71
Cognitive Technologies мамандары әзірлеген «Құжаттарды түсіну» шағын
жүйесінің көмегіарқылы орындалады. Оның көмегі арқылы ЕВФРАТ жүйесі
MSWord форматында жасалған, құжаттарды олардың мағыналық бөлігін бөліп
көрсете отырып, өз бетімен талдау мүмкіндігіне иеленеді. Осылай түсінілген
ақпарат құжат деректемелері түрінде жүйеге автоматты енгізіледі. Барлық
процеске кемінде 3 секунд жұмсалады, бұл деректерді қолмен енгізгенде
құжатты тіркеуге жұмсалатын уақыттан 15 есе аз. Қорыта келгенде,
«Құжаттарды түсіну» шағын жүйесі бизнес-процестер бір типті кіріс немесе
ішкі құжаттардың көп ағынының күнделікті өңделуінен тұрған жағдайларда
ғана таптырмайды. Санамаланған технологиялар кез-келген ұйымның типтік
бизнес-процестерінің
95%-ын,
соның
ішінде
жобаларды
басқару,
контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау, азаматтардың өтініш-хаттарын өңдеу,
шарттарды басқару процестерін, қаржылық құжат тармен жұмыс істеуді,
жобалық құжаттамамен жұмыс істеуді және т.б. автоматтандыруға мүмкіндік
береді.
22-сурет. «Құжаттарды түсіну» шағын жүйесінің көмегі
арқылы құжат мазмұнын автоматты талдау
7.3Теңіз және өзен көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері
Теңіз және өзен көлігі
Теңіз көлігі аймақаралық сыртқы сауда қатынастарының дамуына
айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігінің жұмыс істеуінің өзі кеме
қатынасының халықаралық ережелерінің белгіленуін, оның қорғалуын және
қауіпсіздігін қажет етті. Теңіз көлігі – теңіздер мен мұхиттармен бөлінген жер
шарының бөлігін қамтитын және біріктіретін әлемдік көлік жүйесінің маңызды
және ажыратылмайтын бөлігі. Оның өнімділігі көліктің басқа түрлеріне
қарағанда көбірек. Теңіз кемелерінің жүк көтергіштігі теміржол құрамдарының
мүмкіндігінен әсте басып озады. Көлік құралдарының өзінде жұмыс істейтін
72
адамдар саны аз. Нәтижесінде теңіз көлігінің жүктерді та сымалдауының
өзіндік құны ең төмен өзіндік құнның бірі болады және болып қала береді.
Теңіз көлігінің үлесін, қазіргі таңда, көліктің барлық түрінің 3/5-тен
артық жүк айналымы құрайды. Құбыржол көлігінің бәсекелестігіне қарамастан,
теңізбен тасымалданатын жүктердің санының және жалпы жүк айналымының
өсуі жалғасуда. Материалдық өндіріс саласында, әсіресе отынды және шикізат
тауарларының басқа түрлерін экспорттауда өндіру және жеткізуде жекелеген
елдердің ұлғайып келе жатқан мамандануымен себепші болған. Осы
тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылар арасындағы аумақтық
алшақтығы 8–10 мың км-ге жетеді.
Теңіз көлігінің техникалық базасын флот, порттар, кеме жөндейтін
зауыттар, жол шаруашылығы, радиобайланыс, электр- және радионавигация
құралдары құрайды.
Сауда флотының құрамы тасымалданатын жүктердің сипатына
байланысты әртүрлі типті кемелермен анықталады. Оларды басым бөлігі (2/3
дейін) – өндіретін (мұнай, кен, көмір), сондай-ақ қайта өңдейтін (мұнай
өнімдері, сұйытылған газдар, металдар) салалардың, ауыл шаруашылығының
(дән) көпшілік өнімдері.
Олардың әлемдік сауда флотының құрылымындағы рөлі қатты өзгеріске
ұшырағыш нарықтық экономикада жүкке деген сұранысқа тәуелді. Сонымен,
1950 жылы әлемдік сауда флотында су кемелерінің (танкерлердің) үлесі 41%,
1970 жылы арзан мұнайды өндіру мен тұтынудың қызған шағында – 55%, ал
1995 жылы барлық мұнай дағдарыстарынан кейін – 32% құраған.
Автомобильдер, компьютерлер, теледидарлар, радиоқабылдағыштар
сияқты ұзақ пайдаланылатын қымбат тұратын бұйымдардың ғана әлемдік
өндірісі 0,5 млрд данаға жетеді. Олардың едәуір бөлігін теңіз көлігінің негізгі
жүктерінің санаты құрайды. Осындай жүктердің санының өсімі оларды теңіз
көлігімен, сондай-ақ көліктің басқа түрімен тасымалдау үшін контейнерлердің
құрылуына себепші болған.
Осының барлығы көліктің әртүрлі түрімен, сондай-ақ теміржол көлігімен
контейнерлердің орнын ауыстыру бойынша «контейнерлік көпірлерді»
ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Теңіз және құрлықтағы контейнерлік
тасымалдау әрекеті жүктерді тасымалдаудың уақытын көбірек қысқартты.
Көліктегі осындай инновацияны «контейнерлік революция» ретінде бағалады.
Қазіргі кезде негізгі жүктерді жеткізу үшін кемелерге әлемнің теңіз сауда
флотының жалпы тоннажының шамамен 20%-ы келеді, олардың ішінде
контейнер тасығыш кемелердің үлесіне – шамамен 1/3 келеді. Сонда да, олар
40%-ға дейін құрайтын барлық осы жүктерді тасымалдайды.
Теңіз порттары халықаралық экономикалық байланыстарда өтеүлкен
міндеттерді орындайды. Олар арқылы нағыз көпшілік сыртқы сауда жүктерінің
басты ағындары, әсіресе отын мен кен өтеді. Теңіз көлігімен жүктерді
тасымалдау шағын каботажға, үлкен каботажға бөлінеді.
73
Шағын каботаж – бұл бір бассейннің немесе шектес бассейндер ішінде
орналасқан пункттер арасында кемелердің жүзуі. Үлкен каботаж –
континенттік құрлық пен халықаралық бейтарап сулармен бөлінген теңіз
порттарының арасында кемелердің жүзуі.
АБЖ КСРО Теңіз флоты министрлігінің аясында теңіз көлігін басқарудың
барлық деңгейіне арналған. «Теңізфлот» АБЖ функционалдық және өндірістік
шағын жүйелерінің байланыстарының жеңілдетілген сұлбасы 23 - суретте
көрсетілген. КСРО теңіз көлігі 1500-ден астам көлік кемесінен (жалпы тоннаж
13 млн.т жуық), ондаған ірі порттардан және кеме жөндейтін зауыттардан
тұрады. Теңіз көлігінің жүк айналымы Кеңес Одағының жалпы жүк
айналымында 17%-дан асты. Кеңестік кемелер 103 елдің мыңнан астам портына
барып отырды. Шетел порттарына кеңестік кемелердің баруының саны жылына
26 мыңнан асты. Халықаралық кеме қатынасында міндетті бірнеше миллион
құжат толтырылды. Кеңестік кемелерді жалдауға және шетелдік кемелерді
жалдауға мәмілелер ресімдеген кезде сыртқы сауда бірлестіктерімен, Сыртқы
көлік одағының кеңселерімен қарым-қатынас жасау нәтижесінде аумақты
ақпарат пайда болды. Ақпараттың үлкен ағыны каботаждық жүктерді
тасымалдаған, тікелей теміржол-су тасымалдауына теңіз көлігі қатысқан кезде
теміржол вагондарының порттарында және т.б. өңдеуге байланысты пайда
болады.
2
3-сурет. «Теңізфлот» АБЖ функционалдық және өндірістік шағын жүйелерінің
байланыстарының жеңіл детілген сұлбасы
Флоттың
жұмысын
ұйымдастырған
кезде
кемелерді
өңдеу
қарқындылығы, кеңестік кемелер баратын барлық шетелдік порттар бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |