Тақырыбы: ХҮІІІ-ХІХ ғғ. І жартысындағы қазақ қоғамы
Дәрістің мазмұны: 18-19 ғ-да да қазақтардың негізгі шаруашылығы болып мал шаруашылығы қала берді. Мал шаруашылығы ата кәсібі болғандықтан қазақтар малды бағып өсірудің білгір маманы болды. Бірнеше жүздеген шақырымға созылып жатқан кең даланың табиғи байлығын өте жақсыы білетін. Барған сайын қазақтар арасында егін шаруашылығы да өрістей берді. Егін бұрынғыша Сырдария, Талас, Шу өзендері аңғарларында, Жетісуда көп егілді. Кен орындарының ашылуы, сауданың дамуы қалалардың өсуіне әсер етті. Осы күнгі Атырау, Семей, Ақмола, Шымкент қалаларының аттары сол кезде ақ белгілі еді.
Қазақ жері арқылы батыс пен шығыс елдерін байланыстыратын сауда жолдары өтетін. Мұның өзі қазақтардың Қытай, Иран елдерімен, Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтарымен сауда жасауына мүмкіндік берді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстандағы жағдай
2. Қазақтардың негізгі кәсібі.
№15 Дәріс
Тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ ширегіндегі Қазақстанда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі
Дәрістің мазмұны:
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 км2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 км2. Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император Ы Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХВЫЫЫ ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХІХ ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы өзгерістер.
Бөкей Ордасындағы сауда-саттық.
№ 16 Дәріс
Тақырыбы: Ұлы жүздің Ресейге қосылуының экономикалық салдарлары Дәрістің мазмұны:
Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді. 1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады. Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау.
Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1.Ұлы жүздегі экономикалық жағдай.
2.Бөкей Ордасындағы сауда-саттық.
№ 17 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанның ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы Дәрістің мазмұны: Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшу барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық мұра болып келген әкономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкерiс жеңіске жетті. Патша өкiметi құлатылып, министрлер мен көрнектi чиновниктер тұтқынға алынды. Патша өкiметi құлатылғаннан кейiн бүкiл Ресейдегi сияқты Қазақстанда да қос өкiмет орнады. Бұрынғы патша чиновниктерi, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық Уақытша үкiмет органдарымен бiрге халықтық өкiметтiң жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестерi құрылды.Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша шенеуніктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады: Ә.Бөкейханов – Торғай облысының, М.Тынышбаев – Жетісу облсының, М.Шоқай – Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болды.Қазақ ұлттық зиялыларының жетекшісі Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға» деген үндеуінде қазақтарға ұйымдасу қажет екендігін баса көрсетті. Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық-либералдық қозғаыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. 1917 жылғы наурыз-сәуір – жұмысшы және саолдат депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы мамыр-маусым – шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: шаруаға – жер; жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні; халыққа – бейбітшілік беру. 1917 жылғы наурыз – жергілікті социал-демократтардың астыратын жұмыс істеуден ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезеңі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
ХХ ғасырдағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
ХХ ғасырдағы Қазақстандағы экономикалық даму.
Достарыңызбен бөлісу: |