Жеке семестрлік тапсырмалар:
Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Тәжірибелік жұмыс:
Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.
Коллоквиум:
Коллоквиум топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОқСӨЖ) аудиториядан тыс сабақтардан тұрады.
1. Отбасы туралы.
Қазіргі қоғамдағы отбасы ролі. Отбасының пайда болу негіздері.
Адамның өз өмірін біреумен бөлісіге шешім қабылдауы. Дүниеге бала әкелуге шешім қабылдау және оны тәрбиелеуге шешім қабылдау.
Тапсыру түрі: Реферат.
2. Отбасы мәселесінің зерттелуі.
Отбасы құрылымы, қызметтері туралы отандық социологиялық зерттеулер.
Отбасы социологиясы пәнінде қамтылатын негізгі теориялық қағидалар мен түсініктер. Пән құрылымы.
Тапсыру түрі: Жеке баяндамалар.
3. Отбасы тарихы 1-бөлім.
Ф.Энгельс зерттеулері. Оның "Отбасы, мемлекет және жеке меншіктің шығуы" еңбегі.
Ерте дүниедегі отбасы құрылымы. Ортағасырлық қатал діни ережелердің отбасылық өмірге әсері.
Тапсыру түрі: Топтық пікірталас.
4. Отбасы тарихы 2-бөлім.
М.Вебердің "Протестанттық этика және капитализм рухы".
XVII-XIX ғасырлардағы ақсүйектік құндылықтардың отбасылық көзқарастарға әсері. Отбасылық құндылықтар мен ережелердің жаңа нарықтық қатынастарға бейімделуі. Жаңа отбасылық құрылымдардың пайда болуы.
Тапсыру түрі: Топтық пікірталас.
5. Неке түрлері.
Неке түрлері. Моногамия- бір күйеу мен бір әйелден тұратын неке нысаны. Полигамия- бірнеше даралықтардың бір некеге тұруы. Полигиния- бір ер адамның бірнеше әйел адаммен некеге тұруы. Полиандрия- бір әйел адамның бірнеше ер адаммен некеге тұруы. Полиандрия өте сирек кездесетін құбылыс ретінде зерттелуі.
Тапсыру түрі: Ауызша қысқаша мәтіндер.
6. Отбасы түрлері.
Нуклеарлық немесе кәдімгі отбасы- бұл ата-ана мен олардың балаларынан тұратын отбасы.
Зайыптық отбасы- бұл тек ерлі-зайыптылардан тұратын отбасы. Кеңейген отбасы- бұл үй иелерінің әке-шешесі,апаөағасы, іні-қарындасы, ата-әжесі, үйленген балалары қосылған отбасы.
Тапсыру түрі: Топтық пікірталас.
7. Отбасының атқаратын қызметері 1-бөлім.
Жыныстық қарым-қатынастарды заңдастыру қызметі.
Адам перзентін қоғамда ғұмыр кешуге дайындау, сөзсіз, отбасының алдында тұрған барынша күш-жігер мен уақытты көп талап ететін күрделі мәселе.
Тапсыру түрі: Топтық пікірталас.
8. Отбасының атқаратын қызметері 2-бөлім.
Отбасының келешек ұрпақты қоғамдағы өмірге дайындау қызметі.
Отбасылық өмір үлгісінің қоғам үшін жағымсыз инцеста, яғни қан араластырушылық сияқты құбылыстарды жоюдағы қызметтері.
Тапсыру түрі: Топтық пікірталас.
9. Отбасы және меншік.
Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қарым-қатынастар. Жұбайлар ажырасқан жағдайдағы меншікке қатысты құқықтық ережелер. Қазақстан Республикасы заңдары.
Мұра мәселесі. Ортақ мұра ережелері.Майорат- үлкен ұлдың жылжымайтын мүлікке құқығы. Мұралық құқық теңдігі. Аталық жол- мұраның тек қана ерлер желісі бойынша жүруі.
Бала асырап алу мәселесінің меншік пен мұралық қатынастарға әсері.
Тапсыру түрі: Реферат.
10. Этикалық құндылықтар және отбасылық ережелер.
Адамдардың бір-біріне сыйластығы, төзімділік пен кешірімділік- бақытты ғұмыр жолы.
Этикалық үлгілер, әсіресе отбасылық мінез-құлыққа қатысты қағидалардың әр елде әр түрлі болуы.
Нақты заң ережелері және отбасы ережелері.
Отбасы үшін маңызды екі этикалық құндылық. Жауапкершілік ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың іргетасы. Сенім- отбасы татулығы мен оның беріктігінің негізі.
Тапсыру түрі: Реферат.
11. Отбасындағы егестер және оларды шешу жолдары.
Отбасындағы егестер шығуының жеке-психологиялық себептері. Сана-сезімдік сәйкессіздік. Жыныстық сәйкессіздік.
Ерлі-зайыптылар араларындағы егестер және оларды шешу жолдары. Меншік мәселелерінің отбасылық егеске әсері.
Ата-аналар мен балалар араларындағы егестер мен оларды шешу жолдары.
Отбасын жоспарлау орталықтары. Олардың отбасылық егестердің алдын алудағы ролі.
Тапсыру түрі: Жеке баяндамалар.
12. Отбасылық тәрбие нысандары 1-бөлім.
Педагогикалық әдістер және оларды отбасылық тәрбие үрдісінде қолдану.
Дәстүрлі этникалық құндылықтар және оларды отбасындағы тәрбиеде қолдану.
Тапсыру түрі: Жеке баяндамалар.
13. Отбасылық тәрбие нысандары 2-бөлім.
Ересек адамдардың өмір бойғы серігі болып табылатын құндылықтардың олардың балаларына әсері.
Ерлі-зайыптылар қарапайым өмірлік мінез-құлықтарының бала тәрбиесіне әсері.
Тапсыру түрі: Жеке баяндамалар.
14. Отбасымен демалу шаралары.
Театр, картина галереялары және т.б. зайырлы мәдениет орындарында отбасымен демалу.
Спорттық ойындар мен спорттық шаралардың отбасы демалысында орын алуы.
Табиғи орта мен қоғамдық демалу орындарының отбасы демалысында алатын орны.
Отбасымен демалудың, оның саулығына, беріктігіне, бала тәрбиесіне әсері.
Тапсыру түрі: Ауызша қысқаша мәтіндер.
15. Қазақстан Үкіметінің отбасылық саясаты.
Қазақстан Үкіметінің отбасын қолдаудағы шаралары. Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер
Қазақстан Үкіметінің демографиялық саясаты.
Ана мен баланы қорғаудағы Қазақстан Үкіметінің іс-шаралары.
Қазақстан Республикасындағы отбасын әлеуметтік қорғауға байланысты заң актілері.
Тапсыру түрі: Ауызша қысқаша мәтіндер.
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
8. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Алдыңғы бөлімде берілген білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары берілді.
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;
сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты:
Бағалау саясаты келесі ұстанымдарға негізделіп берілген: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Студенттердің білімін бағалау және тексеру жүйесі төмендегі қызметтерді қосады:
диагностикалық қызмет,
басқару қызметі,
оқу- тәрбиелік қызмет,
даму қызметі.
Оқытушы студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және тексеру үшін жасаған жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өз бетімен дайындалу сұрақтары, емтихан сұрақтары 1-7 бөлімдерде толық қамтылып көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |