Диаграммадағы АK түзуінің нүктелерімен анықталатын қауіпті кернеу:
XIII.08
XIII.09
мұндағы
XIII.10
Хэй диаграммасын қарапайым түрге келтіру үшін аққыштық шегін координата осьтеріне өлшеп салып алынған нүктелерді (Е, Д) түзу сызықпен қосады. Онан соң нөлден басталатын циклдің С нүктесі мен диаграмманың А нүктесі арқылы түзу жүргізіп пластикалық материалдардың шектік кернеулер сынық сызығын алады (АKD, ХІІІ.6-сурет).
Диаграмма бойынша, нүктелері қауіпті кернеулерге сәйкес келетін DЕ түзуі келесі теңдеумен өрнектеледі
XIII.11
ТӨЗІМДІЛІК ШЕГІНЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ФАКТОРЛАР
Материалдардың төзімділік шегі бірқатар факторларға тәуелді екенін жоғарыда айтып өттік. Енді сол факторлардың инженерлік практикада жиі кездесетін кейбір түрлерімен танысайық. Факторлардың әсерін бағалау үшін беттері жылтыр, ауамен қоршалған он шақты үлгілерді сынау арқылы анықталған симметриялық циклдің төзімділік шегі -1, эталон ретінде қабылданып, факторлардың әсері тиген үлгілердің симметриялық циклдегі төзімділік шегімен (-1,ш) салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |