№23 Дәріс Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Дәрістің мазмұны: 1954-56 жылдарда одақтық министрліктен республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1954 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері, басқада одақтық министрліктер, одақтық – республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті. Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Олар республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын Экономикалық комиссия құрды.
50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктерінің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді-дақылдардыңшығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небары 100-150 млн пұт ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Тың игерудің зардаптары.
Тың игеру жылдарындағы Қазақстанның экономикасы
№24 Дәріс
Тақырыбы: 70-80 жылдардағы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы. Дәрістің мазмұны:
«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұд жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай химиясына 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
70-80 жылдардағы Қазақстаннның экономикасы.
70 жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіп.
№25 Дәріс
Тақырыбы: Қайта құру жылдарындағы Қазақстан (1985-1991 жж)
Дәрістің мазмұны: Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. Осымен байланысты он екінші бесжылдықта 1986-1990 жылдардағы республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, бұл бағытта болған жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. Дегенмен, қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан резервтері іске қосылмады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.
Қайта құрудың кейбір кемшіліктері.
№26 Дәріс
Тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Дәрістің мазмұны: 1992 жылы наурыз айында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызға ие болып отыр. 1997 жылы басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Соңғы жылдары Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері, басқада одақтық министрліктер, одақтық – республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті.Осыдан кейін бұрынғы кеңестік кеңістікке іргелі ықпалдастық одағының жаңа тарихы басталды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Достарыңызбен бөлісу: |