111
Ә.Қоңыратбаев талдауға жататын құрамды элементтер ретінде
бірнеше
шығарма бірліктерін атайды:
-тақырыбы мен идеясы;
-басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі, мүддесі
арқылы кӛрінетін немесе шешілуге
тиіс болған проблемалар;
-шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен
қарым-қатынасы;
-ұнамсыз образдар, солар арқылы кӛрінетін қайшылықтар;
-композициялыық құрылыс, олардың формалары, қызметі(пролог,
эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диолог, монолог т.б.);
-шығарманың сюжеті;
-шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер); ондағы кейіпкер
тілі (диалог, монолог);
-шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос,
поэзия, драма бӛлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте кӛрінетін орны;
-жазушының ӛзіндік стилі, әдісі, кӛзқарасы;
-дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы.
А.Кӛшімбаев талдауға жататын құрамды элементтерді (
тақырыбы,
идеялық мазмұны, кейіпкерлері, сюжеті мен композициясы, тіл ерекше-
ліктері, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс-салт бейнелері т.б.) саралай келіп,
меңгерту жолдарын әдіс-тәсілдерін кӛрсетеді.
1
Әдебиетті оқыту әдістемесінде
қалыптасқан әңгіме әдісінің жүргізу тәсілдеріне тоқталған әдіскер
шығарманы оқи отырып талдау жасауды ұсынады. Кӛлемі жағынан шағын
шығармаларды мұғалімнің ӛзі түсіндіріп, тиісті жерінде мәтіннен мысал оқи
отырып талдайтынын айтады. Әрине, ӛткен уақыт үдесіне жараған бұл
әдістер бүгінгі талап деңгейінде оқушыны дамыту ӛрісінің шектеулі,
оқушының белсенді ойлауына ықпал етпейтінін байқатады.
Шығарманың идеялық бағыты мен образдарын талдауда А.Кӛшімбаев
дара, салыстырмалы және кейіпкерлерді топтау түрінде мінездеме беру
тәсілінің тиімділігін айтады. Әдіскер образдық талдауда бірнеше элементтің
маңыздылығына
тоқтала отырып, ӛзіндік белгілерін саралайды:
Бірінші белгісі - кейіпкердің әлеуметтік тегі, қоғамдық ортасындағы
орны.
Екінші белгісі - қоғамдық, үй-ішілік тұрмысы, дүниеге кӛзқарасы, әдет-
ғұрпы.
Үшінші қосымша белгісі ретінде - кейіпкердің келбеті, тұлға-тұрпаты,
мүсіні, сӛз сӛйлесі, іс-әрекетіне байланысты берілген табиғат суреттері,
тілшілік жағдайлары.
Тӛртінші белгісі - кейіпкердің ӛмір шындығынан жинақтап, түйіндеп
кӛрсеткен бейнесі, жазушының идеялық кӛзқарасы.
Бесіншіден, мінездеме мен сипаттаулардың ӛзара байланыстылығы деп
кӛрсетіледі. М.Әуезовтің «Бүркітші» әңгімесіндегі Бекболға берілген
мінездемеде әдіскер кейіпкердің бірнеше ерекшелігін санамалап кӛрсетеді.
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп, 1969. -96 б.