Мазмұны
|
Жалпы мәліметтері
|
|
|
Студенттер оқуының әдістемелік кепілдеме тәртіптері
|
|
|
Курстың формат және саясаты
|
|
|
Баға қою саясаты
|
|
|
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
|
|
|
СӨЖМ және СӨЖ мазмұны
|
|
|
Пәнінің оқу процессінің күнтізбелік графигі
|
|
ГЛОССАРИЙ
Ақшалық мультипликатор – 1 долларға ақша базасының өлуімен байланысты ақша сұранымының артуы.
Ақша массасы –шаруашылық айналымға қызмет ететін және тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке жататын, айналымға шығарылған барлық металл және қағаз ақшалардың көлемі.
Авуарлар –төлемдер мен міндеттерді өтеуге мүлкін болатын кең мағынадағы активтер (ақша қаражаттар, чектер, вексельдер, аударымдар, аккредитивтер). Сөздің тар мағынасында - өтіледі активтер.
Аккредитив – банк импортерімен шығарылатын басқа банк экспорттерға
( немесе келісімде анықталған өзге де тұлғаға) белгіленген талаптарды орындауыннан кейін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті болатын, қаржылық құжат.
Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация;
Айқын басым көпшілік – акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
Айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;
Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам;
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;
Акциялардың бақылау пакеті – акционерлік қоғамның жарғысында көзделетін және акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;
Акцияның нақтылы құны – құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталды қалыптастыруға қатысатын және акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында белгіленген акция құнының ақшалай көрінісі;
Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;
Акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам;
Айырбастау пункттерi - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргiзiлетiн арнайы жабдықталған
Әлеуметтік жеке код – азаматқа, сондай –ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
Бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға белгiленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған iс-әрекеттерi;
Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
Бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы;
Басқарушы компания - инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензия негiзiнде инвестициялық қор активтерiн сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн бағалы қағаздар рыногында лицензия негiзiнде не заң актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын және акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет iстейтiн (трансфер-агенттi қоспағанда) заңды тұлға;
Бастапқы бағалы қағаздар рыногы - эмитенттiң бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебiнен белгілi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiн тiркеу;
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесi - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
Банк – ақша қаражаттар мен қорларды жинайтын, несиелік ресурстарды ұсынатын, сондай-ақ өзара байланысты төлемдерде және мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да тұлғалар арасындағы есеп айырысуда делдалдық қызметті жүзеге асыратын, ақшалай ресурстар мен бағалы қағаздар эмиссиясын, алтынмен операцияларды және басқа функцияларды іске асыратын, қаржылық мекеме.
Банктік операциялар – ақша қаражаттар тарту мен орналастыру, қарыз беру, клиенттерге есептік қызмет көрсету және олардың басқа да талаптарын орындау бойынша банктердің операциялары.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
Бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат;
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат;
Валюталық операциялар: валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жiберу және аудару;
Валюталық шарт - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келiсiм, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізiнде және (немесе) оларды орындау үшiн валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар;
Дауыс беретін акциялар – акционерлік қоғамның осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы беріліп, орналастырылған жай және артықшылықты акциялары;
Делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
Депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
Депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;
Депозитке салу - орталық депозитарийдiң депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарын есепке алуы;
Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
Дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
Диверсификация – зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
Дивиденд – акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
Екі жақты сақтандыру - белгілі бір қауіп-қатердің екі сақтандырушыға саќтандыру. Мұнда саќтандырушылардың объекті саќтандырған сома қосындысы оның алғашқы саќтандыру құнынан асып түседі. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай жағдайда ер саќтандырушы саќтандыру келісімінде өз үлестерінің көлеміндей жауап береді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан республикасының заңдарына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметті белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты белгіленетін төлемнің мөлшері;
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты және осы заңға белгіленген төлемнің мөлшері;
Жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
Жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
Жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
Жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт кезiндегi құқықтарын растайтын құжат;
Жүктерді сақтандыру - жүк саќтандырудың негізгі шарттары — ќауіп-қатердің барлық түрлеріне жауапкершілігі. Саќтандырудың бұл түрінде жалпы апат шығындарының, шеккен зияндыќтардың, төленген жарналардың, сонымен ќатар ќандай себептерден болса да саќтандырылған мүліктің, заттың бүліну, жоғалу, толық апатқа ұшырауының орны толтырылады. Саќтандырылмайтын ќауіп-ќатерлерге: соғыс қаупі, тікелей не жанама радиация әсері, саќтанушының салаќтығы мен арам ниетті істері, жүктің ескеруге жатпайтын ерекше қасиеттері мен жүкті тасу өзгешеліктеріне байланысты басқа да ќауіп-қатерлер жатады. Міндетке алынған қауіп-қатерлерден тыс қалғандары екі жаќтық келісім бойынша қосымша сыйлық-төлем арқылы саќтандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсіипұлды және шарттарға, осе Заңға қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзгеде түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны – жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасының мемлекттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индекісіне үйлестірілген нақты құны;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдералумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);
Зейнетақылық аннуитетшарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтандырушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым -
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдерімен аударымдарын; сондай – ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамассыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
Зейнетақы төлемдері :орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай – күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара – бар түрде жүзеге асыратын ақма қаражатын төлеу;
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
Зейнетақы – Орталықтан, жинаушы зейнетқы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
Зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – орталықтан зейнетақы тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерн алуға құқығы бар жеке адам;
Инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту;
Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi;
Инвестициялық кіріс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
Жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда қазақстан республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзгеде түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы- бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi өз атынан, клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
инвестициялық қордың активтерi - акционерлiк инвестициялық қорға тиесiлi немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
Инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, инвестициялық қор активтерiне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеудi, қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
Инвестициялық шешiм - инвестициялық қордың активтерiн басқару процесiнде қабылданатын оның активтерiмен мәмiле жасасу туралы шешiм;
Инвестициялық кiрiс - инвестициялық қор активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған олардың ақшалай көрiнiсiндегi өсiмi;
Инвестициялық қор - заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры;
Инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
Инвестициялық пай қорының ережесi - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын құжат;
Инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені;
Инфрақұрылымдық облигация — эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объектінің құнының сомасына сәйкес жасалған инфракұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;
Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны - инвестициялық қордың барлық активтерiнiң құны мен оның инвестициялық қор активтерi есебiнен төленуге жататын мiндеттемелерi не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалатын инвестициялық қор активтерi құнының ақшалай көрiнiсі;
Кастодиондық шарт – кастодион банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
Коммерциялық кредиттер - тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тiкелей жүзеге асырылатын экспорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе импорт бойынша алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);
Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялары - қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-акционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары;
Қазақстанның қордың инвестициялық қызметi - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі;
Казақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi және осы мақсатта Қазақстан Республикасының қаржы рыногында және (немесе) халықаралық қаржы рыногында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
Қаржы құралы - қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi;
Қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдары куәландыратын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
Қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебi;
аржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
Қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Қарыз.Несие.- ақша немесе тауар түріндегі қарыз, яғни ақшаны немесе тауарларды пайыз төлеімен қарызға беру (қайтарылу талабымен уақытша қолдану); несие беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынасты білдіреді. Банктік, коммерциялық, мемлекеттік, тұтынушылық сияқты болады.
Қоғамның аффицирленген тұлғасы – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) акционерлік қоғам қабылдайтын шешімге, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілген өкілеттіліктер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай – ақ өзіне қатысты акционерлік қоғамның осындай құқығы бар кез келген тұлға;
Коносамент – бұл су жолымен тасымалданатын, жүктерді жөнелтушіге тасымалдаушымен берілетін көлік құжаты, ол жүктерді тасымалдауға қабылдануын дәлелдейді және тасымалдаушының жүкті қабылдаушыға жүкті беруді міндетін арттырады.
Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтi пайдаланушы немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
Клиринг - өзара талаптар мен міндеттерді есептеуге негізделген қор биржасындағы контрагенттер арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі.
Клирингтік талаптар. Есеп айырысу палаталары – биржалық операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын, оларды тіркейтін, сондай-ақ олардың орындалуына гарант болатын ұйым.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар;
Құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
Левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы;
Листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу, оған енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;
Лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
Мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
Мәміле паспорты - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейтетақы шоты бар жеке тұлға;
Міндетті зейнетақы жарналары – осы заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;
Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы – салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері,
Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесi - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының уақыттың белгiлi бiр кезiнде оларды бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды ұстаушылар мен оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтер бар, нақтылы ұстау қызметiн көрсететiн есеп беру жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Облигация – нақты пайыз төленетін қарыз міндеттемесі, ол мемлеке пен корпорациялардың қор нағында қаржы ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі.
Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
Өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған заңды тұлға;
Оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу;
Орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бастапқы бағалы қағаздар рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
Орналастырылған акциялар – акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;
Орналастыру бағасы- акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы.
Опцион – белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін опционда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады;
Орталық депозитарий - негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
Пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алу арқылы инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шартын бұзу;
Пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға;
Әртараптандыру - инвестициялық қор активтерiн олардың құнының төмендеу қаупiн азайту мақсатында түрлi қаржы құралдарына және өзге мүлiкке орналастыру;
Пайдың нақтылы құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезiндегi пай құнының ақшалай көрiнiсi;
Пай- инвестициялық пай қорындағы оның иесiнiң үлесiн, инвестициялық пай қоры жұмыс iстеуiн тоқтатқан кезде оның активтерiн өткiзуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
Пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiн қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңi;
Пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрiнiсi;
Пруденциялдық норматив – жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамассыз ету үшін Қазақстан республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;
Рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сан және әрiп көрсеткiшi;
Сатып алу сомасы – зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
Сенiмгерлiк басқару шарты - осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес ақшаны сенiмгерлiк басқаруға беру туралы басқарушы компанияның акционерлiк инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасайтын инвестициялық қор активтерiн құрайтын инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарт;
Сақтық қорғау-бұл сақтандыру объектісіне тигізетін шығындарды төзу немесе өтеу әсерінен қатынасты әртараптандыру жиынтығы.
Сақтандыру мүддесі- бұл мүдделі тұлғалардың сақтандыруда қатысу экономикалық қажеттілігі.
Сақтандырушы-бұл (әрқашан сақтандыру компаниясы) ұсынылған немесе келісілген сақтандыру шартымен сәйкес сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырылушыға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру шығындарын өтеуге міндетті заңды тұлға. Сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтанушы- бұл сақтандыру объектісінде мүддесі бар, өзінің мүддесін қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру сомасын төлейтін, сақтандырушымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандырылған – бұл жеке тұлға өмір, денсаулық, еңбек қабілеті, жеке сақтандыру бойынша ол қорғау объектісі болып табылады, бір уақытта сақтанушы да болса алады, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін төлейтін болса.
Сақтандыру агенті - берiлген өкiлеттiгiне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру брокерi - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттiң тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру объектісі – бұл сақтандыруға жататын материалдық құндылықтар, өмір, денсаулық, жауапкершілік.
Сақтандыру заты- бұл нақты сақтандыру объектісі.
Сақтандыру сыйлығы - саќтандыру келісімінде көрсетілген қауіп-қатерге душар болған жағдайдағы шығын көлемін саќтанушыға, не оның мұрагеріне төлеуді өз міндетіне алғаны үшін сақтандырушыға сақтанушыныњ төлейтін ақысы, беретін сыйлығы,
Сақтандыру актісі - саќтандыру төлемін төлеуге негіз болатын кауіп пайда болғанда мемлекеттік сақтандыру орындарының тексерушілері жасайтын құжат.
Сақтандыру жарнасы - 1)сақтандырылған мүлікке келтірілген шығынның орнын толтыруға мүмкіндік туғызуға, не болмаса саќтанушының өмірінде белгілі бір оқиға пайда болғанда, мысалы, т±раќты немесе уақытша ж±мысқа жарамсыздыќтан саќтандыру мақсатында төленетін сома.
Сақтандыру полисі (франц. police, итал. polizza - рас-писка, квитанция — қол жазба, түбіртек) — жеке адамға, не мекемеге саќтандыру шартының жағдайын көрсетіп сақтандыру орнының бсретін құжаты. Сақтандыру полисінде сақтандырылған объектер, саќтандыру сомасы мен төленетін жарнасы, сонымен ќатар саќтандырудың негізгі міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сақтандыру оқиғасы - бола қойған жағдайда заңға немесе шартќа сәйкес саќтандырушының саќтандыру сомасын төлеуге міндеттілігі.
Сақтандыру қоры - төтенше қолайсыз, дүлей апат, сөтсіз оқиғалар болған кезде қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірісті, оның ішінде жұмыс күшін қалпына келтіруді ќамтамасыз етуге арналған материалдық (мүлік) заттық және ақшалай қаражат қоры.
Сақтаңдырушы — шартта келісілген саќтандыру ќатерлерінен пайда болған шығындардың орнын толтыру үшін белгілі бір төлемге міндет алған қоғамның заңды ќ±ќығы бар мекеме.
Сақтандыру компаниялары, серіктестіктері - сақтандырушы қызметін атқаратын, яғни сақтанушыға сақтандыру оқиғалары (ќауіп-ќатерлер) пайда болған жағдайда шығынын өтеуге міндеттеме алған мекемелер.
Сақтандыру тәуекелдері - апатты, қауіпті, қатерлі, күтпеген кездейсоқ жағдайлар. Мұндай жағдайлар кездесе қалғанда жағдайда саќтанушының саќтандырылған сомасының орнын толтыруды, яғни шығынын өтеуді саќтандырушы өз міндетіне алады. Күтілген оқиғалар емес, кездесуі ыќтимал қауіп-қатерлер ғана саќтандырынады. Ќауіп-қатердің саќтандыру түрлері саќтандыру келісіміңде нақты көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру жауапкершілігі – бұл нақты келісім шартпен қарастырылған сақтанушының мүддесін қорғау бойынша сақтандырушының құқықтары мен мүдделерінің жиынтығы.
Сақтандырушының жауапкершілік лимиті-бұл сақтандыру шартыннан шығатын және сақтандыру полисінде көрсетілетін сақтандырушының максималды мүмкін жауапкершілігі.
Сақтандыру төлемін немесе сақтандыру сомасын алушы-бұл сақтандыру шарты бойынша сәйкес ақша қаражаттарды алуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға
Сақтандыру полисі- сақтандырушымен берілетін және сақтандыру келісім шартын растайтын құжат, ол келісілген келісімнің шарттарын қамтиді
Сақтандырудың ережелері-бұл сақтандыру келісім шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын сақтандыру шарттары, сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайлары мен ерекшеліктерінің тізімдері, олардың негізінде сақтандырушы, көбінесе, жауапкершіліктен (форс-мажорлық деп аталатын дағдайлар) босатылады.
Сақтандыру бағасы- бұл сақтандыру шартын келісу мақсатында сақтандыру объектісінің белгілі бір құны.
Сақтық қамсыздандыру- бұл сақтандыруға қабылданған мүлікке қатысты бойынша сақтандыру бағасының деңгейі.
Сақтандыру сомасы-бұл мүлік, өмір, денсаулық сақтандырылған ақша қаражаттардың сомасы.
Сақтандыру тарифі – бұл сақтандыру сомасы бірлігінен рубльде анықталған төлем немесе сақтандыру қорын қалыптастыру үшін қызмет ететін сақтандыру сомасы жиынтығынан пайыздық ставка.
Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандырушыға зиян келтіру бойынша өзіне міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушы төлейтін сақтандыру төлемінің сомасы
Сақтандыру мерзімі –бұл сақтандыру объектісі сақтандырылған аралығындағы уақыт кезеңі.
Сақтандыру өрісі –сақтандыруға мүлкін болатын объектілердің максималды саны.
Сақтандыру портфелі (1)- бұл сақтандырылған объектілердің немесе сақтандырушы ісінде құжатпен айқындалған сақтандыру келісімдер қадамдарының мөлшері
Сақтандыру медицинасы - сақтандыру қорынан халыққа дәрігерлік қызмет көрсетудің бір түрі. Саќтандыру қоры бюджеттік ќаржыдан, кесіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың жарнасынан ќ±ралады. Сонымен ќатар өндірісте ж±мыс атқаруға қолайсыз жағдайлар салдарынан, кауіпсіз технология, техникамен ќамтамасыз етілмегендіктен жұмыскерлер мен қызметкерлердің зардап шегуіне, денсаулығынан айырылуына себепкер болған кәсіпорындардан алынған ақшалай айыптар да медициналық (дәрігерлік) қорға түседі.
Сақтандыру портфелі (2) – бұл белгілі бір кезеңде сақтандырушы қабылдаған сақтандыру тәуекелдерінің жиынтығы.
Сақтандыру жасы-бұл азаматтардың сақтандыруға қабылданатын немесе ауыл шаруашылық сақтандыруға алынатын шекті көрсететін жастық топтар
Сақтандыру жағдайы- бұл сақтандыру шартымен айқындалған оқиға немесе оқиғалар жиынтығы, олардың туындауымен заң күшімен немесе әрекеттегі сақтандыру келісімімен сақтандырушы зиянды өтеу бойынша өзінің міндеттерін жүзеге асыруға міндетті
Сақтық зиян- бұл толықтай апатқа ұшырағанның немесе сақтандыру бағасы бойынша сақтандыру мүлігі бөлігінің құнсызданған құны.
Сақтандыру төлемі- бұл сақтандыру қорынан төленген сома, мүліктік сақтандыру мен азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы зиянды өтеу. Сақтандыру келісім шартында негізделген сақтандыру сомасына тең немесе төмен болуы мүмкін.
Сақтық шағым – бұл сақтандыру шартымен қарастырылған кездейсоқтықтың нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының құндылығына байланысты сақтандырушымен сақтандырушыға ұсынатын талабы.
Сақтандыру қоры-бұл сақтандырушы қаражаттарын ақшаланған қоры.
Сақтық агенттер – олар клиенттермен сақтандыру келісімдерін жасайтын сақтандыру компанияларының қызметкерлері болып табылады “А” классының агенттері мен субагенттері болады.
Сақтық брокерлер (маклер) – олар клиенттердің запасы бойынша жұмыс жасайды және де оларға барлық қажетті талаптарға жауап беретін сақтандыру компанияларын іздейді және зиянның пайда болуы кезінде клиенттердің мүддесін көздеп, сақтандырушымен келіссөз жүргізеді.
Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандыру қызметінің бағасы, мәні қаржылық тәуекелдің сандарын төмендетулерге және сақтандыру жағдайы туынданған кезде сақтандыру төлемін төлеу міндеттілігінде
Сақтық тариф- бұл базаға сыйлықақы мөлшерінің қатынасы.
Своп – белгілі бір кезең аралығындағы белгіленген талаптарға қаржылық құралдарды айырбастау бойынша екі жақтың келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз.
Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;
Сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары - өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий және уәкiлеттi аудитор;
Сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
Сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы;
Сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмi - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберуге рұқсат етiлген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жасалған тiзiмi;
Сауда жүйесi - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және сол сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмiлелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
Своп - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын туынды бағалы қағаз;
Туынды қаржы құралдары - құны базалық активтiң құнынан бөлек бағалануы мүмкін және мәмiлелердiң дербес объектісi бола алатын қаржы құралдары;
Тiкелей инвестициялар - заңды тұлғаның акцияларын (қатысушылардың салымдарын) төлеуге зияткерлiк шығармашылық қызметтiң нәтижесіне құқықтарды қоса алғанда, ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды және өзге де мүлiктi салу, соның нәтижесiнде осындай салымдарды жүзеге асыратын тұлғаға осы заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп проценті (қатысушылар даусының жалпы санының он және одан да көп процентi) тиесілi болады;
Төлемеушілік тәукелдікті сақтандыру - осы күні сыртқы сауда да тауарды несиеге беру орын алып отыр. Несиені мерзімінде қайыруды қамтамасыз ету мақсатымен экспортерлер (шетелге тауар шығарушылар) көпшілік жағдайда төлемеушілік тәуекелін сақтандырады. Саќтандырудың мұндай түрімен жеке меншік акционерлік қоғамдар айналыспайды, әдетте мемлекеггік, не болмаса мемлекеттік акцияны бақылау пакеті бар мекемелер жүргізеді.
Тәуелсіз директор – сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның сол акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның немесе ұйымдардың – сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес; сол акционерлік қоғамның аудиторы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; сол акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі;
Трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногының өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;
Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
Төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Төлем тапсырмасы – ақшаны төлеуі мен аударуды іске асыру тәсілі, ол жіберушінің алушы – банкке бейнефициар пайдасына нұсқауда көрсетілген ақша сомасын аудару туралы нұсқауды ұсынуын қарастырады.
Тiркеушi - бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргізудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Уәкілетті орган – бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы;
орындар;
Уәкiлетті ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметiнiң ерекше түрі шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;
Ұйым - акцияларында инвестициялар жүзеге асырылатын акционерлік қоғам, сондай-ақ жарғылық капиталдарына Қор қатысатын, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған шетелдік заңды тұлғалар;
Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық код;
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы;
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы;
Фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.
Шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрліктерi;
Шетелдiк банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер мен өзге де қаржы институттары;
Шетелге шығарылатын несиелерді сақтандыру — экспортерлердің (шетелге тауар шығарушылардың) мүлдесін қорғау мақсатында қолданылады. Саќтандыруды мемлекеттік жєне жеке меншік мекемелер жүргізеді. Мемлекет сауда қауіп-қатерліктерімен ќатар саяси ќатерлікті де мойнына алады. Мемлекеттің саяси қатерлік шығынын төлеуі несие сомасының 90 пайзынан асады, ал басқадай қатерліктердің шығындарын өтеу 80-90 пайыз шамасында болады.
пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
Шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
Шығару құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, нақтылы құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
Ірі акционер – бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп (халықтық қоғамда-бес және одан да көп) проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер;
Хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мәмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезiндегi тәуекелдерден қорғау;
Экспорт (импорт) - резиденттiң резидент емеске (резидент еместiң резидентке) тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі.
Электрондық мониторинг - ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беретін ұйымды басқару мониторингінің нысаны.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлер мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар;
Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау;
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған iс-әрекетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жай-күйi, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат;
Эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердiң эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған бiрлестiгi;
Эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
1.ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Оқытушы туралы және пән бойынша жалпы мәліметтер
Оқытушының аты-жөні – Токсеитова Асель Сембаевна
Ассистенттің аты-жөні – Токсеитова Асель Сембаевна
Кафедра – Қаржы;
Байланыс ақпараттары – тел: 53-03-16, оқу ғимараты № 8, кабинет № 229;
Пәннің атауы – «Қаржы нарығы және делдалдары»;
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
1.2.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме Кесте 1
Курс |
Семестр
|
Дәріс
(сағат)
|
СПС (сағат)
|
Барлығы (сағат)
|
Қорытынды бақылау формасы
|
3
|
5
|
30
|
15
|
|
емтихан
|
1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
Қазipгi каржы нарыктарының кызмет eтyі және әртүрлі каржы институттарының кызметі. Осы берілгендер қазіргі кезеңде Қазакстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады. Қаржы нарығындағы жас мамандар санының жетіспеушілігі Республикадағы каржы нарығының әсіресе, қор нарығының дамымауының негізгі факторы болып табылады.
1.4 Курстың мақсаты:
Пәннің мақсаты болып студенттерді негізгі курс бөлімдерімен таныстыру және қаржы нарығы және делдалдары саласындағы ғылыми - практикалық білімді беру.
Қaзipгi каржы нарықтарындағы операцияларды тиімді басқару бойынша білімді жәее әдістерді тыңдаушылардың терең ұғынуы берілгсн курстың мақсаты болып табылады. Курс бағдарламасында қарастырылатын көптсгсн сурақтарды толық ұғыну экономикалық тсориямсн халықаралык, экономикалық катынастар жалпы курстары бойынша студенттер толық білімі болуын талап етсді.
- қаржылық-несиелік қызмет көрсету аясындағы кәсіби білімді беру;
- ақша және несие жүйесінің әрекет ету негізінің, халықаралық несиелік есеп айырысу мен валюталық қатынастардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктерінің теориялық аспектілері бойынша жиынтық білімді кешенді түрде көрсетуге бағытталған.
- пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;
- барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.
1.5. Мамандыққа қатысты қолданылатын курс міндеттемелері:
әртурлі қаржы институттарын және олардың ұсынатын қызметтерін баға белгілеу әдістерін, оларды басқару стильдсрін, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарындағы қызмет ету стратегияларын оқу;
әр турлі елдердің қаржы институттарының қызметтерін оқу;
Қазақстандағы қаржы нарықтарының қызмет ету етуінің ерекшсліктерін ашу;
каржы делдалдарын, каржы нарықтарындағы кәсіби қатысушылардың қызметін оқу және талдау;
қаржы институттарының /делдалдар/ мүмкін болатын тәускслдерді бағалау және олардың зардаптарын темендету жолдарын анықтау.
1.6 Курстың мазмұны:
Курс былай құралған, яғни мұнда әpбip қаржы институты екі аспектіде қарастырылады: менеджердің көзкарасымен және тұтынушыға деген кызмет көрсету көзкарасымсн.
Курс бойынша семинар сабақтарын өткізу уақытында әр тақырып бойынша есептер және ситуациялық сұрақтар шешіледі.
Есептерді шешумен қатар студенттергс он минуттық бip ғылыми баяндамаға дайындық ұсынылады және осы баяндамамен олар жазбаша реферат түрінде жазып шығады. Баяндамаға негізі талаптар: жасалған тақырып бойынша теориялық мағұлматтардың мазмұның ашу, көзқарастардың және пікірлердің аргументациясы, студенттердің ұсыныстары, мазмұндаманың қысқа болуымен нақтылығы.
Ең өзекті тақырыптар бойынша баяндама дамытылады, толыктырылады және ғылыми конференцияға ұсынылады.
Семинар сабақтары дискуссиялық негізде болады: әр сұрақтар бойынша әр түрлі балама көзқарастар айтылады, қосымша мағлұматтар ұсынылады. Осылай студснттср арасында шығармашылық атмосфера құрылады, ал бұл мұғалімге әр студенттің білімін тексеруге көмектеседі.
Өткен материалды түсіну деңгейін анықтау үшін екі семестраралық бакылау өткізіледі. Практика сабақтарында кейстік тапсырмаларды орындау және семинар сабақтарында теориялық жағдайларды белсенді талқылау тыңдаушыларға қаржы нарықтарында тиімді жұмыс істей білуді және қажетті мағлуматтарды біліп алуға көмектеседі.
«Қаржы нарығы және делдалдары» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.
1.7. Курстың прекреквизиторы қаржы, ақша, несие, банктер
1.8. Курстың постреквизиторы бағалы қағаздар нарығы, банк ісі.
2. СТУДЕНТТЕР ОҚУЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕПІЛДЕМЕ ТӘРТІПТЕРІ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасын негізгі курс сұрақтарын қамтиды. Онда ұйымдардың негіздері және қаржы орталығының мазмұны, шетел мемлекеттерінің қаржы функциялары берілген.
Аудиторлық дәріс курсы студент білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.
Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.
Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.
Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.
Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және студенттердің үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.
Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердің өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.
СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Қаржы нарығы және делдалдары» курсы бойынша қашықтан білім беру технология студенттерімен СӨЖ реферат түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген ревераттың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.
Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, KZ Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.
Рефератқа қысқаша жоспар құру керек. Рефератты орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.
3.ФОРМАТ ЖӘНЕ КУРС САЯСАТЫ
Қатысу - студент дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы керек. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда меңгермеген мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.
Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып, белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.
Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабаққа қатыспаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады.
Тапсырмаларды дайындамау: 0 балл, кешіктіріліп тапсырылған жұмыстарды балдары кемітіледі.
Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсыруымен, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруімен бағаланып, межелік бақылаудың қорытындысы ескеріліп шығарылады. Семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.
Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттенрдің дайын жұмыстарын көшіріп алу) үшін аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойына «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Емтихан – «Қаржы нарығы және делдалдары» курсы бойынша қорытынды емтиханды емтиханға босатылған барлық студенттер тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде тыйым салынады.
«Қаржы нарығы және делдалдары» курсының барысы
2 кесте
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Аудиториялық сабақтардың нысаны
|
ОСӨЖ нысаны
|
СӨЖ нысаны
|
1.
|
Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас бөлікгері
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
2.
|
Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
3.
|
Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшелктері
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
4.
|
Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
5.
|
Валюта нарығы және валюталық операциялар
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс,
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
6.
|
Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
7.
|
Сақтандыру нарығы
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
8.
|
Зейнетақы нарығы
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
9.
|
Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
10.
|
Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы кызметі
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
11.
|
Зейнетақы нарығындағы қаржылық институттар
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
12.
|
Инвестициялық компаниялар және қорлар
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
13.
|
Сактандыру компаниялары және қорлары
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
14.
|
Арнайы мамандандырылған қаржылық - несиелік институттар
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
15.
|
Қор биржасы, оның құрамы мен қызметгері
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
16.
|
Қазакстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
17.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
18
|
Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттің қызметі
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
19
|
Өзін-өзі реттеу ұйымдары
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
20
|
Әлемдік қаржы нарығынң дамуы және қалыптасуы
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
21
|
Халықаралық бағалы қағаздар нарығы.
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
22
|
Әлемдік валюта нарығы
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
23
|
Шет елдердегі зейнетақы жүйесі
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
24
|
Дамыған жәнс дамушы елдердің қаржы нарықтары
|
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу
|
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу
|
Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру
|
4. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Пән бойынша амтихан бағасы 100%-ды құрайтын модульдер, қорытынды бақылау ( 60%) максималды көрсеткіштердің көлемі ретінде анықталады.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
P
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
P
|
Дәріс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30
|
|
|
|
|
|
|
|
30
|
ПС
|
5
|
10
|
20
|
20
|
20
|
20
|
20
|
25
|
140
|
5
|
10
|
25
|
25
|
25
|
25
|
25
|
140
|
СОӨЖ
|
0
|
0
|
10
|
10
|
20
|
10
|
20
|
20
|
90
|
0
|
10
|
10
|
10
|
20
|
20
|
20
|
90
|
СӨЖ
|
0
|
0
|
0
|
10
|
10
|
10
|
10
|
0
|
40
|
0
|
0
|
10
|
10
|
10
|
10
|
0
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
300
|
|
|
|
|
|
|
|
300
|
5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
5 кесте - Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
№
|
Тақырып аты және мазмұны
|
Дәріс
|
СПС
|
1
|
Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас бөлікгері
|
2
|
1
|
2
|
Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
|
1
|
0,5
|
3
|
Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшелктері
|
1
|
0,5
|
4
|
Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
|
2
|
1
|
5
|
Валюта нарығы және валюталық операциялар
|
2
|
1
|
6
|
Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы
|
2
|
1
|
7
|
Сақтандыру нарығы
|
1
|
0,5
|
8
|
Зейнетақы нарығы
|
1
|
0,5
|
9
|
Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар
|
1
|
0,5
|
10
|
Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы кызметі
|
1
|
0,5
|
11
|
Зейнетақы нарығындағы қаржылық институттар
|
2
|
1
|
12
|
Инвестициялық компаниялар және қорлар
|
1
|
0,5
|
13
|
Сактандыру компаниялары және қорлары
|
1
|
0,5
|
14
|
Арнайы мамандандырылған қаржылық - несиелік институттар
|
1
|
0,5
|
15
|
Қор биржасы, оның құрамы мен қызметгері
|
1
|
0,5
|
16
|
Қазакстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі
|
1
|
0,5
|
17
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
|
1
|
0,5
|
18
|
Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттің қызметі
|
1
|
0,5
|
19
|
Өзін-өзі реттеу ұйымдары
|
1
|
0,5
|
20
|
Әлемдік қаржы нарығынң дамуы және қалыптасуы
|
2
|
1
|
21
|
Халықаралық бағалы қағаздар нарығы.
|
1
|
0,5
|
22
|
Әлемдік валюта нарығы
|
1
|
0,5
|
23
|
Шет елдердегі зейнетақы жүйесі
|
1
|
0,5
|
24
|
Дамыған жәнс дамушы елдердің қаржы нарықтары
|
1
|
0,5
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
6. ОСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ МАЗМҰНЫ
6.1.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмысының тақырыптары
Қаржы рыногының инфрақұрылымы
Қазақстандағы ақша нарығының анықтамасы қазіргі жағдайы
Аккредитивтер төлем құралы ретінде
Пластикалық карталардың даму перспективалары
Қазақстандағы валюталық режимнің либерализациясы: проблемалары, тенденциялары, перспективалары
ҚР –ғы валюталық нарықтың генезисі және эвалюциясы
Қазақстанның валюталық саясаты: жағымды тенденциялары және қарама-қайшылықтары.
Валюталық нарық: тарихы және қазіргі жағдайы, даму перспективалары
Қазақстанда валюталық дағдарыстың пайда болу мүмкіндігіне талдау
Азиаттық қаржылық - экономикалық дағдарыстың салдары
Әлемдік несие қаржы жүйесінің концептуалды дағдарысы және оның тұрақты қызметтерінің методологиялық алғы-шарттары
Алтын валюта резервттері құрамындағы алтынның және басқа да бағалы металдардың рөлі
Әлемдік алтын нарығы.
Алтын стандарттының классикалық жүйесі
Қазақстандағы алтын метал нарығы
Әлемдік алтын нарығында Қазақстан Республикасының перспективалары
Қазақстан әлемдік алтын нарығындағы
Қазіргі кездегі ҚР бағалы қағаздар нарығына талдау
Қазақстандық қор нарығының биржалық айналымына талдау
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы: қалыптасу мәселелері мен даму перспективалары
ҚР туынды бағалы қағаздарды реттеудің заңдылық тәжірибесі
Әлемдік қаржы нарығының құралдары және олардың даму перспективалары
ҚР қазіргі кездегі сақтандыру нарығына талдау
ҚР сақтандыру компанияларының қызметіне талдау
Отандық коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтеріне талдау
Қазақстанда коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операцияларына талдау
Қазақстандық қаржы нарығында коммерциялық банктердің қызмет ету проблемалары оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасында инвестициялық компаниялар мен қорлар қызметінің талдауы
Қазақстан Республикасында зейнетақы қоры қызметіне талдау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметіне талдау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметіне талдау
Қазіргі кездегі ҚР зейнетақы нарығының қызмет ету мәселелері мен оларды шешу жолдары
Қаржылық институттар қызметіне мемлекеттік қаржылық реттеу мен бақылауды жетілдіру.
Қаржылық дағдарыста, қаржылық реформаларды жүргізу себептері
Қазақстан Республикасында өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметіне талдау.
6.2 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
Тегінің бірінші әрпі
|
СӨЖ1
|
СӨЖ2
|
СӨЖ3
|
СӨЖ4
|
А Ә Б В Г Ғ
|
1.Қаржы нарығының құрылымы 2.Депозиттік сертификаттардың маңызы
3.Қазақстан Республикасында несие нарығының дамуы проблемалары
|
1.Бағалы қағаздардың пайда болу тарихи халықаралық және оталдық тәжірибеде
2.Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
3.Зейнет ақы төлемдер бойынша мемлекеттік орталығы, оның зейнет ақы нарығындағы ролі мен міндеттері
|
1.Аквизициондық қызмет және сақтандыру делдалы
2.Қазақстандағы ломбардар қызметін таладу
3.ҚР ҰБ лицензиялық қызметі
|
1.ҚР коммерциялық банктерінің ассоциациасы
2.Әлемдік валюталық жүйесіндегі ҚР ролі
3.Еурокоммерциялық ақшалар. Әлем елдерінде облигацияларының шығарылуы мен айналымның ерекшеліктері
|
Д Е Ж З И К
|
1.Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері 2.Қазақстандық қорлар халық салымының кепілдігі
3.Валюталық операциялар, түрлері және оларға мінездеме
|
1.Қор биржасының дүние жүзілік қаржы валюталық жүйесінің қызметтері, тәжірибеде бірте-бірте өрістеуі
2.Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау
3.Инвестициялық компаниялар және қорлардың қызметтері олардың айырмашылықтары
|
1.Сақтандыру брокері мен маклерінің функциялары
2.Қазақстандық қор биржасында торг жүргізудін негізгі әдістері
3.Сақтандыру қызметін қадағалау мен реттеудің ерекшеліктері
|
1.ҚР – ның қаржыгерлер ассоцияциясы
2.Валютаны сату формалары қаржы несиелік институттар
3.Әлемдік қаржы несиелік институттар
|
Қ Л М Н О Ө
|
1.Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас бөліктері
2.ҚР аккредивтердің түрлері
3.Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
|
1.ҚР бағалы қағаздар нарығының заңдық құрамы
Қазақстан 2.Республикасындағы зейнетақы жүйесін жетілдіру
3.Инвестициялау стратегиясы. Бағалы қағаздар портфелінің аусуы
|
1.Сақтандыру кәсіпорындарының пруденциалдық нормативтері
2.Брокер-диллерлік компаниялары олардың 3.Қазақстандық қор нарығынгдағы ролі. Маклер. Трейдер. Маркет-мейкерлер
|
1.ҚР – да өзін - өзі реттеу ұйымдарының қызметін талдау
2.Шетелдік облигациялары. Еурооблигациялар
3.FOREX нарығы
|
П Р С Т У Ұ
|
1.Вексельдің шығу тарихы
2.Қазақстан Республикасында депозит нарығының дамуы проблемалары
3.Инфляция және валюталық курс
|
1.Тәуелсіз Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму этаптары
2.Банктік тәуекелдіктердің мәні және олардың пайда болу себептері
3.Инвестициялық компанияның капиталының құрылуы және қорының мемлекетаралық өзгешіліктері
|
1.Сақтандыру компанияларын зейнетақымен қамтамасыз ету негіздері
2.Нарықтың кәсіби қатысушылардың лицензиялау тәртібі
3.Қаржылық институттар қызметін қадағалау және мемлекеттік қаржылық реттеуді жаңарту
|
1.Дамыған және дамушы елдердің қаржылық нарықтары
2.Еуроакциялар. Еуродепозиттік сертификаттар
3.Франция елінің зейнет ақы жүйесі
|
Ү Ф Х Ц Ч Ш
|
1.ҚР вексельдің түрлері
Қазақстан 2.Республикасында несие нарығы ерекшеліктері
3.Валюталық тәуекел. Валюталық тәукелді басқару әдістері
|
1.Сақтандыру нарығының дамытудың негізгі аспектілері
2.Коммерциялық банктердің қаржылық қызметтері
3.Бағалы қағаздар портфелін басқару және капиталды орналастыру. Салым салу жолдарын таңдау
|
1.Қазақстан үй тұрыны құрылыстық жинақтау банктің қызметі
2.Қазақстан Республикасының қаржылық нарығының дамуының негізгі бағыттары
3.Лицензия алу үшін қаржылық нарықтың кәсіби қатысушыларына қойылатын талаптар
|
1.Дипзитар клирингтік жүйелер
2.ТМД елдерінде ипотекалық нарықтың даму перспективалары
3.ҚР валюталық тексеру және валюталық тәртіпке келтіру
|
Щ Ы І
Э Ю Я
|
1.ҚР чектердің түрлері
2.Депозиттік сертификаттардың маңызы
3.ҚР валюталық нарықта жұмыс істеу ерекшеліктері
|
1.Қазақстанда сақтандыру нарығын құқықтық қамтамасыз ету
2.Қазақстан банктік жүйесінің қаржылық делдалдықтың тиімділігі
3.Инвестициялық жағдайлардың фундаментальді және техникалық анализі
|
1.Инвестициялық жобалардың Қазақстан Даму банктімен несиелендіру
2.Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменттің міндеттері мен қызметтері
3.Бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеудің ерекшеліктері
|
1.ХВҚ. Оның әлемдік қаржы нарығындағы ролі
2.Дамушы елдерінде ипотекалық нарықтарының даму проблемалары
3.Германия елінің банктік жүйесі
|
6.3 «Қаржы нарығы және делдалдары» пәнінің емтихан сұрақтары
Қаржы нарығының мәні
Қаржы нарығының түсінігі және оның қызметі.
Қаржы нарығының сыныптамасы және құрылымы
Қаржы нарығына қатысушыларының сипаттамасы
Қаржы делдалдықтын анықтамасы. Қаржының делдалдықтың артықшылықтары
Қаржылық делдардардың түрлері
Қаржылық делдалдардың түрлері
Ақша нарығының түсінігі, оның қызметтері мен сипаттамасы
Ақша нарығының құрылымы
Ақша нарығының қаржылық құралдары
Ақша нарығының төлемдік құралдары
Ақша нарығының қатысушылары
Капитал нарығының түсінігі және қызметтері
Капитал нарығының құрылымы
Капитал нарығының құралдарының түрлері мен нысандары
Капитал нарығының қатысушылары
Қарыздық капитал нарығының түсінігі және қызметтері
Қарыздық капитал нарығының құралдарының түрлері және нысандары.
Ломбардтар және олардың қаржы нарығындағы қызметі
Несиелік серіктестіктер, олардың қызметтері және арналымы
Депозиттік нарық
Депозиттік нарықтың құрылымы мен қатысушылары
Депозиттік нарықтың қаржылық құралдары
Қазақстандық халықтың салымдарына кепілдік беру қоры
Валюталық нарықтың түсінігі және қызметтері
Валюталық нарықтың түрлері, сыныптамасы
Валюталық нарықтың қатысушылары
Валюталық бағам, валюталық бағаға әсер етуші факторлар
Валюталық операциялар, олардың түрлері және сипаттамасы
ҚР-ғы валюталық бақылау және валюталық реттеу
Бағалы қағаздар нарығы: Оның түсінігі, арналымы
Бағалы қағаздар нарығының мәні және қызметтері
Бағалы қағаздар нарығының сыныптамасы
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қызмет түрлері
Туынды қаржы құралдарының нарығы, оның түсінігі және қызметтері
Туынды бағалы қағаздар түсінігі
Туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері
Туынды қаржылық құралдарды қолданудың негізгі бағыттары
Туынды қаржы құралдарының бағасын құру негіздері
Бағалы металдар нарығының сипаттамасы
Бағалы металдар нарығының қатысушылары
Әлемдік бағалы металдар нарығы операцияларды жүргізу механизімі
Бағалы металдармен операциялардың негізгі түрлері
Банктердің бағалы металдармен операциялары
Бағалы металдарға инфестициялардың негізгі ныссандары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Немдік қаржылық нарықтың түсінігі және мәні
Әлемдік қаржы нарығының қазіргі замаңғы құралдарының түрлері.
Әлемдік қаржы нарығының қазіргі заманғы құрылымының қалыптасуының тарихи негіздері
Банктердің қаржы нарығы инфрақұрылымдағы мәні
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары
Коммерциялық банктердің брокер-диллерлік қызметі
Коммерциялық банктің кастодиандық қызметі
Коммерциялық банктер- бағалы қағаздар нарығындағы элементтер және инвесторлар ретінде
Ұжымдық инвестициялаудың түсінігі және ерекшелігі
Қазақстандағы зейнетақы реформалардың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері
Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық, оның зейнетақы нарығындағы мәні және қызметтері
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру
Кастодион банктердің зейнетақы нарығындағы қызметтері
Зейнетақы активтерінің инвестициялық бақылауын
Зейнетақы жинақтарының сақтығына кепілдік берудің мемлекеттік жүйесі
Дамыған және дамушы елдердің зейнетақы нарықтары
Инвестициялық компаниялар мен қорлардың инвестициялық процестегі мәні
ҚР-ғы инвестициялық қорлардың қызмет етуінің заңдылық негіздері.
Инвестициялық қор активтерінің құрамы мен құны. Инвестициялық қор активтерін басқару.
Инвестициялық қорлардың басқарылуын және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі.
Сақтандыру қызметінің қаржылық негіздері
Сақтандыру компанияларының коммерциялық қызметі
Сақтандыру компанияларының қаржы нарығының инвестициялық
Сақтандыру компанияларыныі инвестицияларын басқару. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін басқарудағы үлгілерді пайдалану.
Аквизициялық қызмет және сақтандыру делдалдары
Сақтандыру брокері мен маклерінің қызметтері
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін пруденциялдық нормативтері
Сақтандыру ұйымдарының зейнетақылық камтамасыз етуінің негіздері
Сақтандыру қызметінің қаржылық нәтижесі және оның құрылуына әсер етуші элементтер
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлік қоғамының активтерін инвестициялаудың негіздері
Қаржы нарығындағы брокер-диллерлік қызметті лицензиялаудың шарттары мен тәртібі
Брокер-диллерлік компаниялардың мәмілелері
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалаудың мақсаттары, міндеттері мен қағидалары
Қаржы нарығын реттеудің түрлері
ҚР-сы Ұлттық Банкі және қаржы министрлігінің қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу бойынша негізгі міндеттері мен қызметтері
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша агенттіктің негізгі міндеттері мен қызметтері
Банктік және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалаудың ерекшеліктері
Бағалы қыздар нарығын және зейнетақы қорларының қызметін реттеу мен қадағалаудың ерекшеліктері
2003-2006 жылдарға ҚР-ң қаржылық секторының (саласының) даму тұжырымдамалы
Өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен кәсіби қатысушылардың қаржы нарығындағы орны және мәні
Активтерді басқарушылар ассоцияциясы мақсаттары және міндеттері, басқару органдары
Қазақстандық реестр ұстаушылар ассоцияциясы: оның мақсаттары мен міндеттері, басқару органдары.
7.ПӘНІНІҢ ОҚУ ПРОЦЕССІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК ГРАФИГІ
Студенттердің өздік жұмыстарын орындауына қатаң бақылау жүргізу үшін «Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигін құру керек, бұл график 7-кестеде көрсетілген
«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша
оқу процесінің күнтізбелік кестесі
7 кесте
№ р/с
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Бақылау түрі
|
АБЖ
|
ҮТ
|
ЖАЖ
|
АБЖ
|
ҮТ
|
ЖАЖ
|
РБ1
|
АБЖ
|
ҮТ
|
ЖАЖ
|
АБЖ
|
ҮТ
|
АБЖ
|
ЖАЖ
|
РБ2
|
2
|
Балдар
|
6
|
4
|
12
|
6
|
4
|
12
|
4
|
6
|
4
|
12
|
6
|
4
|
6
|
12
|
4
|
Достарыңызбен бөлісу: |