемелденген  тұсында  жазған.  Белгілі  сыншы-ғалым  Бекен 
Ыбырайым  ӛлеңнің  1948  жылдардан  бастап  жазылғанын,  оған  дейін  ақын 
үнемі  ӛз  шығармашылық  жолына  сын  кӛзімен  қарап,  жетілдіру  үстінде 
болғандығын  жазады.  Кӛрнекті  әдебиетші  Есмағамбет  Ысмайловтың  «Ӛзім 
туралы»  аяқталмаған ӛлең, ақынның философиялық поэма жазу мақсатынан 
туған шығарма екендігі туралы ойларын келтіреді.    
«Ӛзім туралы» ӛлеңі автордың ӛз тағдыры туралы ойларынан басталып, 
кең  арналы  тақырыптарды  кӛтереді.  Олар:    аға  ұрпақ  аманаты,  келер  ұрпақ 
парызы,    адам  тіршілігінің  мәні,  адамгершілік  жайы,  адамзат  тіршілігіндегі  
жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, ӛткінші ӛмір, уақыт 
мәселесі, ӛшпес ӛнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер 
ұрпаққа    аманаты  терең  философиялық  толғамдарда  кӛркем  сӛз  образдары-
мен  шебер ӛрілген. 
Ал  Фариза  Оңғарсынованың  «Оюлар»  ӛлеңінің    табиғаты  ӛзгеше. 
Оқушыларды  кӛбірек  ұлттық  ӛнерге  бағыттайды.  Қазақ  халқының  рухани-
эстетикалық  танымымен  біте  қайнасып  кеткен  қол  ӛнері,  ою-ӛрнегі  ұлттық 
құндылықтың  бірі.  «Әжелер  мектебінің»  ӛрнекті,  зерлі  сабағы  болып 
ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасты  болған  түскиіз,  сырмақ,  текемет  сияқты  бұйым-
дардың  күнделік  тұрмысымыздан  алшақтауына  бүгінгі  тұрмыс-тіршіліктің 
тынысы да себепкер.  
Ұлт мәдениетін айқындайтын қазақтың осындай қолӛнері ақын шығар-
масына  ӛзек  болған.  Ӛлеңнің  ӛн    бойынан  ұлттық  ӛнерге  деген  құрмет  пен  
ақынның  әжесіне  деген  ыстық  сезімі,  махаббаты  да  айқын  танылады.    Әр 
ғасырдағы  сан  түрлі  талап,  талғамдардан  сүрінбей  ӛткен  қазақы  асыл 
ӛрнектің  астарына  ақын  үлкен  мән  береді.  «Сүрінбей  ӛте  алар  ма 
ғасырлардан, Әжемнің оюындай жыр-ӛрнегім!» – деп нағыз асыл ғана уақыт 
сынынан  сүрінбей  ӛте  алатынын  мойындайды,  ақын  ӛз  шығармашылығына 
биік  талап  қояды.  Ақынның  қиялына  қанат  бітіретін,  шабыт  сыйлайтын 
бабалар жолы, ұлттық құндылықтар. Ақын ӛлеңінде нағыз ұлттық нақышты 
жыр, халқын, елін сүйген жаннан ғана туады деген де  астарлы мағына бар. 
Алты шумақты, қара ӛлең ұйқасымен жазылған ӛлеңнің тілі жеңіл, ақын ойы 
кӛркем айшықты. 
Орта мектеп бағдарламасында ӛнер тақырыбын, соның ішінде қазақтың 
ұлттық  қол  ӛнері,  саят  ӛнерін  қамтыған  шығармалар    енген.  Абайдың 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңі де ӛнер тақырыбына арналған.  
Оқу-білім, ӛнер тақырыбы қай ғасырда болсын ӛзектілігін жоймайтын 
мәңгілік  дүниелер  екені  белгілі.  Мектеп  бағдарламасында  кең  орын  алған 
тақырыптың бірі оқу-білім мен ӛнер тақырыбы. Әсіресе Абай шығармалары 
арқылы  аталған  тақырып  кең  қамтылған.  Оның  ӛзіндік  себебі  де  жоқ  емес. 
Абай ӛмір сүрген кезеңде оқу-білім, ӛнер тақырыбын қозғау аса маңызды еді. 
Қоғамдық сананы ояту  Хакім Абайдың ең биік мақсатының бірі болды. Абай 
«Ғылым  таппай  мақтанба»,  «Интернатта  оқып  жүр»,  «Жасымда  ғылым  бар  
деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге»,  «Ӛкінішті кӛп ӛмір кеткен ӛтіп», 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау