А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет49/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103

115 
 
кӛтеруге таптырмайтын түрткі. Е.Н.Ильин. «Бәлкім «деталь» дегеніміз жалын 
лаулайтын  ұшқын  шығар.  Ірі,  ұлы  атаулының  қайнарлары  кіші  нәрселерден 
басталатындығына  ӛнер  талай  рет  дәлел  болды.  Дүние  кішкентай 
түйіршіктерден  тұрады.  Бір  ғажабы,  шынайы  ӛнер    ӛз  табиғатында  мылқау 
келеді.    Міне  осы  сӛзге  сараң  «мылқау»  құралдарды  ол  әдебиет  сабағына 
детальға зер салу арқылы тарту етеді. Текстің титтей торынан тұтас қалпына 
дейін талдаудың ӛзіндік әдісіне  итермелейді.  Сонда деталь текстің үлкенді-
кішілі  құрылымдарын  талдаудың    конструкциялық  элементтеріне,  кітапқа 
қарай тартымды  бір қадамға айналады» деп жазады
1
.  
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  Құнанбайға  берілетін 
портретке зер салып кӛрейік: «Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының 
құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай кӛрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен 
бетіне,  ұп-ұзын  боп  дӛңгелей  біткен  сақалы  қосылғанда,  басы  мен  беті  бір 
ӛңірдей.  Сонда,  Құнанбайдың  жалғыз  сау  кӛзі,  оның  кӛтеріңкі  жал-
тұмсығының  сол  иығына  шығып  алып,  қалғымай    сақшыдай  бағып,    осы 
ӛңірді  қалт  етпей  күзетіп  тұрған  сияқтанады.  Қоя  беріп,  салғырттығы  жоқ 
сергек қатал күзетші»
2
. Осы портреттік тәсілде  ерекшеленетін детальдар: бір 
ӛңірдей бас, сол бастағы жалғыз кӛз. Кейіпкердің образын беруде портреттің 
ӛзіндік қызметі бары белгілі. Дегенмен, бұл деталь бір ғана образды беруден 
ӛзге  кӛп  жайлардан  хабар  білдіреді.  Біріншіден,  Құнанбайдың  жеке  бас 
ерекшелігі ретінде тануға болады, кейіпкердің болмыс, бітіміндегі ерекшелік; 
екіншіден  кейіпкердің  ішкі  болмысынан  хабар  береді,  үшіншіден,  сол 
қоғамдағы  қызметін,  феодалдық  топтың  «сергек  қатал  күзетшісі»  ретіндегі 
рӛлін байқатады. Осылайша бір ғана деталь романның тақырыптық, идеялық 
мәнін  талдауға  ықпал  ете  алады.  Әрине  шығармадағы  детальдың  барлығы 
терең талдауға апара бермесе де,  шығарманың ауқымды алаңына шығаратын 
«титтей торын» дӛп басып таба білу, ойды ӛрбіте білу детальдық талдаудың 
ең  басты  шарты.  Детальдық  талдауға  оқушылардың  шығарманы    жете 
меңгеруі,  ӛз  ойын  дәйектей  алу  қабілеттері,  шығарманы  тұтас  және  жан-
жақты сараптай алу қабілеттері де үлкен рӛл атқарады.   
Символ  арқылы  талдау    кӛбіне  лирикалық,  эпикалық    шығармаларға 
ыңғайлы. Кӛркем шығармада символдың  ӛзіндік рӛлі бар. Символ – суреткер 
сомдаған  кермек  туындының  түп  негізін  танытатын  аса  мәнді  бірлігінен, 
ұқсастығынан  туындайтын  деректі  бейне.  Символдың  табиғаты  мағынасын 
ашып,  түсінуді қажет  етеді.  Символ  астарлы  мағынаға  бай  болғандықтан әр 
оқушы  ӛзінің  ұғым-түсінігінің  дәрежесіне  сай  тереңдеп  түсініп,  ӛз 
мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табуға талаптанады. Әуелде символ әлемді 
бейнелеп,  тану  үшін  қолданылған.  Кӛркем  шығармада  символдың  мәні 
ерекше.  Мәселен.  С.Сейфуллиннің  «Сыр  сандығы»,  Абайдың  «Жартасы», 
Мағжанның  «Толқыны»  т.б.  символдық  талдау  барысында  ғана  терең 
астарымен танылып, мағыналық мәнін кеңейте, айқындала түседі. 
 
 
                                                           
1
 Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. Б 219-220. 
2
 Әуезов М. Абай жолы. Шығармаларының толық жинағы 3 том.–Алматы,: Жазушы, 
1986  –15 б. 


116 
 
Шығарма  табиғатын  еркін  ашып,  терең  үңілуге  мүмкіндік  беретін 
талдаудың  бір  түрі  —  герменевтикалық  талдау.  Кӛркем  шығармаға 
герменевтикалық  талдау  оқырманды    таным  түсінік  жағынан  байытатын 
талдау  түрі  десе  болады.  «Герменевтика  —  (от  греч.  hermeneutikos  — 
разъясняющий, растолковывающий) — направление в философии, основной 
проблемой  которого  является  проблема  понимания.    В  педагогике 
герменевтика начинает использоваться как принцип научного исследования,  
требующий  более  осмысленного  и  глубокого  понимания  сущности 
воспитательного  взаимодействия  и  разработки  технологий  обучения.  В 
образовании  одним  из  основных  способов  постижения  истины  является 
обучение пониманию»
1
 Бұл берілген анықтамадан кӛрінетіндей герменевтика 
педагогикалық  процесте  кеңінен  қолданылатын  бір  әдіс  деп  танысақ,  оны 
әдістемелік    мақсатта  да  еркін  қолдануға  мүмкіндік  мол  екен.  Герменев-
тикалық  талдауда  кӛркем  шығарманы  тудырған  дәуірді  терең  түсінуге, 
кӛркем  дүниені  тудырған  тұлғаның  болмысын  тануға,  шығармадағы   ойдың 
терең астарына бойлауға, тереңнен қазып әр құбылыстың ерекшелігін тануға, 
әр қолданыстағы сӛздің астарына үңілуге мүмкіндік туады. Герменевтикалық 
талдау  жүргізуге  ауыз  әдебиеті  үлгілерін,  ежелгі  дәуір  әдебиеті  ӛкілдерінің 
шығармаларын, хандық дәуір әдебиетінен жыраулар толғауларын, жекелеген 
ақын-жазушылардың шығармаларын нысан қылып алуға болады.  
Мысалы,  Қазтуған  жыраудың  «Мадақ  жырында»      метафоралық  
қолданыста келген күрделі ұғымдар кӛп.  
 «...Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайылаған қасты орданың сырығы... 
Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың  кӛл  жайқаған  жалғызы...».    «Қашағанның  ұзын  құрығы» 
деген  қолданысқа  қарағанда  қашаған  жылқыны  ұстайтын  құрықтың  ұзын 
болатыны  бір  аңғарылса,  сол  қашаған  құрыққа    балап  тұрған  тұлғаның  
«қашағанды», яғни, ел ішіндегі бас бұзарларды немесе жауды  тырп еткізбес 
бір  қыры  танылады.  «Қалайылаған  қасты  орданың  сырығы»  деген  ұғымнан 
орданың  қандай  екенін  танытатын  маңдайына  қағылған  белгі  сияқты  елдің 
бет-бейнесін танытарлық бір қыры, елге тіреу, таяныш болар тұлғалық сыны 
ашылады. «Батырын кӛріп, елін таны» деген ұғымға саяды.  
Буыршын — еркек түйенің жасы, жас бура. Оның  мұқалмаған тісі бұта 
шайнауға қаншалықты жарамды болса, сипатталып отырған тұлғаның да неге 
салсаң тартынбайтын дер шағынан кӛрініс береді.  
Бидайық —  торғай, үйрек сияқты кӛл құстарына түсетін жыртқыш құс. 
Толғауда  «бидайықтың  кӛл  жайқаған  жалғызы»    деп  беріледі.  Жыртқыш 
құстардың  екі  балапанының  ең  мықтысы  ғана    аман  қалатыны,  ӛз  ұяласын  
әлдісі  жойып,    ата-анасы  тасыған  жемді  үлессіз  жеп  жетілетіні  болады.  
Ендеше, «жалғызы» қолданысы да белгілі бір семантикада берілген. Ал «кӛл 
                                                           
1
 
Коджаспирова  М.Г.,  Коджаспирова  А.Ю.  Педагогический  словарь  М.,  Академа, 
2005.  
 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау