«Архаикалық мәдениет адамзат мәдениетінің бастауы ретінде»



жүктеу 116,04 Kb.
Дата26.05.2018
өлшемі116,04 Kb.
#17821
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Философия және мәдениеттану» кафедрасы

«Архаикалық мәдениет адамзат мәдениетінің бастауы ретінде»

пәні бойынша

5В020400 Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған

ДӘРІС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

ФжМ кафедрасының аға оқытушысы

Жапекова Г.К.

Павлодар


Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты, сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:


Дәрістің негізгі сұрақтары


Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.








Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:



Дәрістің негізгі сұрақтары



Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау


Студенттің ескертпесі және оның оқытушыға сұраѓы.











Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.

Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.


Дәрістердің мазмұны.

1 Тақырып Кіріспе.

Көне дәуір мәдениетінің мазмұны тарихи мәдениеттанудың құрамдас бөлігі. Қауымдық құрлыс мәдениетінің жалғастырылып отырған талқылануының маңызды сатылары антропо- және социогенез, гоминидтер тулалы мәліметтердің жүйеленуі, рулық қоғамның қалыптасқан кезі, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың қатынастары.

Қауымдық құрлыс мәдениетінің танымдық маңызы. Алғашқы ұжымдасудың нақты түрлері мен құрлымы. Пәннің негізгі сипаттамасы: 1) антропо- және социогенез, 2) рулық қауымдық құрлыстың пайда болуы мен дамуы, 3) таптардың пайда болуы механизмдерін қарастыру болып табылады.

Ғылыми эволюцияшылдық және адамзат тарихының дамуы идеясы. Қауымдық құрлыстың шаруашылық және меншік қатынастары сипатына байланысты адамзат тарихының жабайылық, варварлық, өркениеттік бөліністері. Қауымдық құрлыс археологиясы мен палеоантропологиясы. Археологиялық материалдар негізінде К.Ю. Томпсеннің еңбектерінде тас, қола, темір ғасырларының бөлектенуі.

Көне дәуір мәдениетінің зерттеушілері Э.Б. Тайлор, К.Ю. Томсен, Й.Я. Ворсо, А. Катрфаж, А, Валлуа, В.П. Алексеев, П.П. Ефименко, Л.А. Файнберг, М.О. Косвен т.б.

Көне дәуір мәдениетін оқудың студенттердің мәдениеттанымдық білімін көтеру және оның дамуы сатыларының ерекшеліктерімен танысуының маңызы.


2 Тақырып Көне дәуір мәдениеті.Адам мен қоғамның пайда болуы.

Ежелгі адамдардың физикалық түр өзгерістері туралы. Мәдениеттің ежелгі түрлері. Антропогенез. Адамның жануарлар дүниесінен бөлектенуі. Ч. Дарвин, К. Фогт және Т. Гексли анықтаған адамның анатомиялық белгілері. Социологиялық атауына ие болған А. Катрфаж зерттеулері. Адамның қалыптасуын ми көлемімен байланыстырған А. Валлуа еңбектерінің мәні. Еңбек құрал жабдықтарының жасалуы. Адамның еңбек қызмет белгілеріне байланысты жануарлар дүниесінен бөлектенуі. Ежелгі дәуірлер тіршілік иелерінің қалдықтары, палеоантропология – табылған ағзалар қалдықтарының тіршілік белгілерін зерттеу. Тіке жүру. Еңбек үдерісіндегі қолдың орны.

Ч. Дарвин ашқан тірі ағзалар эволюциясы және табиғи сұрыпталу. Адам дамуында орын алған жыныстық сұрыптаумен бірге пайда болған психологиялық фактор. Ф. Энгельс көрсеткен ұжымдық еңбектің мәні, табиғи ортаны игеру, саналы еңбекке көшу. Қарапайым еңбек құралдарының жасалуы, алғашқы қоғамдық еңбек. Еңбек нәтижесінде адам табиғатының биологиялық жетілуі және қоғамның пайда болуы. Еңбек үдерісіндегі тілдің орны.

Алғашқы қауымдық тобыр. Адам тәрізді жануарлар тобырынан шынайы адам қоғамына өту. Тас құрал жабдықтар, отты пайдалану, тұрғын жайлар мен киімнің пайда болуы, жерле рәсімдері. Алғашқы тобырлардан сапалы айырмашылығы бар күрделі өмір куәліктері болған қоғамдық құрлымдар. Алғашқы тобырларда қорғану, шектеулі азық мүмкіндіктерімен сандық көбеюлердің түсіндірілуі. Тобырлар арасындағы бақталастық, ішкі антагонизмдер салдарларынан әрбір ұрпақ сайын жануарлар инстинктісінің баяу адамдық мінез құлыққа ауысуы.

Алғашқы қауымдық діндердің пайда болуының тарихи маңызы.

3 Тақырып Рулық, тайпалық қоғамның пайда болуы, дамуы.

Ру, тайпалардың пайда болуы. Алғашқы адамдардың ежелгі тұрақтары берік өндірістік, рулық, тайпалық ұжымдардың куәсі. Францияда табылған әр қайсысы 80 кв.м. болатын көп ошақты мустьерлік тұрақжай. Осы қоғам табиғатына сай аңшылар тұрағы деп жорамалданатын уақытша мекендердің табылуы. Мустье тұрғындарының ұйымдасқан берік ұжымы. Ф. Бурдьенің мустье тұрғындары арасында жыныс қатынастарын реттеген, бір жас айырмашылығынан екінші сатыға өту, ұзақ қысқа сақталған азықты бөлудің орын алуынан қоғамда ақсақалдардың болғанын деректеуі. Әлеуметтік құрлымның аңшылардан, әйелдер мен балалар, ақсақалдардан тұруы күрделі әлеуметтік қатынас белгісі.

Алғашқы қалыптасқан адамдардың дамыған рухани әлемдерін көрсететін өз өмірлерін ой елегінен өткізулері. Мустьелердің магиялық рәсімдері. Тайпалық қоғамның пайда болу кезі доғарғы палеолит, мезолит, неолит деп белгіленуі. Алғашқы тобырдан жоғарғы әлеуметтік қауымдастыққа өтудегі қандас туыстық, экзогамия, туыстық қатынастардың қалыптасуы.

Ру, тайпа түрлері. Аналар және әкелер жақтарынан есептелген рулық түрлер. Қоғам өмірінде жоғары бағаланған аналар туралы аңыздар.

Жер өңдеуге өту, үлкен ұжым болып біріккен отырықшылық. Аңшылық, егіншілік еңбек бөліністері арасындағы салыстырмалы айырмашылық. Еңбек бөліністері және оның қоғам өмірі салаларындағы салдарлары.

4 Тақырып Алғашқы қоғамдық құрлыстың ыдырауы жағдайлары мен алғы шарттары.

Тұрақты қосымша табыстың пайда болуы, алғашқы қауымдық құрлыстың ыдырауының маңызды алғы шарты. Б.д.д. ҮІІ – Ү мыңжылдықтардағы қоғамдық еңбек бөлінісі. Егін, мал шаруашылықтарының адамзат дамуына жол ашуы. Өндіргіш күштердің дамуы. Шаруашылықтардың тұрақтылығы, өмір сүру деңгейінің көтерілуі, демографиялық өсім, әлеуметтік құрлымның күрделенуі, психологиялық алға басудың жүзеге асуы. Металл өңдеу ісінің еңбек бөлінісіне қатысы.

Зат алмасудың пайда болуы, дамуының маңызы. Тауар өндірісі, қалыпты қосымша табыстың пайда болуы. Артық өндірілген тағам өнімдері мен алғашқы өндірілген тауарлар: еңбек құралдары, әшекей заттары т.б. Зат алмасу өлшемі, алғашқы қарапайым ақшалар.

Еңбек бөліністері. Кез келген зат алмасу еңбек бөлінісінің жемісі. Еңбек бөлінісінің басты үш сатысы: аңшылар мен жинаушылар тобынан малшы тайпалардың бөлектенуі, егін шаруашылығынан қол өнерінің және қол өнерінен сауданың бөлектенуі.

Жеке меншіктің пайда болуы. Аналық туыстықтан әкелер жағынан өлшенетін туыстық қатынастардың пайда болуы. Қоғам өмірінде ерлердің алатын орнының артуы. Алғашқы қауымдық құрлыстың жеке от бастарына жіктелуі, бөлектенуі. Меншіктің нығаюы, туыстық қатынастар, тәртіп пен мұрагерлік. Әкелер жағынан есептелген туыстық байланыстардың негізгі белгілері.

5 Тақырып Мәдениет туралы ғылым

Мәдениет пен өркениет ұғымдарының байланысы. Әр түрлі адамзат қауымдастығының негізінде жатқан құбылыстар. Әрбір әлеуметтік ортаның өткеннің жемісі және болашақтың қалыптасуына атқаратын белгілі ролі. Адамзат тарихы табиғат тарихының бөлігі және оған біздің ойымыздың үйлесуі. Метафизиктер мен дін иелерінің адамзат табиғатына деген көзқарастары. Мәдениет дамуын зеттеудегі жабайы тайпалар мен өркениет деңгейіне жеткен халықтар салыстырылымы.

Өркениет зерттеулеріндегі бірінші қадам оны құрамдас бөліктерге бөлу, топтау. Әр түрлі елдердегі мәдениет дамуы және оның жеке елдерге таралуы.

Мәдениет дамуындағы ескіік қалдықтары. Соқыр сенімдер. Прогресс және регресс.



6 Тақырып Мәдениет дамуы

Этнографтар еңбектеріне сүйеніп өркениет белгілерінің жалпы деңгейлерін тұрғызу. Фактілер салыстырмалары. Бүтіндей қоғамдарда, жалпы ұйымдасуларда жалпы жетілуге, адамның жеткілікті тұрмысы, құлықтылық дамуына жағдайлардың пайда болуы.

Өркениеттердің теориялық анықтамалары. Материалдық және рухани мәдениеттердің алғы шарттарының пайда болуы. Табиғаттың физикалық заңдарымен таныстық. Адам мақсатына табиғатты бағындырудың алғы шарттарының пайда болуы, жеткілікті тұрмысқа ұмтылу талпыныстары.

Рухани және көркем өнер мәдениеттері салыстырмасы. Саяси өмір дамуларының әр түрлі түсіндірмелері. Адам өмірінің жоғарғы және төменгі қабаттарындағы мәдениет түсініктерінің салыстырмасы.



7 Тақырып Мәдениеттегі қалдықтар

Мәдениеттегі өткен дәуірлер қалдықтары және соқыр сенімдер. Ежелгі мақал мәтелдер. Салт – дәстүрлер қалдықтары. Тұрғын жай салу кезіндегі құрбандықтар шалу рәсімдері.

Құпия білімдер. Дамыған елдердің өз дамуында кеш қалған халықтарға таңатын магиялық күштері. Болжаулар, белгі берулер, түстердің жорылуы. Жабайылардың мәдени өміріндегі сиқырлаулар. Әр түрлі дәуірлерде сиқырлаудың жаңғырулары және онымен күрестің жолдары.

Спиритизм. Қағатын және жазатын рухтар. Ауаға көтеру. Мәдениеттегі қалдықтарды зерттеулердің практикалық мәні.


8 Тақырып Аңыздар

Адам ойындағы аңыздық әңгімелердің тәжірибеден туындауы. Аңыздардың ақиқаттығы туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы. Аңыздардың тарихқа айналуы. Ежелгі және қазіргі заман халықтары аңыздарын зерттеулердің жолға қойылуының мәні.

Мифтік алғашқы бастаулар. Табиғаттың жандылығы туралы ежелгі ілімдер. Күн, ай, жұлдыздар және т.б. табиғат құбылыстары туралы аңыздардың пайда болуы мен түсіндірмелері. Аспан мен жер жалпыға ортақ өмірлік бастаудың негізі. Жел мен дауыл. Найзағай, жер сілкіністері.

Тілдің аңыздар пайда болуындағы ролі. Аңыздық ойдан шығарулар парасат дамуының белгісі. Ойдан шығарулар мен фантазия.

Философиялық аңыздар. Адам мен маймыл туыстығы, адасуларға негізделген аңыздар. Тарихи тұлғаларға байланысты туындаған аңыздар мәні

9 Тақырып Алғашқы қауым діндері

Қарапайым қауымдастықтың діни түсініктері. Рухни жан иелері туралы ілімдер, анимизм. Табиғи дін ерекшеліктері, жан және басқа рухтар туралы ілімдер. Жанның көптүрлілігі. Жан өмірдің бастапқы себебі. Заттық жан туралы түсініктер. Жануарлар мен өсімдіктер жаны.

Фетишизм. Қандай да бір заттарды құрастыратын рухтар фетиші. Тастар мен ағаш, жануарларды қадір тұту. Идолдарға сиыну. Барлық заттық әлемге ену мүмкіндігі бар рухтар. Суды қстерлеу, құдық, бұлақ, өзен, көлдер рухы. Жан жануарларды қастерлеу.

Тотемизм. Жыландар культі.

Көп құдайға сенушілік. Аспан, жауын, найзағай, жел, жер, су, от т.б. құдайлары. Адамдар өмірі мен табиғатты бағындыратын құдайлар.
10 Тақырып Діни рәсімдер мен дәстүрлер

Діни дәстүрлердің практикалық мәні. Сиынулар. Құрбандық шалу. Құрбандық рәсімдерінде айтылатын сиынулар. Құрбандыққа балаларды беру.

Діндегі құрбандық қалдықтарының қазіргі заманғы қалдықтары. Қоғам дамуындағы діни парыздар.

11 Тақырып Мораль архаикалық мәдениет өзегі ретінде

Мәдениеттегі моралдың орны мен орны. Мораль әлеуметтік мінез-құлық тәртібінің реттеушісі ретінде. Табу жүйесі. Табыну обьектісі.

12 Тақырып Ғұрып әлеуметтені негізі ретінде.

Ғұрып түсінігі. «Мифология», «миф» и «ғұрып» көп түрлі түсінігі. Ғұрып әлеуметтену негізі ретінде. Архаикалық кезеңнің дәстүрлік-ғұрыптық әрекеттеріАдам өмірінің ғұрыптану себептері неде? Миф пен ғұрып алғашқысының мәселелері.


13 Тақырып Өнер адамзаттың бастау таңында

Өнердің пайда болу теориясы. Алғашқы қауымдық өнердің негізгі аспектілері: мифологиялық, тәжіибелік, ойындық. Синкретизм архаика өнері. Палеолит кезеңінің бейнелеу іс-әрекетінің кезеңдері. Петроглифтер – жазу негізі.


14 Тақырып Алғашқы адам сөз мен тілі

Мәдениет тілі түсінігі. Мәдениет кодтары. Тілдің қалыптасуы. Сана, тіл, сөйлесу. Семиотика и герменевтика –осы мәселені зерттейтін ғылым. Таңба және символ. Болмыстың сенсибельдік және интеллигибельдік жоспары. Символикалық құрылымдардың қалыптасу үрдісі.


15 Тақырып Архаикалық мәдениет тарихи маңызы

Адамзат тарихындағы архаикалық мәдениеттің мәні. Тарихи қабылдағыштық. Мәдениеттің ақпараттық моделі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Кондрашов А. Легенды и мифы Древней Греции и Рима: энциклопедический словарь, М.:РИПОЛ классик,2005.-764 с.

  2. Федорова, Е. В. Мифы и реальность Древней Греции. М.: Изд- во Моск. ун-та: Наука, 2005.-288 с.

  3. Мифология: құрылымы мен рәмiздерi. Алматы:Жазушы, 2005.-567 б

  4. Подосинов А. В. Ориентация по странам света в архаических культурах Евразии. М. :Языки рус.культуры,1999.-718с.

Қосымша:

  1. История Древнего мира: Древняя Греция. А.Н.Бадак [и др.]. Минск: Харвест; М.: АСТ, 2000. - 799с.

  2. Михайлов А.В. Языки культуры:Учеб.пособие по культурологии. М.:"Языки русской культуры", 1997

  3. Древние цивилизации. М., 1989.

  4. Дюмезиль Ж. Верховные боги индоевропейцев. М., 1986.

  5. Немировский А.И. Мифы и легенды Древнего Востока. М., 1994.



жүктеу 116,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау