Денсаулық сақтау қызметкерлері
лауазымдарының біліктілік
сипаттарын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік – құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндеттін атқарушы
|
Б. Садықов
|
«Келісілген»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрі
________________Г. Әбдіқалықова
2009 жылғы 30 қарашадағы
lҚазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 791 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі–Сипаттамалар) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады.
Әр лауазымның біліктілік сипаттамалары мынадай үш бөлімнен тұрады: «Лауазымдық міндеттері», «Білуі керек», «Біліктілікке қойылатын талаптар».
1-бөлім: Медициналық ұйымдар
1 - тарау. Басышылардың лауазымдары
§ 1. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы
Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның және мемлекеттік басқару органдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кем дегенде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтау ұйымдарында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
§ 2. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі)
Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзіне бағынышты құрылымдық бөлімшелері қызметтерін басқаруды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылдарын ұйымдастырады. Ұжымның халыққа уақытылы және білікті медициналық көрсету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметті жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Көрсетілген қызмет сапасын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес әрі қарай арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Ұйымның емдеу қызметін талдауды жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Медициналық техниканың ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Емдеу және профилактикалық көмекті, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауға оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жөніндегі шараларды жүргізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Медициналық кадрлар еңбектерін ұтымды орналастыру мен ұйымдастыруды, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін дамытуды қамтамасыз етеді. Өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құрады, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастырады. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың болашақтағы жоспарын әзірлейді. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Еңбек тәртібінің сақталуын, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін, медициналық этиканы дамытуды, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының, еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Статистикалық тіркеу жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтауды басқару жүйелерінің теориялық негізін, халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, аурулар профилактикасының әдістемелерін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, республиканың, жақын және алыс шетелдердің ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы;
аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша екінші/бірінші біліктілік санатының болуы.
медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.
§ 3. Экономикалық жұмыс жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді, жүзеге асырады. Болашақтағы жоспарларын құруға, негізге алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеуге арналған ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметтерін, сондай-ақ шаруашылық қызметті жетілдіруге арналған ұйымдастыру-техникалық шараларды әдістемелік тұрғыда басқару мен үйлестіруді жүзеге асырады. Ұйым қызметінде қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, кешенді экономикалық талдау жүргізуді және қаржылық-шаруашылық нәтижелерін бағалауды ұйымдастырады. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын экономикалық жоспарлауға арналған әдістемелік материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады. Ұйымда қолданылатын жоспарлық, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуді және уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, қаржылық-шаруашылық дербестігін және экономикалық жауапкершілігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Ішкі шаруашылық қорларды пайдалануға, жұмыс орындарын аттестациялау мен рационализациялауды жүргізуге арналған іс-шараларды әзірлейді. Қаржы құрылымындағы мамандардың біліктілігін арттырудың болашақтағы жоспарын әзірлейді. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша есеп беруді жүргізуді және уақытында ұсынуды, еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Білуі керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, ұйымды басқарудағы экономикалық әдістерді, жоспарланған жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, еңбекке ақы төлеу жүйесін және материалдық ынталандыру нысанын, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары («Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша мамандандырылған экономикалық немесе медициналық) білімнің, денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистратураның болуы.
§ 4. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау
ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Негізге алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын жасауға қатысады. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастырады. Ұйымның материалдық, еңбек ресурстарын үнемдеу тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Ішкі шаруашылық қорларды пайдалануға арналған шараларды әзірлейді. Әкімшілік-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы уақытында есеп беруді, ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, құралдардың, жабдықтардың және тетіктердің техникалық пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, шаруашылық қызмет көрсету және еңбекті ұйымдастыру мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, жоспарланған жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары білімнің және денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
§ 5. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, директор, аға дәрігер, меңгеруші, бастық)
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады. Халыққа уақытылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетуге арналған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Қабылдаған шешімдері, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға, өмір мен еңбекке қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға арналған шараларды қабылдайды. Қолданыстағы диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмекті жетілдіруді және жаңа түрін енгізуді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуге және бағалауға арналған жұмыстарды ұйымдастырады. Гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелердің, нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуына оперативтік және зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады. Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыруға, олардың кәсіптік білімдерін дамытуға арналған жұмысты қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастыру негізін, емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастыру негізін, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін–бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.
§ 6. Бас мейірбике (басшының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары)
Лауазымдық міндеттері. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбектерін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Орта медициналық қызметкердің дәрігер тағайындауларын орындауын ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыс кестесін құруды және орындауды, емдеу-қорғау тәртібінің ережелерін, инфекциялық бақылауды, тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің қызметтік және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді, таңу материалдарын, медикаменттерді, соның ішінде улы, наркотикалық, психотроптық заттарды уақытында босатуды, бөлуді және сақтауды жүзеге асырады, олардың шығыстарын есепке алады. Аурухана бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық жағдайын, үй-жайдың (әсіресе, инфекциялық) уақытында және сапалы залалсыздандырылуын бақылайды. Мейірбикелік қызметкердің медициналық құжаттаманы сапалы жүргізуін бақылауды жүзеге асырады. Орта және кіші қызметкердің біліктілігін арттырудың болашақтағы және ағымдық жоспарларын әзірлейді, мейірбикенің (мейіриенің), акушерлердің кәсіптік қызметтерін бағалайды, оларды біліктілік санатын алу үшін аттестациялауға ұсынады. Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға байланысты ұсыныстарды жасайды. Есеп берудің ұсынылуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық және ұйымдастыру негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.
§ 7. Клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның клиникалық (параклиникалық) бөлімшелеріне (бұдан әрі–бөлімше) басшылықты жүзеге асырады. Уақытында және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімше ұжымының жұмысын ұйымдастырады, ұйымының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметіне талдауды жүзеге асырады және сонымен бірге бөлімше қызметін жақсартуға арналған шараларды қабылдайды. Ауруларды емдеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлімшеге науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа инновациялық технологияларын енгізеді. Дәрігерлерге (сондай-ақ науқастарға) диагностика мен емдеу жөнінде кеңестік көмекті жүзеге асырады. Дәрігермен бірге науқасты емдеудің тактикасын анықтайды. Бөлімшенің дәрігер, орта және кіші қызметкерлердің жұмысын бақылайды. Бөлімшені арнайы құралдармен қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдайды, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды. Бөлімшенің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға және дамытуға, сондай-ақ өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Есеп беруді ұсынуды, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелердің және санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістерін, емдеу-профилактикалық және жедел медициналық көмекті, халықты дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін, әлеуметтік гигиена негіздерін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.
§ 8. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Зертхананы басқарады. Зертхананың тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылынын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен бірге жұмыс жоспарын құрады. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері нарығына маркетингтік зерттеу жүргізеді. Жаңа құрал-жабдықтарды, зертханалық зерттеу және өлшеу әдістемелерін апробациялайды және тәжірибеге енгізеді. Келіп түсетін үлгілерге зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады және қатысады. Қауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастырады және зерттелетін материалдың қауіпсіз зерделенуін, патогендігі I-IY топ қоздырғыштардың қозғалысын, сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асырады. Жаңа экономикалық басқару әдістерін қолдана отырып, тиімді қаржылық-шаруашылық қызметті, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және тағы басқа физикалық факторларды зерттеу және өлшеу әдістерінің негізін, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |