Ұсынылатын әдебиет:
8.1.1 Назаров А.С. Фотограмметрия, -Мн.,2006
8.1.2 Обиралов А.И. Фотограмметрия и дистанционное зондирование –М.,2006
№ 7 дәріс
Тақырыбы : Сурет жұптарының өзара бағытталуы
Өзара бағытталудың элемент жүйелері, өзара бағытталу теңдеулері.
Сурет жұптарының өзара бағытталуының элементтері
Стереопара суреттерінің өзара бағытталуы - сәйкес сәуледе кез-келген пара қиылысатын, яғни модельдің құрылуы қамтамасыз етілетін жағдай. Суреттердің мұндай орналасуын анықтайтын шамалар өзара бағытталу элементтері деп аталады.
Практикада сәйкес сәулелердің қиылысу шарттарының орындалуы екі суреттің де бұрылуымен немесе бір суреттің қозғалыссыз қалпында екінші суреттің бұрылуы нәтижесінде жүзеге асырылады.осыған байланысты өзара бағытталу элементтерін екі жүйеге бөледі. Бірінші жүйеде қозғалыссыз сол жақ суреттің фотографиялау базисі және негізгі базистік жазықтық болады, ал екіншіде - сол сурет.
Элементтердің бірінші жүйесі. S1X1'Y1'Z1' координаталар жүйесінің басы – Р1 сол жақ суреттің S1 проекция центрінде. (1сурет). X1' осі фотографиялау базисімен біріктірілген, ал Z1' осі сол жақ суреттің негізгі базистік жазықтықта орнатылған. S2X2'Y2'Z2' координаталар жүйесі S1X1'Y1'Z1' координаталар жүйесіне параллель.
Өзара бағытталу элементтері болып мыналар табылады:
- Z1' осі және байланыстың негізгі сәулесі арасындағы сол жақ суреттің негізгі базистік жазықтығындағы бұрыш;
- y1 осі және жазықтығы арасындағы сол жақ суреттегі бұрыш;
- Z2' осі және сол жақ суреттің негізгі базистік жағына негізгі сәуленің проекция сы арасындағы сол жақ суреттің негізгі базистік жазықтығын орналасқан бұрыш;
- сол жақ суреттің негізгі базистік жазықтығына оң жақ байланыстың негізгі сәуле проекциясы арасындағы бұрыш.
- y2 осімен оң жақтағы сурет арасындағы және рет бойынша жазықтық .
Элементтердің екінші жүйесі. Кеңістік фотограметриялық координаттар жүйесінің басы болып S1 сол жақ сурет проекциясының центрі болып саналады. Бұл жүйенің координаттық өстері сол жақ суреттің сәйкесінше x1, y1 өстеріне параллель бағытталған. Ал өсі сол жақ байланыстың басты сәулесіне сәйкес келеді. координат жүйесі координат жүйесіне параллель.
Бағдарлаудың элементтері болып келесілер табылады:
- өсі мен жазықтығының базистік проекциясы арасындағы бұрыш ( немесе By бағдарлау элементі);
- жазықтығына қатысты S1S2 базисінің иілу бұрышы;
- өсімен және жазықтығының басты сәулесінің проекциясымен құрастырылған, суреттердің бойлық иілу бұрышы;
- жазықтығымен оң жақ байланыстың басты сәулесімен құрастырылған, суреттердің көлденең бұрылыс бұрышы;
- оң жақ суреттегі y2 өсімен рет бойынша жазықтығы арасындағы бұрыш, суреттердің бұрылыс бұрышы.
Бұдан, әрбір жүйе бағдарлаудың бес элементтерінен тұрады.
Қарастырылатын әдебиет:
8.1.1 Назаров А.С. Фотограмметрия, -Мн.,2006
8.1.2 Обиралов А.И. Фотограмметрия и дистанционное зондирование –М.,2006
№8 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |