Отын шанашығы. Бензиннің бүркіп енгізілуі бар автомобильдерде отын шанашығы 22 (2.53 сур. қар.) негізінен карбюраторлық қозғалтқышы бар автомобильдердегідей жасалған.
ЗМЗ-4062 қозғалтқышы бар ГАЗ-3110 автомобилінің отын шанашығы ЗМЗ-4062 қозғалтқышы бар автомобильдің отын шанашығынан отын жинағыш құрылғысымен (2.30. Б сур. қар.)ерекшеленеді, оның ернемегіне картон сүзгіш элементі бар сүзгінің пластмассалық корпусы бұрап бекітіледі.
Бензиннің бүркіп енгізілуі бар ВАЗ автомобильдерінің отын шанашықтары отын модулімен 33 (2.54 сур. қар.) жабдықталады, онда отын жинағыш және отын деңгейі нұсқағышының бергіші электрлік бензин сорғысымен біріктірілген, ал ВАЗ-21114 қозғалтқышында сонымен қатар отын қысымының бергішімен біріктірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |