А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі



жүктеу 10,92 Mb.
бет4/9
Дата21.11.2018
өлшемі10,92 Mb.
#23260
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пікірлесейік.

  • Сіз шетелден саяхаттан келдіңіз, алған әсеріңіз туралы достарыңызбен бөлісіңіз.

  • Сіз шетелге саяхаттап келдіңіз, өз елініз туралы мәлімет беріңіз.



Грамматика әлемінде:

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысыалдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Мысалы, Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.



а) Сөйлемді жалғастырып, түсіндірмелі салалас сөйлем құрыңыздар

Оның қорыққаны саондай - ............ . Сіздерге айтарым сол: ......... . Өтірік сөз жарақат сияқты: .....


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.

13-практикалық сабақ

Тақырыбы: Ішкі туризм
I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Құқық, мәртебе, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық, ел іші, шеқара, саяхаттау, бүкіл одақтық, ұйымдар, анықтау, қамтиды, елтану, мақсат, жүзеге асыру, мемлекеттік, қажетті, құжаттар, ақша бірліктері, қолдану, ұйымдастыру, пайда.

  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Туристік туризм

Құқықтық толтыру

Ішкі ішінде

Екіге мәртебе

Ел бөліну

Спортпен саяхат

Қажетті туризм

Өте айналысу

Ұлттық жоғару

Құжаттар құжаттар




  1. Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

2.Мәтәнін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.


Ішкі туризм.

Туристік саяхаттардың түріне және құқықтық мәртебесінде қарай туризм-ішкі яғни ұлттық және сыртқы яғни халықаралық болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм-азаматтардын шеккарадан аспай өз елінің ішінде саяхаттауы.

1993 жылы Бүкіл одақтық туризм ұйымдары Оттаво конференциясында туризмнің түрлерің анықтады «Ұлттық турнизм» және «Ел ішіндегі туризм» деген жаны ұғымдар енгізілді. Ұлттық туризм –ішкі және сыртқы туристік саяхаттардан турады. Ел ішіндегі туризм – ішкі туристік саяхаттарды қамтиді.

Ішкі туризм адамдардын демалу, елтану немесе спортпен айналысу мақсатында жүзеге асырылатын туристік саяхат. Ішкі туризм мемлекеттік шекараны асумен байланысты емес, сондықтан қажетті құжаттарды толтыруда ешқандай қиындықтар кездеспейді. Ұлттық ақша бірліктерінде еш қиындықсыз қолануға болады. Туризмнің басқа түрлеріне қарағанда ішкі туризмді ұйымдастыру өте жеңіл. Сыртқы яғни халықрарлық туризмге қарағанда ішкі туризмнің мемлекетке түсіретін пайдасы да өте жоғары.




  1. Мәтінен кейінгі жұмыс.

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Туристік саяхаттардың түріне және құқықтық мәртебесіне қарай туризм нешеге бөлінеді?

  2. Туризмнің түрлерің қашан анықтады?

  3. Қандай жаңа ұғымдар енгізілді?

  4. Ұлттық туризм мен ел ішіндегі туризмнен айырмашылықтары қандай?

  5. Ішкі туризмде қандай мақсаттар іске асырылады,

  6. Ішкі туризмнің артық шылығы қандай?




  1. Сұхбатты толықтырыңыз.




1.

Туризмнің қандай түрі бар?













2.

Ішкі туризм-азаматтырдын шекарадан аспай өз елінің ішінде саяхат-тауы.

3.

Бүкіл одақтық туризм ұйымдары туризмнің түрлерін қашан анықтады?













4.

«Ұлттық туризм» және «Ел ішіндегі туризм» деген жаңа ұғымдар енгізілді.

5.

Ұлттық туризм қандай саяхаттардан турады?













6.

Ел ішіндегі туризм-ішкі туристік саяхаттарды қамтиды.

7.

Ішкі туризм қандай мақсатты жүзеге асыратын саяхат?













8.

Ішкі туризм мемлекеттік шекараны асумен байлатысты емес. Сондықтан қажетті құжаттарды толтыруда ешқанай қиындықтар кездеспейді.


ҮІ. Пікірлесейік.

  1. Еліміздің туристік аймақтары туралы әңгімелеңіз.

  2. Ішкі туризм бойынша туристік саяхаттан келдіңіз, алған әсеріңізді досыңызбен бөлісіңіз.


V. Сіз жол сілтеуші-гидсыз саяхатшыларды Көкшетау өңірінің көрнекті жерлерімен таныстырыңыз.





VII.Жаттығулар әлемінде.

  • Көп нүктенің орнына сәйкес келетің етістіктерді қойыңыз.

  1. Қазір саяхатқа .......

Мен жазда саяхатқа ......

Сіз астанаға ............

Иә, біз көрмеге .........

Керекті сөздер: шығамыз, барамыз, кетеміз, жол жүреміз.


  1. Олар экскурсияға ...............

Мен үйге .......................

Туристер тауға ....................

Олар өзенге жүзеге..............

Керекті сөздер: шығады, барады, кетеді, келеді.


  1. Мұражайларға, көрмелерге ....................

Сен туристік базаларға ......................

Саяхатшылар мұражайларға ...................

Иә, бәз тауға ........................

Керекті сөздер: шығамыз, барамыз, кетеміз, келеміз.


  1. Сендер көрнекті орындарды .....................

Белгілі саяхатшыларда....................

Жеке ойластырылған туризммен .................

Сендер шатырда ...........................

Керекті сөздер:көресіндер, аралайсындар, айналысамыз, тұрасыңдар.


  • Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан синонимін табыңыз:

  1. Тірішілік ету а) қатер

  2. Сапар шегу ә)қуат

  3. Қауіп б)саяхаттау

  4. Күш в)жалғыз

  5. Жеке г)өмір сүру




  • Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан антониммің табыңыз:

  1. Дос а)артқа

  2. Достық ә)топтанып

  3. Жалғыз в)қастық

  4. Алға г)дұшпан



ІҮ. Грамматика әлемінде

Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербесәрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Мысалы, Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе көңілді суытады.

а) Мысалдағы сөйлемді негізге ала отырып, бірнеше сөйлем құрыңыздар.
Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.



14-практикалық сабақ

Тақырыбы: Спорттық туризм

  1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Тығыз байланысты, қорғаныш көзілдірік, биікке көтерілу, көздің көруі, нашарлау, міндетті, қорғау, бас киім, аяқ киім, ыңғайлы, қауіп қатер, тасқынды, ағын, тастың құлауы, нөсерлі жауын, найзағай, тұман, бұршақты жауын, құлама, тасты, сырғанақ, көрінер, көрінбес, жолдар, тау, жота, асу, шың,ғажап.


  1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Көрінер көтерілу

Бұршақты шегу

Құлама көрінбес

Қорғаныш асу

Тығыз көтерілу

Саяхат туризмі

Көздің жауын

Міндетті көзілдірік

Тауға жол

Тасқынды жасау

Нөсерлі көруі

Асудан түрде

Шыңға байланысты

Сапар шығу

Тау ағын

II.Мәтінмен жұмыс


  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп,әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.



Спорттық туризм

Тау туризмі жаяу кезу туризмімен тығыз байланысты. Тауға саяхат жасайтын туристке ең алдымен қорғаныш көзілдірікикерек. Себебі биікке көтерілген сайын күн радиациясы көбейіп, көздің көруі нашарлайды. Сондықтан көзді қорғау үшін қорғаныш көзілдірік міндетті түрде керек. Сол сияқты күннің көзінен қорғайтын бас киім және тауға шығуға ыңғайлы аяқ киім керек.

Тауға сапар шеккенде көптеген қауіп қатер кездесуі мүмкін. Мысалы тасқынды ағын, тастың құлауы, нөсерлі жауын, найзағай, тұман, бұршақты жауын болуы мүмкін. Осындай қиындықтарға қарамай, құлама, тасты, сырғанақ, көрінер, көрінбес жолдармен тау жоталарына өрмелеп, асудан асып, шыңға көтерілу қандай ғажап!

III. Мәтіннен кейінгі жұмыс.


  1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тау туризмі туризмнің қандай түрімен тығыз байланысты?

2. Тауға саяхат жасайтын туристке не керек?

3. Не үшін?

4. Қандай қауіп қатерлер кездесуі мүмкін?



2. Төмендегі сөздердің антонимін тауып, сөйлем құрыңыз:

Биік, нашар, қиын, көтерілу, көбею, ыңғайлы, көп.


3. Сызба бойынша бірнеше сөз тіркестерін құрыңыз:

Тауға таудың





  1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз.

..................................серуендеу.

..................................шомылу.

..................................теру.

..................................жүру.

..................................емделу.

..................................демалу.

..................................шығу.

Керекті сөздер: тауға, шипажайда, жидек, демалыс үйінде, көлде, таза ауада, орманда.



  1. Артық сөзді алып тастаңыз.

а) мұхит, көл, кеме

ә)шың, шалғын,тау

б)сапар, жол,саяхат

в)биік, аласа,заңғар

г)нашар,керемет,жаман

ғ)керемет,ғажап,көңілсіз



6. Сұхбатты толықтырыңыз.

1.

Қандай туризм жаяу кезу туризмі мен тығыз байланысты?













2.

Тауға саяхат жасайтын туристке ең алдымен қорғаныш көзілдірік керек.

3.

Қорғаныш көзілдірік не үшін керек?













4.

Сол сияқты күннің көзінен қорғайтын бас киім және тауға шығуға ыңғайлы аяқ киім керек

5.

Көптеген қауіп қатер қай кезде кездеседі?













6.

Тасқынды ағын, тастың құлауы, нөсерлі жауын болуі мүмкін.

7.

Осындай қиыңдықтарды жеңсеңіз қандай рахатқа бөленесіз?







7.Суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңыз.



Суретке қарап, саяхатшыларға сипаттама беріңіз.


10.Тауға саяхат жассаған саяхатшыға қажетті заттарды көрсетіп, диаграмманы толтырыңыз.


V. Жаттығулар әлемінде:

  • Септеулік шылаулар мен зат есімдерді сәйкестендеріп, сөйлем құрыңыз

Үшін; қарай;байланысты

Тау; саяхат; жол; қауіп –қатер




  • Етістіктерге жұрнақтарды жалғап, сөйлем құрыңыз.



етістіктер

-ып

-іп

-п

-ған

-ген

-қан

-кен

-йтын

-етін

-йтін

-атын

1

Жасау


































2

Қорғау


































3

Көтерілу


































4

Өрмелеу


































5

сағыну





































  • Сөздерді сөз құрамына талдаңыз.

Қиындықтарға, тау жоталарына, нөсерлі
VI. Пікірлесейік.

  1. Сіз тауға саяхат жасап келдіңіз, алған әсерәңіз туралы әңгімелеңіз.

  2. Тауға саяхатқа шығатын досынызға өзімен бірге қандай зат алу керектігін айтып, ақыл-кеңес беріңіз.


ҮІІ. Грамматика әлемінде

Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз. Мысалы, Қазанаспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

а) Мысалдағы сөйлемді негізге ала отырып, бірнеше сөйлем жазыңыздар


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.

7 модуль. Туризмнің жұмыс істеу формалары

15- практикалық сабақ

Тақырыбы: Туристік жорықтар
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Мақсат, түр, анықтау, топ, жеке, арқа дорба, ұйықтайтын қап, ыдыс-аяқ, қажетті тағамдар, таяныштар, қазықтар, шатыр, алау, жұлдызды аспан, өзенің шулы, желдің сыбысы, құстың үні, жапырақтын сыбдыры, туристік романтика.


  1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Туристік сыбдыры

Ертеңгілік аспан

Ыдыс үні

Жұлдызды сыбысы

Демалу тігу

Ұйықтайтын төрыс

Жапырақтың романтика

Құстың ас

Өзеннің үшін

Желдің қап

Шатыр аяқ

Жұрыс шуылы




  1. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтәнін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.

Туристік жорықтар

Туризімнің басқа түрлеріне қарағанда жаяу кезу туризмі өте кең тараған жаяу кезу туризмі-туризмнің жеке ойластырылған түріне жатады. Мұнда саяхатшы алға қойылған мақсатпен жұрыс-тұрыс жайын өзі анықтайды. Топтанып және жеке сапар шегуге болады.

Жаяу кезу туризмі кезінде туристке ең алдымен арқа дорба керек. Арқа дорбаға ұйықтайтын қап ыдыс-аяқ және қажетті тағамдар салынады. Демалу үшін, таяныштар мен қызықтарды дайындап, шатыр тігеді. Шатырды суға жақын жерге құрады. Ертенгілік, түскі және кешкі астарын даярлау үшін алау отын жағады. Түнде алауды қоршап отырып, туристік әңдер айтады, би билейді, әртүрлі ойындар ойнайды. Жұлдызды аспан астында өзеннің шуылын, желдің сыбысын, құстың үнін жапырақтын сыбдырын естіп, ұйықтайтын қапта демалу-туристік романтика.


  1. Мәтінен кейінгі жұмыс.

  1. Мәтін бойынша түмендегі сқрақтарға жауап беріңіз.

Жаяу кезу туризмі-уризмнің қандай түріне жатады?

Алға қоылған мақсат пен жұрыс-тұрыс жайын кім анықтайды?

Қалай сапар шегуге болады?

Жаяу кезу туризмі кезінде туристке қандай нәрселер керек?

Туристер не үшін алау отын жағады?

Түнде алауда қоршап отырып не істейді?




  1. Бірнеше сөз тіркестерің құрыңыз:

Жаяу кезу туризмі




  1. Сұхбатты толықтырыңыз.

1.

Туризмнің басқа түрлеріне қарағанда қандай туризм өте кең тараған?













2.

Жаяу кезу туризмі-туризмнің жеке ойластырған түріне жатады.

3.

Саяхатшы нені анықтайды?













4.

Топтанып және жеке спапр шегуге болады.

5.

Жаяу кезу туризмі кезінде туристке қандай заттар керек?













6.

Шатырды суға жақын жерге құрады.

7.

Алау отын не үшін жағады?













8.

Туристік әңдер айдаты, би билейді, әртүрлі ойындар ойнайды.

9.

Қалай демалу туристік романтика?









  1. Суреттер бойынша әңгімелеңіз.




  1. Саяхаттан келдіңіз, кездескен қызықтар туралы достарыңызбен бөлісіңіз.


ІҮ. Грамматика әлемінде

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз

Мысалы, Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.

а) Сөйлемді аяқтаңыз.

Мен келсем, ........ . Сен келсең, .......... . Сіз келсеңіз, ........ . Біз келсек,....... . Сендер келсеңдер, ....... . Сіздер келсеңіздер, ...... . Олар келсе,..........




Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


16-практикалық сабақ

Тақырыбы: Экскурсия
I. Мәтінге дейінгі жұмыс

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Жолдама, ұшақ, пойыз, теңіз, мұхит, қай кезде, бұрылу, жолда болу, анықтау, орналасу, танысу, амандық, жіберу, күндіз, кешке қарай, кеме үстңнде, айнала, тіміқ күні, су жолдарымен, жылжу, алға.

II. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтәнін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.


Туристік теплоходпен экскурсия

Жолдама бойынша сапар шеккен турист теплоходпен, ұшақпен, пойызбен немесе автобуспен саяхатқа шыгуы мүмкін. Теплоходпен теңізде, мұхитта сапар шегуге болады. Ол ұшін алдымен теплоходтың қай кезде келетінін, қандай порттарға бұрылатынын және жолда қанша уақыт болатынын анықтап алу керек. Өзіне арналған каютанын қай жерде орналасқанын білгеннен кейін заттарын қойып, кеме капитанымен танысады. Радист арқылы тұған-туыстарына өзінің амандағын білдіріп радиограмма жіберуіне болады. Күндіз немесе кешке қарай кеме үстінде айналаны тамашалап сүретке түседі. Тымық күні су жолдарымен алға жылжыған теплоходтың үстінен айналаны тамашалау қандай ғажап!




  1. Мәтіннен кейінгі жұмыс.

  1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  2. Жолдама бойынша қалай саяхаттауға болады?

  3. Теплоходпен қайда сапар шегуге болады?

  4. Алдымен нені анықтап алу керек?

  5. Туған-туыстармен қалай хабарсасуға болады?




  1. Төмендегі сөздердің антонимі тауып, сөйлем құрыңыз.

Үстінде, кешке қарай, күндіз, алға.

  1. Төмендегі сөздердің синонимін тауып бірнеше сөз тіркестірің құпыңыз.

Туған-туыс, уақыт, тымық күн.

  1. Сіз теплоходпен сапар шегіп бара жатырсыз. Амандығыңызды білдіріп туған-туыстарыңызға радиограмма жіберіңіз.



4. Сұхбатты толықтырыңыз.

-Сәлеметсіз бе?

-.........................

-Өзен (теңіз)вокзалы қай жерде орналасқан?

-...........................

-Мына порт қалай аталады?

-............................

-Теплоход қай кезде жүреді?

-............................

-Жолда қанша уақыт боламыз?

-..............................

-Теплоход қандай порттарға бұрылады?

-.............................

-Бұрын теплоходпен сапар шегіп пе едеңіз?

-..................................

-Шайқалысқа шыдайсыз ба?

-......................................

-Басыңыз айнала ма?

-....................................

-Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз.

-......................................

V. Жаттығулар әлемінде:


  • Одағай сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Тамаша! Керемет! Өкініштісің-ай! Бәрекелді! Жаса! Ойбай! Әттең! Алақай! Ой! Пах шіркін!

  • Еліктеуіш сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Сырт етті, сарт етті, шыңқ етті, қиқулады, қарақ етті, шыр етті, жылт-жылт, дірс-дірс,шыр-шыр.
ІҮ. Грамматика әлесінде

Шартты бағыныңқылы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз.

Екпей егін бітпес; үйренбей, білім бітпес (мақал)

а) Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді аяқтаңыздар.

Бір елді бір ел жақсы білсе, ........ . Сөз жүйесін тапса, ...... . Ертен күн ашық болса, ...... .


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


17-практикалық сабақ

Тақырыбы: Туризмдегі жаңа ақпараттық технологиялар
I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте саөтаңыз аударыңыз.

Сөз мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Заң, құқық, мүнде, қорғау, нұсқау, нұсқаушылық, қызмет, тәртәп, қаулы, жүзеге асыру, азаматтық, сақтандыру, келесімшарт, бекту.



ІІ. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Құқығын қабылданды

Қазақстан асырылады

Туристердің көрсетулер

Мүддесін қоғау

Қорғау Республикасы

Заң бекітіді

Қызмет қорғау

Қаулысына құқығын

Жүзеге мақсатында

Келісімшартың сәйкес

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп, түсініп щқыңыз.

Мәтәнің мазмұңына қарай бөлемге бөліп, арқайсысына тақырып қойыңыз.

Тақырып бойынша әңгімеленіз.


Туризмдегі жаңа ақпараттық технологиялар

Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң қабылданды. Осы заң бойынша туристік қызмет көрсетулер лицензияланады. Олар туропереторлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері. Лицензиялау Қазақстан Респубоикасы Үкіметтінің 14.09.2001 ж. №1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Туропереторлар мен турагентр лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келесім шарртың бекітеді.



III.Мәтінен кейінгі жұмыс.

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында қандай заң қабылданды?

Қандай қызмет көрсетулер лицензияланады?

Лизенциялау қалай жүзеге асырылады?

Туропереторлар мен турагенттер лицензияны алу үшін не бекітеді?

2. Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз жұмбақты шешіңіздер.

Жасырылған, сөздерді, қатыстыра отырып, сұраулы сөйлем құрыңыздар.



1.






















2.



















3.

















Тігінен: 1. право

Көлдеңнен: 1. Финансы

2. Постановление

3.Услуга

3.Бірнеше сөз тіркестерің құрыңыз:

Заң бойынша

қызмет көрсету


4.Сұхбатты толықтырыңыз.


1.

Қазақстан Республикасында қандай заң қабылданды?













2.

Туристердің құқығы мен мүддесін қорғау үшін.

3.

Осы заң бойынша не істеленеді?













4.

Олар туропереторлық, турагенттік, экскурсиялық, туризмнің нүсқаушылық қызмет көрсетулері.

5.

Лицензиялау қалай жүзеге асырылады?













6.

Олар азаматтық құқық сақтадыру келісімшартын бекітеді.


5.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Туристердің .... мен .... қорғаклары. Туроператорлық, ....., ....... жүргізіледі. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің ....... .... ..... «Туристік қызметті ... ....» қаулысына сәйкес .... ..... .



VI.Жаттығулар әлемінде.

Берілген сөз тіркестерің қазақ тіліне аударып сөйлем құрыңыз.

Осуществляется решение, заключается договор, формултруется рыночные связи, развивается бизнес, организуются поездки, используются денежные средства.


Берілген сөздерге тәуелдік жалғауының жалғауларын жалғап, өзгерісті түсіндіріңіз.



Мысалдар

1 жақ

2 жақ

Сыпайы түрі

3 жақ

1

Құқық













2

Нұсқаушылық













3

Азаматтық













4

Муқтаждық













5

Тәртіп














Берілген сөздерге ілік, барыс, табыс септіктерінің жалғауларын жалғап, сөйлем құрыңыз.

Қаулы, келімімшарт, заң, Үкімет, азамат.



ІҮ. Грамматика әлемінде

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз
а) Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемді аяқтаңыздар.

Жасы менімен шамалас бола тұра,............................... . Наурыз айы туса да, ........................... . Жұмыс қанша қиын бол,анымен, .......................... .



Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


18-практикалық сабақ

Тақырыбы: Халықаралық туристік нарық
I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

Сөздермен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Қарқын, нарық, қазіргі таңда, бағыт, келу, шетелдік, кетуі алыс жақын, сапар, ұйымдастыру, ішкі, отандық, әлеуметтік, мұқтаждық, демеу, демеуші, жылжу, белсенді, тәсіл, пайдалану.


ІІ. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Белсенді қорғау

Әлеуметтік алу

Сапарын туризм

Алыс бекіту

Туристік тәсілі

Келу көрсету

Кету туризм

Ішкі мұқтаждық

Қазіргі туризм

Келісімшартым жақын

Жүзеге бойынша

Лицензияны ұйымдастыру

Қызмет таңда

Мүддесін нарық

Заң асыру


II.Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз

Мәтінің мазмұнына қарай болімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

Тақырып бойынша әңгімелеңіз.


Халықаралық туристік нарық

Қазіргі жағдайда туризм жан жақты дамып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығың қалыптастырып, туристік бизнесті дамытты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарға бөлінеді:

1. Келу туризмі Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге бағытталған.

2. Кету туризмі Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыру.

3. Ішкі туризм ел ішінде отандық туристермен жұмыс.

4. Әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлетін қаражатынан демеу көрсетілітің саяхат.

5. Өздігінше туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.
III.Мәтінен кейінгі жұмыс.

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Қазіргі жағдайда туризм қалай тамып келеді?

  2. Туризмнің дамуы нені дамытады?

  3. Қазақстан Республикасында туристік нарық қандай бағыттарға бқлінеді?

  4. Келу, кету туризмнің бағыттары қандай?

  5. Ішкі, әлеуметтік туризм нені қарастырады?


2.Бiрнеше сөз тәркестерің құрыңыз

Туризм


Туристік

3.Берілген сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Нарық, бизнес, бағыт, қызмет көрсету, шетелдіктер, сапар, тандық, мұқтандық, қаражат, демеу, жылжу, тәсіл.



4.Сұхбатты толықтырыңыз.

1.

Қазіргі жағдайда туризм қалай дамып келеді?













2.

Туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырды.

3.

Туризмнің дамуы нені дамытты?













4.

Қазақстан Республикасында туристік нарық көптеген бағыттарға бөлінеді.

5.

Келу туризмнің қызметі қандай?













6.

Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс жақын шетелдерге сапарын ұйымдастырады.

7.

Ішкі туризм қандай жұмыспен айналысады?













8.

Мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлінетін қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат бір түрі болып табылады.

9.

Өздігінше туризм туристердің қандай сапары?







5. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

.............Қазақстанға келген ...... қызмет көрсетуге бағытталған. Кету туризмі Қазақстан Республикасы.... алыс жақын шетелдерге ...... ұйымдастыру. Ішкі туризм ел ішінде отандық туристерімен жұмыс.



...... туризм ел ішінде ...... туристермен жұмыс. Әлеуметтік мемлекеттің .... .... бөлетің қаражаттынан...... көрсетілетін .... . Өздігінше туристердің ...... .... ұйымдастыратын жылжудын ... ... тәсілдерін .... сапары.
V. Әр түрлі жағдаятқа пікірлесейік:

  1. Сіз өзініздің туристік фирманызда туристік нарықтын қай бағытын ұйымдастырар едіңіз?

  2. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсетулер туралы шетелдік саяхатшылар әңгімелеп беріңіз.

VI.Жаттығулар әлемінде.

  • Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сөйлем құрыңыздар.

  1. лы, лі, ды,ді,ты,ті: тау, қала, су, бақыт, қуаныш, дәм, мереке, тәртіп, өкініш, көрік, қауіп, ақыл.

  2. дай,дей,тай,тей: тау, ай, күн, көл, теңіз, тас, кілем.

  3. сыз, сіз: көніл, бақыт, жұмыс, тәртіп, бұлт, жаңбыр.

  4. лық,лік, дық, дік, тық, тік: күс, жаз, ауыл, қала, Республика, облыс, дәрігер, қоғам, ұлт, апта, ай, жыл.

  5. ғы,гі,қы,кі: кеше, бүгін, биыл, былтыр, кеш, түн, түс, жаз, қыс, көктем, күз, ертен, таңертең




  • Мақалдарды мәнерлеп оқып, сын есімнің жұрнақтарының астын сызыңыз.

  1. Балалы үй базар, баласыз үй мазар.

  2. Күйеу жұз жылдық, құда мың жылдық.

  3. Азапсыз махаббат арзан махаббат.

  4. Адам қатесіз болмас, көл бақасыз болмас.

  5. Жақсы келін қызындай, жақсы күйеу ұлындай.

  6. Түйедей бойын болғанша, түймедей ойын болсын.

  7. Әкенін қадірін балалы болғанда білерсін.



  1. Суреттерге қарап туризмнің түрлерін анықтап шағын әңгіме жазыңыздар.



ІҮ. Грамматика әлемінде

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Мысалы, Үйдегілер тысқатшықаса, таң аппақ боп атқан екен.

а) Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас жасаңдар.

Тыстағы жұмыс біткен кезде, ...... . Үшеуі үйге кірген соң,...... . Әкесі атқа мініп кеткеннен кейін, .... . Жолмен біраз жүрген соң, ..... . Ол үйге қайтып келісімен, ..... .


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


19-практикалық сабақ

Тақырыбы: Қазақстанныіөңірлік туризмді дамытуға қолайлы аймақтары
I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыныз,есте сақтаныз,аударыныз.

2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құраңыз.

Халықаралық туризм, туристік аймақтар, саяхат жасау, туризмді насихаттау, туризмді дамыту, туризм орталығы, туристік кәсіпорындар, транзиттік жерлер, шетелдік туристер, туристік бизнес, табиғат, ғылыми орталық, әлемдік дәреже, сәйкес келу, жоғары, сапалы қызмет, әсем, сәнді, қонақ үйлер, мейрамханалар, мұз айдыны, демалыс орны, туристік базалар.




3.Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.

Турист базалар

Нағыз қызмет

Ғылыми айдыны

Әлемдік база

Жоғары орталық

Сапалы аймақтар

Мұз орны


Демалыс деңгей

Туристік жылдары

Соңғы сапалы

II.Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыныз

2.Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыныз.

3.Тақырып бойынша әңгімелеңіз.


Қазақстанның өңірлік туризмді дамытуға қолайлы аймақтары

Еліміздің туристік аймақтары – Алматы, Көкшетау, Қапшағай, Маңғыстау өнілері. Олар туризмнің нағыз орталықтары. Туристік кәсіпорындардың көбі Алматыда орналасқан. Себебі транзиттік жерлер Алматыдағы фирмалар арқылы өтеді. Шетелден келген туристердің көбі Алматы қаласына тоқтайды. Алматы – еліміздің ғылыми орталығы. Табиғаты да жайлы. Соңғы жылдары қалада әлемдік дәрежеге сәйкес келетін, жоғары сапалы қызметтер көрсете алатын әсем де сәнді қонақ үйлер мен мейрамханалар салынуда. Мысалы, «Рахат Палас», «Анкара», «Астана» тағы басқа қонақ үйлер. Сонымен қатар, әлемдік маңызы бар «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» демалыс орны, «Алатау» туристік базалары бар.


III. Мәтіннен кейінгі жұмыс.

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қандай өнірлер еліміздің туристік аймақтары болып табылады??

  2. Олар туризмнің қандай орталықтары?

  3. Туристік кәсіпорындардың көбі қайда орналасқан?

  4. Неге?

  5. Қайдан келген туристердің көбі Алматы қаласына тоқтайды?

  6. Соңғы жылдары қалада қандай мейрамханалар салынуда?


2.Төмендегі сөздердің синонимiн тауып, сөйлем құрыңыз:

Ел, аймақ, әлем, әсем, жайлы



3.Төмендегі сөздердің антонимін табыңыз

Көп, жайлы, соңғы,жоғары



4.Артық сөзді алып тастаңыз.

а) аймақ, өңір, өлке, жер

ә) әсем,әдемі, сәнді, ажарлы

б) әлемдік, көпшілік, дүниежүзілік

в) пайдалы, жайлы, ыңғайлы
5.Туристік аймақтарды сипаттаңыз:

Алматы....................................................................................................................................................................

Көкшетау................................................................................................................................................................

Қапшағай................................................................................................................................................................



  1. Сұхбатты толықтырыңыз

1. Алматы еліміздің қай жерінде орналасқан?







2. Алматыда орналасқан.

3. Неге?







4.Алматы – еліміздің ғылыми орталығы.

5. Қандай қоңақүйлер бар?







6.Әлемдік маңызы бар «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» демалыс орны, «Алатау» туристік базалары бар.


8.Еліміздің туристік аймақтары – Алматы, Көкшетау, Қапшағай, Маңғыстау өңірлеріне сипаттама беріңіз:


IV.Әртүрлі жағдаятқа байланысты әңгімелесіңіз.

  • «Туристік бизнесті дамытуға менің қосар үлесім» тақырыбында досыңызбен ой бөлісіңіз.

  • Туристік кәсіпорындардың қызметі туралы достарыңызбен пікірлесіңіз.

* Шетелден туристік сапармен келген қоңақты Көкшетау қаласының тарихымен және демалыс

орындарымен таныстырыңыз.



* Шетелдік досыңызға өзіңіз оқып жүрген оқу орны туралы әңгімелеңіз
VI. Жаттығулар әлемінде

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне барыс септік жалғауларын қойып, сөйлем құрастырыңыз

Еліміз, туризм, кәсіпорындар, мұз айдыны, «Елікті» шаңғы базасы, «Алатау» туристік базалары

  • Берілген сөздерді етістіктің 3 шағына қойыңыз.











  • Берілген сөздерге тәуелдік жалғауының 3 шақ жалғауын жалғап жазыңыз.

1.

Орталық




2

Қонақ




3.

Аймақ




4.

Себеп




5.

Көп






Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


20-практикалық сабақ

Тақырыбы: Түркістан-екінші Мекке.
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Солтүстік, оңтүстік, ғасыр, мекен, кесене, сопылы, ықылым, пәни дүние, ошаулану, ақиқат, рухани, көсем.



ІІ. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.
Рухани келген

Ақиқат еркімен

Орта ғасырлық жол

Дүниеге алу

Оң жер

Діни көсем



Сабақ қала

Сопылық жағында

Туған сыры

Өз орталық



ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтінің мазмұнына қарай бө лімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыныз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.


Түркістан-екінші Мекке.

Түркістан (Йассы) – орта ғасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жаңында орналасқан. IX-X ғасырларда Түркістан қаласының орнында Шауғар мекені болған. XII-XIV ғасырларда қала Йассы деп аталады.

Ахмет Йасауи кесенесі салынғаннан кейін түріктердің діни орталығына айналып, «Хахрет-Түркістан» деп аталады.

Қожа Ахмет Йассауи қасиетті Түркістан топырағында дүние келген. Ол бала кезінде ұстазды Арыстан Бабтан сабақ алады. Кейін Бұқара қаласындағы Хамадани медресесіңде оқиды. Одан әрі қарай сопылық жолға түсіп, жеті ықылым жерлерді аралаған сапары басталады. Он жеті жасында туған мекені Иасыға оралады. Алпыс үш жасында Қылуетке түсіп, пәни дүниеден өз еркімен оқшауланып, әлемнің ақиқат сырына оймен үніледі. Ол күллі Күншығыс елдері мұсылмандарының рухани көсеміне айналған.


ҮІ. Мәтіннен кейінгі жұмыс.

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Түркістан қандай қала?

  2. Ол қайда орналасқан?

  3. XII-XIV ғасырларда қала қалай аталған?

  4. деп қашан аталады?

  5. Қожа Ахмет Йассауи қай жерде туған?

  6. Ол кімнен сабақ алған?

  7. Қандай медреседе оқыған?

  8. Қандай жолға түскен?

  9. Туған мекеніне неше жасында оралған?

  10. Алпыс үш жасында не істеген?

  11. Қожа Ахмет Йассауи кім?

2.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Түркістан қаласы Шымкент қаласының ...............

.......................оң жағында ........................ .

IX-X ғасырларда ..............................

.......................қала.............................. деп аталған.

....................., «Харет-Түркістан» деп аталады.

.................дүниеге келген.

........................., жеті ықылым жерлерді аралаған сапары бастатады.

......................, пәни дүниеден өз еркімен ................. .

......................көсеміне айналған.



3.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, «Қожа Ахмет Йассауи» тақырыбына мәтін құрыңыз.

Керекті сөздер: ойшыл, сопылық әдебиетің, негізін, қалаушы, түркі халықтары, орта ғасыр, «Диуани Хикмет», даналық кітабы, оғыз-кіпшақ тілінде, орталық әдеби мұра, XII ғасыр.
4.Хикмектен алынған шумақты оқып, түйген ойыңызды жазаңыз.

Тіліменен үмбетпін деп жалған сөйлер,

Қысы малын алмақ үшін арбап сөйлер.

Адалын мұнда тастап арам көздер,

Надандарға осыларды айтқым келер.

Түсінік: үмбет- ұрпақ, арбау-алдау.
5.Сұраққа жауап беріңіз.

  1. Сіз Түркістан қаласында болдыңыз ба?

  2. Түркістанді неге екінші Мекке деп атайды?

  3. Ал неліктен «Рухани астана» деп атайды?

  4. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі туралы не білесіз?

  5. Тағы қандай кесенелерді білесіз?


Пікірлесейік:

  1. Сіз Түркістан қаласынан келдіңіз, алған әсереңізбен жолдастарыңызбен бөлісіңіз.

  2. Сіз жолсілтеуші ретінде саяхатшыларды Түркістан қаласымен таныстырыңыз.

  3. Шет елден келген саяхатшыларға Қожа Ахмет Йассауи туралы әңгімелеп беріңіз.


Суретпен жұмыс.

«Түркістан қасиетті жер» тақырыбына хабарлама жазыңыз.



Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.



Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға


___________ А.Қ.Құрманова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«_____» 2015 ж.
Қазақ филологиясы кафедрасы

(кафедраның толық атауы)


5В090200 – «Туризм» мамандығының студенттері үшін
Кәсіби қазақ тілі

(пәннің атауы)

пәні бойынша студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына (СОӨЖ) арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқу нысаны: күндізгі

Көкшетау, 2015
Әдістемелік нұсқаулар Кәсіби қазақ тілі пәнінің

(пәннің атауы)

оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.


Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген

1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі ___________________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)




Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.
ФакультеттіңОӘК төрағасы______________п.ғ.м., ак. доцент А.К.Курманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)




Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:

  1. Кеңес беру функциясы:

  • Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

  • Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

  • Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

  1. Бақылау функциясы:

  • Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша мжоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер өздігінен білім алуға әлі машықтанбаған. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әртүрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері – СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетугемүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.   

Студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы әдіснамалық қолдау көрсету.

Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы іске асады.

Студенттің өзіндік жұмысы тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындай білу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлауын дамытуға, шығармашылық белсенділігін, меңгірілген оқу материалын талдауға, танымдық қабілетін арттыруға бағытталады.

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу әдістемелік әдебиеттер және нұсқаулықтармен қамтамасыз етіліп, белгілі бір тақырыптар(оның ішінде өз бетімен оқытуға арналған) бойынша жүзеге асады және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп және т.б. бақылау түрлері арқылы тексеріледі.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) және студенттердің толығымен өз бетімен орындайтын өзіндік жұмысы(СӨЖ).

Оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) – жалпы оқу кестесіне кірмейтін, жеке график бойынша студенттің оқытушымен байланыста аудиториядан тыс орындайтын жұмыс түрі болып табылады.

СОӨЖ және СӨЖ ара қатысын ЖОО өзіндік жұмыстың жалпы көлемінде өз бетімен анықтайды.

СОӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары, үй тапсырмасын орындау, курстық жобалар(жұмыс), семестрлік тексеру жұмысы, СӨЖ-ның тапсырма түрлері бойынша консультация жүргізіледі.

Тілдер және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін ЖОО-да лингофон кабинеттері және тиісті жабдықтары болы тиіс.

ЖОО-да кестеге сәйкес оқу сабақтарын толық өткізетін және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптар, интерактивті тақталары болуы тиіс.

6.2.1 ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалары




Тақырыбы

Кейс тапсырма

1

Қазақстандағы туризм дамыту шаралары

Қазақтың тұңғыш саяхатшысы кім болған? Ол туралы не білесіз?

Қазақстанның алғашқы туристік ұйымдары жайлы әңгімелеңіз.

Отандық туризмді дамыту өз жоспарыңыз туралы досыңмен әңгімелесіңіз

Шетелден келген қонаққа Қазақстан Республикасының әңгімелеп беріңіз.

Қандай әлемдік саяхатшыларды білесіз?


2

Туристік кәсіпорындар қызметі

Еліміздің туристік аймақтары – Алматы, Баянауыл өңірлеріне сипаттама беріңіз.

Туристік кәсіпорындардың қызметі туралы досыңызбен сұхбаттасыңыз.

Шетелден келген қонақты Бурабай демалыс орынының тарихымен таныстырыңыз. Әңгіме үлгісін құрастырыңыз

Қазақстандағы әлемдік маңыызы бар туристік базалар туралы әңгімелеңіз.

«Туристік бизнесті дамытуға менің қосар үлесім» тақырыбында досыңызбен ой бөлісіңіз

Дүниежүзіне әйгілі туристік фирмалар жайлы не білесіз?



3

«Жібек жолы Қазақстан» Ұлттық компаниясы

«Жібек жолы Қазақстан» Ұлттық компаниясы туралы әңгімелеңіз.

Қазақстанның көрікті жерлері туралы өлең-жырлар жаттаңыз.

Ел, Отан туралы мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Шелелден келген қонаққа Қазақстан қалалары жайлы әңгімелеңіз.

Астана- жас қала тақырынбында сұхбат құрастырыңыз.

Үнжариямен жұмыс.



4

Туризмнің экономикалық тиімділігі

Туризмнің қандай пайдасы бар?

Туризм хартиясы дегенді қалай түсінесіз?

Шетелден келген қонаққа Қазақстан табиғаты жайлы әңгімелеңіз.

Қазақстандағы туризм дамыған аймақтар.

Сіз өз демалысыңызды қалай қайда өткізесіз?

Қаламыздағы туристік фирмалар.



5

Жоспарлы туризм

  1. Жоспарлы туризм бойынша қалай саяхаттауға болады?

  2. Туристік фирмадан демалысты қайда өткізуге болатындығын сұрап кеңесіңіз.

  3. Жолдамса бойынша сапар шеккенде дайындықты неден бастайсыз?

  4. «Мейрамханада» сұхбат құрастырыңыз.

  5. «Қонақ үйде» досыңызбен сұхбаттаңыз.

6

ҚР-да туристердің құқығы мен мүддесін қорғау

ҚР-да туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында қандай заң қабылданды?

Қандай қызмет көрсетулер лицензияланды?

Туроператорлар мен турагенттер дегеніміз кімдер?

Туристік фирма сізге дұрыс қызмет көрсете алмаса сіз не істер едіңіз?

Азаматтық- құқық келісімшарты дегеніміз не?


7

Қазақстандағы туристік нарықтың түрлері

Қазақстанда туристік нарықтың қай түрі жақсы дамыған?

Сіз өзіңіз туристік фирмаңызда туристік нарықтың қай бағытын дамытар едіңіз?

Ішкі туризм қандай жұмыспен айналысады?

Туризм дамуының экономикаға қандай пайдасы бар?

Қазіргі уақытта Қазақстанда туризмнің дамуы. Үнжария.


8

Қонақ үй бизнесі

Қонақ үй менеджеріне қойылатын талаптар.

Туристік фираманың менеджері қандай жұмыстар атқарады?

Саяхатшы дегеніміз кім?

«Туристік лагерьде» атты сұхбат құрастырыңыз.

Круиз деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

Өз мамандығыңның тарихы жайлы пікірталасқа қатысу үшін кітапханадан дерек іздеңіз.



9

Еліміздегі тау туризмі

Елімізде тау туризмі дамыған аймақтар жайлы не білесіз?

Тау туризмі туризмнің қандай түрімен тығыз байланысты?

Тауға саяхат жасау үшін не қажет?

Алатау, Жетісу, Тарбағатай өңілері туралы ойларыңызды әңгімелеңіз.



10

Емделу- сауықтандыру туризмі

Әлемге әйгілі емделу- сауықтандыру туризмі дамыған қандай елдерді білесіз?

Қазақстандағы емделу- сауықтандыру туризмі дамыған жерлер туралы әңгімелеңіз.

Сіз болашақ маман ретінде емделу- сауықтандыру орындарын еліміздің қай жерлерінде дамытар едіңіз? Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Сарыағаш туралы мәлімет жинаңыз. Ол жайлы өз пікіріңізді білдіріңіз.

«Елімізде емделу- сауықтандыру туризмін дамыту» деген шағын мақала жазыңыз.


11

Туристік лагерь

Туристік лагерь дегеніміз не?

«Жолда кездесетін кедергілерден өту» тақырыбында әңгіме жазыңыз.

Саяхаттан келдіңіз, кездескен қызықтар туралы достарыңызбен бөлісіңіз.

«Туристік романтика» тақырыбында сұхбаттасыңыз.

«Сұлу Көкше» атты шағын мәтін құрастырыңыз.


12

Ұлттық туризм

Бүкілодақтық туризм ұйымдары жайлы не білесіз?

«Ұлттық туризм» және «ел ішіндегі туризм» дегенді қалай түсінесіз?

Сіз жолсілтеуші- гидсіз саяхатшыларды Көкшетау өңірінің көрікті жерлерімен таныстырыңыз.

Түркістан туралы саяхатшыларға баядаңыз.

Өз мамандығыңыздың қызықты, керекті жақтарын білу үшін не істер едіңіз?

Елдің болашағын гүлдендіру үшін сіз қандай үлес қоса аласыз? Пікірталасқа қатысуға дайындалыңыз.



13

Халықаралық туризм

Халықаралық туризмнің ерекшелігі

Халқаралық туристік ұйымдар

«Шетелге саяхат» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.

Сіз шетелге саяхаттап келдіңіз, өз еліңіз туралы мәлімет беріңіз.

Түркия елі туралы мәлімет жинап, досыңызбен сұхбат құрыңыз.


14

Аңшылық туризм

Аңшылық туризмі жайлы түсінігіңіз.

ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы.

Қызыл кітаптағы аңдар.

А.Құнанбаев «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін жатқа айтыңыз.



15

Туризмдегі инновация

Туризмдегі инновация дегеніміз не?

Ғылыми туризм.

Интенсивті туризм.

Білім берушілік туризм.

Қазақстанның «Жас Отан» партиясының туризмді дамытудағы жаңа жұмыстары жайлы мақала жазыңыз


жүктеу 10,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау