10
Е.Н.Ильин «Әдебиет – адам қалыптастырушы құрал»
1
деген әдебиет пәнін
оқытудың жаңа жүйесін ұсынған. Әдебиет пәні арқылы оқушы адам болмы-
сын тануды үйренеді, сол арқылы ӛзін-ӛзі тануға талпыныс жасайды.
Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейтеді, рухани дүниесі байиды, туған
тілі мен еліне деген құрмет сезімі қалыптасады. Әдебиет пәні арқылы жас-
ӛспірімдер туған елінің тарихы мен ғасырлар қойнауындағы сӛз маржанын
оқып, сол арқылы туған елінің арманы мен қиялын, болашақтан күтер үміті
мен сенімін кӛреді.
Әдебиет пәнінің танымдық, тәрбиелік, тұлға қалыптастыру-
шылық рөлі. Әдебиет — ӛнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет
— жан-жақты да терең ойлантудың пәні. Оқушы танымы мен логикасын
дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді. Жараты-
лыстану пәндері сияқты тұрақты
бір формула мен қағидалар, заңылықтармен
шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жол басшы бола
алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элемент-
тердің бұлжымас ережелері жоқ. Белгілі бір шығарманы әр қырынан тануға,
талдауға болады. Кӛркем шығарманы қабылдауда әртүрлі болуының бірнеше
себебі бар: біріншіден, сол шығарманы қабылдау жолындағы оқушының ой,
ӛресі, дүниетанымы, бұған дейінгі жинақтаған білім қоры, яғни әдебиеттану
ғылымынан алған білімі ықпал етеді, екіншіден, әдебиетте сӛздің қасиеті
ақпарат жеткізуші қызметтен әлдеқайда терең мазмұнда, бірнеше функцияда
танылады, сӛз адамның сана-сезіміне әсер ете отырып, белгілі кӛңіл-күй,
сезім, сурет, кӛрініс ӛмір бейнесін жасап, адамның эмоциялық қабылдауына
түрткі болады. Эмоциялық қабылдау да әр адамда әр түрлі. Бір шығармадағы
бір кӛріністің, бір сәттің ӛзін әр адам әр түрлі сезіммен қабылдайды.
Әдебиеттанудан білім дәрежесі бірдей адамның ӛзінің сезімі мен түйсінуі
әртүрлі. Бірнеше адамның оқуындағы бір ғана үзінді әр санада бірнеше сурет
құрайды. Бұл адамның ішкі сезім мен сезіне білу мәдениетіне, қасиетіне
байланысты. Үшіншіден, санадағы қабылдау мидың тек бір ғана бағыттағы
жұмыс әрекеті ғана емес. Санаға берілетін білім тек миға еніп қана қоймай,
сол санаға ӛзіндік сәулесін түсіреді. Кӛркем дүниенің осы қасиеті психолог,
педагогтардың еңбектерінде айтылады. Ӛнерді биік бағалған Абай:
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды – дейді
2
.
Әр заманда адамдардың түсінігі мен кӛзқарастарына, әлеуметтік ортасы
мен сенім, түсініктеріне байланысты да танып, түсіну әралуан болады. Себебі
кӛркем
шығармада бір ғана идея, бір ғана қасаң қағида болмайды.
Замана, шаруа, мінез күнде ӛзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида (шарт, ереже) шариғаты ӛзгерсе де,
1
Педагогикалық ізденіс.–А., Рауан, 1990.
2
Абай. Ӛлеңдер мен аудармалар, қара сӛздер 2 том. –А., Жазушы,1995. –11 б.