6
этико-философиялық және тарихи-мәдениетті компонеттер түрінде оқу және
зерттеу болып саналады. Қазіргі бағдарламалар әр тақырып бойынша
бӛлінетін уақыт мӛлшері жӛніндегі нұсқаулардан ғана тұрмайтыны белгілі.
11 сынып түлектері ӛз таным-түсінігі мен пайымына қарай шығарманың
тақырыбын, жетекші ойын тұжырымдайды және кӛркем мәтіндердің ішкі
құрылымдық жүйесін талдайды.
Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі.
Бастауыш сыныптарда негізінен оқу мәдениетінің бастапқы білімі қалыпта-
сады, мәтінді жүргізіп оқу, мәнерлеп оқудың алғашқы дағды, машығы және
кӛркем шығарманы түсініп оқу, ішінара (элементтік) талдаулар жүргізіледі.
Кӛркем мәтін негізгі білім беру кӛзі ретінде танылады. Кӛркем мәтін
айналасында кӛптеген оқу әрекеттері жүзеге асырылады: дүниетанымдық,
шығарманы
эмоциялық қабылдау, сӛйлеу тілі дағдылары – барлығы
мәтін оқу
әрекеті тӛңірегінде іске асады.
Мектеп оқушысы мектепке дейінгі тәжірибесіне сүйене отырып кӛркем
шығарманы тұтас құрылым ретінде таниды әрі жеке автордың туындысы
ретінде қабылдай бастайды.
Әдеби білім негізі орта буын сыныптарда қаланады. Алғаш кӛркем
шығарма әлемін тануға күш салынады. Әдебиет пәні кӛркем мәтіндерді
негізгі құрал ретінде пайдалана отырып, алғаш ӛнердің үлкен саласының
бірі әдебиеттану сабақтарын бастайды. Әдебиет теориялық білімнің де бас-
тапқы негізі осы орта буын сыныптардан қаланады. Шығарманы мақамына
келтіріп оқу дағдылары орта буында толық қалануы тиіс. Шығарма
композициясын таныту мақсатындағы мәтінге жасалатын жоспар түрлері,
оқушының жазба тілі мен сӛйлеу тілін дамыту әрекеттері, сӛз образы мен
кӛркем кейіпкер образына талдау жұмыстары, шығарманың тілдік ерекше-
ліктерін ажыратып тану, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырату,
шығарманың кӛтерген басты мәселесі, қосалқы тарырыптар, шығарма
ӛзегіндегі авторлық кӛзқарас, автор поэтикасы, шығарма идеясын таныту
жұмыстары 7-9 сыныптарда белсенді жүргізіледі.
Оқушылардың сӛйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға,
кӛркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды
қайырымдылық, ӛз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын
сыныптарда қалыптасады.
5-9 сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламалары қазақ әдебиетінің үздік
шығармаларын шоғырландыру ұстанымы және хронологиялық жүйе
бойынша құрылған. Сонымен қатар әлем әдебиеті үлгілері де ұсынылған.
Әдетте орта буын сыныптарда қаламгердің ӛмірбаяндық деректері беріледі.
Орта буын (5-9) сыныптарда қаламгер ӛмірбаянын дербес сағат кӛлемінде
оқыту жоспарланбаған. Ӛмірбаяндық деректер оқылатын мәтін мазмұнын
ашуға қызмет жасайды. Әдеби-теориялық білім мен әдебиеттің тарихи
курсын оқуға даярлық та орта буында жүргізіледі. Ал автор ӛмірбаянын жеке
сағат кӛлемінде оқыту әдебиеттің тарихи курсын, автор шығармашылығын
монографиялы түрде оқитын 10-11 сыныптарға тән.