183
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.Жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығарманы оқытудың
дидактикалық мақсат, міндеттері қандай?
2.Лирикалық шығармаларды оқытуда қабылдау үдерісін ұйымдастыру жол-
дарын саралаңыз.
3.Лирикалық шығармаларды жанрлық ерекшелігіне қарай талдау дегенді
қалай түсінесіз?
4.Лирикаллық шығармалардың ӛзіндік ерекшелігіне қарай талдауда оқушы-
ның таным белсенділігін қалай аттыруға болады?
5.Лирикалық шығармадағы пейзаж, оны оқыту жолдарын қалай түсінесіз?
6.Лирикалық шығармаларды оқытуда кіріспе жұмыстардың маңызын мысал-
мен түсіндіріңіз.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
2.Дайырова Ә. І.Жансүгіров поэмаларының әлеуметтік тарихи негіздері мен
кӛркемдік ерекшеліктері. Пед. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация. – Алматы, 1964. – 324 б.
3.Рез З. Изучение лирики в школе. /ІҮ-ҮІІ классы/ -Ленинград: Прос., 1968. –
176 с.
Қосымша:
1.Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту /әдістемелік
құрал/ А., Рауан, 1994.
2.Құрманбаева Г. Оқушыларды поэзия әлеміне қалай әкелуге болады? //Қазақ
тілі мен әдебиеті. 1993. № 9. Б 24-27.
3. Мадер Р. Д. Анализ поэтического текста на уроках литературы. – М., 1979.
4.Поэтика художественного текста на уроках литературы / Отв. ред.
Богданова О. Ю. – М., 1997.
5.Проблемы преподавания литературы в средней школе / Под ред.
Т.Ф.Курдюмовой. – М., 1985.
6.Жұмақаева Б. Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 сы-
ныптарында оқыту. А., 2003 ж.
184
ІІІ. 3. ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ
1.Жалпы білім беретін мектептердің орта буынында оқылатын эпи-
калық шығармалар, олардың тақырыптық, идеялық қырлары.
2.Эпикалық шығармаларды талдап тану.
3.Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер.
Жалпы білім беретін мектептердің орта буынында оқылатын
эпикалық шығармалар, олардың тақырыптық, идеялық қырлары. Жалпы
білім беретін қазақ мектептеріндегі Әдебиет пәнінің ең ауқымды бӛлігін
эпикалық шығармалар құрайды. Эпикалық шығармалардың алғашқы легі
ертегі, аңыздардардан басталады. Оқушы жасына лайықты бұл жанрдағы
шығармалар 5-сыныптан басталған. Ертегі, аңыздар бастауышта да оқы-
латыны белгілі. Әдеби білімнің алғашқы сатысында (5-7 сыныптарда) оқу
міндеттері бастауыш сыныптардан ӛзгеше. Ертегі, аңыз ендігі жерде әдеби
жанр ретінде оқылады әрі оқушы шығармашылығына мол мүмкіндік туғыза-
ды. Аталған сыныпта ертегілерді оқытуға берілген сағат саны да айтарлықтай
мол. Мәселен: «Ер Тӛстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық ӛтірік», «Аяз
би», «Сырттандар» ертегісін оқуға 15 сағат ұсынылған. Бұл аталған тақы-
рыптардың мазмұны, құрылымдық ерекшеліктері, образдар жүйесі, тілдік
ерекшеліктерін меңгертуге, ертегінің жанрлық сипатын, ертегілерден кӛрі-
нетін халықтың арман-тілегін танытуға үлкен жағдай туғызады.
Сонымен қатар осы сыныпта әдеби ертегілердің де оқытылуы аталған
жанрды кең кӛлемде тануға мол мүмкіндік береді. Әдеби ертегілердің халық
ертегілерінен айырмашылығын таниды. Осы орайда ӛз бетінше ертегі
құрауға да бағыт-бағдар алады. 5-сыныпта берілетін Әбділда Тәжібаевтың
«Толағай» ертегісі ерлік туралы аңыздан туындайды. Ертегіде Толағайдың
ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті танылады. Шығармадағы кейіпкердің
патриоттық іс-әрекеті ұлы істерге деген оқушылардың кӛзқарастарына ықпал
етеді. «Толағай» – ерлік жайлы аңызға негізделген әдеби ертегі. Ертегідегі
романтикалық образ – Толағай. Толағайдың дүниеге келуі, күн санап ӛсуі,
алып күш иесіне айналуы қазақ ертегілерінде кездесетін дәстүрлі мотивпен
ӛрбиді. Шығарма сюжеті екі бӛлімге топтастырылған. Алғашқысында
Толағайдың дүниеге келуі мен қалыптан тыс ӛсуі сипатталса, екінші бӛлім-
де ел басына түскен қиыншылықтағы Толағайдың ерлік ісі баяндалады.
Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын жасауда ертегіге тән элементтер
мен жазба әдебиет үлгісін қатар қолданады. Шығармада кездесетін кӛркем
тәсілдің басым кӛпшілігі – теңеулер. Толағай мен Айсұлудың портретін жа-
сауда автор «Туған айдай, ақ меруерттей, қос жұлдыздай, жанған ӛрттей», «ақ
маралдай, Ақша беті айменен тең», «Айналады, толғанады, Кӛбелектей от
айналған» деген теңеулерді қолданады. Шығарма сюжеті қарапайым, тілі
жеңіл. Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік дәріптеледі. Халық
үшін жанын қиған ердің ерлік ісі ел есінде мәңгілік сақталатынын айту ар-
қылы жастарды ел мүддесіне қызмет етуге шақырады.
Бұдан ӛзге Асан қайғының Жерұйықты іздегені, «Ақсақ құлан»,
«Жошы хан», «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу», «Жиреншенің хан
185
сынағына түсуі». «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»,
«Тайкелтірдің тӛрелігі», «Байдалы бидің кӛңіл айтуы», «Қазыбек би мен
Бұқар жырау», «Сырым мен Малайсары», «Кет-Бұғаның естіртуі» сияқты
аңыз-әңгімелер, шешендік сӛздер ұсынылып, оны оқытуға 8 сағат берілген.
5-сынып бағдарламасында ертегі, аңыздардың молынан берілуі оқу-
танымдық, әдістемелік мақсаттардан туындайды. Орта буын кӛшкен кешегі
бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттің кӛркем әлеміне тартуда ӛздерінің
жасына, ұғым-түсініктеріне етене жақын жанрдан бастап әдеби-шығарма-
шылыққа бірте-бірте үйретуге үлкен жағдай жасалған. Ертегі тілі жеңіл,
оқиғалары қою, пейзаж, портреттік сипаттаулары жоқ болғандықтан оқушы-
ның түсінуіне үлкен қиындық туғызбайды.
Орта буын сыныптарда оқылатын мәтіндерді жанрына, тақырыбына
топтастырып кӛрсетуге болады. Жалпы орта буын сыныптарда оқылатын
шығармалар, шығармашылық тұлғалар ӛмір сүрген дәуіріне тәуелсіз таңда-
малы түрде алынған. Орта білім стандарты бойынша 5-9 сыныптар әдеби
білімнің негізін құрағандықтан қазақ әдебиеті классиктерінің ең таңдаулы
шығармалары, қазақ әдебиетінің, соның ішінде ауыз әдебиетінен бастап
қазіргі әдебиетке дейін оқушы ұғымына, танымына, тұлғалық дамуына
қажетті эпикалық мәтіндер таңдап алынған.
5-сыныпта қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында оқылған шы-
ғармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері,
ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер кӛрінісі, табиғат суреті шығар-
мадағы адамгершілік мәселелер, сӛз қолданыстар зерделеніп, оқушыны
қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын берілген. Сол
арқылы оқушылардың ӛзіндік ой-толғамдарын айтуға, шығармашылық
жұмысқа тартуға, жазба тілін дамытуға жол салынады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін беруде жүйелік сақталған. Мәселен, 5-сыныпта
ертегілерден басталып, жазба ертегілермен, аңыз әңгімелермен ұласады. 6-
сыныпта батырлар жыры беріледі.
Орта буын сыныптардағы әдеби материалдарды жанрына қарай жіктеп
айтар болсақ, 5-8 сынып аралығында қамтылатын шығармалар:
1.Ертегілер;
2.Аңыз әңгімелер,
3.Жырлар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, тарихи жыр
(Күлтегін);
4.Мысал ӛлеңдер;
5.Әңгіме жанры (кӛбіне классик жазушылардың роман, повестерінен
алынған үзінді әңгімелер)
6.Повестен үзінді;
7.Поэма;
8.Баллада ұсынылған.
Мысал ӛлеңдер әңгіме жанрынан бұрын берілген. Белгілі бір дәрежеде
сюжетті шығармалардың ерекшелігін таныту үшін мысал ӛлеңнің бұрын
оқылуы тиімді. Мысал – кӛбіне ӛлең түрінде жазылатын сюжетті, шағын
жанр. Мысал ӛлеңді оқу барысында сюжет ұғымын қалыптастыру мүмкіндігі
Достарыңызбен бөлісу: |