Қолданылған әдебиеттер:
8.1.1 Назаров А.С. Фотограмметрия, -Мн.,2006
8.1.2 Обиралов А.И. Фотограмметрия и дистанционное зондирование –М.,2006
Дәріс № 4
Тақырыбы: Фотосхемалар: қолданылуы, құралуы және дәлдігі. Фотопландардың қолданылуы, құралуы және дәлдігі.
Мақсаттық қолданылуына байланысты фотопландар топографиялық және арнайы деп жіктеледі. Біріншісі топографиялық түсірілімге қатысты ережелер мен нұсқамаларға негізделген. Арнайы фотопландар ережеге сәйкес ведомаствалық нұсқамаларға сәйкес болуы керек. Графикалық планға қарағанда фотопландар үлкен көркемдікке ие. Сондықтан да мамандардың көбімен қолданылуда. Оларға горизантальдар да бейнеленеді. Нәтижесінде фотокарта пайда болады.
Дистанциондық барлап байқау материалдарының аэрофотограмметриялық өңдеу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері фот ографиялық түсірілімді және оптика-электронды сканерлік жүйелеріне әр түрлі болып келетін суреттердің геометриялық ерекшеліктерімен анықталады.
Аэрофотографиялық түсілім жүйесінің көмегімен алынған және суреттің орталық проекциясында көрсетілген материалдар кез келген аналогтық, аналитикалық немесе сандық стереоаэрофотограмметриялық аспапта өңделуі мүмкін. Бірақ, бұл жұмыстардың ұйымдастырылуы мен орындалу технологиясы келесідей жағдайларға сүйене отырып, жер бедерінің сфералылығын ескеру қажет.
Р суретінде m нүктесі сфералық бедер радиусында R М нүктесінің бейнесі болып табылады. Тікбұрышты координат жүйесінде планды құру және горизоталь жазықтыққа Е нүктелерді ортогональді жобалау кезінде М және К нүктелер арасындағы арақашықтық КМ=КоМо кесіндісіне сәйкес келеді, ал олардың белгілері - ККо=ММо=һ кесіндісіне. М және К нүктелері арасындағы арақашықтық KNM доға ұзындығына тең, ал олардың белгілері нольге тең, өлшем қателігі δs құрайды, планда және биіктігі бойынша δz,
δs =КNМ-КоМо және δz =ММо=ККо.
Бұл мәселені екі әдіспен шешуге болады:
(1) δk =mmо мүмкін орын ауыстырудан келе фотоға түсіру биіктігін SN шектеуге болады. Нәтижесінде бедердің сфералық болуының әсерінен формуламен есептеп табуға болады.
(2) өңделетін участогтің өлшемін мүмкін δs және δz қателерімен шектеуге болады.
Өңделетін участогтің өлшемін шектейтін фототрансформатор, кез келген аналогты, аналитикалық аспаптың немесе сандық АэроАэрофотограмметриялық жүйенің қолданылуы өте нақты болып табылады.
Өңделетін участогтің (орталық бұрыштар) бұрыштық өлшемін анықтайық:
φs<=3√(24 δs M/R) и φz<=√(8 δz/R),
Өңделетін участогтің диагональ өлшемін анықтайық:
Ss=3√(24 δs MR2) и Sz=√(8 δzR),
мұндағы, М-құрылатын карта масштабының бөлімі, R=6371 км.
δxy доп =0,3 мм және М=5000 Ss=113 км, М=10000 Ss=143 км, М=50000 Ss=296 км.
0,2м,0,5м,1,0м қателіктермен нүктелер биіктігін анықтау, тек қана 3,2 км,5,0км,7,1 км диагональдарымен мүмкін.
Монтаждың сапасын бақылауды нүктелер, кесімдер, қосындылар арқылы жүргізеді. Бақылаудан кейін фотопланда трапеция рамкасын, километрлік торды, тор пунктерін және рамкадан тыс безендіруді сызады. Практикалық тұрғыдан қолдану үшін қатты негізгі жапсырылған маттық фотоқағазда көшірмесін дайындайды.
Фотосхемаларды дайындау кезінде контактылы белгілерді картон немесе фанераға монтаждайды. Монтаждауды бастапқы бағыттар немесе контурлар бойынша орындайды.
Бірінші жағдайда фотосуреттерде орталық нүктелерді таңдайды да, солар арқылы әрбір тақ суретте бастапқы бағыттарды салады. Әрбір жұп суретте бойлық жабындылар ортасында бақылау нүктелерін таңдайды және соларға , сонымен қатар орталық нүктелерінде пуансонмен саңылаулар жасайды. Содан кейін тақтайға бірінші және екінші суретті орнатады, оларды бақылау нүктесі бойынша біріктіреді. Осындай жағдайда суреттерді қияды, қиындыларды алып тастайды, қалған бөліктерін негізге жапсырады. Осылайша қалған суреттерді монтаждайды.
Көпмаршрутты фотосхемаларды дайындау кезінде монтажды орташа маршруттың орташа суреттерінен бастайды және оны фотоға түсірілген бөліктің шекараларына дамытады.
Монтаж сапасын бақылау қиындылар бойынша орындайды. Фотосхема масштабын карта немесе геодезиялық тордың бейнеленген пункт координаталары бойынша анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |