83
- есептік-аналитикалық міндеттерде кейін пайдалану және есептік
құжаттаманы қалыптастыру үшін, деректер базасына құбыржол жұмысы турлы
ақпаратты жинақтау және мұрағаттау;
- құбыржолда жылыстауды анықтау үшін деректер жинау.
Жүйе жабдықтың келесі типтерінен тұратын көп деңгейлі иерархиялық
құрылымға ие:
- сызықты нысандарда (БП) орнатылатын жабдық. Ақпаратты жинау мен
нақты уақыт режимінде тікелей басқаруға арналған басқару бекеті (БС) БП-ке
орнатылады.
- ДП-ке орнатылатын жабдық соңғы пайдаланушыларға құбыржолдың
жағдайы туралы ақпаратты беру, тасымалдау үрдістерін жедел басқару, сондай-
ақ алынған деректерді мұра ғаттау, аналитикалық өңдеу үшін, есептер мен
мәліметтер жасау үшін арналған.
- байланыс пункттерінде орнатылатын жабдық ДП пен БП арасындағы
сенімді байланыс арнасын қамтамасыз етеді, құбыржолдың КТ АБЖ тиімді
жүйесінің басты элементтерінің бірі болып табылады. Өткізгіш тізбек,
радиорелелік арна, УКВ радиоарнасы бойынша, радио Ethernet аппаратурасын
пайдалану арқылы байланыс орнатыла алады.
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ құбыржолдары бойынша сұйық және газ тәрізді
өнімдерді тасымалдаудың технологиялық үрдістерін автоматтандырылған
басқару жүйелері құбыржол көлігінің барлық технологиялық нысандарын
автоматтандыруға арналған және келесі шағын жүйелерден тұрады:
- ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ – құбыржол телемеханикасының жүйесі;
- ИСА-ОДБ – диспетчерлік пункттер мен орталық диспетчерлікті
автоматтандыру бойынша шешім жүйесі;
- ИСА-ЖАЖ – құбыржолдағы жылыстауды анықтау жүйесі.
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ топология мен созылыңқылыққа шек қоймай, кез-
келген сұйық, газ тәрізді және көп фазалық өнімдерді тасымалдайтын
құбыржолдарды автоматтандыру үшін аяқталған шешімнен тұрады.
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ құбыржол телемеханикасының жүйесі ақпаратты
жинауға, құбыржол бойынша өнімді тасымалдаудың технологиялық үрдісін
жедел басқаруға, есептік-аналитикалық міндеттер үшін кейін пайдалану
мақсатында деректер базасында құбыржолдың жұмысы туралы ақпаратты
жинақтауға, есептік құжаттаманы қалыптастыруға арналған.
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ мұнай құбыры диспетчерінің жұмыс орнынан
барлық құбыржолдың жұмысының келесі жұмыс режимдерінде бақылануын
және басқарылуын қамтамасыз етеді:
- жоспарлы іске қосу және тоқтату;
- тасымалдаудың стационарлық режимі;
- апатты тоқтату режимі.
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ ИСА-ОДБ базасында жүзеге асырылған орталық
диспетчерлік құбыржолмен тығыз ықпалдасқан және деректер мен ақпаратты
беру арналарын резервтеу мүмкіндігіне ие болады.
84
ИСА-ЖАЖ (жылыстауды анықтау жүйесі) бағдарламалық-техникалық
кешені сұйық және газ тәрізді өнімдерді тасымалдайтын қысымды
құбыржолдардың бітеулігін бақылауға арналған және келесі функциялардың
орындалуын қамтамасыз етеді:
- құбыржолдың бітеулігінің бүлінуін анықтау;
- жылыстаудың шамаланған көлемін есептеу;
- жылыстаудың шамаланған орнын есептеу;
- жылыстауды анықтау уақытын тіркеу.
«Элком+» компаниясы мұнай-газ саласы үшін технологиялық
нысандарды автоматтандырылған басқару жүйелерін салуға арналған типтік
шешімдерді ұсынады. Шешімдеріміз қауіпті өндірістерде жұмыс істеу үшін
сертификатталған жетекші өндірушілерден алынған тексерілген техникалық
және бағдарламалық құралдар негізінде жасалады, жоғары сенімділікпен
ерекшеленеді, технологиялық процестердің тиімділігін арттыру, диспетчерлік
бақылау мен басқарудың ақпараттылығын арттыру, экологиялық және
технологиялық тәуекелдерді төмендету үшін арналған.
Шешімдеріміз қолданыстағы салалық стандарттарға және басқарушы
құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
Мұнай-газ саласының нысандарының технологиялық процестерін
автоматтандырылған басқару жүйелері келесілерді қамтамасыз етеді:
- технологиялық жабдықтың жағдайы туралы ақпаратты қабылдау;
- технологиялық процестер параметрлерін мониторингілеу;
- бақыланатын параметрлердің апаттық және шекті мәндері
бойынша және қосалқы жүйелер тоқыраған кезде технологиялық жабдықты
автоматты қорғау;
-технологиялық процестерді дибекеттік басқару;
-технологиялық жабдық жұмысының белгіленген режимдерін және
жабдықты пайдаланудың нормативтік шарттарын басқару және қолдау;
-жабдықтың ол жұмыс істеген кезде және ауыстырып-қосу кезінде
тоқырауын анықтау;
-негізгі бақыланатын технологиялық параметрлер мен жабдықтың жағдайын
сипаттайтын параметрлерді бейнелеу және тіркеу;
-автоматика жүйесінің техникалық құралдарының жағдайын диагностикалау
және мониторингілеу;
-шектес жүйелермен өзара іс-қимыл жасау (деректер алмасу);
-есептер мен мәліметтерді қалыптастыру;
-технологиялық параметрлердің өзгеру тарихын, оқиғалар мен оператордың
әрекеттерін жүргізу.
Мұнай-газ саласының нысандарын автоматтандыру жүйелерінің
иерархиялық құрылымы бар және төменгі, ортаңғы және үстіңгі деңгейлер
сияқты үш деңгейден тұрады.
Жүйенің төменгі деңгейіне:
-өлшеудің бірінші құралдары және технологиялық параметрлер датчиктері;
85
-екінші аспаптар;
-орындаушылық механизмдер;
-жергілікті басқару және сигнализация аппаратурасы жатады.
Ортаңғы деңгейге Schneider Electric (Франция) компаниясының
Modicon (Quantum, Premium, M340) сериялы бағдарламаланатын логикалық
бақылаушылар (БЛБ) базасында салынған бақылау мен басқару шкафтары
жатады.
Автоматика жүйесін салу үшін пайдаланылатын бақылаушы типін таңдау
жүйе шешетін міндеттердің күрделігіне, сигналдардың санына, жүйеге
қойылатын талаптарға байланысты болады.
Modicon сериялы бақылаушылардың жұмыс бағдарламаларын жасау үшін
компанияның Unity Pro бағдарламалау ортасы пайдаланылады. Бағдарламалау
тілдері IEC 61131-3 стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Мұнай-газ саласының нысандарын автоматтандыру жүйелерін жүзеге
асырған кезде «Элком+» компаниясының артықшылықтарының арасынан бөліп
көрсетуге болады:
-автоматтандыру міндеттерін шешуге кешендік тәсілдің қолданылуын;
-КТ АБЖ жобалау, әзірлеу, монтаждау және баптау;
-жоғары тұрған немесе шектес диспетчерлік пункттерге КТАБЖ деректер
беру арналарын ұйымдастыру;
-Sсhneider Electric компаниясынен және Wonderware компаниясынан
жүйелік интегратор мәртебесіне ұшырағыш компания мамандарының жоғары
құзыреті.
7.5.
Автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйелер
«ДИСКОР»
«ДИСКОР» – ТҰАБЖ, ММИӨ, «Экспресс», және т.б. ке шендерін,
сонымен қатар бағдарламамен қамтамасыз ететін түрлі құралдарды өзара
байланыстыратын жүйе. Заманауи технологиялар («клиент-сервер» және
Intranet) негізінде «ДИСКОР» жүйесі жол қызметінің тиеу және түсіру,
жылжымалы құрам қызметі, вагон қабылдау және беру секілді негізгі
жұмыстары туралы мәліметтер алып тұруға мүмкіндік береді. Жүйенің
ақпаратқа мүмкіндігі құжат атауы және құрылу мерзімі бойынша шығу
кестелері түрінде келеді, сонымен қатар графикалық және аналитикалық
формада ретроспективті анализ жүргізуге мүмкіндік береді. «ДИСКОР»
клиенттік АЖО конфигурациясы мен орнату процесін жеңілдететін Web-
технологиялар негізінде қызмет көрсетеді. Əмбебап бағдарламалық
қамтамасыздандыру ретінде Web көру бағдарламалары (мысалы, MS Internet
Explorer) қолданылады. Бағдарламалық модульдер мен олардың күйге келтіру
қызметі серверде сақталады және тұтынушыларға нұсқаның автоматты түрде
жаңару өлшеміне сәйкес орналастырылады. Жүйе жаңа формаларды өңдеуге
және жаңа функционалды мүмкіндіктерді алуға қолайлы болып табылады.
Біріншісі клиенттік бағдарламалық жабдықтаудың оңтайлы күйге келтіруі мен
шығу формаларын арнайы өңдеуді қолдану арқылы, ал екіншісі өңдеушіге
Достарыңызбен бөлісу: |