§ 9. Нұсқаушы-дезинфектор
Лауазымдық міндеттері. Залалсыздандыру шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады және орындайды, оның жеке заттарға дезинсекция, залалсыздандыру және дератизация жүргізу көлемін, әдістері мен құралдарын анықтайды. Залалсыздандыру бригадасына жетекшілік етеді және қорытынды және профилактикалық залалсыздандыру жүргізуге қатысады. Залалсыздандыру ерітінділерін дайындауды, қолдануды, жабдықтарды, мүліктерді қолдануды, жүргізілген залалсыздандырудың сапасын, залалсыздандырушылардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылайды. Залалсыздандыру, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды орындау кезінде әдістеменің сақталуын бақылайды. Залалсыздандыру жұмысын жүргізу құжатын рәсімдейді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, залалсыздандыру жабдығын пайдалану ережесін, жеке қорғану заттарын қолдану және улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелерін, залалсыздандырғыш дәрілердің номенклатурасы мен шығыстық нормаларын, оларды сақтау және тасымалдау жағдайларын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті бейін бойынша біліктілікті арттырудың болуы.
§ 10. Оптик және оптикометрист
Лауазымдық міндеттері. Заманауи офтольмологиялық-диагностикалық жабдықтарды пайдалана отырып науқастардың көру қызметін зерттеуді жүзеге асырады: көру өткірлігін, периметриясын, рефрактометриясын, офтольмометриясын, биомикроскопиясын, тонометриясын тексеруді жүргізеді. Бинокулярлық көруді зерттейді, аметропияның түрі мен дәрежесін, астигматизмнің болуын анықтайды. Көру мүшесі ауруларының негізгі белгілерін диагностикалайды. Көруді түзету құралдарын таңдайды. Оларды күтуге арналған жеке ұсыныстар береді. Жедел аурулар және көру мүшесінің зақымдалуы (соның ішінде көз коньюктивасының беткейіндегі бөгде денелерді алу) кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Қаралушы тұлғалар арасынан офтальмолог-дәрігердің көру қызметін күрделі түзетуіне және емдеуіне мұқтаждарын анықтайды, оларды дәрігер-офтальмологқа жібереді. Көзілдіріктік оптика бұйымдарына өтінімді анықтауға қатысады. Есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді. Халық арасында гигиеналық тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, геометриялық оптиканың негізгі түсінігі мен заңдарын, көру органы ауруларының себептерін, негізгі белгілерін және диагностикалау әдістерін, шұғыл жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі әдістерін, көру қызметін түзететін заманауи материалдарды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Медициналық оптика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.
§ 11. Тіс дәрігері (дантист)
Лауазымдық міндеттері. Атқаратын лауазым бейініне сәйкес тіс, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады. Тіс аурулары мен зақымдануларының профилактикасы, балалар мен ересектер ауыз қуысы санациясы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қажетті есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, тіс протездеу түрлері мен әдістерін, протездік материалмен жұмыс істеу ерекшеліктерін, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.
§ 12. Стоматологтың көмекшісі (тіс гигиенисті)
Лауазымдық міндеттері. Тіс жегіні, қызыл иек ауруларын, жегілік емес зақымдануларды, кілегейлі қабық ауруларын диагностикалауды және науқастың стоматологиялық дәрежесін тіркеуді жүзеге асырады. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтайды және науқасты тіс тазарту әдістеріне үйретеді, балалар мен ересектерге арналған гигиеналық құралдарды таңдау, ортодонтикалық және ортопедиялық конструкцияларды күту жөнінде жеке ұсыныс береді. Профилактикалық процедураларды (тістерді фторлакпен және фторгелмен жабуды, реминералдайтын ерітінділермен шайқау және аппликацияны, тіс саңылауларын герметизациялауды, қызыл иек үстіндегі және астындағы тіс шөгінділерін алуды, пародонталдық аппликация), халықтың стоматологиялық денсаулығын сақтауға және ауыз қуысын дұрыс күту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған гигиеналық шараларды жүзеге асырады. Стоматологиялық аурулардың жеке профилактикасының бағдарламаларын жасайды және іске асырады. Ұйымдастырылған балалар ұжымындағы балалардың негізгі стоматологиялық ауруларының профилактикасын, халықтың түрлі жастағы топтары, медициналық қызметкерлер, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, мұғалімдер, ата-аналар арасында стоматологиялық ағартуды, стоматологиялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халыққа сауалнама жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Тіс, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуде стоматолог-дәрігерге көмекті жүзеге асырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, халықты диспансерлеу принциптерін, тіс жегі мен қызылиек ауруларының, ауыз қуысының гигиеналық жағдайының қарқындылығын тіркеу индексін, ауыз қуысының жеке және кәсіптік гигиенасының әдістері мен құралдарын, халықты стоматологиялық ағарту әдістерін, тіс, ауыз қуысы, жақ-бет аймағы аурулары мен зақымдануларын диагностикалаудың, емдеудің заманауи әдістерін, аспаптарды стерильдеу әдістерін, стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негізін, тісті протездеу түрлері мен әдістерін және протездік материалмен жұмыс істеу ерекшеліктерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.
§ 13. Тіс технигі
(тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы)
Лауазымдық міндеттері. Тіс протездерін, жасанды сауыттарды, сонымен бірге металлокерамикалық, штифтовтық тістердің қарапайым конструкцияларын, көпір тәрізді, бюгелдік және алынбалы пластинкалық протездерді, ортодонтикалық жақ-беттік конструкцияларды дайындайды. Әртүрлі материалдардан жұмыс үлгісінің таңбасын түсіреді және жасайды. Бөлшектерді, протездерді және құрылғыларды дәнекерлеуді, қорытуды, күйдіруді, ағартуды, жылтыратуды, өңдеуді жүргізеді. Бөлімшені (кабинетті) медициналық аспаптармен, медикаменттермен және материалдармен жүйелі түрде толықтырады, бөлімшедегі дүниелер мен медициналық мүліктердің сақталуын және жабдықтардың уақытында жөнделуін, күшті әсер етуші, улы, наркотикалық және психотроптық дәрілік заттарды есепке алудың және сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Асептика және антисептика ережелерін орындауды және стоматолог-дәрігердің тапсырмаларын толық орындауды, тіс протездеуге арналған жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, медициналық стоматологиялық көмектің негіздерін, тіс техникалық зертхана өндірісін ұйымдастыруды, тіс протездеу техникасында қолданылатын негізгі материалдарды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.
§ 14 Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы
Лауазымдық міндеттері. Емдік дене шынықтыру сабақтарын жүргізуге арналған үй-жайды, жаттығу заттары мен снарядтарын дайындайды. Науқастардың жағдайын сабаққа дейін және сабақтан кейін бақылайды. Сабақты науқастармен бірге хауыздарда және механотерапиялық құрылғыларда жүргізеді. Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік массаждың жекелеген түрлерін жүргізеді. Емдік дене шынықтыру дәрігерімен бірге емдік жаттығу схемалары мен дене шынықтыру кешендерін әзірлейді. Жеке және топтық емдеу және гигиеналық жаттығу сабақтарын жүргізуді жүзеге асырады, дене жүктемесі мен қызметтік сынау, адамның дене дамуын, физикалық жұмысқа қабілеттілігін, емдік дене шынықтырумен айналысу кезіндегі сыртқы тыныс алу, жүрек-қантамыр, жүйке-бұлшық ет аппараты қызметін бағалауды жүргізеді. Емдік дене шынықтырудың топтық және жеке сабақтарына арналған залдардың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, организмнің анатомиясының, физиологиясының және патафизиологиясының негізін; жастық физиологияны, әртүрлі аурулары бар науқастар үшін емдік дене шынықтыру сабағын өткізу әдістемесін, емдік дене шынықтыру сабағын өткізуге көрсетімдер мен қарсы көрсетімдерді, емдік массажды жүргізу негізін, массаждың түрі мен типтерін, сабақ жүргізу кезіндегі жеке гигиена ережелерін, санитариялық-гигиеналық нормаларды, емдік дене шынықтыруды жүргізу кезіндегі мүмкін болатын асқынуларды, олардың алдын-алу және жою шараларын, еңбек туралы заңнамаларды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық немесе дене шынықтыру жөніндегі білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.
4-тарау. Басқа қызметкерлер
§ 1. Медициналық тіркеуші
Лауазымдық міндеттері. Емдеу ұйымына медициналық көмек үшін қаралған науқасты тіркеуді жүргізеді. Медициналық карталарды сақтауды және емханадағы дәрігер кабинетіне немесе стационардың бөлімшесіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Ай сайын ұйымның медициналық статистигіне есеп береді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-профилактикалық ұйымдардағы статистикалық есепке алуды ұйымдастыруды, біріншілікті құжаттамалармен жұмыс істеу ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің немесе жалпы орта білімнің және еңбек өтіліне талап қойылмайтын ең кемі 3 айлық жеке оқудың болуы.
§ 2 Кіші мейірбике (мейірие)
(мейірбикенің (мейіриенің) көмекшісі)
Лауазымдық міндеттері. Өз қызметтерін мейірбикенің жетекшілігімен атқарады. Науқастың психикалық-физиологиялық жағдайын, ем мен процедураларға реакциясын бағалайды және тіркейді. Науқастарға емдеу-профилактикалық ұйымында және үйінде күтімді жүзеге асырады, науқас жағдайын бақылайды және бағалайды. Алғашқы, дәрігерге дейінгі, паллиативтік көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды жүзеге асырады. Аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Науқастарды күтуге арналған іс-шаралардың барлық кешенін, дәрілік заттарды организмге енгізуді жүзеге асырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқастардың, үй-жайдың тазалығын қамтамасыз етеді. Науқастарды күту заттарын дұрыс пайдалану мен сақтауды бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (медициналық) білімнің болуы.
§ 3. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік көмек көрсету
жөніндегі әлеуметтік қызметкер
Лауазымдық міндеттері. Өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жетекшілігімен жүзеге асырады. Науқасқа емдеу-профилактикалық ұйымда және үйде күтімді жүзеге асырады, науқастың жағдайын бақылайды. Әлеуметтік қызмет жөніндегі есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқасты медициналық және психологиялық емдеуге ықпал етеді. Егер ауруханаға орналастырылған болса, науқастың жаңа орта жағдайына немесе асқынулар дамып, аурудың белгілері күшейгендегі жаңа жағдайға бейімделуіне көмектеседі. Науқасты әлеуметтік қолдау (сұрауларды, заңдық құжаттарды рәсімдеу, медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар үйіне және мүгедектікке жолдаманы рәсімдеуге қатысу немесе көмектесу) мәселелерін шешеді; науқастың өтініші бойынша діни мұқтаждықтарын жөнелтуді ұйымдастырады; туыстарының өтініші бойынша қазалы жоралғылық рәсімдерді ұйымдастырады. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық коррекциялық қолдау туралы» заңдарын, әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жалғызбасты еңбекке жарамсыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі принциптерін, қарт адамдардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, денсаулық сақтау жүйесін, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету жолдарын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білімнің, бейіні бойынша біліктілікті арттырудың болуы.
5-тарау. Кіші медициналық қызметкер
§ 1. Санитар(ка) (жуушы)
Лауазымдық міндетері. Санитариялық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинауды жүргізеді. Науқастардың күтімін: төсек орындары мен киімдерін алмастыруды, дәрет ыдысын беруді және тазалауды жүзеге асырады. Әрбір тамақтанудан соң төсекке таңылған науқастардың кереуеті жанындағы тумбаларды жинастырады. Аға мейірбикеге медикаменттерді, аспаптарды, жабдықтарды алу кезінде және бөлімшеге жеткізуге көмектеседі. Шаруашылық мейірбикесінен төсек орындарды, шаруашылық мүліктерін және жуғыш заттарды алады. Науқастарды емдеу-диагностикалық кабинеттерге алып барады. Курьердің қызметін атқарады, дәріханалық ұйымдарда дәріханалық ыдыстарды жууды жүзеге асырады. Шаруашылық мейірбикесіне жылу, сумен жабдықтау, кәріз және электр құрылғылары жүйесіндегі ақаулар туралы хабарлайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Санитария мен гигиенаның ережелерін, жуғыш заттардың қолданылуын және олармен жұмыс істеу ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Бастауыш немесе жалпы орта білімнің, еңбек өтіліне талап қойылмайтын ең кемі 3 айлық жеке оқудың болуы.
2-бөлім. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер
1-тарау. Басшылардың лауазымдары
§ 1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектінің басшысы (менеджер)
Лауазымдық міндеттері. Объектінің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерін ұйымдастырады. Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Халықты және денсаулық сақтау ұйымын дәрілік қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы объектінің тапсырмаларын өз бетінше шешеді. Фармацевтикалық қызмет объектісінің қызметін, өндірістік көрсеткіштерді талдау неізінде халық пен медициналық ұйымдарды қамтамасыз етуді жақсартуға арналған шараларды жүзеге асырады. Заманауи экономикалық тәсілдерді пайдалана отырып, объектінің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін қамтамасыз еиеді. Дәрілік заттардың сапасы үшін жауап береді. Объектіні білікті мамандармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға және дамытуға, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға арналған шараларды қабылдайды. Объект қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарының жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Есепке алу мен есеп беруді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәміле жасайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысын, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістік пен халықаралық тәжірибені, дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, кадрлық және қаржылық менеджментің негіздерін, басқару еңбегінің ерекшеліктерін, экономика негіздерін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің, мамандығы бойынша ең кемі 5 жыл еңбек өтілінің болуы.
§ 2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері. Объектінің қызметін бірінші басшының жетекшілігімен жүзеге асырады. Қойма шаруашылығы жұмысын ұйымдастырады, материалдық ресурстар мен дайын өнімдерді сақтауға жағдай жасайды. Фармацевтикалық қызмет объектісінің қызметіне талдау жүргізеді. Халықты дәрілік қамтамасыз етуді жақсартуға арналған шараларды жүзеге асырады. Дәрілік заттардың, материалдардың, жабдықтардың және медициналық техниканың сапасына жауап береді. Ұсынушылар мен тұтынушылардың шаруашылық және қаржылық шарттарды уақытылы жасасуына арналған шараларды қабылдайды. Еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсартуға, құрылымы мен штаттарын дұрыстауға, еңбек тәртібін нығайтуға байланысты жұмысты ұйымдастырады. Үй-жайдың жағдайын бақылайды және оларды уақытында жөндеу жөнінде шаралар қабылдайды. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет объектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістік пен халықаралық тәжірибені, кадрлық және қаржылық менеджментің негіздерін, экономика негіздерін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің, мамандығы бойынша ең кемі 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |