163
Ӛлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін
олардың ӛлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Ӛлеңнің
композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Курсивпен
берілген сӛздер әр шумақтағы мағыналық фонды, экспресивті-эмоциялық
күйді танытады.
Әрине, 5-сыныптың оқушысына ӛлең мәтінін дәл осы теориялық
ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді,
бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сӛздің мәнін ашу, кей
сӛздердің символдық белгі екендігін таныту қажет.
Ӛлең мағынасының
таянышы болып тұрған сӛздерді белгілеу, олардың мәнін әркімнің ӛз ұғым-
түсінігі бойынша пайымдату, ӛлеңдегі ерекше мәнді танытатын сӛздерді
саралау, жүйелеу, кластер түздіру, ӛлең құрылымын таныту оқушылардың
ой белсенділігін арттыратын тапсырмалар болып есептеледі. Бұндай
тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігімен қатар, шығармашы-
лық мүмкіндігін дамыта түседі. Сонда ғана оқушы білімді түсіну арқылы
талдау, қорыту, ӛз білімін бағалау кезеңдеріне ӛте алады.
Лирикалық шығармалардың әрқайсысы жеке құрылымдық жүйе
екендігін белгілі. Оларды оқытуда қолданатын әдістерді жинақтап айту
күрделі. Солай бола тұра біздің тарапымыздан, лирикалық шығармаларды
талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз:
1. Шығарманың басты және
қосалқы тақырыптарын табу;
2. Шығармадағы күрделі сӛздер мен күрделі ұғымдарды анықтау,
сӛздік жұмысын жүргізу;
3. Ӛлеңнің құрылысын талдау;
4. Ӛлеңдегі кӛркем сӛз айшықтарын (троп, фигураның түрлері) табу,
мәтіндегі қызметін
айқындау;
5. Шығарманың композициялық құрылымын анықтау,
жоспар құру;
6. Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек
ұғымдар
арқылы айқындау;
7.
Шығарма идеясын тану;
8. Авторлық ұстанымды аңғарту.
Я.А.Коменский оқу үдерісіндегі оқушыға білім мен тәрбие беру жұмы-
сын мынадай тӛрт кезеңге бӛледі:
1. Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар
арқылы бала ӛзін қоршаған ортаны, ӛмірді танып, олармен дұрыс қарым-
қатынас жасауға үйренеді.
2. Ішкі сезімді ой-қиял арқылы елестету мен есту, қол мен тілді
тәрбиелейтін жаттығулар.
3. Нақты зат пен нәрселердің кӛлемі мен барлық заттық нәрселерді,
құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой-
пікір мен түйсікті дамыту.
4. Ерікке қатысты; ұстамдылық, еңбек құмарлық, қабілетті дамытуға
бағытталған жұмыстар. Осы бағыттағы жаттығулардың барлығын да лири-
калық шығармаларды оқытқанда қолану маңызды.