13 тақырып: Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі
Мақсаты: Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін анықтау
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі
Қазынашылықтың негізгі құқықтары, функциялары, мақсаттары, оның құрылымы және аумақтық органдары
Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі процедуралары мен технологиясы
Республикамызда бюджетті қазынашылық атқаруды енгіз-генше мемлекеттік бюджеггің атқаруын Қаржы министрлігі мен Үлттық банк іске асыратын. Үлттық банктің есеп айыру-кассалық орталықтары бюджет құралдары арқылы қаржыландырылатьш ұйымдарга қызмет көрсететін, ал Қаржы министрлігі Үлттық банк ұсынатын ақпараттар негізінде есептілікті қалыптастыру. Нарықтық экономикаға өту барысында мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару қажеттілігі бюджетті атқару жөнінде бірыңғай ор-ган құруды талап етті. Сондықтан, 1994 жылы ҚР Президенттінің Жарлығы негізінде республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру-кассалық қызмет көрсету мақсаттарымен қазынашылық жүйе құрылды. 1995 жылы облыстар мен аудан-дарда оның аумақтық органдары ұйымдастырылды. Сол жылдың соңында Қаржы министрлігінің құрамында Қазынашылық коми-тет ұйымдастырылды.
1996 жылы Үлттық банктің есеп айыру-кассалық орталық-тарының базасында Республикалық Бюджеттік Банк құрылып, сол арқылы республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру-кассалық қызмет көрсету толығымен Қазынашылыққа ауысты. Сол жылы Үлттық банкте республикалық
бюджет үшін Бірыңғай қазыналық шот пен екінші деңгейдегі бан-ктерде қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспондент-тік шоттары ашылды. Осы шоттар арқылы қазынашылық органдар бюджетті атқару жөніндегі банктік операциялар мен қолма-қол ақша төлеумен байланысты операцияларды жүргізу бойынша өз өкілдіктерін іске асырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазьшашы-лық комитеті сол министрліктің құрылымы мен құзыреті шегін-дегі ведомство болады және ол арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларды іске асыруға талап етіледі. Бұл орган республикалық бюджетті атқаруын күту, мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік мекемелерді есеп айыру-кассалық күту және мем-лекеттік бюджет құралдарын мақсатты пайдалануын алдын ала және ағымдағы бақылау бойынша салалар аралық үйлестіруді атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |