А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


Тақырыбы: ХҮІ ғ. ІІ жартысы-ХҮІІ ғ. басындағы Қазақ хандығындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар



жүктеу 1,19 Mb.
бет9/16
Дата14.02.2018
өлшемі1,19 Mb.
#9629
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Тақырыбы: ХҮІ ғ. ІІ жартысы-ХҮІІ ғ. басындағы Қазақ хандығындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар

Дәрістің мазмұны:


XVI ғасырдың 60 – 70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда – саттық қарым – қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Тәуекел ханның тұсында (1582-1598ж.) қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды.

1583жылы Сырдариядағы Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Самарқан мен Бұхараға жорық жасау кезнде жараланып қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: «Тарихи – и – Кипчаки » (Қыпшақ тарихы) атты еңбектің авторы былай дейді: «Қазақ Тәуекел Әлді – Момын ханды өлтіріп, Пір – Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін (жолға) шықты. » Ол (әуелі) Ташкентті қаратты, содан соң Самарқанды басып алды (және Бұхараға қарай) бет бұрды. Пір – Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін еместеп тауып, қамалға бекінді. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан (және оның әскері) Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр – аяғында қазақтар жеңліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір – Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Кескілескен шайқас нәтежесінде Тәуекел ауыр жараланды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге аттанды.

Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуы ерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс. Ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде үш этникалық-аймақтық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қалыптасты. Ұлы жүздің негізгі аумағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағы. Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның даласындағы жазғы жайлау Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы болды. Ал Батыс Қазақстандағынегізгі маусымдық жайылымдар мен көші-қону жолдары, Сыр мен Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларында Кіші жүз қалыптасты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы. Экономикасы

2.Қасым ханның жүргізген саясаты


11 Дәріс

Тақырыбы:Қазақстанның XVII ғасырдағы экономикасы

Дәрістің мазмұны: Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiр сүрген феодалдық мемлекет. Шыңғысханның феодал империясы тұсында ойраттар империя әскерiнiң сол қанатына жатты (Зюнғар) – осыдан Жоңғария, жоңғарлар атауы шыққан). XV ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдай ойрат феодалдарының күшiн бiрiктiрдi, бытырыңқылығын жоюды, олардың iшкi және сыртқы мүдделерiн қорғай алатын бiртұтас феодалдық күштi мемлекет құруды қажет еттi. Осындай жағдайда Шорас князьдығының билеушiсi Хара-Хула ойраттардың иелiктерiн бiрiктiруге күш салды. Оның бұл әрекетi баласы Батыр қонтайшы билiк құрған кездiң (1635-1660) бiртұтас Жоңғар мемлекетiн құрумен аяқталады. Ол билiк жүргiзген тұста феодалдық тәртiп нығайды. Жоңғар хандығы Ресеймен бейбiт сауда жүргiзгенiмен, оның нығайып күшеюi Жоңғар хандығының кейбiр мемлекеттермен бәсекелесуiне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдiң, Циньдiк Қытайдың эскпансионизмi Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргiзуiне итермеледi, сонымен бiрге Қазақстанның оңтүстiгiндегi сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсiресе XVIII ғасырдың басында күшейе түстi. Сөйтiп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлерi Қазақ хандығының жерiне басып кiрдi. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күштi тойтарыс бердi. Жоңғар әскерлерi 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бiрақ олар қазақ жерiнен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бiтiмi шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасiрет әкелдi.

Қазақ хандығына ең күшті қауіп төндірген жоңғардың феодалдық хандығы еді. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізі жайылымдар үшін талас болатын. Ондай шайқастардың бірі Орбұлақ ұрысында қазақтар жеңіске жетеді. Бірақ жоңғарлар қазақ жерін басып алу жоспарынан бас тартқан жоқ еді. Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланған және алдағы соғысқа мұқият әзірленген жоңғар билеушілері 1723 жылы әскерлерін қазақ жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызекі аңыздарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп аталатын сұрапыл алапаттың басталған кезі деп есте қалған Жоңғар басқыншылығының тегеурінінен Ұлы және Орта жүздің кейбір рулары Сырдариядан өтіп, Ходжентке қарай ауа көшеді. Орта жүздің көпшілігі Самарқандқа қарай кетті, ал Кіші жүздің рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұқарға беттеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:


  1. XVII ғасырдағы Қазақстанның экономикасы.

  2. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары.

12 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның соңғы ортағасырлардағы әлеуметтік экономикалық қатынастары


Дәрістің мазмұны: ҮІ – ІХ ғғ. қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол өнеркәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Оңтүстіктегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Византия, Иран, Кавказбен, Шығыс Түркістан елдерімен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ, Қойлық сияқты қалаларөте зор рөл атқарды.Түркілердің діни наным сенімдері. Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Оның ішінде Көк (Тәңір) негізі болды. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығыменбилік етеді деп түсіндірілген. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады. Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ, Алтайда сақталған қасиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартқан. Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің нанымдарына берілген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Соңғы ортағасырлардағы оңтүстік қалалары.

  2. Соңғы ортағасырлардағы сауда орталығы болған қалаларды ата.

13 Дәріс

Тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан аумағы, халық тұрмысы мен шаруашылығы

Дәрістің мазмұны:

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тымерте ақ мұнан бес жүз жылдай бұрын басталған. Ресей қазақ халқынан мал, малдың терісін, жүнін т.б. өнімдерін алса, керісінше қазақ елі Ресейден өнеркәсіп өнімдерін : қазан, самаурын, ыдыс-аяқ сияқты заттар алады. Орыс саудагерлері қазақ даласы арқылы Қажы Тарханға, Сарытауға, Самараға, Қазанға келіп, сауда-саттық жасайды. Ресей Орта Азиямен, Шығыс елдерімен сауда жасады. Оның сауда керуендері құрлықпен қазақ даласы арқылы өтетін.

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланысьардың болмауы, қазақ федолдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: Солтүстік-батыстан- башқұрттар; Солтүстіктен – Сібір қазақтары; Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтар; Шығыстан – Жоғария; Оңтүстік-Шығыстан – Қытай. XVIII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең. 1740 жыл – Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті. 1741-1742 жылдар – қоңтайшы Галдан Цэрен Орта жүз ьен Кіші жүзге екінші «ақтабан шұбырынды» жорықтарын жасады. 1742 жыл – Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы қиыншылықпен босады.

Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді. 1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады. Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау.

Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Қазақ халқының басты кәсібі

  2. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының тұрмысы

14 Дәріс


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау