Яғни, сыртқы күштің әсер ету сызығы мен бейтарап сызық өзара перпендикуляр. Әсер ету сызығы координата жүйесінің бас нүктесі арқылы өтетін кез келген күштің әсерінен мұндай арқалықтар жазық иіледі.
Сыртқы күш пен мүмкіндік кернеу белгілі болса, қиғаш иілген арқалықтың қима өлшемдерін беріктік шартынан келесі тәртіппен анықтайды: қиманың өлшемдері алдын ала белгілі деп қарастырылып қандайда бір мәндері (Х.04) теңсіздігіне енгізіледі.
Есептеліп анықталған теңсіздіктің сол жағы оң жағына қарағанда айтарлықтай кіші болса, қима өлшемдерін үлкейтіп, ал айтарлықтай үлкен болса кішірейтіп арқалықтың беріктігі қайта тексеріледі. Тексеру теңсіздіктің сол жағы мен оң жағының арасындағы айырым 4—5%-ке жуықтағанша қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |