№791 от 26 ноября 2009г


§ 9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі



жүктеу 0,73 Mb.
бет2/5
Дата10.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#9267
түріКодекс
1   2   3   4   5
§ 9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері.Зертханалық жануарларды асырау мен көбейту жөніндегі басшылықты жүзеге асырады. Виварий жұмысының ағымдық және болашақтағы тақырыптық жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жануарлардың қажетті түрі мен санын жинақтауды, сақтауды, дұрыс асырауды, қоректендіруді және күтуді ұйымдастырады. Виварийдің тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, санитариялық-эпидемилогиялық қызмет ұйымдарының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамсыз етеді. Виварийдің жұмысын талдайды және оның жетілдіру жөніндегі тиісті шараларды қабылдайды. Зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізуге қатысады. Виварийде асыралынатын жануарлардың ауруларын, паталогияларын зерделеуді ұйымдастырады. Жаңа экономикалық басқару әдістерін қолдана отырып, тиімді қаржылық-шаруашылық қызметті қамтамасыз етеді. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері нарығына маркетингтік зерттеу жүргізеді. Жаңа құрал-жабдықтарды, зертханалық зерттеу және өлшеу әдістемелерін апробациялайды және тәжірибеге енгізеді. Зертханалық жануарлар отарындағы эпизоотологиялық салауатылықты қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастырады. Жануарларды асыраудың биоэтикалық ережелерін және зертханадан инфекцияның шығуын болдырмайтын манипуляциялардың эпидемияға қарсы тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Зертханалық жануарлар үлгісіне эксперименттер жасауды мүмкіндігінше қысқарту мақсатында эксперименттік жануарларды пайдалану көлемінің негізділігін талдайды. Зертханалық жануарлармен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерінің қауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастырады. Виварий қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестациялау мәселелерін шешеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, жануартану және аңтану объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда ұстау мен пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, зоотехниканың, ветеринарияның, экологияның, генетиканың, жануар топтарын жүйелендірудің негізін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, ветиринарлық, биологиялық) білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

2-тарау. Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары

§ 1. Учаскелік дәрігер / Жалпы практика дәрігері
Лауазымдық міндеттері. Аурудың профилактикасын, диагностикасын, емделуін, науқастарды оңалтуды жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын анықтайды. Науқасты тексеру жоспарын әзірлейді. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптыық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Емдеу, оңалту, сақтандыру мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Денсаулық орталықтарымен бірге салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттауға қатысады. Балаларды тамақтандыру, шынықтыру, мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, имммунопрофилактика мәселелері бойынша кеңес беру қызметін жүзеге асырады. Аурудың және қатерлі факторлардың ерте және жасырын нысандарын анықтауға арналған жұмыстарды жүргізеді, олардың науқасқа әсер етуінің төмендеуіне ықпал етеді. Қажет болған жағдайда, емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарын тарта отырып диагностикалық, емдеу-сауықтыру және оңалту шаралардың кешенін ұйымдастырады. Жүктілікті диагностикалайды, жүктіліктің ағымын қадағалайды, жүктілердің экстрагениталдық патологияларын анықтайды және емдейді, тууға психопрофилактикалық дайындық жасайды. Жүктілік мен босануға қарсы көрсетімдерді анықтайды, жүктілікті тоқтатуға жолдама береді. Жүктіліктен кейінгі мерзімде және жүктілігін тоқтатқаннан кейін әйелдердің оңалуын жүргізеді. Науқастардың еңбекке қабілетсіз жағдайын анықтайды, оларға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама береді. Жұмысқа орналасуға, жеңілдетілген еңбек жағдайына ауыстыруға, санаторлық-курорттық емдеуге көрсетімді анықтайды. Бекітілген контингенттің денсаулық жағдайына талдау жүргізеді, медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша сәйкесті маман сертификатының болуы.

§ 2. Ординатор-дәрігер (бейінді маман)
Лауазымдық міндеттері. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын, тексеру жоспарын анықтайды. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Ем тағайындайды және оны бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық процедуралар мен шараларды ұйымдастырады және өз бетінше жүргізеді. Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Стационарда науқасқа күн сайын қарау жүргізеді. Науқастың жағдайына байланысты емдеу жоспарына өзгеріс енгізеді және қосымша тексеру әдістерінің қажеттілігін анықтайды. Диагностикалық және емдеу процедураларын жүргізудің, аспаптар мен жабдықтарды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Өз мамандығы бойынша басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне кеңестік көмек береді. Емдеу, оңалту мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен жұмыс істейді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік және эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды. Халық үшін санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, бейіні бойынша қызметті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін, аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша сәйкесті маман сертификатының болуы.


§ 3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері
Лауазымдық міндеттері. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаның факторларын бақылаудың және инфекциялық және паразитарлық аурулар диагностикасының заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін қолдана отырып объектілерге тексеру жүргізеді. Адамның өмір сүру ортасы объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар мәліметтерін тіркеуді және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, профилактикалық егуді жүргізуді жоспарлауға және бақылауға қатысады. Санитариялық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізуді ұйымдастырады. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолданады, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, ауру профилактикасының басым бағыттарын анықтайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік және санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық физикалық факторларды зерттеу және өлшеу әдістерін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімнің болуы.

§ 4. Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (маманы) (эпидемиолог, статистик, әдіскер)
Лауазымдық міндеттері. Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемін, түрін және нысанын талдайды. Медициналық көмектің көптеген түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болу және таралу себептері мен қауіп факторларын бағалайды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды, ауруға ағымдық және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды әзірлейді және жүргізеді. Халық (қоғам) денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған әлеуметтік-профилактикалық бағыттылықты анықтайды. Оқу-тәрбиелік өмір сүру ортасының факторларының әсеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен денесінің дамуын бағалайды. Халық денсаулығы жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, ауру профилактикасының басым бағыттарын белгілейді, халық арасында профилактикалық шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. Сауықтыру шараларын әзірлейді және жүргізеді, салауатты өмір салтын сақтауды, дұрыс тамақтануды насихаттайды. Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтаудағы статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін, таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік қызметінің принциптерін (ұйымдастырушылық, кеңес берушілік, профилактикалық), әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін; халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығы жағдайын бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, статистикалық талдау әдістемелерін және әлеуметтік зерттеу әдістерін, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, денсаулық сақтау саласының құрылымы мен негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттырудың) болуы.

§ 5. Сарапшы-дәрігер
Лауазымдық міндеттері. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес орындалуын бақылайды. Емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттарға сәйкес келуіне ретроспективтік талдау жасайды, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек сапасын басқаруға арналған бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсететін инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелерінің негізінде халыққа көрсетілген медициналық қызмет сапасының деңгейін зерделейді, науқастардың мәселелерін (шағымдарын) өз орнында шешеді. Медициналық құжаттаманың уақытылы және сапалы рәсімделуін қамтамасыз етеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығы жағдайын бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, сәйкесті мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

§ 6. Сот-медициналық сарапшы-дәрігер
Лауазымдық міндеттері. Барлық ұсынылған сараптамалық зерттеу объектілеріне білікті сот-медициналық сараптаманы (бұдан әрі - сараптама) заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып жүзеге асырады. Жүргізілетін сараптаманың түрін анықтайды. Мәйітке, мәйіт материалдарына, денсаулыққа келтірілген зиянды белгілеу және еңбекке қабілетсіздіктің жоғалған пайызын анықтау үшін тірі адамдарға, жыныстық қылмыстарда, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс материалдарына, медициналық қызметкелердің кәсіптік қызметтері туралы іске, медициналық құжаттамаларға сот-медициналық сараптама және басқа да сараптама бөлімшелерінің бейінді жұмыстары жөніндегі сараптамалық қызмет түрін жүргізеді. Ішкі істер органдарының, прокуратура және сот органдарының қызметкерлеріне кеңестік көмек береді. Арнайы құзырының шегінде зерттеудің заңдылық, тәуелсіздік, объективтілік және толықтық принциптеріне сүйенген сот-медициналық сараптаманы жүргізе отырып, сот-құқықтық практикада кездесетін медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді шешеді. Жүргізілген зерттеулерге байланысты алдарына қойған мәселелері бойынша ғылыми негізделген, дәлелдер келтірілген және объективті қорытынды береді. өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Аспаптарды, құрал-жабдықтарды пайдаланудың дұрыстығын, реактивтердің ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайды. Практикада зерттеудің жаңа әдістерін қолданады. Сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде белгілі болған мәліметтерді жария етпейді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негіздерін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, сот-медициналық сараптау өндірісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сот-медициналық сараптаманы жүргізудің заманауи әдістерін және оны ұйымдастыруды, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығын белгілеу ережесін, мәйітке, жәбірленушіге, кінәліге және басқа тұлғаларға сараптама жүргізудің тәртібі мен кезектілігін, жыныстық қылмыс кезінде сараптама жүргізудің әдістемесі мен принциптерін, зерттеудің физиологиялық, клиникалық, физикалық, химиялық әдістерін, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібін, сарапшы қорытындысын, өлім туралы дәрігерлік куәлікті рәсімдеу тәртібін, сот-медициналық сараптама қызметін жоспарлау және есеп беру принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 7. Медициналық психолог
Лауазымдық міндеттері. Психикалық денсаулықты қалпына келтіруге және науқастардың тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзетуге бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Науқас тұлғасының үйлесімді дамуына кедергі келтіретін немесе оған қиындық туғызатын жағдайларды анықтайды. Психопрофилактикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беру шараларын жүзеге асыра отырып, науқастардың, олардың туыстарының және медициналық қызметкерлердің тұлғалық, кәсіптік және тұрмыстық мәселелерді шешуіне көмектеседі. Негізінде патопсихологиялық тетіктер мен патогендік мінез-құлық стереотиптері жататын психикалық бұзылыстардың қауіп факторлары бар тұлғаларға ерекше көңіл бөле отырып, психодиагностикалық зерттеулер мен диагностикалық бақылауларды жүргізеді. Емдейтін дәрігермен бірге жеке басына, жынысына және жасына қатысты факторларды ескере отырып, дамытушы және психокоррекциялық бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық, әлеуметтік психология саласындағы медициналық қызметкерлерді оқыту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Жүргізілетін психологиялық, емдік және профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жалпы психологияны, тұлғалық психологияны және медициналық психологияны, психотерапияны, психологиялық-педагогикалық ғылым мен практиканың заманауи жетістіктерін, белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қатынас жасау тренингілерінің әдістерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, психологиялық, педагогикалық) білімнің және медициналық психология бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

§ 8. Денсаулық сақтаудағы сарапшы (маман)
Лауазымдық қызметтері. Заттық айғақтардың өзіне тапсырылған сот-медициналық сараптамасын, соның ішінде мәйіт материалдарын зерттеуді, сараптамалық бөлімше жұмысының бейіні бойынша зертханалық сараптамалық қызметті жүргізеді. Зерттеулер жүргізу және әзірлеу кезінде зертханалық талдауды, сынауды, өлшеуді, фотографиялық және физикалық зерттеу әдістерін орындайды. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын бақылайды (оны нұсқаулық пен техникалық құжаттамаларға сәйкес тексереді және күйін келтіреді), зерттеу жүргізу үшін реактивтер мен химиялық ыдыстарды дайындайды, ішкі істер, прокуратура және сот органдарының қызметкерлеріне кеңестік көмек береді. Арнайы құзырының шегінде зерттеудің заңдылық, тәуелсіздік, объективтілік және толықтық принциптеріне сүйенген сот-медициналық сараптаманы жүргізе отырып, сот-құқықтық практикада кездесетін медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді шешеді. Жүргізілген зерттеулерге байланысты алдарына қойған мәселелері бойынша ғылыми негізделген, дәлелдер келтірілген және объективті қорытынды береді. өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Практикада зерттеудің жаңа және ұсынылған әдістерін қолданады. Өз біліктілігінің және теориялық білімдерінің деңгейін үнемі арттырады. Сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде белгілі болған мәліметтерді жария етпейді. Медициналық құжаттамаларды уақылы және сапалы толтыруды қамтамасыз етеді. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі негіздерін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, зерттеудің клиникалық, серологиялық, физикалық, химиялық әдістерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, биологиялық, химиялық, фармацевтикалық, физика-математикалық) білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырдың болуы.

§ 9. Зертхана маманы
Лауазымдық міндеттері. Зерттеулер мен әзірлеулер жүргізу кезінде зертханалық талдауды, сынауды, өлшеуді орындайды. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын бақылайды (оны тексереді және күйін келтіреді), зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, қоректік орталарды және химиялық ыдыстарды дайындайды. Материалдарды жинау мен өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосымша операцияларды жүзеге асырады, бақылау жүргізеді, аспап көрсеткішін жазып алады, талдау, өлшеу нәтижелерін әдістемелік құжаттамаға сәйкес өңдейді, жүйелендіреді және рәсімдейді, оларды тіркеуді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық-микробиологиялық зерттеу және ішкі аурулар негіздерін, негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасын, жалпыклиникалық, биохимиялық, гемотологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеу әдістері мен техникасын, бақылау-өлшеу құрылғысын және оны қолдану ережесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, биологиялық, химиялық, химия-биологиялық, фармацевтикалық, физика-математикалық) білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау