6D081100: «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша философия



жүктеу 254,09 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі254,09 Kb.
#20055
түріДиссертация


6D081100: «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша философия 

ғылымының докторы (PhD) Сулейманова Гульнур Алмасовнаның 

«Қазақстанның Оңтүстік шығысында жұмсақ бидайдың генетикалық әртүрлігін 

көбейту және тұрақты жаңа көздерінің сары, қоңыр татқа төзімділерін таңдау» 

атты диссертациялық жұмысына ұсынылған 

 

АҢДАТПА 

 

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан дүние жүзі бойынша 10 ірі 

бидайды экспорттаушы мемлекеттің қатарына жатады. Қазақстанның оңтүстік-

шығысында күздік бидайдың ең қауіпті аурулары сары және қоңыр тат болып 

табылады.  Ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  қорғау  саласында  сорттардың 

ауруларға  төзімділігі  елеулі  рөл  атқарады.  Тат  аурулары  қоздырғыштарының 

популяциясы  үнемі  өзгеріп  отыру  фактісіне  байланысты,  біздің  елімізде 

бидайдың  генетикалық  ресурстарын  халықаралық  жаңа  донорлармен 

толықтыру  маңызды.  Қазіргі  таңда  келесі  ғылыми  ұйымдардың  зерттеу 

жұмыстарының 

нәтижесінде: 

СИММИТ-Мексика, 

ИКАРДА-Сирия, 

Австралияның  табиғи  зерттеу  бөлімі,  IPK-Германия,  Жапонияның    Киото 

университеті,  USDA-ARS  гексаплоидтық  синтетикалық  бидай  алынды.  Бұл 

бидайдың  желілері  бидай  көрсеткішін  жақсарту  мақсатымен  тетраплоидты 

Triticum  turgidum  мен  диплоидты  жабайы  эгилопсты  Aegilops  tauschi 

будандастыру  нәтижесінде  пайда  болды.  Бұл  гибридтер  абиотикалық 

(құрғақшылық,  жоғарғы  температура,  тұздылық,  ылғалдың  жетіспеушілігі) 

және  биотикалық  (тат  түрлеріне,  септориозға,  вирусты  ауруларға,  тамыр 

шіріктеріне,  жапырақтардың  сары  теңбілденуіне,  гельминтоспориозды 

теңбілденуге,  нематодқа,  ақ  шыққа,  масақтың  ақ  зеңіне)  күйзелістерге 

тұрақтылық көрсетті. 

2.  Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  және  ғылыми  нәтижелері: 

Диссертациялық  жұмыстың  мақсаты  Қазақстанның  Оңтүстік  шығысында 

жұмсақ  бидайдың  будандастыру  әдісімен  алынған  желілері  мен  гибридтерінің 

генетикалық  әртүрлігін  көбейту  және  тұрақты  жаңа  көздерінің  сары,  қоңыр 

татқа төзімділерін таңдау болып табылады. 

3.  Зерттеу  объектісі:  күздік  бидайдың  жұқтыру  аурулары:  сары 

(қоздырғышы  Pussinia  striiformis  West  саңырауқұлақтары)  және  қоңыр 

(қоздырғышы Pussinia triticina Eriks) таттары. 

4.  Зерттеу  пәні  Жапонияның  Киото  университеті  мен  СИММИТтің  49 

желісі және Алматы облысындағы күздік бидайдың коммерциялық сұрыптары: 

Алмалы, Наз, Жетісу, Фараби, Стекловидная 24, Aжарлы. 

 5.  Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы:  Бірінші  рет  Жапонияның  Киото 

университетінің  гексаплоидты  синтетикалық  бидайының  эксперименттік 

үлгілерін  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  аймағына  бейімделуін  анықтау 

мақсатында  селекциялық  өсіру  жүргізілді.  Алматы  облысының  әртүрлі 

жағдайларына  бейімделген  және  қоңыр,  сары  тат  ауруларына  төзімді 

гексаплоидты  синтетикалық  бидайдың  үлгілерінің  коллекциясы  жиналды. 

Синтетикалық бидайды аудандық бидай сұрыптарымен будандастыру арқылы, 




ата  -  аналарының  негізінде  бірінші  ұрпақтың  ауруларға  төзімді  мұрагерлік 

белгілерімен салыстырылды. Гексаплоидты синтетикалық бидайдың сары және 

қоңыр татқа төзімді көздері анықталды. 

6. Зерттеу міндеттері

1.  Қазақстанның  Оңтүстік  шығыс  жағдайына  беймделу  мақсатында,  Жапония 

Киото университеті мен СИММИТтің гексаплоидты синтетикалық бидайының 

тәжірибелік үлгілерін (49 үлгілері) сұрыптап зерттеу жүргізу. 

2.  Гексаплоидты  синтетикалық  бидай  үлгілерінің  сары  және  қоңыр  тат 

ауруларына  төзімділік  скринингі  және  Қазақстанның  Оңтүстік  шығысына 

тиімді төзімді көздерді анықтау. 

3.  Синтетикалық  бидайды  аудандық  бидай  сұрыптарымен  будандастыру 

арқылы,  ата  -  аналарының  негізінде  бірінші  ұрпақтың  ауруларға  төзімді 

мұрагерлік белгілерімен салыстыру.  

4.  Қазақстанның  оңтүстік  шығыс  жағдайына  бейімделген  гексаплоидты 

синтетикалық бидайдың сары және қоңыр татқа төзімді көздерін анықтау.  

5.  Гексаплоидты  синтетикалық  бидайдың  ауруларға  төзімді  көздерін  анықтау 

және жаңа төзімді сұрыптарды қолдану үшін селекционерлерге беру. 



7. Қорғауға шығарылатын нәтижелер. 

Синтетикалық  бидайды  отандық  күздік  бидай  сорттарымен  будандастыру 

арқылы алынған қоңыр және сары тат ауруларына төзімді доминанттық көздері 

бар ауылшаруашылық өндірістеріне ұсынылған гибридтерді жинау. 

Қазақстанның  әртүрлі  топырақ  жағдайына  бейімделген  селекциялық 

мақсатта  қолданылатын  гексаплоидты  синтетикалық  бидайдың  қоңыр  және 

сары татқа төзімді үлгілері жиналды.  

Гексаплоидты синтетикалық бидайдың жаңа желілері өндіріске ұсынылды.  



8. 

Алынған  нәтижелердің  тәжірибелік  маңыздылығы.  Зертеу 

жүргізудің  негізінде  тат  ауруларына  төзімді  доминанттық  көздері  бар 

синтетикалық бидайдың гибридтері бөлінді. Бұл желілер екінші ұрпақ желілері 

мен ата аналарын бағалау нәтижесінде алынды. Қазақстанның ҒЗМ не алынған 

гибридтерді  зерттеу  мақсатында  беру.  Синтетикалық  бидайдың  сұрыпталған 

үлгілерінің  ішінен  ауруларға  төзімді  30  үлгісі  Қазақ  егіншілік  және  өсімдік 

шаруашылық  ғылыми  зерттеу  институтына,  Қарабалық  ауыл  шаруашылық 

зерттеу  орталығына  және  Бараев  атындағы  Қазақ  астық  шаруашылығығы 

ғылыми зерттеу орталығына берілді. 

ҚОРЫТЫНДЫ: 

Қазіргі  кезде  дүние  жүзі  бойынша  алдыңғы  қатарлы  ғылыми  зерттеу 

орталықтарында  бидайдың  тиімділігін  стратегиялық  жақсарту  мақсатында 

гексаплоидты  синтетикалық  бидайды  анықтау  жүргізілген  Диссертациялық 

жұмыстың  нәтижесі  бойынша  тетраплоидты  бидаймен  жабайы  эгилопсты 

будандастыру арқылы алынған  синтетикалық гибридтердің желілері оңтүстік 

Қазақстанның  аймағына  тән  сары  және  қоңыр  та  ауруларына  тұрақты  тиімді 

көздері бар екендігі анықталды.  

1. 

Хаймана 


ауылшаруашылығы 

зерттеу 


орталығы, 

Адапазари 

ауылшаруашылық  зерттеу  орталығы,  Ескішехир  ауылшаруашылық  ғылыми 

зерттеу  институты  және  Қазақ  егіншілік  және  өсімдік  шаруашылық  ғылыми 




зерттеу  институтының  тәжірибелік  негізінде  өткізілген  фитосанитариялық 

бағалау  гексаплоидты  синтетикалық  бидайдың  21  үлгісін  (Langdon  /  Ku-20-8, 

Langdon /Ig126387, Langdon / IG 131606, Langdon / Ku-2039, Langdon / Ku-2074, 

Langdon  /  Ku-2075, Langdon  /  Ku-2080, Langdon  /  Ku-2088, Langdon  /  Ku-2097, 

Langdon  /  Ku-2100, Langdon  /  Ku-2105, Langdon  /  Ku-2124, Langdon  /  Ku-2144, 

Langdon  /  Ku-2829A,  Langdon  /At  80,  Langdon  /  Ig  47259,  Langdon  /  Ku-20-10, 

Langdon / Ku-2076, Langdon / Ku-2109, Langdon /Ku-2132, Langdon / PI 508262) 

сары,  қоңыр  және  сабақ  тат  ауруларына,  қара  күйе,  нематодтарға  және  тамыр 

шірік ауруларына қарсы төзімділік көздерін анықтады. 

2.  Синтетикалық  бидайды  күздік  бидайдың  коммерциялық  сорттарымен 

будандастыру  арқылы  F1  ұрпағының  сары  және  қоңыр  тат  ауруларына 

төзімділігін  зерттеу,  стандарт  сорттардың  Ажарлы,  Наз,  Фараби,  Жетісу, 

Стекловидная сары тат ауруына аз, 15 үлгінің төзімділін көрсетті.  

3.  2016  жылы  жүргізілген  F2  ұрпағы  гибридтерінің  төзімділік  белгілерін 

бағалауда,  7  желіде  (Langdon/IG-48042//Фараби;  Langdon/IG-48042//Жетісу, 

Langdon/Ku-2075//Ажарлы;  Langdon/Ku-2075//Фараби;  Langdon/  Ku-2100// 

Стекловидная; Langdon/ Ku-2076//Наз) сары тат ауруы анықталған жоқ. Аналық 

желілер  төзімділік  көрсетті.  2015  жылы  әкелік  сорттар  Жетісу,  Фараби, 

Aжарлы,  Стекловидная,  Наз  сары  тат  ауруына  шалдықты,  яғни,  олар 

гетерозиготалы, құрамында бірден бірнеше үстем гендер деп пайымдауға негiз 

бар. 

4. 2 гибридті желіде (Langdon/Ku-20-8 //Ажарлы; Langdon /Ku-2144 //Наз) 



сары тат 35-57%, аналық желілер 48-63% деңгейінде, ал әкелік сорттар 33-73% 

ауруға шалдықты. 

5.  Langdon/Ku-2076//Жетісу  гибриді  87%  сары  тат  ауруына  шалдықты. 

Аналық  желі    LANGDON/KU-2076  2%  ауруға  шалдығып  төзімділік  қасиет 

танытты. Ал аталық сорт ауруға 79% сезімтал болып шықты. Яғни, бұл жерде 

төзімділік гені де, рецессивтілік те бар. 

6.  Синтетикалық  бидайдың  9  гибриді  (Langdon/Ig  48042//  Жетісу, 

Langdon/Ig  48042//  Фараби,  Langdon/Ku-20-8//  Ажарлы,  Langdon/Ku-2075// 

Ажарлы,  Langdon/Ku-2097//  Жетісу,  Langdon/Ku-2075//  Фараби,  Langdon/Ku-

2100/ Стекловидная, Langdon/Ku-2144// Наз, Langdon/Ku-2076// Наз) қоңыр тат 

ауруына төзімді болды. Бұларда ауруға төзімді гендер үстем болды. 2016 жылы 

аталық  сорттар    Жетысу,  Фараби,  Ажарлы,  Стекловидная,  Наз  қоңыр  тат 

ауруына сезімтал болды. 

7.  Langdon/Ku-2076//Жетісу  гибриді  87%  қоңыр  тат  ауруына  шалдықты. 

Ана желісі төзімділік (2%), ал  әкелік - сезімталдығы (79%) көрсетті. Яғни, бұл 

желіде қоңыр тат ауруына төзімділік гені рецессивті күйде болады. 

8. Langdon /Ku-20-8 //Ажарлы гибриді қоңыр тат ауруына 57% шалдығып, 

сезімтал екенін көрсетті. Аналық желі ретінде (48%), сол сияқты аталық сортта 

(73%) қоңыр тат ауруына сезімталдық көрсетті. Яғни, бұл гибридте қоңыр тат 

ауруына төзімді ген жоқ. 

Гексаплоидты  синтетикалық  бидайдың  жаңа  желілері  шығындардың  қалпына 

келуі  бойынша  стандарт  Стекловидная  сортына  қарағанда  Langdon/Ku-2075// 

Фараби  1,6  есе,  Langdon/Ku-2144//  Наз  желісі  үшін-  1,5  есеге,  Langdon/Ku-



2075// 

Ажарлы 


1,7 

есе, 


Langdon/IG48042//Фараби-2,1 

есеге 


көп 

болды.экономикалық  тиімділігі  бойынша  Стандарт  сортпен  салыстырғанда 

олардың  өнімділігі  8,7  ден  12,2  ц/га  дейін  жетті.  Сақталған  дақылдың  құны 

82,6-115,9 АҚШ доллары немесе 27274 тенгеден 38247 теңге көлемінде болды.  



Өндіріске тәжірибелік ұсыныстар  

-  ауруларға  төзімді  астық  шаруашылығына  бидайдың  21  желісі  пайдалануға 

ұсынылды  (Langdon/IG  126387,  Langdon  /IG  131606,  Langdon/Ku-20-8, 

Langdon/Ku-2039,  Langdon/Ku-2074,  Langdon/Ku-2075,  Langdon    Кu-2080, 

Langdon  /Ku-2088,  Langdon  /  Ku-2097,  Langdon  /  Ku-2100,  Langdon  /  Ku-2105, 

Langdon  /  Ku-2124,  Langdon  /  Ku-2144,  Langdon  /  Ku-2829A,  Langdon  /80, 

Langdon/IG  47259,  Langdon  /  Ku-20-10,  Langdon  /Ku-2076,  Langdon  /  Ku-2109, 

Langdon/Ku-2132, Langdon/PI 508262).  

-  Сары  тат  ауруына  төзімді  синтетикалық  бидайдың  желілері  мен  Алматы 

облысының  күздік  бидай  сорттарын  астық  шаруашылығына  пайдалуға 

ұсынылады  (Langdon/Ig  48042//Zhetisu;  Langdon/Ig48042//Farabi;  Langdon/Ku-

2075//Ajarly;  Langdon/Ku-2075//Farabi;  Langdon/Ku-2100//Steklov;  Langdon/Ku-

2076//Naz). 

-Қоңыр  тат  ауруына  төзімді  синтетикалық  бидайдың  желілері  мен  Алматы 

облысының  күздік  бидай  сорттарын  астық  шаруашылығына  пайдалуға 

ұсынылады  (Langdon/Ig  48042//Zhetisu,  Langdon/Ig48042//Farabi,  Langdon/Ku-

20-8//Ajarly,  Langdon/Ku-2075//Ajarly,  Langdon/Ku-2097//Zhetisu,  Langdon/Ku-

2075//Farabi,  Langdon/Ku-2100//Steklov,  Langdon/Ku-2144//Naz,  Langdon/Ku-

2076//Naz). 

9.  Ізденушінің  қосқан  жеке  үлесі.  Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттерінің 

қойылуынан  тұрады.  Тәжірибелік  жұмыс  Қазақ  егіншілік  және  өсімдік 

шаруашылығы  ғылыми  зерттеу  институтында  жүргізілді.  Зерттеудің  жарты 

бөлімі  Турцияда,  СИММИТте  бидай  мен  жүгеріні  жақсарту  орталығында 

ғылыми  тағылымнама  бағдарламасы  аясында  орындалды.  Осы  уақыт 

аралығында  жұмыстың  басым  бөлігі,  әдебиетке  шолу,  зерттеу  әдістері  және 

тәжірибелік материалдарды жинақтады. 

10.  Диссертация  нәтижелерінің  апробациядан  өтуі.  Диссертация 

тақырыбы  бойынша  зерттеу  нәтижелері  жыл  сайын  фитопатология  бөлімінің 

өндірістік  отырыстарында  баяндалып  отырды.  Зерттеу  нәтижелерінің 

баяндамалары  келесі  конференцияның  жинақтарында  жарияланды:  1.Европа 

ассоциациясының өсімдіктер селекциясы конференциясы  «Өсімдікті жетілдіру 

үшін  генетикалық  ресурстарды  пайдалану,  жабайы  туыстарды  пайдалану 

арқылы  өсімдікті  жақсарту»,  Ұлыбритания,  Лондон  қаласы,  Кембридж 

университеті, 16-20 маусым 2014 ж.; 2. Жас ғалымдардың ғылыми тәжірибелік 

конференциясының 

тезистер 

жинағы 

«Еіншілік 



және 

өсімдік 


шаруашылығының  негізігі  проблемалары»  Алмалыбак,  2014ж.;  3.  «И.А 

Бараевтың  астық  шаруашылығының  60-  жылдығына  арналған  ғылыми 

практикалық  конференция.  4.  Дәнді  дақылдардың  нематода  бойынша  бесінші 

халықаралық  конференциясы,  12-15  қыркүйек  Туркия,  Анкара  қаласы;  5. 

Қаракүйе  ауруларына  арналған  19-шы  халықаралық  конференция,  3-6  мамыр 

2016 ж. Измир қаласы, Туркия мемлекеті. 




11.  Жарияланымдары.  Диссертация  тақырыбы  бойынша  9  ғылыми 

мақала  жарияланды,  оның  ішінде  1  -  Scopus  базасына  енген,  4-  білім  және 

ғылымды  қадағалау  саласындағы  аттестациялау  комитетінің  журналдарында, 

және  2-  халықаралық,  2-  республикалық  конференцияларда.  Барлық  ғылыми 

зерттеудің негізгі нәтижелері осы басылымдарда көрініс тапқан. 

12.  Диссертация  құрылымы  және  көлемі.  Диссертация  кіріспеден  және 

әдебиетке  аналитикалық  шолу  жасалған  негізгі  бөлімнен,  зерттеу  әдістемесі, 

зерттеудің  орыдалу  шарты  мен  сондай-ақ  5  тараудан  тұратын  негізгі 

нәтижелері, қорытындысы және өндіріске ұсынымдардан құрылған. Жұмыс 123 

компьютерлік  мәтін  беттерінде  сипатталған,  соның  ішінде,  26  кесте  мен  15 

суреттен  тұрады.  Қолданылған  әдебиеттер  тізімі  167,  соның  ішінде  шетелдік 



ғалымдардың әдәбиеті – 71. 

 

жүктеу 254,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау