6 Бензиндік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі



жүктеу 345,41 Kb.
бет12/18
Дата19.01.2022
өлшемі345,41 Kb.
#33446
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
6 Қоректіндіру жүйесі (бензин)

Электронды басқару блогы. ЭББ оперативтік және тұрақты жадыда сақтау құрылғылары бар микропроцессорды қамтитын мамандандырылған компьютер болып табылады.

Оперативтік жадыда сақтау құрылғысы (ОЖҚ) бергіш сигналдары бойынша қозғалтқыш жұмысы және оның ақаулықтары туралы ағымдағы ақпаратты сақтау үшін арналған. Бұл ақпарат ЭББ орындаушы элементтермен (бүріккіштер, бос жүріс реттегіші және т.б.) оңтайлы басқару үшін, сонымен қатар ақаулықтардың диагностикалау үшін қажетті ағымдағы есептеулер жүргізу үшін қолданылды. ОЖҚ жадысы энергиядан тәуелді және қоректену сөндірілген кезде өшіріледі.

Тұрақты жадыда сақтау құрылғысы (ТЖҚ) орындаушы элементтермен оңтайлы басқару үшін ЭББ пайдаланатын басқару алгоритмдері және әр түрлі калибрлеу деректері туралы ақпаратты сақтау үшін қолданылады. ТЖҚ жадысы энергиядан тәуелді емес және қоректену сөндірілген кезде өшірілмейді.

ОЖҚ келіп түсетін ақпарат негізінде және ТЖҚ енгізілген алгоритмдерге және деректерге сәйкес ЭББ келесі процестерді және орындаушы элементтерді оңтайлы басқару жүзеге асырылады:




  • жылулық берілісті (электрлік-магниттік бүріккіштер және электрлік бензин сорғысының релесі);

  • тұтандыру жүйесін (шарғылар немесе тұтандыру модулі);

  • бос жүрістегі қозғалтқыш жұмысын (бос жүріс реттегіші);

    • өздік диагностика жүйесін (кешенді жүйе ақаулығының дабылдағышы);жүйенің жеке элементтері істен шыққан кезде резервті режимдегі қозғалтқыш жұмысын (мысалы, бүріккіштер немесе жеке бергіштер, синхрондау бергішін қоспағанда).

Сонымен қатар, қозғалтқыш жұмысын басқаратын кешенді жүйенің ЭББ қозғалтқыш уыттылығын төмендететін жүйелерді (пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесі және адсорбері бар отын буларын аулайтын жүйе осы жүйелер автомобильде болған кезде), кондиционер компрессорын (автомобильде кондиционер орнатылған кезде), қозғалтқыштың салқындату жүйесінің электрлік желдеткішін қосатын релені (ВАЗ автомобильдерінде), сонымен қатар автомобильдің ұрлауға қарсы жүйесін – иммобилайзерді (ВАЗ автомобильдерінде) басқару бойынша бірқатар қосымша функцияларды орындауы мүмкін.

ЭББ қозғалтқыштың әр түрлі жұмыс режимдеріндегі отынның берілуін келесі жолмен басқарады.

Тұтандыруды қосу кезінде ЭББ электрлік бензин сорғысының релесін қосады және сорғы отынқұбырлар бойынша отын рамасына отын жеткізеді, осы кезде онда электрлік-магниттік бүріккіштердің қалыпты жұмысы үшін қажетті қысымды (шамамен 0,3 МПа) жасайды.

Қозғалтқышты іске қосу кезінде, иінді білік оталдырғышпен айналдырыла бастаған кезде, синхрондау бергішінен бірінші импульс алған кезде, ЭББ қозғалтқышты іске қосу үшін қажетті жанғыш қоспа құрамын қамтамасыз ету үшін, бірден бір уақытта барлық бүріккіштер арқылы бензиннің бастапқы бүркіп шығарылуын жүзеге асырады. Бастапқы бүркіп енгізу ұзақтығы және сәйкесінше бүркіп енгізілетін отын мөлшері қозғалтқыш температурасынан тәуелді және ЭББ салқындату сұйықтығы температурасының бергішінен берілетін сигнал негізінде анықталады. Салқын қозғалтқышта бастапқы бүркіп енгізу ұзақтығы арттырылады. Бастапқы бүркіп енгізуден кейін ЭББ қосу режимінде отынды беруге ауысады, бұл қозғалтқыш от алғанға дейін, яғни иінді біліктің айналу жиілігі осы қозғалтқыш үшін берілген белгілі бір шамаға жеткенге дейін жалғасады, осыдан кейін ЭББ жұмыс режимінде отын беруге ауысады.

Қозғалтқыштың сәтсіз қосылуы жағдайында, тұтандыру білтелеріне бензин құйылған кезде, қозғалтқышты үрлеп тазарту жүргізіледі. Осы кезде «газ» басқышын тірелгенше басып, дроссельді жапқышты толықтай ашу керек және оталдырғышты бірнеше секундқа қосу керек.

Үрлеп тазарту режимінде, дроссельді жапқыш толықтай ашық болғанда (75% астам) дроссельді жапқыш жайғасымы бергішінің сәйкес сигналы бойынша ЭББ бүріккіштер арқылы отынның берілуін сөндіреді, бұл бензин құйылған білтелерді үрлеп тазартуға мүмкіндік береді.

Егер үрлеп тазарту кезінде қозғалтқыш от алса, яғни иінді біліктің айналу жиілігі бекітілген белгілі бір шамадан асса, ЭББ жұмыс режимінде бүріккіштер арқылы отынның берілуін жандандырады.

Қозғалтқыш жұмыстық режимдерде жұмыс жасаған кезде ЭББ синхрондау, фазалар, ауаның массалық шығыны, дроссельді жапқыш жайғасымы, детонация және температура бергіштерінің сигналдары бойынша қозғалтқыш әр түрлі жүктемелік режимдерде жұмыс жасаған кезде қажетті құрамдағы жанғыш қоспаны дайындау үшін бүріккіштермен бензинді бүркіп енгізу моменттерін және ұзақтығын есептейді, осы кезде отынның минималды шығыны және пайдаланылған газдардың минималды уыттылығы қамтамасыз етілуі тиіс.

Кері байланысы бар бүркіп енгізу жүйесінде жұмыстық режимдерде бүріккіштер арқылы отынды бүркіп енгізу катализдік бейтараптандырғыштың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жанғыш қоспа құрамын (стехиометриялыққа жақын) қамтамасыз ету үшін оттегі концентрациясы бергішінің сигналдарын ескеру арқылы жүзеге асырылады. Алайда қозғалтқыш максималды жүктемемен жұмыс жасаған кезде, жүргізуші «газ» басқышын тірелгенше басып, дроссельді жапқышты толықтай ашқан кезде, ЭББ оттегі концентрациясы бергішінің сигналдарын ескермейді, осылайша максималды қуатты алу үшін жанғыш қоспаның байытылуын қамтамасыз етеді.

Тұтандыруды сөндірген кезде ЭББ отынның берілуін тоқтатып, қозғалтқышты тоқтатады.

Отынның берілуін тоқтатуды ЭББ сонымен қатар тежеу режимінде, автомобиль қосулы беріліспен және жабық дроссельді жапқышпен қозғалған кезде, отынды үнемдеу және пайдаланылған газдар уыттылығын төмендету мақсатында, сонымен қатар қозғалтқыштың істен шығуының алдын алу үшін иінді біліктің шектік рұқсат етілетін айналу жиілігінен асқан жағдайда да жүзеге асырады.


жүктеу 345,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау