А. А. Какимова «Есеп және қаржы»



жүктеу 469 Kb.
бет27/51
Дата04.01.2022
өлшемі469 Kb.
#36097
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Мемлекеттик бюджет

11 тақырып: Бюджет процесі

Мақсаты: Бюджет процесін ұйымдастыру тәртібімен танысу

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Бюджет жобасын қарау және бекіту процедуралары



2. Бюджеттің айқындаулы мен атқарылуы

Бюджетгік кезеңдерінің барлығы- олар құру, қарау, бекіту, атқару, есебі мен есеп беру - бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде орьш алатьш кезеңдер. Сол себептен Бюджеттік кодексте бюджеттердің әрбір түрлері үшін бұл кезендер белгіленген. Бюджеттер жобала-рьш жасау бюджетгік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақтың әлеуметгі-экономикалық дамуыньщ орташамер-зімді жоспары мен орташа мерзімді фискаддық саясат негіздерінде іске асырылатьш түсімдер болжамдаудан басталады. Осы уәкілетті органмен фискалдық саясат негізінде бюджет шығыстарының ли-мигі қалыптастыру және оларды ағымдағы мен даму бюджетгік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу іске асырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орта-ша мерзімді әлеуметті экономикалық даму көрсеткіштері негізін-де және де облыстар, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің келісілген көрсеткіштері мен республикалық бюджеттік бағдар-ламалар әкімшіліктерінің бюджеттік мәлімдемелерін (тапсырыста-рын) есептей отырып, республикалық бюджет жобасының келесі негізгі болжамдық көрсеткіштерін анықтайды және талқылауға Бюджеттік комиссияға үсынады:

  • республикалық бюджет түсімдерінің көлемі;

  • республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша республикалық бюджет шығыстары мен несие-лендіруінің көлемі;

  • республикалық бюджет тапшылығының (профициттінің) мөлшері;

  • мемлекеттік кепілдемелер бойынша міндеттемелерді орын-дайтын сомасы;

  • Үкіметтік қарыздың лимиті;

  • тиісті қаржы жылдың соңьша облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті атқарушы органдар қарыздарының лимиті;

  • тиісті қаржы жылға мемлекеттік кепілдемелер беру лимиті;

  • облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті бюджеттерден және республикалық бюджеттен ¥лттық қорға берілетін ресми трансферттер сомасы;

  • республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша функ-ционалдық топтар арқылы шекті шығыстар тізімі;

  • тиісті қаржы жылдағы республикалық және жергілікті бюджеттер атқару процесінде секвестрге жатпайтын рес-публикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізімі;

  • өткен қаржы жылдар нәтижесінде әлеуметті және бас-қа төлемдер мен республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын мемлекеттік мекемелердің келісімшарттық міндеттемелері арқылы пайда болған республикалық бюд-жеттің кредиторлық берешектерін өтеу сомасы.

Республикалық бюджет қалыптастырудың бірінші кезеңін-де экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкіл етті органмен кезекті қаржы жылға ел экономикасы дамуының сценарлық шарттарын жасау іске асырылады. Мұндай сцена-рий негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, елдің әлеуметті-экономикалық дамуыньщ орташа мерзімдік болжау көрсеткіштері мен Үкіметтің орташа мерзімдік фискалдық саясаты арқылы жа-салады. Егерде ел Үкіметі осы сценарлық шарттарды мақұлдаса, онда кезекті қаржы жылға республикалық бюджеттің негізгі па-раметрлері мен шығыстар функционалдық жіктелуіне сәйкес оньщ шығыстары жөнінде мәліметтер жасауы, сондай-ақ орташа мерзімдік болашаққа республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерін жобалауы іске асырылады.

Бюджетті атқару маңында бюджеттік құралдарды жұмылдыру мен оларды пайдалану бойынша Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері түсініледі. Бұл әрекеттеріне бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету, бюджеттік ақшаларды жұмсау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе профицитті пайдалану және бюджеттік процесті іске асырумен байланысты басқа да операция-лар жөніндегі шаралар кешені кіреді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі табылады. Бюд-жеттік кодекске сәйкес бұл министрлігі республикалық бюджетті атқаруын қамтамасыз етеді және жергілікті бюджеттер атқаруына байланысты іс-әрекетті іске асырады.



Бюджетті атқару кассалық негізде және бюджет атқару прин-циптерінің талаптарына сәйкес іске асырылады. Бюджеті кассалық атқару деген ол бюджетке түсімдерді есепке алу мен бюджет-тен төлемдер төлеу жөнівдегі есеп-шоттағы барлық операциялар Қазьшашыльщ (казначейлік) комитет немесе уәкілетті банк арқылы


жүктеу 469 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау