№791 от 26 ноября 2009г


§ 10. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог)



жүктеу 0,73 Mb.
бет3/5
Дата10.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#9267
түріКодекс
1   2   3   4   5
§ 10. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог)
Лауазымдық міндеттері. Аумаққа эпизоотологиялық және зоологиялық-паразитологиялық тексеру ұйымдастырады, профилактикалық (дератизация, дезинсекция) шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Тексеріліп отырған аумақтағы паразитарлық және трансмиссиялық аурулардың тасымалдаушыларына қарсы күрес шараларының мақсатты бағдарламасын әзірлейді. Эпидемиологиялық ұсыныстарды әзірлеу үшін эпизоотологиялық үдерістің даму динамикасын талдаудағы мәліметтерді ұсынады. Табиғи-ошақтық аурулардың тасымалдаушылары мен алып жүрушілерінің негізгі түрлеріне сараптамалық анықтау жүргізеді. трансмиссиялық және паразитарлық инфекцияларды анықтауға, тексеруге және жоюға қатысады. Қоршаған орта факторларын бақылаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін қолдана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың мәліметтерін тізімдейді, тіркейді және статистикалық тұрғыда өңдейді. Заманауи технологияларды, өлшеу және талдау аспаптарын қолдана отырып, зертхана бейініне сәйкес клиникалық және санитариялық-гигиеналық зерттеулерді жүргізеді. талдау және диагностикалық дәлдігі өте жоғары зертханалық зерттеудің жаңа әдістерін меңгереді және енгізеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижелерін талдайды, оларды тіркейді, қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда көмек көрсетеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық-эпидемиологиялық бағалау негіздерін, принциптерін және әдістерін, жабайы және синантропты жануарлардың жүйесі мен экологиясын, зертханалық қызметті ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары биологиялық білімнің болуы.

§ 11. Қоғамдық денсаулық сақтау маманы

(эпидемиолог, статистик, әдіскер)
Лауазымдық міндеттері. Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды. Халыққа көрсетілген медициналық көмектің көлемін, түрлерін және нысандарын талдайды. Медициналық көмектің бірнеше түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен таралуының себептері мен қауіп факорларын бағалайды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды, аурудың ағымдық жіне ретроспективтік эпидемиологиялық талдауын әзірлейді. Статистикалық есептердің бірнеше түрлерін жасау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Статистикалық мәліметтер негізінде ақпараттық-талдау анықтамасын жасайды. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды. Көрнекі үгіттеуді және салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауды жүргізеді. Сауықтыру шараларын әзірлейді және жүргізеді. Статистикалық талдау мен әлеуметтік зерттеу әдістерін жүргізеді. Медициналық құжаттамаларды рәсімдеуді қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздерін, принциптерін және әдістерін, денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы туралы статистиканы, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсетіштерді, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білімнің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттыру) болуы.

§ 12. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік

жұмыс жөніндегі маман
Лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік жағдайдың және тұтынушының әлеуметтік қызметке мұқтаждығының жалпы диагностикасын жүргізеді, әлеуметтік қызмет жинағын анықтайды. Халықты арнайы әлеуметтік қызметтің арнайы түрлері туралы ақпараттандырады. Мәселелерін өз бетінше шеше білуді дамытуға арналған көмекті жүзеге асырады, науқастарды әлеуметтік сауықтыру үдерісіне қатыстырады. Әлеуметтік қызмет жөніндегі тіркеу және есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбастыларға, қарттарға, мүгедектерге, созылмалы ауруы бар науқастарға көмекті, сонымен бірге күтуді, интернат-үйлерге орналастыруды, протездеуді, қозғалу құралдарын және оңалтудың техникалық құралдарын алуды ұйымдастыру, психотерапиялық жұмысты науқаспен, сондай-ақ отбасы мүшелерімен ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға қатысады. Қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылына, үйлестірілуге және ынтымақтастыққа арналған жұмысты ұйымдастырады, еріктілер қозғалысын дамытады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Неке және отбасы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өрт қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, әлеуметтік, әлеуметтанулық, педагогикалық) білімнің және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттыру) болуы.

3-тарау. Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары

§ 1. Аға мейірбике/мейірие (аға фельдшер, аға акушер)
Лауазымдық міндеттері. Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтасыз етуді, бөлімшедегі мүлік пен медициналық заттардың сақталуын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың уақытында жөнделуін, бөлімшедегі науқастардың тамақтануын ұйымдастырады, қатты әсер ететін, улы, наркотикалық, психотроптық медикаменттер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды, бөлімше қызметкерлерінің еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, асептика мен антисептика ережелерін сақтауын, орта медицина қызметкерлерінің дәрігер тағайындауын уақытында және нақты орындауын, жаңа түскен науқастарды санитариялық өңдеуді, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды, үй-жайдағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жүзеге асырады. Емдеу-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі көмекті, сонымен бірге жүкті әйелдерге және нәрестелерге көрсетеді, дәрігерге хирургиялық манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жүктілер мен босанатындарға диспансеризациялау мен патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Зертханалық зерттеуді, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-диагностикалық ұйымды ұйымдастыру құрылымын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Еңбек өтіліне талап қойылмайтын жоғары медициналық (мейірбикелік) білімнің немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің, мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 2. Фельдшер
Лауазымдық міндеттері. Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Учаске халқын дербес есепке алады, учаскедеді өз жұмысын жоспарлайды. Науқастарды маман дәрігерлерде көрінуге және кеңес алуға дайындайды. Амбулаторлық қабылдауды жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Аурудың диагностикасын, емін, профилактикасын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, дәрігерге манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуды, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Геморрагиялық синдромды зерттеу әдістерін, бактериологиялық және серологиялық зерттеу техникаларын пайдалана отырып, қанның, асқазан ішіндегісінің, жұлын-ми сұйығының биологиялық материалдарын микроскопиялық және макроскопиялық химиялық зерттеуді және жинауды, бөліндіні зерттеуді, гельминттік-овоскопиялық зерттеуді жүргізеді. Зертханалық жабдық жағдайының дұрыстығын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс жасалған материалдарды залалсыздандыру ережелерін, еңбекке жарамсыздықты сараптау негіздерін, санитариялық-эпидемияға қарсы тәртіптің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық (мейірбикелік) білімнің немесе «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, «Фельдшер» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 3. Зертханашы
Лауазымдық міндеттері. Зертханалық зерттеулерді дәрігердің басшылығымен жүргізеді және өзі оларды жүргізу үшін зертханалық құралды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік орталарды, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді дайындайды. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдарды қабылдайды және тіркейді, оның қорабының және мерзімінің қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдың жарамдылығын, ілеспе құжатының дұрыс рәсімделуін тексереді. Құралдарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді градустауға арналған стандартты және жұмыс ертінділерін дайындайды. Зертханалық аспап пен ыдыстарды стерилдейді. Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Жүргізілетін зерттеуге байланысты әртүрлі есептеу және кестелік жұмыстарды орындайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасын, санитариялық-микробиологиялық зертеулердің негізін; жалпы клиникалық, биохимиялық, гемотологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеу әдістерін, зертханалық құрылғыны қолдана отырып, зертханалық зертеулерді жүргізу техникасын, зертханалық жабдықты, бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалану ережесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, орта фармацевтикалық білімнің және «Зертханалық іс» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 4. Санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігердің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы)
Лауазымдық міндеттері. Санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізеді. Материалдарды жинау мен өңдеуге қатысады. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін тамақ өнімдерінен, тауарлардан, бұйымдардан, құрылыс материалдарынан, кең қолданыстағы тауарлардан, токсиндік, радиоактивтік және биологиялық заттардан, ауыз судан, ағынды сулардан, топырақтардан сынаулар ала отырып, объектілер мен эпидемия көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологияқ қадағалаумен бірге жүретін зертханалық зерттеулер, сынақтарды, өлшеулерді жүргізеді. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың мәліметтерін тіркейді, есепке алады және статистикалық өңдеуден өткізеді. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын қадағалайды. Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдерді жүргізу үшін жабдықтарды дайындайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.

§ 5. Учаскелік мейірбике (мейірие)/ жалпы практика мейірбикесі (мейіриесі)
Лауазымдық міндеттері. Амбулаториялық қабылдау жасайды. Науқастың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды (мейірбикелік диагноз), тексеру, емдеу, науқастарды күту жоспарын құрады, жағдайдың, емдеу тиімділігінің динамикасын бағалайды, динамиканы ауру тарихына тіркейді, науқастарға күнделікті қарауды жүргізеді. Науқасты күтуді емдеу-профилактикалық ұйымдарда және үйде (патронаж) жүзеге асырады. Азаматтарға, сонымен қатар қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, бөлімшеде дәрілік заттар шығыстарын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігердің тағайындауларын орындауды қамтамасыз етеді. Науқастарға күтім жасауды, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияға түсіреді. Науқастар мен оның туыстарының арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімнің, «Учаскелік мейірбике» немесе «Жалпы практика мейірбикесі» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 6. Мейірбике (мейірие) (мамандандырылған)
Лауазымдық міндеттері. Науқастың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды, жағдайдың динамикасын, емдеу тиімділігін бағалайды. Алғашқы медициналық көмек, сонымен қатар қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Дәрігер тағайындауларын дұрыс орындауды қамтамасыз етеді. Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарға күтім жасаудың бүкіл кешенді шараларын, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге, операцияларға дайындайды, электрокардиограмма жасайды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға арналған талаптарды рәсімдейді, олардың пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарға арнайы күтім жасауды жүзеге асырады. Халыққа салауатты өмір салтын насихаттайды және санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді. Медициналық этиканы, бекітілген графикті, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті мамандық бойынша маман сертификатының болуы.

§ 7. Акушер
Лауазымдық міндеттері. Амбулаторлық қабылдау жүргізеді, медициналық құжаттаманы толтырады және рәсімдейді. Тексеру жүргізеді, жүктілік мерзімін қояды, жүктілікті анықтайды, оны қауіп топтары бойынша саралайды. Жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға дәрігерге дейінгі медициналық, шұғыл акушериялық және гинекологиялық, жаңа туған нәрестеге шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Жүкті және үйде босанып қалған әйелдерге диспансерлеу және патронаж, әйелдерді профилактикалық тексеру және әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Босануларды қабылдайды, жаңа туған нәрестені тазалайды. Жаңа туған нәрестенің алғашқы жылындағы денсаулығы мен дамуының жағдайын бақылайды. Шағын акушерлік және гинекологиялық операциялар кезінде көмек көрсетеді. Әйелдің репродуктивтік денсаулығын қорғау жөніндегі жұмыстарды, төспен тамақтандырудың профилактикасын жүргізеді. Патологиялық ағымды босану мен босанудан кейінгі кезең жағдайының ауырлығын бағалайды. Ем тағайындайды және жасайды, медициналық манипуляцияларды орындайды. Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Зәрді ақуызға талдау, қан тобын, резус-факторды, гемоглобин мен эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтауға арналған зерттеулерді, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, отбасын жоспарлау бойынша кеңестер береді. Жатыр ішілік контрацептивасы бар әйелдерге диспансерлік бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, босану ағымдарын және олардың нұсқаларын, асқынған кездегі жүктілікті емдеуді, асептика және антисептика ережелерін, босандыратын мекемелердің санитариялық-эпидемияға қарсы тәртібін, ана мен бала денсаулығын қорғаудың негізгі принциптерін, жүктілерді және гинекологиялық науқастарды диспансерлік бақылау әдістерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» немесе «Акушериялық іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, «Акушер» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 8. Емдәм мейірбикесі
Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарында дұрыс емдік тамақтануды қамтамасыз етеді, күнделікті мәзірді, тағамдар картотекасын, мәзір-жайып салуды жасайды, емдік тағамды дайындау кезінде нұсқаулықтың сақталуын, науқастарға тамақты босатудың тәртібін, әкелінетін азық-түліктерді қабылдауды бақылайды. Рационның химиялық құрамы мен нәрлілігіне жүйелі түрде бақылау жасап отырады, тамақтарды зертханалық зерттеулерге жібереді, дайындалған тамақтың сапасына жауап береді. Тағамдық блоктағы санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Бағынуындағы орта және кіші медициналық персоналдың еңбегін ұйымдастырады. Қызметкерлердің жүйелі түрде медициналық тексеруден өтуін бақылайды, тағамдық блоктағы техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер арасында техникалық минимумның өткізілуін ұйымдастырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдік тамақтанудың негізгі принциптері мен ұйымдастырудың жалпы мәселелерін, диетологияның негізін, тамақ дайындау технологиясын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс», «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау