1. ДӘРІС САБАҚТАРЫ
Дәріс – мақсаты берілген пәннің теорялық дәрістерін қарауда логикалық тұрақты формасы болып табылатын – оқу сабақ формасы.
№ 1 дәріс.
Тақырыбы: Кіріспе. Фотограмметрияға жалпы түсінік.
Фотограмметрия (Фото, гр. gramma — жазу және …метрия) — әр түрлі объектілердің фотосуреттегі кескіні бойынша олардың кеңістіктегі орналасу қалпын, пішінін, мөлшерін анықтау әдістерін зерттеумен айналысатын техникалық пән. Фотограмметрия өңдеулер үшін қажетті фотосуреттер арнаулы фотоаппараттардың көмегімен жер бетінде, ұшақтан, тікұшақтан, ғарыш кемесінен, т.б. түсіріледі. Жазық объектінің мөлшері мен конфигурациясын анықтау үшін жеке фотосуреттерді пайдалануға болады. Ол үшін суретте кескінделген объектінің кем дегенде үш нүктесінің (тірек нүктелері) координатасын білу қажет. Бұл жағдайда суретті оптик. немесе графиктік тәсілмен түрлендіруге және көлденең не тік координаталық жазықтықта түсірілген объектінің ортогонал проекциясына сәйкес келетін кескінді алуға болады. Объектінің әр түрлі нүктелерінің кеңістіктік орналасу қалпын анықтау үшін олардың әрқайсысы кеңістіктің әр түрлі нүктелерінен кем дегенде екі рет суретке түсіріледі. Бұл жағдайда екі суреттің де ішкі және сыртқы бағдарлау элементтерін не ішкі бағдарлау элементтері мен үш тірек нүктесінің кеңістіктік координаталарын білу қажет. Аэрофототүсірім кезінде қажетті тірек нүктелерін фотограмметрия тор (фототриангуляция) құру жолымен анықтауға болады. Фотограмметрия топография карталарды жасауда, орман ш-нда, геология іздеу жұмыстарында, архит. ескерткіштер мен ғимараттардың деформациясын зерттеу кезінде, жол оқиғаларын, мұздықтар қозғалысын, топырақ эрозиясын, теңіз толқуын, тау жыныстарының жатысын зерттегенде, т.б. кеңінен пайдаланылады.
Фотограмметрия пәні суретте түсірілген нысандарды сандық және сапалық сипаттамасын фотосуреттер арқылы зерттеледі.Нысанның сипаттамасы 1 фотосурет немесе бірін-бірі жауып тұратын стерео-пара алынады. Егер нысанды тек қана 1 ғана фотосурет арқылы зерттесе, онда ақпараттардың мұндай түрі фотограмметриялық деп аталады.Егер бір-бірін жауып тұратын 2 фотосурет арқылы зерттелсе, онда ол әдіс ктерофотографиялық деп аталыд. Қазіргі уақытта фотограмметриялық зерттеудің 3 бағыты бар:
Сурет арқылы жер бетінің картографиялау әдісі зерттеледі.
Ғылым мен техника тарапындағы қолданбалы, тапсырмалар шешімімен тығыз байланысты.
Жер нысандары жайлы ақпарат алу технологиясы даму үстінде.
Ай мен күн жүйесіндегі ғаламшарлар ғарыштық ұшатын ақпараттар арқылы зерттеледі.Фотограметриялық және стереофотограмметриялық әдістің негізгі артықшылықтары:
-преционды фотокамера арқылы түсірілетін нысандардың нәтижелерінің өте жоғары дәлдігі, ал өлшеулерді және есептеу процесін жеңілдетеді;
-нысандардың және оның жекелеген бөліктері туралы ақпаратты өте қысқа уақыт аралығында алуға мүмкіндік береді;
Нысанға түсіріс жасау біршама ара қашықтықты әдіс арқылы орындалатын жұмыс өте қауіпсіз жағдайда орындалады.
Қозғалмалы нысандар және аз уақыт аралығында өзгеріп отыратын нысандарды зерттеу мүмкіндігі.
Жоғарыда айтылған артықшылықтармен қатар бұл әдістің кемшіліктері де бар: кортографиялық суреттің сапасы ауа райы жағдайына байланысты және барлық технологиялық поцесстерді зерттеуге арналған геодезиялық –далалық жұмыстар үшін қолайсыз.
Қазіргі заманғы фотограмметрия техникалық ғылым ретінде физика математика циклдарымен тығыз байланысты, сонымен қатар радиоэлектроника, есептегіш техника, құрал құрастырумен тығыз байланысты. Сонымен қатар картографиямен органикалық түрде байланысты. Физиканың жетістіктерімен бірге әрі оптиканың жетілуі арқасында қазіргі заманғы лайық түсіруші және өңдеуші құралыд жасап шығарған. Электроника мен радиоэлектроника, есептегіш техника құрал құрастыру және ғарыштық геодезияның даму жетістіктері ұшақты жүргізумен ғарыш кемелерінің ұшуындағы автоматизациялық процестерге әсер етті.
Химияның арқасында ақ, қара және түрлі түсті фотоматериалдар легі қалыптасты. Ал, математика фотограметрия теориясын анықтауда , сондай-ақ тәжірибелік сабақтарды орындауда кеңінен қолданылады. Астронмия және геодезия саласындағы әдістер , топографиялық карталар мен пландарды жасауда және қолданбалы тақырыптарды шешуде қолданылады. План және карталардың фототүсірілімін әзірлецде және оларды рәсімдеуде картография саласындағы соңғы жетістіктеп пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |