5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет28/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

76 
 
жедел  жоспарлау  мен  басқарудың  «Флоттың  техникалық  жағдайын  бақылау, 
кеме жөндеуді жоспарлау мен реттеу» шағын жүйесімен байланысы тоқсандық 
өндірістік  бағдарламаны  қалыптастырған  кезде  орындалады.  Осы  кезеңде 
кемелерді жөндеудің, кеме жасау мен машина жасаудың көлемі мен мерзіміне, 
олардың зауыттардың қуаттарына сәйкес келуіне сүйене отырып, әрбір зауытта 
жөнделетін  кемелердің  саны  мен  құрамы  оңтайландырылады.  Бұл  ретте  кеме 
жасау  мен  машина  жасау  бойынша  бағдарлама  бөлімдері  тоқсанда 
қалыптасатын кемелерді жөндеуге беретін жағдаятқа байланысты ресурстарды 
арттыру үшін резерв болып табылады. 
КЖЗ  негізгі  өндірістік  үрдістерін  жедел  жоспарлау  мен  басқару 
міндеттерінің  бас  кешені  –  өндірістік  бөлімшелердің  айлық  және  апталық 
тізімдемелік жоспарларын құру. Бір жұмыс аптасында аралықпен, тізімдемелік 
жоспарды  үнемі  жаңарта  отырып,  үздіксіз  жоспарлау  қағидасын  орындайды. 
Кемелер  және  өндірістік  бөлімшелер  бойынша  орындалған  жұмыстарды 
күнделікті  есепке  алудың  жинақтаушы  қорытындысы  тізімдемелік  жоспарды 
жаңарту үшін бастапқы ақпарат болып табылады. 
«Кеме  қатынасы»  АБЖ.  Негізгі  өндірістің  басқарылуын  –  флоттың 
жұмысын  қамтамасыз  ету  бойынша  «Кеме  қатынасы»  АБЖ  міндеттердің  бас 
кешені 
кемелердің 
рейстерді 
орындауын 
ұйымдастырудан 
тұрады. 
Міндеттердің осы кешенінің анықтамасының өзінде «Кеме қатынасы» АБЖ-нің 
«Флот пен порттардың жұмысын жедел жоспарлау мен реттеу» функционалдық 
шағын  жүйесімен  байланысы  да  бар.  «Кеме  қатынасы»  АБЖ-де  нақты 
рейстердің  орындалуын  ұйымдастыру  үшін кемелердің позицияларын болжау, 
рейстік  тапсырмаларды  есептеу,  рейстердің  орындалу  барысын  бақылау 
міндеттері  және  кеме  қатынасы  қызметтері  мен  кәсіпорындарының  кемелер 
алған  рейстерді  орындауын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  бірқатар  басқа 
міндеттер шешіледі. 
Өзен  көлігінде  басқаруды  автоматтандырудың  көптеген  құралдары  мен 
әдістері  негізінен  теңіз  көлігінің  осындай  құралдары  мен  әдістерінен 
өзгешеленбейді.  Сонымен  бірге  өзен  қатынас  жолдарының  ерекшелігі 
түпнұсқалық әдістемелік және техникалық шешімдердің ізделуін, әсіресе кеме 
қатынастары аясында пайдалану жұмысын басқару саласында автоматтандыру 
жүйелерін  құрған  кезде  алдын-ала  анықтайды.  Іс-әрекеттің  осы  саласында 
ғылыми және инженерлік күштердің назары шартты түрде «АБЖ - диспетчер» 
деп  атайтын  кемелердің  қозғалысының  диспетчерлік  басшылығының 
автоматтандырылған  жүйелерін  құруға  бағытталған.  Диспетчерлік  аппараттың 
негізгі  міндеттері  флот  жұмысының  (ауысымдық,  тәуліктік,  он  күндік)  жедел 
жоспарларын  жасау  және  осы  жоспарларды  тікелей  орындау  болып 
табылатыны  мәлім.  Флоттың  жұмысының  іс  жүзіндегі  үрдісін  диспетчер 
«орындалған  қозғалыс  кестесінде»,  «Флоттың  дислокациясы»  бланкінде  және 
бірқатар  басқа  құжаттар  мен  кітаптарда  тіркейді.  Көп  ақпаратты  жинау  мен 
тіркеу соншалықты қиын. Диспетчердің уақыт жетпеген кезде тоқтамай жұмыс 
істеуіне тура келеді. 


77 
 
 «АБЖ  -  диспетчер»  жүйесі  флоттың  дислокациясы  туралы  барлық 
ағымдағы  ақпараттың  автоматты  жиналуын  және  ЭЕМ  жадысына  енгізілуін, 
негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесетін тиісті құжаттың диспетчерге 
берілуін қарастырады. 
Осы  құжат  диспетчердің  орындалған  қозғалыс  кестесін  жүргізуіне  жол 
бермейді. Кез-келген уақытта флоттың дислокациясы туралы деректер банкінің 
және  тиісті  бағдарламалардың  болуы  жедел  жұмыстың  оңтайлы  жоспарларын 
әзірлеуге  және  қабылдауға,  сондай-ақ  кез-келген  белгіленген  мерзім  үшін 
бөлімшенің  іс-әрекетінің  қорытындысы  туралы  кейінгі  талдаулар  мен  есептер 
жасауға  мүмкіндік  береді.  Аталған  жүйеде  кемелерден  ақпаратты  автоматты 
алу әдісі (және аппаратурасы) ең күрделі болып табылатынын атап өткен жөн. 
Осыған  қатысты  қолданылған  талпыныстар  әзірге  табыс  әкелген  жоқ. 
Кемелерден ақпаратты сканерлеудің тиімді сенімді әдісін іздеу жалғасуда. 
Қазақстанның су көлігі 
Қазақстанның су көлігі жүктер мен жолаушыларды тасымалдайтын, өзен 
және  теңіз  порттарында  жүктерді  қайта  өңдейтін  өзен  көлігінің 
кәсіпорындарынан  тұрады.  Жүк  айналымының  көлемі  бойынша  су  көлігі 
үшінші орынды алады. 
Үкіметтің  қаулысымен  «Атырау  теңіз  сауда  порты»  (АТСП) 
республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны  құрылды.  Су  көлігінде  еркін  тарифтер 
қолданылады, бірақ сонымен бірге теңіз портына оған тараптар үшін қолайлы 
деңгейде клиенттерге өз қызметтерін бір мезгілде көрсету арқылы ұзақ мерзімді 
несиенің ойдағыдай өтелуіне мүмкіндік беретін тарифтер белгіленген. 
Ақтау  порты  Каспий  теңізінің  шығыс  жағалауында  орналасқан  және 
Қазақстан  Республикасының  әртүрлі  құрғақ  жүктер  мен  мұнай  және  мұнай 
өнімдерін  халықаралық  тасымалдауға  арналған  бірегей  теңіз  порты  болып 
табылады.  Жаңа  шеткі  өнеркәсіп  орталықтарының  құрылуы,  ұлттық  шеткі 
аймақтардың  экономикасы  мен  мәдениетін  көтеру,  сонымен  қатар  бұрынғы 
Кеңес  Одағы  елінің  қорғаныс  қабілетін  нығайту  мүдделері  тиісті  көлікпен 
қамтамасыз етуді, соның ішінде теңіз қатынасын қалыптастыруды талап етті. 
Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркәсібі мен мұнай кен орын дарының 
өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы Ақтау порты салынды. 
Кейінірек порт БН-350 атом электр бекетін, химия саласының зауыттары 
мен тікелей Ақтау қаласының өзінің құрылысын салуда маңызды рөл атқарды. 
Портты құру бас және қосалқы толқын тосқыларды және сонымен бір мезгілде 
төрт құрғақ жүк айлақтарын салудан басталды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай 
құю  айлақтары  мен  паром  кешені  салынды.  КСРО-да  Ақтау  порты  арқылы 
тасымалдардың  көп  бөлігі  мұнай  (80-жылдардың  басында  жылына  7  млн. 
тоннаға  дейін)  болатын,  құрғақ  жүк  тасымалдау  жылына  300  мың  тоннаға 
жетті.  Кеңестер  Одағының  тарауына байланысты  тасымалдар  көлемі  барынша 
қысқарды.  1995  жылы  Қазақстан  металын  қарқынды  экспорттауға  және 
«Теңізшевройл»  (ТШО)  бірлескен  кәсіпорны  өндіретін  мұнайды  теңіз  арқылы 
тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты тасымалдау көлемі өсе бастады. 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау