95
Көліктік желі моделін ұйымдастырудың әртүрлі стандарттары бар.
Geographic Data Files (GDF) стандарты көшелік, жолдық желінің негізгі
деректер базасын сипаттайды. GDF жол желісін сипаттайтын бірыңғай,
қолайлы модель арқасында ақпаратты қолдану мен өңдеуді жеңілдету үшін
құрылған
болатын.
Стандарт
тұтынушыларға
өздерінің
ақпараттық
қажеттіліктерін нақты анықтауға, ал жасаушыларға нақты жасалынған
ережелер негізінде жүйе құруға мүмкіндік береді.
Граф түрінде шынайы көше-жол желісін көрсетудегі басты проблема
көліктік желі графасының объектілерін таңдау болып табылады. Бұл жағдайда
бағдарланған графтар қол данылады.
Осы проблеманы шешудің үш жолы бар:
- граф төбелері жолдардың түйіскен жерлерін көрсетсе, бағандары –
көшелерді білдіреді;
- төбелерге жол бөліктері жатады, ал бағандарға – осы бөліктердің
арасындағы байланыс;
- граф төбешіктері қозғалыс бағытының мүмкін болған өзгерістерін
көрсетеді, ал бағандар – жіберілетін бағыттарды.
8.3
Жолаушы
көлігін
диспетчерлік
басқарудың
автоматтандырылған жүйелері
Жолаушы көлігін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған
жүйелері (ЖКДБАЖ) 1970-ортасында кеңінен тарала бастады. Мақсаты:
жалпыға ортақ қалалық жолаушы тасымалы көлігінің жұмысын қауіпсіз және
тұрақты қызметпен қамтамасыз ету.
Олардың негізіне қозғалмалы бірлік құрылғысымен әрбір көліктік
құралды жабдықтау жатады, соның көмегімен орталық диспетчерлік бекетпен
(ОДБ) байланыс орнатылады. ОДБ-те автобустың жүріп өткен жолдары туралы
автоматты түрде ақпарат алып отыратын компьютерлер бар, сол арқылы
жүргізушілердің жүру графигі мен кестесі бақылауға алынады, кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және жоспарлау көрсеткіштеріне
бақылау жасалынады.
Автобустарды диспетчерлік басқаруға бірнеше мысалдарды қарастыруға
болады, онда ОДБ мен ҚБҚ екі жақты байланысы мен көліктік құралдарды
қамтамасыз ету принциптері қолданыс тапқан.
1980-ші жылдарда М-6000 басқарушы есептеуіш кешен дерінің базасында
Омбы өнеркәсіп автоматикасы тарапынан ДБАЖ-А жасалынды, оның
құрамында функционалдық элементтердің типтік жинағы болды: ҚБҚ –
қозғалмалы бірлік құралы; БПҚ –бақылау пункті құралы; ПОБОҚ –
перифериялық объектілермен байланыс орнату құрылғысы.
ДБАЖ-А жұмысы СМ-2М есептеуіш басқарушы кешеніне берілді және
Ресейдің 18 ірі қалаларында іске қосылды. УВК СМ-2М өндірісі 1990 ж
тоқтады, 1992 ж бастап кез келген жинақтайтын және сыртқы құралдарды
шығару тоқтатылды. 1996 жылы барлық пайдаланатын СМ-2М кешендері
өздерінің амортизация мерзімін жасап шығарды.
96
Техникалық құралдар кешенін дамытуға арналған мұндай бағдарлама
көпшілік тасымалдаушы АБАЖ-ға тән. Бұл жағдайда есептеуіш және
ақпараттық ресурстарды басқару SСО Unix версиялы 3.2 және 5.0 операциялық
жүйелеріне тән : ЖЕЖ Ethernet
– ТСР/IР алмасу хаттамасы пайдаланылады, ал мүмкіндіктің
басшылықтандырылуы мен деректер базасын жүргізуді ДББЖ Оrасle 7.15
жүзеге асырады;
-SСО Unix және ДББЖ-Оrасlе құралдарын таңдау келесі аргументтерге
қатысты;
-SСО Unix 3.2 – недәуір тиімді, кең тараған серверлердің операциялық
ортасы, көп міндетті, көпшілік тұтынушыларға арналған, жоғары талаптарға
сай;
-ДББЖ
Оrасlе
7.15
тиімділік
көрсеткіштері,
мүмкіндікті
администрациялау бойынша жоғары рейтингке ие;
-ДББЖ Оrасlе көп платформалы болып табылады, деректер алмасудың
бағдарламалық құралына ие, оның ішінде DВаsе-ға ұқсас және т.тб.;
-ДББЖ Oracle-де жобалау тиімділігінің деңгейі жоғары, Oracle
Developer/2000 бумасы бар Саsе-технологиясы;
-Республика аймағында SСО Unix және ДББЖ Оrасlе бойынша сервис
пен техникалық жабдықтаудың дамыған жүйесі бар.
«АБЖ-Рейс» – ДБАЖ-А техникалық жүзеге асырылуының және бір
мысалы. Оның үлгісі бірнеше жылдар ішінде Мәскеуде сәтті пайдаланған. Ол
келесідей көріністе сипатталуы мүмкін: әрбір көліктік бірлік радиостанция
тарапынан басқару орталығымен байланыс орнату үшін одометрмен, жақын
маңдағылармен байланыс орнататын қабылдағыштар мен, көліктік бірліктерге
толтырылған датчиктармен жабдықталады.
Маршруттағы көліктік бірліктің орнын анықтау одометрдің және жақын
радиустағы радиоканалдардың көмегімен жүзеге асырылады. Көліктік бірліктің
жүрісі кезінде радиомаяктың әсер ету зонасында жол координаттары көліктік
бірлікте радиоканал бойынша және маяктың басып өткен қашықтығының
сомасында енгізіледі. Жақын радиустағы радиоканал 820 МГц жиілікпен
жұмыс жасайды. Көліктік бірлікті басқару орталығымен байланыстыру үшін
300 мГц жиілік диапазонындағы екі радиоканал пайдаланылады; бірі дыбыстық
формада сұхбаттар жүргізу үшін пайдаланылса, екіншісі – сандық ақпаратты
беру үшін.
Қалалық жолаушы тасымалын басқарудың жаңа мүмкіндіктері
ақпараттандыру, радионавигация және байланыстың заманауи құралдарының
негізінде жүзеге асрылады.
Көпшілік қалаларда қалалық көлікті басқарудың автоматтандырылған
радионавигациялық жүйелерін құру бастау алды. Жолаушы көлігін басқару
жүйесінің басқада қатынас құралдарын:
- коммуналдық,
кезекші-техникалық,
авариялық-құтқарушылық
қатынастардың интеграцияланған шешімдер тенденциясы байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: |