Радиоэлектроника



жүктеу 1,9 Mb.
бет1/15
Дата11.12.2017
өлшемі1,9 Mb.
#4012
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

Жаратылыстану және математика факультетінің деканы Карагойшин Ж.М. «__»__________ 2009ж.

Жаратылыстану- математикалық факультеті
Физика, математика және информатика кафедрасы

«050110 - физика»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде қашықтан оқитын

4124 курс студенттеріне арналған


Радиоэлектроника

____________________________________________________

(пәннің атауы)



пәнінің оқу әдістемелік кешені

_____________________________________________________

Курс – ІІ

Семестр – 3

Кредит саны - 3

Дәріс - 30 сағат

Зертханалық сабақ - 15 сағат

ОЖСӨЖ - 45 сағат

СӨЖ - 45 сағат

Емтихан - 4 семестрде

Барлығы - 135 сағат
Орал-2009 жыл

1. Пәннің оқу әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде дайындалып енгізілген типтік оқу бағдарламасы, Алматы, 2004ж.

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырушылар: оқытушы Искалиева А.У.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Физика, математика және информатика кафедрасының отырысында қарастырылды.

“____” ________________2009 ж. № ___хаттама.

Кафедра меңгерушісі___________ Жусупкалиева Ғ.Қ.

(қолы) (аты-жөні)

Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова
_____________ факультет оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

“ __“ _________ 200 ж. № хаттама


_________________факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы



(аты-жөні) (қолы )




1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Радиоэлектроника



Кіріспе. Радиоэлектрониканың міндеттері. Радиоэлектроника мен микроэлектрониканың даму және жетілу тарихы туралы түсініктер. Радиоэлектрондық құралдардың элементтік базасы және микроэлектрони-каның бүгінгі жетістігі.

Радиотехникалық тізбектер мен сигналдар.

Тербелмелі тізбектер. Еркін тербелістер, еркін тербелістердің өшуі. Тізбекті және параллель контурдағы еріксіз тербелістер. Резонанстық құбылыстар. Контурлардың амплитудалық жиіліктік және фазалық жиіліктік сипаттамалары,негізгі көрсеткіштері және қолданылуы. Өзара байланысқан контурлар. Контур-ларды үйлестіру. Сигналдар. Детерминантты және кездейсоқ сигналдар. Сигналдардың спектрлік жіктелуі. Сигналдың спектрін тасымалдау. Тасымалдаушы тербелістер. Модуляция. Амплитудалық, жиіліктік, және фазалық модуляция. Импульстық модуляция. Модуляцияланған тербеліс-терді өндіру және детектірлеу. Модуляцияланған тербелістердің спектрі және қолданылуы.



Шала өткізгіш приборлардың физикалық негіздері. Шала өткізгіш материалдар қасиеттері. Меншікті және қоспалы шала өткізгіштер. Шала өткізгіштердің зоналық теориясы. Электрондық кемтіктік өткізгіштік.

Шала өткізгіш диодтар. Биполярлы және униполярлы транзистор. Транзис-торлардың қосылу схемалары, сипаттамалары және дифференциалдық көрсеткіштері. Көп эмиттерлі транзисторлар.



Тиристорлар. Шала өткізгіш приборлардың арнайы түрлері. Оптоэлектрон-ды приборлар.Шала өткізгіш приборлардың қолданылуы және таңбалануы.

Интегралды микросұлбалардың құрылу және жұмыс істеу принциптері. Интегралдық микроэлектроникада қолданылатын құбылыс-тар мен процестер. Микроэлектрондық құрылымдарды жасаудың физика-лық бастаулары. Шала өткізгіш. Дубара(гибрид) және үлдірлі микросұлба-лар. Үлкен интегралды микросұлбалар. Интеграциялану дәрежесі жоғары микросұлбалар. Микросұлбалардың жүйелері мен қатарлары. Микросұлба-лардың сапасы мен сенімділігі. Микросұлбалардың қолдану аясы мен таңбалануы.

Аналогты микроэлектроника. Күшейткіштер элементінің бөлінуі, не-гізгі бастамалары мен көрсеткіштері. Транзистордың күшейткіш элементі ретінде қолданылуы. Биполярлы және униполярлы транзистордың күшейт-кіш екі кері байланыс күшейткішін жұмыс режимін стабилизациялау. Транзисторды тесілуден қорғау. Операциялық күшейткіштер. Инвентір-леуіш және инвертірлемеуші күшейткіштер. Дифференциалдық күшейт-кіштер. Күшейткіштердің қолданылуы.

Сызықты емес электронды құрылымдар. Гармоникалық тербеліс-тердің генераторлары. LC- генераторлардың құрылу принциптері. Өздігі-нен қозатын генераторлар. Оң кері байланыс. Генераторлардың қозу шарттары мен режимдері. RC-генераторлар. Генераторлардың операция-лық күшейткіштерімен құрылуы. Генераторлардың тербеліс жиілігін ста-билизациялау. Сыртттан қоздырылатын генераторлар. Генераторлардың қолданылуы.

Импульстық құрылымдар.Импульстық сигналдардың физикалық табиғаты, түрлері. Көрсеткіштері мен сипаттамалары. Импульстық құрылымдардың сызықтық элементтері. Сызықтық тізбектердегі өткінші процестер. Ақпарат, ақпарттың мөлшері. Сигналдардың мағлұматтық құны және құрылымдық сипаттары.сигнал мен ақпараттың өзара байланысы. Цифрлық сигналдар.Цифрлық сигналдардың қолдану аясы. Импульстық құрылғылардың түрлері, Мультивибратор, бірлік вибратор, блокинг-генератор. Импульстық генераторлардың операциялық күшейткіштермен және энергияны жинақтаушы элементтермен құрылуы. Сызықты түрде өзгеретін процестердің генераторы. Генераторлардың қолданылуы.

Цифрлы микроэлектроника. Импульстық құрылымдардың кілттік режимдері.санақ жүйелері. Санақ жүйелерінен бір түрінен екінші түріне ауысу. Логикалық функциялар. Цифрлық құрылымдардың элементтері. Комбинациялық логика. Импульстық генераторлардың логикалық элементтермен құрылуы. Компараторлар, селекторлар. Жадылық элементтер. Триггерлер, санауыштар, регисторлар. Комбинациялық құрама тізбектер. Кодты түрлендіргіштер. Аналогты-цифрлық және цифрлы- аналогты түрлендіргіштер. Жадылық құрылғылар. Оперативті жадылық құрылғылар. Тұрақты жадылық құрылғы. Программаланатын жадылық құрылғы.

Радиоэлектрондық құрылғыларды қоректендіру көздері. Түзеткіштер. Құрылу принциптері. Электрлік фильтрлер. Түзеткіштердің негізгі көрсеткіштері мен сипаттамалары.түзетілген кернеуді стабилизациялау. Импульстық қоректендіру көздері. Интегралдық микроэлектрониканың импульстық электр қоректендіру көздерін басқаруға қолданылуы.

Электрониканың даму перспективалары мен жаңа салалары.

Радио хабарын тарату және қабылдау. Теледидарласу жүйелері. Радио байланыстың цифрлық жүйелері. Ұтқыр байланыстың негіздері. Микроэ-лектрониканың потенциалдық мүмкіншіліктері мен жаңа бағыттары. Функциональдық микроэлектроника. Оптоэлектроника. Опто талшықтық байланыс. Диэлектрлік электроника. Криоэлектроника. Радиоэлектроника жетістіктерінің адамзат тіршілігі үшін маңызы. Қорытынды.



2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

2.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Оқытушының аты–жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны т.б:

Оқытушы Искалиева А.У.

Офис: кафедра атауы: “Физика және математика”.

Жұмыс мекен-жайы: Достық - Дружба даңғылы,162, каб. 307.

Жұмыс телефоны: 51 – 49 – 34.
2.2 Пән туралы мәлімет
Физика, Радиоэлектроника.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі :

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(2 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3

(1зертханалық жұмыс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 3


Өту орны: № 1 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Зертханалық жұмыс

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

3

6

3

30

15

45

45

135

емтихан


2.2 Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат:



“Радиоэлектроника ” курсы “Физика” мамандығы бойынша оқитын студенттерге бірнеше мақсатпен беріледі. Біріншіден бұл курс физиканың, химияның қазіргі заманғы жетістіктеріне сүйенеді. Мысалы, шала өткізгіш материалдар және шала өткізгіш аспаптар- сондай жетістіктер болып табылады. Екіншіден, радиоэлектроника курсы техниканың алдыңғы шебіндегі саласымен таныстыру үшін маңызды. Үшіншіден, болашақ оқытушы маманға радиоэлектрондық аспаптармен жұмыс істеу қажеттігін естен шығармаған дұрыс. Курстың құрамында - дәрістер, зертханалық сабақтар жүргізіледі. Курсты меңгеруде студенттің өзіндік жұмысының маңызы жоғары.

Курс мақсаты: жоғарғы оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін дайындау үшін оқытушыға қажетті радиоэлектрондық аспаптардың құры-лысы мен қызметінің негізгі принциптерімен, электрондық сұлбалармен таныстырып, қолданылу облыстарын көрсету.

Курс мәселелері:

Шала өткізгіш аспаптарын және оларда болып тұрған процестерді зерттеу. Радиотехникалық аспаптар мен сұлбалардың негізгі түрлерімен, олардың параметрлерімен және сипаттамаларымен таныстыру.



Пререквизиттер: Радиоэлектроника курсын зерттеуге қажетті пәндер:

мектеп курсындағы физика, алгебра және геометрия, информатика пәндері.



Постреквизиттер: Радиоэлектроника курсында үйренетін білім, дағдылары қажет болатын арнайы пәндер.

Оқыту әдістемесі: Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен зертханалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.


Сабақ мазмұны мен кестесі.

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: КІРІСПЕ.

Дәрістің мазмұны:

1.Радиоэлектроника пәні не зерттейді?

2.Радиотехника мен электрониканың пайда болуы және дамуы


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау