№791 от 26 ноября 2009г


§ 3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті бөлімінің басшысы



жүктеу 0,73 Mb.
бет5/5
Дата10.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#9267
түріКодекс
1   2   3   4   5
§ 3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті бөлімінің басшысы
Лауазымдық міндеттері. Объектінің құрылымдық бөлімшесін оның міндеттеріне, қызметтеріне және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес білікті басқаруды қамтамасыз етеді. Объект қызметінің тәртібін белгілейтін бұйрықтар мен үкімдерді бағыныштылардың орындауын бақылайды. Халықтың дәрілік және медициналық мақсаттағы ұйымдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді, соның негізінде спецификацияларды жасайды. Объектінің халыққа дәрілік көмек, медициналық дәрілер және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көрсету жөніндегі қызметін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық нарықтағы конъюнктурасын зерделейді. Құрылымдық бөлімше қызметінің барысында пайда болатын халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын дәрілік қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешеді. Бөлімше жұмысының сапасына жауап береді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармацевтика, саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, фармацевтикалық қызмет объектілерінің қызмет ету тәртібі, фармацевтикалық қызмет объектілерінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау өлшемдерін, логистиканың, маркетингтің және мерчандайзингтің негіздерін, алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (фармацевтикалық, медициналық, химия-технологиялық, химиялық) білімнің және мамандығы бойынша ең кемі 3 жыл еңбек өтілінің болуы.


2-тарау. Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары

§ 1. Провизор (Фармацевт)
Лауазымдық міндеттері. Рецепттерді қабылдауды, емдеу-профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды олардың физика-химиялық қасиеттеріне және белгіленген сақтау ережелеріне сәйкес босатуды жүзеге асырады. Дәрілік заттарды дайындайды, дәріханаға келіп түскен және дайындалған дәрілік заттардың сапасын дәріханаішілік бақылау мен фармацевтикалық талдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, бақылайды, сот-медициналық химиялық-токсикологиялық сараптама жүргізеді. Дәрігерлер мен халыққа дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар және оларды қолдану туралы ақпарат береді, оларды қолдану мәселелері бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға өтінім беруге және қабылдауға және таратуға қатысады. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, фармацевтикалық істі, дәріханалық қызметтің экономикасы мен ұйымдастырылуын, дәріханаларда дәрілік заттарды дайындау технологиясын, оларды сақтау мен босату ережелерін, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін, химиялық және физикалық-химиялық талдау жүргізу әдістерін және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың маркетингін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің болуы.

§ 2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі инженер- технолог
Дәрілік заттарды өндірудің технологиялық регламенттерін және техникалық жағдайларын әзірлеуді жүзеге асырады. өнімді спецификациясына сәйкес босатуды, өндірістің технологиялық үдерісінде қолданылатын қызметтік жабдықтарды бақылайды. Технологияны жаңа дәрілік заттарды әзірлеу және өндіріске шығару үдерісі кезінде, сериялық өндірістегі технологиялық үдерістерді жүргізу кезінде өтеуді қамтамасыз етеді. өндіріс қалдықтарын жоюға, өндірістен қалған суларды, ауаға шығарылатындарды залалсыздандыру мен тазалауға арналған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру жөніндегі өндірістік нұсқаулықты жасайды. Шикізат пен материалдар шығыстарының техникалық-экономикалық нормативтері мен нормаларын анықтайды. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, қосымша материалдардың және дайын өнімнің сақталу жағдайларының, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттарды өндіру технологиясын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (фармацевтикалық, инженерлік, технологиялық) білімнің болуы.

3-тарау. Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары

§ 3. Фармацевт
Лауазымдық міндеттері. Рецепттерді қабылдауды, емдеу-профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сантариялық және гигиеналық босатуды жүзеге асырады. Дәріні жеке рецепт бойынша дәріхана жағдайында дайындайды, олардың сапасын дәріханаішілік бақылауды жүзеге асырады. Реактивтерді, титрлік ертінділерді дайындайды, зертханаларда өлшеу құралдарымен және құрылғыларымен жұмыс істейді. Дәрілік нысандарға экспресс-талдау, дәрілік өсімдік шикізаттарына макроскопиялық және микроскопиялық, тауартанушылық талдау жүргізеді. Науқастарға және қысылтаяң жағдайларда зақымданғандарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақтауды және жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз етеді. Қажетті жабдықты қолдана отырып, тауарларды қабылдауға, орналастыруға және қаптауға қатысады. Медициналық бұйымдарды қолдану мәселесі бойынша санитариялық-ағарту және ақпараттық жұмыстарды жүргізеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, фармацевтикалық іс негізін, дәрілік қамтамасыз етуді басқару жүйесінің құрылымын, дәрілік өсімдіктік шикізаттарды дайындау мен сақтаудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (фармацевтикалық) білімнің болуы.

___________________________
жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау