А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет45/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103

104 
 
Бай байғұсым десін деп,  
Шақырып қымыз берсін деп,         жалшы образы 
Жарамсақсып, жалпылдап.  
 
Шапандарын белденген, 
Асау мініп теңселген,                 жылқышылар образы 
Жылқышылар кеп тұрса,  
Таңертеңмен салпылдап.  
 
Мылтық атқан, құс салған. 
Жас бозбала бір бӛлек 
Су жағалап қутыңдап. 
Қайырып салған кӛк құсы,          аңшылық еткен бозбала  
Кӛтеріле бергенде, 
Қаз сыпырса жарқылдап.   
 
Ӛткен күннің бәрі ұмыт, 
Қолдан келер қайрат жоқ,  
Бағанағы байғұс шал                      шалдың  образы 
Ауылда тұрып күледі, 
Қошемет қылып қарқылдап. 
Кӛшпелі  ел  ӛмірінің  жазғы  пейзажын  бейнелейтін  ӛлең  мәтінінде 
суреттеп айту ырғағы басым. Ӛлеңді оқығанда логикалық ой кідірістері мен 
дауыс  құбылыстары  ӛлеңнің  біз  кӛрсетіп  отырған  композициялық  бірлік-
теріне байланысты ӛзгеріп отыруы маңызды.  
Мәнерлеп оқуға үйреткенде мысал ӛлеңдермен жүргізілетін жұмыстың 
тиімділігі  жоғары.  Себебі  онда  оқиға,  кейіпкерлердің  әртүрлі  кӛңіл-күйі 
беріледі. Кейде мысқыл, келемеж, күлкі, ӛсиет-ӛнеге болады. Оларды дауыс 
ырғағы арқылы келтіру үйренушіге үлкен сабақ. 
Әдебиет  сабағында  көркем  шығарманы    қабылдау  мен  талдаудың 
байланысы. Мәнерлеп оқу мәтінді талдауға алғашқы баспалдақ болатын оқу 
әрекеті. Мәнерлеп оқу барысында талдауға қажетті оқу-әрекеттерінің біразын 
жүзеге  асыруға  болады.  Мәнерлеп  оқу  міндетті  түрде  талдау  жұмыстарына 
ұласуы  керек.  Кӛркем  шығармаларды  талдау  барысында  кӛркем  шығарма 
мәтінін  қабылдау  мен  оны  талдаудың  байланысатын  нысандарына  тоқталу 
аса маңызды. Мәтінді талдау кезінде әдістеменің кӛпфункционалдылығы іске 
асырылып,  сонымен  қатар  ол  кӛптеген  тізбекті  тапсырмаларды  шешуге 
бағытталады.  
Кӛркем шығармаларды талдау мәселесін қарастырғанда ең маңыздысы, 
керекті  нысандарға  тоқталып,  әдеби  мәтінді  қабылдау  үдерісін  талдау 
жұмысына  ұластыру.  В.Я.Стоюниннің  айтуы  бойынша    талдаудың  басты 
мақсаты  шығарманың  форма  мен  мазмұн  бірлігін  сақтай  отырып,  идеялық 
ӛзегін  талдаудың  ӛн  бойында  жүргізу.
1
  Талдау  үдерісінде  шығарманың 
                                                           
1
 Стоюнин В.Я.  опреподавании русской литературы. –СПб., 1868 


105 
 
эстетикалық  қыры  аса  маңызды.  Бірақ  ол  шығарманың  форма  мен 
мазмұнының    ажырамас  бірлігін,  жеке  бірліктердің  бүтінмен  байланысынан 
тысқары  жүргізілсе  кӛп  нәтиже  бермейді.  Мектеп  практикасында  кӛркем 
мәтіннің  эстетикалық  бірліктерін  (троп  пен  фигураның  түрлерін)  атаумен 
шектелетін сәттер жиі ұшырасады. Мақсат кӛркемдік құралдардың бар екенін 
білуде ғана емес, сол құралдар мәтінге қандай эстетикалық реңк  дарытқанын 
ажыратып тануда ғой.  
Талдаудың  міндеті  оқырманды  ӛзіндік  образ  қалыптастыруға  баулу, 
сонда ғана кӛркем ӛнерді толыққанды қабылдауға үйренеді. Ӛткен ғасырдың 
екінші  жартысында  әдебиет  арқылы  этико-эстетикалық  тәрбиені  жүзеге 
асыру  туралы  пікір  білдірген  әдіскердің  бірі  –    В.П.Острогорский.  Ол 
оқушының  санасы  мен  жадын  дамытуды  ғана  мақсат  ету  жетімсіз  екендігін 
ескерте келіп, эстетикалық талғамды, мейірімділік сезімі мен қиялды дамыту 
маңызды  екенін  айтады.  Острогорский  әдістеме  ғылымында  әдістердің 
жіктемесін жасаған әдіскердің ең алғашқысы. Ол әдістің екі түрін кӛрсетеді: 
қысқарған (диалогтарда кездесетін түрі), академиялық (мұғалімнің түсіндіруі-
мен  лекция  түрінде  ӛтетін  түрі).  Ол  оқушылардың  әдеби  оқырмандыққа 
баулу,  олардың  сӛйлеу  мәнерін  кемелдендіру,  мәнерлеп  оқу  дағдыларын 
жетілдіру,  сыныптан  тыс  оқуды  жақсарту  туралы  ой-пікірлері  әдіскерлер 
үшін  маңызды  болып  есептеледі.  Оның  шығарма  жазуға  арналған  ұсы-
ныстары,  оқушылар  бойында  адамгершілік  қасиеттерді  дамыту  туралы 
пікірлері  әдістеме    ғылымында  қалыптасқан  дәстүрді    тануға,  түсінуге 
мүмкіндік береді.  
Кӛркем шығарманы қабылдау мен талдау үдерісін тиімді ету үшін бізге 
дейінгі  әдіскерлердің  озық  идеяларына  сүйенетініміз  белгілі.  Әдіскер  ғалым 
М.А.Рыбникованының теориялық ойлары мен нақты әдістемелік нұсқаулары 
әдістеме  ғылымының  одан  ары  қалыптасуына  үлкен  үлес  қосты.  Әдебиетті 
оқыту  әдістемесі  ғылымының  ХХ  ғасырда  дамуына  қатысты  аты  ерекше 
аталатын  әдіскер  –  В.В.Голубков.  B.В.Голубков    шындықты  танудағы  ең 
қуатты қару - әдебиет деп бағалаған. 
Кӛркем  шығарманы  қабылдау  мен  тану  үдерісіне  бірден-бір  ықпал 
ететін талдау жұмыстары. Кӛптеген  әдіскерлер мен психологтар «ӛнертану» 
дегенді талдаудың нәтижесіне балайды. Кӛркем шығарманы түсініп, түйсіну, 
қабылдау үдерісі оқырмандықты қалыптастыру міндеттерінен тысқары емес. 
Оқырмандықты қалыптастыру барысында оқушының дүниетанымын, рухани 
әлемін, тұлғалық болмысын қалыптастыру кӛзделеді.   Жас деңгейі шамалас 
бір  сыныптың  оқушыларының  ӛзі  шығарманы  әртүрлі  оқып,  әртүрлі 
қабылдайды.  Шығарманы  үйде  оқып  қабылдау  бар  да,  сыныпта  оқу  немесе 
тыңдау арқылы (аудиалды) қабылдау кӛздері бар.  Шығарманы оқу, қабылдау 
үдерісін  үнемі  дамытып  отыру,  оқушының  осы  оқу  әрететін  үнемі  бақылау 
мен есепке алу нәтижесінде ғана жүзеге асатыны белгілі.  
Әдістемелік  тәжірибеде  оқушының  қабылдауын  ұйымдастыру  мен 
анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері белгілі:  
– шығармадағы  кейбір  сӛздер  мен  ұғымдардан  туындайтын  ассоциа-
цияны анықтау; 


106 
 
– кӛркем шығарманы оқығаннан кейінгі әсері туралы әңгіме жүргізу; 
– кӛркем  шығармадан  алған  алғашқы  әсер  мен  талдау  барысында 
қалыптасқан ой- пікірлерін салыстыру; 
– кӛркемдік құралдарды ауыстыра қолдану; 
– шығарма мәтінін композициялық бӛліктерге бӛлу; 
– мәтіндегі  логикалық, психологиялық екпін түскен сӛздерді белгілеу; 
– мәтіндегі дауыс ырғағы мен кӛңіл-күй реңкін айқындау; 
– кӛркем шығармадан туындаған әсері туралы әңгіме, эссе жазу т.б. 
Мәтінді  қабылдау  үдерісін    жетілдіру  мақсатындағы  жұмыстар  мен 
әдіс-тәсілдерді жүйелеп кӛрейік:  
Бірінші,  кезектегі  тікелей  қабылдау  ерекшеліктерімен  байланысты 
әдістер. Бұл әдіс кӛбінесе мәтінді танудың бастапқы кезеңінде қолданылады, 
сынып оқушыларының мәтінді жүргізіп  оқуы тӛмен болған жағдайда керекті 
әдістер. Мәтінді  шапшаң оқуға тӛселдіру әдістері, мәтінді тыңдау,  дауыстап 
оқу,  буын  мен  бунаққа  бӛлу,  екпін  мен  кідірістерді  анықтау  т.б  әдіс-
тәсілдерді  жатқызуға  болады.  Шығарманы  асығыс  оқыту,  үзу,  алдын-ала 
шешім  қабылдауға  ұмтылу  қауіпті.  Әсіресе  күнделікті  сабақта  әдіс-тәсіл 
бағытын оқушылардың ынта-ықыласына қарай құру маңызды. 
Екінші,  мектеп  оқушыларының    белгілі  бір  дәрежедегі  оқу  қабілет-
теріне  сүйене  отырып,  талдау  жұмыстарын  кеңейте  жүргізу  әдістері.    Бұған 
мәтінді  мәнерлеп  оқу,  жатқа  айту,  екпін  мен  кідірістерді  қолдана  отырып 
мәтін  оқу.  Прозалық  мәтін  болса,  синтаксистік  құрылымды  бунаққа  бӛлу, 
ӛлең  мәтіні  болса  құрылысын  анықтау,  дауыс  ырғағымен  композициялық 
құрылымын  анықтай  оқу.  Мәтіндегі  идеялық  салмақ  түсіп  тұрған  сӛздерді 
белгілей отырып оқу т.б. Бұл кезеңде оқушылардың шығарма композициясын 
анықтауы,  кӛркем  образды  сӛздерді,  негізгі  ойға  тірек  сӛздерді  табуы  т.б. 
жұмыстарында  мұғалім  авторлық  идеяның  астарын  ашуға,  ой-пікірдің 
тереңіне бойлатуға бағыттап отыруы керек. 
Үшінші,  оқушылардың  талдау  қабілетін  дамытуда  мақсатында 
қолданылатын,  оқушының  әдебиетті  ӛнер  сабағымен  ұштастыра    меңгеруін 
кӛздейтін  әдістер.  Бұл  әдістерде  кӛркем  оқу  сабақтары  жолға  қойылады. 
Кӛркем 
мәтіндерден 
құралатын 
композициялық 
қойылымдармен 
қорытындыланады.  Үшінші  кезеңнің  нәтижесі  оқушылардың  мәнерлеп  оқу 
дағыларының қалыптасуымен есепке алынады. 
Психологтардың  пікірінше  адамның  есту  мүшеліріндегі  нерв  тал-
шықтарының  сезімталдығы  мен  нәзіктігі  басқа  қабылдау  мүшерінен 
әлдеқайда әлсіз келеді екен. Адамның шудан тез шаршайтыны да сондықтан.  
Мәтінді  аудиалды  қабылдаудың  тиімділігі  мәтіннің    дұрыс  оқылуына, 
мәнерлеп  оқу  шарттарының  ӛз  дәрежесінде  болуына  тікелей  қатысты. 
Оқушылардың мәнерлеп оқу машығының нәтижелі болуы әдеби мәтіндің ӛз 
дәрежесінде  талдануына,  танылуына  да  тікелей  ықпал  етеді.  Шығарманы 
кӛркем қабылдау үдерісін бірнеше қыранан түсінуге болады.  
Тұжырымдай  айтқанды,  мәтінде  оқу,  қабылдау  күрделі  оқу  үдерісі. 
Оқушының  оқырмандық  қызығушылығына,  эстетикалық  талғам,  танымына, 
эмоциялық  дамуына, ой-қиял, шығармашылық дамуының бастау кӛзіне ық-


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау