А. А. Какимова «Есеп және қаржы»


тақырып: Бюджеттік несиелеу және бюджеттік инвестициялар



жүктеу 469 Kb.
бет28/51
Дата04.01.2022
өлшемі469 Kb.
#36097
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Мемлекеттик бюджет

12 тақырып: Бюджеттік несиелеу және бюджеттік инвестициялар

Мақсаты: Бюжеттік несиелеу және инвестициялау түсініктеріне сипаттама беріп, олардың негізгі принциптерін анықтау және олардың жіктелуін қарастыру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Бюджеттік несиелеу түсінігі, оның принциптері мен критерийлерлары.

2. Бюджеттік инвестиция түсінігі, оның жіктелуі.

3. Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және бекіту.

Өндірістің дамуьш ынталандыру мен халықты еңбекпен қамтамасыз ету және экономика салаларында бәсекелестікті қалыптастыру мен дамытуда бюджеттік несиелеу өте маңызды рөл атқарады. Бюджеттік несиелеу - ол бюджеттік несие беру, пайда-лану, қызмет көрсету және өтеу процесі. Бюджеттен ақылы, жедел және қайтарма негізінде бөлінетін ақша құралдары бюджеттік несие болады. Олар бюджеттік несиелеу субъектілерінің несие беру, пайда-лану, қызмет көрсету және етеу жөніңдегі құқықтық қатынастарын белгілейтін несиелік келісімшарт арқылы хаттанады.

Бюджеттік несиелер орташа мерзімдік фискалдық саясатқа сәйкес және тиісті қаржы жылға республикалық және жергілік-ті бюджеттік бағдарламалармен қарастырылган сомалар көлемі мен бағыттар бойынша берілуі мүмкін. Оларды беру бағыттары болып әлеуметті-экономикалық дамудың орташа мерзімді жос-парларда белгіленген бюджеттік инвестицияльщ жобалар, сыртқы экономикалық іс-әрекет, төменгі тұрған бюджеттердің кассалық айырылысын өтеу табылады.



Бюджеттік несиелеу принциптері мен критерийларына сәйкес және белгіленген шарттарды сақтау негізінде іске асырыла-ды. Егерде бюджеттік несие республикалық бюджет құралдары

арқылы берілетін болса, онда шарттарды Үкімет белгілейді, ал егерде жергілікті бюджеттер құралдары арқылы болғанда, онда -жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Заңнамалы белгіленген бюджеттік несие беру шарттары бойынша несие алушы бюджетке толейтін салықтар мен телемдерінен және бұрын алынған несие-лерден берешектері болмауға және алатын несие бойынша барлық міндеттемелерді атқаруын қамтамасыз етуге тиіс.



Бюджеттік несиелерді беру барысында келесі принциптердің талаптарын сақтау қажет:

а) қайтармалық принцип, яғни несиелік келісімшартта белгі-ленген шарттарға сәйкес бюджеттік несиені етеу міндеттілігі;

ә) қамсыздандырулық принцип, яғни міндеттемелерді атқа-руды қамтамасыз ету кездерінің болуы;



б ақылық принцип, яғНи бюджеттік несие беру үшін сыйақы толеуді қамтамасыз ету;

в) жеделдік принцип, яғни бюджеттік несие берудің мерзімін белгілеу.



Қазіргі кезеңде экономикалық дамушылық жаңа кәсіпорындар қүру мен әрекеттегілерді модернизациялаусыз, жаңа техника мен технологияларды игерусіз, өндірістің көлемі мен табыстылық деңгейін ұлғайтусыз мүмкін емес. Ал бүлардың барлығы үзақ мерзімді қаржылық қүралдар - инвестицияларды - салуды талап етеді. Мемлекет инвестициялық процестерді реттеу мен қаржылық салымдардың басымды бағыттарын анықтау үшін дәйекті шара-лар қабылдайды. Сондай реттеу шаралары ретінде бюджеттік ин-вестициялар механизмін пайдаланады.

Бюджеттік инвестициялар - ол экономика тиімділігін, өнім мен ұлттық табыстың жанама өсуін жоғарлату түрде экономикалық пайда алу мақсатпен әр түрлі жобаларды қаржыландыру. Бюджет-тік инвестициялар ең алдымен адамшаны дамыту мен табиғат ре-сурстарын жаңғырту және мемлекеттің активтер қүнын үлғайтуға бағытталады. Олар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мен заңды түлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатынасу арқылы іске асырылады.



жүктеу 469 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау