6 Бензиндік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі


Бензиннің үйлестірілген бүркіп енгізілуінің жүйесінің жалпы құрылысы және әрекет ету қағидаты



жүктеу 345,41 Kb.
бет3/18
Дата19.01.2022
өлшемі345,41 Kb.
#33446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
6 Қоректіндіру жүйесі (бензин)

Бензиннің үйлестірілген бүркіп енгізілуінің жүйесінің жалпы құрылысы және әрекет ету қағидаты

Бензиннің үйлестірілген бүркіп енгізілуінің жүйесі отын және ауа жеткізетін аспаптардан және қозғалтқыш жұмысын басқаратын кешенді жүйеден құралады.



Отын жеткізетін аспаптарға отын жинағышы 23 бар отын шанашығы 22 (2.53 сур.), электрлік бензин сорғысы 24, отын сүзгісі 30, отын рампасы 10, отын қысымының реттегіші 18, электрлік-магниттік бүріккіштер 8 (қозғалтқыштың әр цилиндріне бір-бірден), сонымен қатар отынқұбырлар жатқызылады. Электрлік бензин сорғысы 24 отынды шанашықтан сүзгісі бар отын жинағыш 23 арқылы сорады және оны 0,3 МПа (3 кгс/см2) астам қысымы астында отынқұбырлар бойынша отын сүзгісі 30 арқылы отын рампасына 10 жеткізеді. Отын рампасына жалғанған бүріккіштер рампасын ашу кезінде отын қысым астында ұсақ бүркіп енгізілген күйде енгізу құбыр желісіне және цилиндрлер бастиегінің енгізу арналарына бүркіп енгізіледі, мұнда енгізу құбыр желісінен ресиверге 16 келіп түсетін ауа қоспасымен (картердің желдету жүйесінен шығарылған картер газдарымен, қайта айналдыру жүйесінен шығарылған пайдаланылған газдармен және адсорберден шығарылған бензин буларымен араласқан негізгі ауа қоспасы) араласады. Осы кезде түзілетін жанғыш қоспа кейін енгізу қысымтығындары арқылы қозғалтқыш цилиндрлеріне келіп түседі.



    1. сур. Отынның үйлестірілген бүркіп енгізілуі бар ЗМЗ-4062 қозғалтқышының қоректену жүйесінің сұлбасы:

1 — иінді білік жайғасымының бергіші (синхрондау бергіші); 2 — дроссельді жапқыш жайғасымының бергіші; 3 — дроссельді буын; 4 — ауаның массалық шығынының бергіші; 5 — ауа сүзгісі; 6 — ауа құбыршектері; 7 — картердің желдету жүйесінің қысымтығыны; 8 — электрлік-магниттік бүріккіштер; 9 — дроссельді буыннан бос жүріс реттегішіне ауа жеткізетін құбыршек; 10 — отын рампасы; 11 — бос жүріс реттегіші; 12 — енгізу құбыр желісіндегі ауа температурасының бергіші; 13 — диагностикалық ағытпа; 14 — қозғалтқыш жұмысын басқаратын жүйе релесі; 15 — отын сорғысының релесі; 16 — ресивер; 17 — қозғалтқыштың электронды басқару блогы (ЭББ); 18 — отын қысымының реттегіші; 19 — детонация бергіші; 20 — қозғалтқышты басқаратын кешенді жүйе ақаулығының дабылдағышы; 21 — тұтандыру шарғысы; 22 — отын шанашығы; 23 — сүзгісі бар отын жинағыш; 24 — электрлік бензин сорғысы; 25 — қосымша сөндіргіш (резонатор); 26 — негізгі сөндіргіш; 27 — катализдік бейтараптандырғыш; 28 — оттегі концентрациясының бергіші; 29 — қабылдағыш құбыр; 30 — отын сүзгісі; 31 — иінді білік жайғасымының бергіші (фазалар бергіші); 32 — тұтандыру білтесі; 33 — шығару коллекторы; 34 — енгізу құбыр желісі; 35 — салқындату сұйықтығы температурасының бергіші; 36 — иінді білік тегершігіндегі синхрондау бергішінің белгілеуші дискісі.
Ауа жеткізетін аспаптарға ауа жинағышы бар ауа сүзгісі 5, ауа құбыршектері 6, дроссельді ауа жапқышы және оның жетек механизмі бар дроссельді буын 3, бос жүріс реттегіші 11, ресивер 16 және енгізу қысым желісі 34 жатқызылады. Енгізу жолындағы (енгізу құбыр желісі және ресивер) разрядталу нәтижесінде ауа сүзгісі 5 арқылы ауа сорылады және ауа құбыршектері 6 бойынша дроссельді буынға 3 келіп түседі және кейін, дроссельді жапқышқа кірмей, ресиверге 16, енгізу қысым желісіне 34 және цилиндрлер бастиегінің енгізу арналарына келіп түседі. Бос жүрісте, дроссельді жапқыш аздап ашылған кезде, ауа дроссельді буыннан 3 құбыршек 9 және бос жүріс реттегіші 11 арқылы дроссельді жапқыш айналмасына келіп түседі. Бос жүріс реттегішінен 3 (2.25 сур. қар.) ауа түтік 2 арқылы бос жүрісте ауа беру жүйесінің арнасына 10 және кейін цилиндрлер бастиегінің енгізу арналарына 9 келіп түседі. Қозғалтқышқа келіп түсетін ауаға картердің желдету жүйесінен шығарылған картер газдары (2.25 сур. қар.) және қайта айналдыру жүйесінен шығарылған пайдаланылған газдар, ал автомобильде отын буларын аулайтын жүйе болған кезде адсорберден шығарылған бензин булары араластырылады.

Қозғалтқыш жұмысын басқаратын кешенді жүйе электронды басқару блогын (ЭББ) 17 (2.53 сур. қар.), кешенді жүйе элементерінің ақаулықтары туралы ескертетін аспаптар құрамдастырылымындағы дабылдағышты 20, жүйе элементтерінің ақаулықтарын анықтау үшін арналған диагностикалық ағытпаларды 13, сонымен қатар өзінің басқару функцияларын жүзеге асыру үшін ЭББ сигналдар беретін бергіштерді қамтиды.

Тұтандыру қосылған кезде ЭББ арнайы реле арқылы отын шанашығынан 22 отын рампасына 10 отын жеткізетін электрлік бензин сорғысын 24 қосады, осылайша онда электрлік-магниттік бүріккіштер жұмысы үшін қажетті қысым қамтамасыз етіледі.

Қозғалтқыш қосылған және жұмыс жасаған кезде ЭББ электрлік- магниттік бүріккіштерге 8 басқару сигналдарын береді, олар қозғалтқыштың жұмыс тәртібіне сәйкес берілген уақыт мезеттерінде олардың ашылуын қамтамасыз етеді (қысу тактісінің соңындағы фазаланған бүркіп енгізу кезінде). Бүріккіштер арқылы берілетін отын мөлшері ЭББ берілетін басқару сигналдарының ұзақтығын өзгерту арқылы, яғни дроссельді жапқыштың ашылуының дәрежесіне, ауаның жаппай шығындалуына және оның температурасына байланысты бүркіп енгізу уақытын және онымен байланысқан сәйкес бергіштер сигналдары бойынша ЭББ ескерілетін басқа факторларды өзгерту арқылы реттеледі.

ВАЗ автомобильдерінде өзара елеулі дәрежеде сәйкестендірілген, құрылымы және әрекет ету қағидаты бойынша барабар бензиннің үйлестірілген бүркіп енгізілуінің жүйелері қолданылады.



    1. сур. ВАЗ-21114 қозғалтқышының бензиннің үйлестірілген бүркіп енгізілуі жүйесінің сұлбасы:

1 — тұтандыру ажыратқышы (құлыбы); 2 — басты реле; 3 — аккумуляторлық батарея; 4 — ауа сүзгісі; 5 — диагностикалық ағытпа; 6 — аспап қалқаншасы; 7

  • тахометр; 8 — қозғалтқышты басқаратын жүйе ақаулығының дабылдағышы; 9

  • спидометр; 10 — индикаторы бар иммобилайзер бергіші; 11 — иммобилайзерді басқаратын блок; 12 — қозғалтқыштың салқындату жүйесінің электрлік желдеткіші; 13 —электрлік желдеткіш релесі; 14 — қозғалтқыштың электронды басқару блогы (ЭББ); 15 — салқындату сұйықтығы температурасының бергіші; 16 — тұтандыру шарғысы; 17 — тұтандыру білтесі; 18 — тарату білігі жайғасымының бергіші (фазалар бергіші); 19 — бүріккіш; 20

  • дроссельді буын; 21 — дроссельді жапқыш жайғасымының бергіші; 22 — ауаның массалық шығынының бергіші; 23 — бос жүріс реттегіші; 24 — оттегі концентрациясының бергіші; 25 — катализдік коллектор; 26 — автомобиль жылдамдығының бергіші; 27 — иінді білік жайғасымының бергіші; 28 — детонация бергіші; 29 — тісті белгілеу дискісі бар иінді білік тегершігі; 30 — отын сүзгісі; 31 — отын сорғысының релесі; 32 — отын шанашығы; 33 — отын

модулі; 34 — айырғыш; 35 — гравитациялық қысымтығын; 36 — қосжүрісті қысымтығын; 37 — адсорбер; 38 — адсорберді үрлеп тазартатын қысымтығын;

    • бензин; — бензин булары; — ауа; — пайдаланылған газдар.

LADA 110 (седан) . LADA 111 (универсал) және LADA 112 (хэтчбек) «оныншы» топтамасының автомобильдерінде орнатылған ВАЗ- 21114 (1,6і) қозғалтқышының ең заманауи түрленімінің отынның үйлестірілген бүркіп енгізілуі жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері 2.54 сур. келтірілген, ал бүркіп енгізу жүйесі элементтерінің орналастырылуы – 2 форзацта.




      1. жүктеу 345,41 Kb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау