Есболова асель айдархановна



жүктеу 2,14 Mb.
Дата13.11.2017
өлшемі2,14 Mb.
#45
түріДиссертация

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 371. 84: 001. 891 Қолжазба құқығында

ЕСБОЛОВА АСЕЛЬ АЙДАРХАНОВНА


Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды ғылыми – зерттеу

жұмысына бейімдеудің педагогикалық шарттары

6М010200 - « Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертациясының

рефераты

Қызылорда, 2012

Дисертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: Филология ғылымдарының кандидаты

Г.Ш. Ерназарова


Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты

Р.А.Набуова

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 2012 жылдың «____» маусымында сағат ___ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би 36 А, 7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультет, дәрісхана №__ ) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі –



құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми зерттеу жұмысына даярлау үрдісі

Зерттеу пәні: Оқушылардың ғылыми зерттеушілік біліктерін қалыптасыру

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін жеке тұлғаны дамыту теориясы, ақыл-ой әрекетін кезеңге бөліп қалыптастыру теориясы, іс-әрекет теориясы, проблемалық оқыту теориясы, педагогикалық технологияның теориясы құрайды.

Зерттеу әдістері:

– зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.


3

– ғылыми, танымдық, зерттеу бағдарламалары, тұжырымдамалары,

әдістемелік құралдарды талдап, қорыту.

– бақылау, әңгімелесу, озат тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

– Зерттеудің теориялық базасы ретінде «ізденушілік», «зерттеушілік», «құзырлы», «құзыреттілік» ұғымдарының мәні ашылды.

– бастауыш сыныпта оқытылатын гуманитарлық жаратылыстану пәндерінің негізінде интерактивті әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми зерттеушілік, ізденушілк біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері бойынша құрастырылған ғылыми-жоба сайысының үлгілерін, оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын бастауыш сынып мұғалімдері мен БОПӘ мамандығының студенттері пайдалана алады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеуді жүргізу мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;

2) Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;

3) Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылту;

4) Оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына жағдай жасау;

5) Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;

6) Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу. Оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында секция отырысы әр түрлі формада жүргізіледі:


  1. Зерттеу сабақтары

  2. Шығармашылық сабақтар

  3. Практикалық сабақтар

  4. Теориялық-қортындылау жұмысы: ғылыми жобалар қорғау.

4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Зерттеу – танымдық әрекеттің мамандандырылған формасы ретінде ғылым үшін тән жаңа білімді өндіру тәсілі. Тікелей қабылдау, ұғыну, ойлану және т.б. зерттеу танымның мақсаты мен құралын анық бекітуді болжайды, нәтижелерді қайта өндірудің, олардың дәлелділігі мен шынайылығының әдістемелік формаларымен бағыт алады [8].

Зерттеудің өзара эмпиристикалық және теориялық деңгейін бөліп ажыратады [9]. Эмпиристикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталған және бақылаулар мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымның ұғымдық аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты. Оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарындағы шынайы нақтылықты жан – жақты тануға бағытталған. Зерттеудің бұл екі түрі де тығыз өзара байланыста және ғылыми танымның тұтас құрылымында бірін – бірі шамалайды. Эмпиристикалық зерттеу, бақылаулар мен тәжірибенің жаңа мәліметтерін анықтай отырып, теориялық дамуды ынталандырады, олардың алдына жаңа міндеттер қояды. Теориялық зерттеулер, ғылымының теориялық мазмұнын дамыта және нақтылай отырып фактілерді түсіндіру мен алдын болжаудың жаңа перспективларын ашады, эмпиристикалыққа бағдар береді және бағыттайды.

Ғылым дамуының эмпиристикалық сатысында (мысалы, тәжірибелік жаратылыстану ХVІІ, XVІІІ, ішінара ХІХ ғ.)ғылыми білімді қалыптастыру мен дамытудың негізгі құралы эмпиристикалық зерттеу және оның нәтижелерін логикалық өңдеп қорытындылау. Алайда осы сатыда өзінде танымның эмпиристикалық материалдарын ретке келтіру мен жіктеу негіз ғылыми абстракциялардың жетілдірілуі мен дамуы жүзеге асырылады. Ғылымның ұғымдық аппаратын одан әрі қарай дамыту мазмұны эмпиристикалық мәліметтерді жалпы қорытындылау мен салыстыру шеңберінен шығатын логикалық формалардың (мысалы, типология, алғашқы түсіндірме сызбалар, үлгілер және т.б.) пайда болуына әкеледі. Іштей дифференциальданған тұтас теориялық жүйелердің қалыптасуы, шынайылықтың ерекше теориялық үлгісінің пайда болуына әкеліп соқтырады. (мысалы, көздің молекулярлы – кинетикалық үлгісі) (Обухов А.С.) [10]. Танымның мұндай құралдары зерттеудің эмпирикалық деңгейіне салыстырмалы түрде ойдың қозғалуына себепші болады, оның эвристикалық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Ғылымының теориялық мазмұнын кеңейту және көп қабатты теориялық жүйелерді құру ғылыми танымның теориялық аппаратының оның эмпиристикалық базисінен нақты оқшаулануына әкеледі, бұл сөз кезегінде теорияның эмпиристикалық түсіндіру қажеттілігін, сондай – ақ эмпирикалық мәліметтердің теориялық түсіндіруін туғызады [10].

Зерттеудің жобалау мен ұйымдастырудан айырмасы, нысанға қатынасы бойынша өте, «сыпайы» қызмет түрі екенін ескереміз, оның басты мақсаты –


5

«бар нәрсені» ақиқатты анықтау, мүмкіндігінше оның ішкі өміріне араласпай нысанды бақылау. «Адамдағы қоршаған шынайылықты түрлендіру дағдыларын дамыту (бәрінен бұрын жобалау дағдыларын) қажеттілігін ешқандай жолмен теріске шығармай зерттеушілік орынды алу қабілетін дамыту өз қызметін, оның мүмкін болатын зерттеулерін бағалау құралы ретінде білім берудің маңызды міндеті деп қарастырамыз» (Леонтович А.В) [11] ).

Әрекет түрі ретінде зерттеу көзі – адам табиғатына тән танымға ұмтылыс. «Ғылым қоршаған дүниені зерттеу сезімінен туады». (Голицын Г.С. [12.15-19]). А. Энгельгард «үздіксіз ізденіс инстинкты, белгісізді кішірейту инстинкты әрбір адамның санасына салынған» деп атап көрсетті. Зерттеу әрекет түрі ретінде, жануарларда рефлекстенбеген түрінде де пайда болады. Сонымен, П.Тейлер де Шарден көптеген жануарлар «қоршаған ортаға деген қызығушылықты, оны ләззат ала зерттеумен» білдіреді деп көрсетеді [11.107-111].

Сыртқы әсермен болмаған, саналы емес зерттеу адамға тән, ол ақиқатты игерудің қуатты құралы бола отырып, оның қабілеті мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан онымен әрқашан қатар жүреді. Бірақ спародикалық, түйсіктелмеген болып қалады. Тек ғылымның пайда болуымен және ғылым арқылы зерттеу мәдениеттің құбылысы болады, өз тарихын, әдістемесін институтын алады. Ғылымның пайда болуымен, қызметінің негізгі түрі зерттеу болып табылатын адамдардың жеке әлеуметтік тобы – ғалымдар бөлініп шығады.



  • Зерттеудің жетекші құндылығы – ақиқатқа жылжу үдерісінің құндылығы болып табылады. Сондықтанда зерттеу – әлемнің мейлінше шынайы бейнесін құруға ұмтылатын ғалымды дамытудың басты құралы. Орыс және әлемдік ғылымның классигі В.И.Вернадский: «Ғылым әдебиет пен өнерге қарағанда үлкен, бірегей, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын адамзаттың күрделі әлеуметтік туындысы, ол бүкіләлемдік сипат алып тұр Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің формаларымен әлсіз байланыста. Бұл әлеуметтік жалпы адами білім, өйткені оның негізінде барлығы үшін тең міндетті ғылыми фактілер мен жалпы қорытындысы жатыр» [13.65-73].

Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқу үдерісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.

Б.С.Гершунский қазіргі заманғы білім берудің дағдысының мәнін талдай келе, білім беру саласының тиімді жұмыс істеуі өте жалпы түрде екі біріккен міндетті шешумен байланысты:

- осы саламен қамтылған әрбір тұлғаны, оның жеке дүниеге көзқарасы мен ментальдығын қалыптастыру, осы құндылықтарды білім беру (педагогикалық) мақсатын қою, мазмұны мен білім беру (оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және
6

дамыту) үдерісі жүйесіне тікелей немесе жанамалып қосу жолымен оны қоршаған социум мен адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарына тарту;



  • Алынған білім есебінен осындай себептер келтірілген және онда өмірлік өзін – өзі іске асырудағы жоғары басымдылықтарын көретіп жеке шығармашылық, белсенді түрлендіргіш, жасампаз қызметі есебінен адами қауымдастықтың «ментальды кеңістігін», «рухани өрісін» қалыптастырып, үздіксіз байытқан [14].

. ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн, жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту – қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi [89,90].

Балалық зертеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай .Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады.. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, упалайды, умаждайды, жапырады, тiстейдi, сәл ересектеуi – бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?” секiлдi сұрақтарын жаудырады. Өкiнiшке орай, көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз “ негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас..Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңыздың мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi [91]. Кез келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау, оны саралау, анализдеу және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiстiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте


7

әр түрлi әлеуметтiк – саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.

Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса, ғылым деректерден құралады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы да ғылыми бiлiм бола алмайды [92,44-48]. Сондықтан “ғылым” деген сөзiң мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi, болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары – ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.

Бүгінгі күні мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол жетiмдi түрi – оқушылардың ғылыми қоғамы болып отыр. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, жоғары интеллектуалды, шығармашыл оқушылардан құралады. ОҒҚ-ның атқаратын негiзгi қызметi - оқушылардың ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зертеулiк оқыту бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т.б. бағытталады. ОҒҚ-на мұғалiм жетекшiлiк етеді. Жетекшi мұғалiм оқыту сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды, жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi. Осындаай іс-әркеттердің нәтижесінде дарынды балаларды анықтауға және ғылымға жетелеу арқылы шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкіндік туылады. Дегенмен, мұндай әрекеттер мектеп оқушыларының 10 ғана құрайды, ал қалғаны ізденістен тыс, пассивті оқу жағдайында білім алады.

12 жылдық білім беру жағдайында жалпы орта мектеп бағдарламасында «Зерттеу негіздері» курсы қарастырылған. Курстың мақсаты оқушыларды зерттеу әрекетіне ендіру арқылы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру. “Негiзгi материалдарды өздiгiнен iзденуге мүмкiнiдiк берген жағдайда ғана оқушылардың бiлiмi жоғары болады.”(Питер Клайн) [93,21-28]. Баланың ойлау тәсiлдерiн үйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек. Себебi, бастауыш мектеп баланың санасы қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең. Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу мәдениетiне үйренедi. Зерттеушілік оқытуда дәстүрлi сабақтан дербес арнайы тренингтер, ойындар ұйымдастырылады. Бұл оқушыларға зерттеу біліктері мен дағдыларын меңгертудің тиімді жолы болып табылады.

Зерттеу iзденiсi баланың қызығушылығын арттыратын, өзiне тартып



8

құмартатын iс. Қазiргi педагогикалық әдебиеттерде «зерттеу әдiсi», «жобалау әдiсi» деген ұғымдар жиi кездесуде [94]. Зерттеулiк оқыту барысында осы екi түрлi түсiнiктiң ұқсастығы мен айырмашылы неде? Зерттеу әлемiне алғашқы қадамын басқан кез келген балаға бұл әдiстердi ажырата бiлудiң маңызы зор. Сонымен «зерттеу жұмысы» және «жоба» ұғымдарының айырмашылығын талдап көрсетелiк. Зерттеу – риясыз шындықты iздену, ал жобалау туындаған мәселенi саналы түрде шешу. Сондықтан да зерттеу және жобалау жұмыстарының бағыты, мәнi, мазмұны да әр түрлi. Зерттеу үнемi iзденiс пен шығармашылықты қажет етедi. Себебi ол - белгiсiз, тың жол. Зерттеу барысында өзектi мәселенi шешу әрекеттерiмен қатар, көптеген кедергiлер кездеседi. Тiптi iзденiс барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсiз немесе қауiптi, зиян болуы мүмкiн. Кейбiр зерттеулер өкiнiштi әсер де қалдырады. Зерттеушi белгiсiздiктiң шешiмiне жету немесе құпияның сырын ашу үшiн толығымен шығармашылықты қажет етедi. Олай болса, зерттеу - шексiз түбiрге жету қозғалысы. Ал жобалау, керiсiнше, жасалған жұмыстың нақты , қатаң атқарылуына, iс-шараларды жоспарлай бiлуге, көздеген нәтижеге жету секiлдi өмiрдегi маңызды талаптарды қалыптастырады. Жобалау әдетте шығармашылық iс, бiрақ ол шектеулi мәселенiң өзектiлiгiн шешу. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер бойынша, репродуктивтi әдiспен орындауға болады. Яғни белгiлi графиктер, сызбалар, жобалар арқылы зерттеу жүргiзу, көрсетiлген межеге жету. Осы аталған айырмашылықты терең түсiнбеу себептерiнен кейбiр мұғалiмдер зерттеумен айналыса бастаған балаға, алдын ала жоспар құруын талап етедi, «зерттемес бұрын мақсат қой, мәнiн бiлiп ал, қандай нәтижеге жетуiң керек», – деген сияқты талаптар қояды [94]. Бұл, әрине, үнемi бақылап әдеттенген мұғалiмнiң құзыреттiлiгi жеткiлiксiздігін көрсетедi. Егер оқушыға зерттеу жұмысының нәтижесi белгiлi болса, онда оны iздеудiң қажеттiлiгi қанша? Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жобалау әдiсiмен де, зерттеу әдiсiмен де жүзеге асыра алады. Қазiргi бiлiм беру практикасында осы екi ұғымды жете түсiнудiң маңыздылығы зор. Баламен зерттеп оқуды ұйымдастыра отырып, оған үлкен үмiт артудың қажетi жоқ. Егер баланың әрбiр зерттеу жұмыстары, әр жобасы көпшiлiкке неғұрлым белгiлi болса, оның зерттеп оқу iс-әрекетiнiң мотивациясы соғұрлым жоғары болады. Оқушылардың зерттеп оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн анықтау проблемасы сырт көзбен қарағанда жеңiл көрiнедi. Шын мәнiнде - бұл күрделi iс. Алдымен ненi нәтиже деп санауға болады, соны қарастырған жөн. Зерттеп оқу жұмыстарының барлық кезеңдерiнде негiзгi күтiлетiн нәтиже – баланың танымдық қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiнiң дамуы екенiн анық ұғыну керек. Бұл баланың интеллектуалды және шығармашылық дамуы емес, психоәлеуметтiк өрiсiн дамыту. Педагог үшiн зерттеулiк оқытудың басты нәтижесi – баланың дайындаған көрнектi, детальды жасалған мәтiні немесе қағаздан жасалған макеті, техникалық суретi емес, ең бастысы өзiндiк шығармашылығы, зерттеу жұмысындағы құнсыз тәжiрибесi, жай орындаушыдан ерекшеленетiн шығармашыл баланың жаңа бiлiмдерi, ептiлiктерi және дағдылары.
9

Балалардың зерттеу нәтижелерiн табысты қорытындылауға семинарлар, конференциялар көп ықпал етедi. Семинарда барлығы жеке проблема бойынша жасалған зерттеулердi талқыласа, конференцияда бiр мәтiнмен бiрiктiрiлген, проблемасы әр түрлi зерттеулер талқыланады. Яғни, әр зерттеушiнiң өз алдына дайындаған баяндамаларының нәтижесiнде үлкен материал жинақталып, талқыланады. Зерттеу жұмыстарын қорғау немесе шығармашылық жобаны ұсыну – зерттеп-оқудың негiзгi кезеңдерiнiң бiрi. Оқушылардың жүзеге асырған жобасын қорғау кезеңiн елеусiз қалдыруға болмайды. Онсыз зерттеу жұмыстарының аяқталуы мүмкiн емес. Қорғау баланың зерттеулiк iзденiсiнiң мотивациясын қалыптастыратын фактор болып табылады.

Жеке шығармашылық iзденiсiнiң қорытындысын хабарлау басқаны оқыту әрекетi болып саналады. «Басқаны оқыта отырып, өзiң де оқисың» деген Я.А.Коменскийдiң нақты ойы ғасырлар бойы айтылуда [95.98-100]. Бала осы заңдылықты түсiне отырып, өзiнiң жеке зерттеу лерiнiң нәтижесiнде алған бiлiмiн әдетте, басқаға жеткiзуге тырысады. Сондықтан да, меңгерген нәрсенi хабарлаудың, өзгеден гөрi, баланың өзiне қажеттiгi мол. Шығармашылық жобаны дайындау және оны қорғау көптiң алдында өткiзiлуі керек. Мұнда басқа да жұмыс авторлары, оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналар, мектеп қонақтары қатысқаны дұрыс.

Өз жұмысын қорғау – қазiргi өмiрде маңызды дағдыларды игеруге мүмкiндiк туғызады. Қорғау барысында оқушы табылған ақпараттарды баяндауға, проблемаға басқаша қарауға, өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге, басқаны сендiруге жаттығады.

Қорғауды жоспарлау нақты мерзiмдi қажет етпейдi. Зерттеулiк iзденiспен айналысатын балалар да, олардың шығармашылықтары да әр түрлi болатындығын ескеру керек. Жұмысты даярлау мерзiмi баланың мiнез-құлық ерекшелiгiне, дайындық деңгейiне және зерттелетiн пәнiне байланысты болады. Сондықтан мерзiмдi баланың жұмыстың аяқтау мүмкіндігіне байланысты, жуықтап белгiлеген жөн.

Қорғау мерекелi және ғажайып өту үшiн, бiр күнде 5-6 зерттеу жұмыстары немесе шығармашылық жобалары қорғалғаны дұрыс.

Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады [96,97].

Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік- бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

10

Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.



Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі- «көрсем, білсем» деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»,- деген ой-тұжырымы растайды. [98.6-8].

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерге көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту, т.б. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні, ғылым, зерттеу, ғылыми зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған. «Энциклопедиялық сөздікте» ғылым тарихи қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау, олардың даму заңдылықтары туралы қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамитын білім жүйесі ретінде анықталған. Ғылыми әлемді өз қажетіне қарай өзгертуге белсенді адамзат таным қызметінің көпғасырлық дамуының нәтижесі болып табылады.

«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі», – деп түсіндіріледі [99,100] .

Ғылыми зерттеу- ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көздеген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары
11

балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесін де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық процестер ғалымдар мен практик- ұстаздар арасында кең өріс алуда. Бірақ мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты ең алдымен таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін-өзі тәрбиеленуіне, өзін-өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін [101].

Соңғы жылдары зерттеу қызметі мәселесіне «зерттеу тәртібі» деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүріс-тұрысы, тәртібі, т.б.). Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда «тәртіп» сөзі адамның және жануарлар қоршаған ортасына қатынасын білдіретін әрекеті ретінде қарастырылған.

Адамның тәртібі саналы тұлғаның әрекеттер жүйесінен тұрады. Оның жануарлар әрекетінен айырмашылығы қоршаған орта жағдайына саналы және мақсатты қызығушылық танытуында. Адамның мінез-құлқы арқасында қоршаған ортада өзгеріс болып, онымен бірге өзі де дамып жатады. Адамның өмір сүру тәртібінен оның болмысы, мінез-құлқы, темпераменті, көзқарасы, талабы мен талғамы көрінеді. Әсіресе эмоциясы мен сезімі басты рөл атқарады.

Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеті қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге қарастырылады. Сонымен қатар, әрбір адам өзінің ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның өмір сүру тәртібі қоғамдық қатынастар мен тәрбиеге байланысты жинақталады.

Зерттеу тәртібі- кез-келген тірі жанның белсенді өмір сүру тәртібінен бөлінбейтін құбылыс. Сондықтан ол ең маңызды дамыту қызметін атқарады. Айналасындағыларды танып-білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру тәртібін қалыптастырады.

Адамның айналысын танып-білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-


12

зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті [90].

Психологтар зерттеу тәртібін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуында маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы мүмкін. Сөйтіп білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін- мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсысымыз білеміз [102].


Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу мақсатына арналған эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Эксперименттің міндеті: бастауыш сынып оқушыларын өз бетінше ізденуге дағдыландыра отырып ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу.

Бірінші оқушылардың білім деңгейін және ғылыми-зерттеу жұмысы жайлы түсініктерін анықтау үшін бақылау жұмысы алынды. Бақылау анкета-сауалнама тәсілімен ұйымдастырылып,бірнеше сұраққа жазбаша жауап беру тапсырылды.

- Сізге қандай пән ұнайды,не себептен?

- Кітапханаға жиі барасызба?

- Қандай кітаптар,немесе журналдар оқығанды ұнатасыз?

- Сізді ақын-жазушылардың өмірі мен еңбектері қызықтыра ма?

- Қандайда бір жаңалық ашқыңыз келеме?

- Ғылыми-зерттеу жұмысы дегенді қалай түсінесіз?

- Зерттеу жұмысын ж азғыңыз келеме?

- Қандай тақырыпта зерттеу жұмысын жазғыңыз келеді?

- Зерттеу жұмысын қалай,кіммен жазғыңыз келеді?

- Сыныптан тыс зерттеу жұмысын жүргізгіңіз келеме?

Алынған сауал-сұрақты талдау нәтижесінде оқушылардаң 37% жануарлар мен өсімдіктер әлемі, 18% ғарыш мәселесі, 9% таңғажайып кітаптар әлемі қызықтыратыны анықталды. Өкінішке орай экология мен тарих саласы барлығы 4% оқушыны ғана еліктірді. Басқа да салалардың ішінде ғұлама адамдардаң өмірі-22%, туған аймаған танып білуге байланысты-4%, денсаулықты сақтау мәселесі-6% құрады.Әрине, осындай маңызды мәселелерге

13

көңіл аударып, өздерінше шешу жолдарын зерттегісі келетіндері заман талабынан туындап отыр десек артық болмас.



Дегенмен, кейбір оқушылар барлық сала қызықтырады деп жауап беріп, зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға қиналыпты. Сондықтан да, оларға жалпыланған үлгі тақырыптар ұсыну тура келді. Мәселен:


  1. Менің туған өлкем.

  2. Денсаулық- зор байлық.

  3. Табиғат өз үйің.

  4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдары.

  5. Көшеде сақ бол.

  6. Кітап біздің досымыз.

  7. Спорт-сенің серігің.

  8. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

  9. Ел тарихымыздан.

  10. Астана-бас қала.

  11. Ғарыш ғажайыптары.

  12. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Осындай жалпыланған үлгі тақырыптар негізінде оқушылар жеке, нақты тақырып белгілеп алды.

Зерттеу барысында:

- Кітапханаға саяхат (кітапханашымен сөйлесу,каталогпен танысу) жасады;

- Жұмыстарды іріктеу, жоспар құру, жазу әрекеттерімен шұғылданды.

Магистранттың және ата-аналардың көмегімен жақсы жұмыстар дайын болды. Балалар жастарына сай жазғанымен, тақырыптың мазмұнын терең ашқан.

Осындай әзірлікпен сынып ішінде шағын конференция өтті.

Осы конференциядан күткеілген нәтижелер төмендегідей еді:

- оқушылардың өз бетімен ізденуге ынталануы;

- кітапханадан қажетті материалдарды іздей білуге үйренуі;

- оқушылардың жинаған ақпараттарын саралауды, жүйелеуді үйренуі.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар:
- әр деңгейлі сұрақ қойып, оларға жауап беруді үйренді;

- шығарма мен мазмұндамадан басқа ізденіс жазу түрлері бар екенін

үйренді;

- оқушылар бұған қоса,нәтижелі зерттеу жүргізу үшін үлкен дайындық

қажет екенін түсінді;

- аудитория алдында сөйлеп үйренді;

- қозғаған тақырыбын берілген уақытқа сыйғызып қорғауға үйренді.
14

3- сурет Конференцияға дейін және конференциядан кейін логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру деңгейлерінің динамикасы.


Диаграмма мәліметтері конференцияға дейін және кейін оқушылардың логикалық ойлау операцияларының қалыптасу деңгейлерінің пайыздық ара қатынасының мәнді айырмашылықтары барын анықтайды.

Коференция соңында оқушылардың деңгейлік өсуі байқалды. Осындай танымдық конференциялардың оқушылар үшін маңызы зор екені белгілі. Оқушылар зерттей білуге,өз ойларын түйіндеп аудиторияға жеткізе білуге үйренеді.

Сонымен, тәжірибелік эксперимент нәтижелері зерттеу барысында оқушылардың ғылымға деген қызығушылығының жоғары екендігін дәлелдейді.

15

ҚОРЫТЫНДЫ


Оқушыларды бастауыш мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарына тартудың бір жолы- әдебиеттік оқу сабақтары негізінде жүзеге асады.

Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы уақытымыздың өзекті мәселесі. Жалпы білім беретін орта мектептегі негізгі пәндер бойынша оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге алғашқы бағыт-бағдар беріледі.

Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем мәтіндер және ғылыми-танымдық мәтіндер.

Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін қамтиды.

Ғылыми- танымдық шығармалар бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім беру мақсатын көздейді. Мысалы, «Мен туған жер», «Табиғат тамшылары», «Аспан әлемі», «Заттар қалай жасалады», «Ауа, Жер, Су», «Асыл мұра», «Тіршілік сыры», «Ел қорғау» т.б. тақырыптары бойынша материалдар іріктеліп алынды.

Көркем әдебиет мәтіндерін тиянақты оқып зерделеген оқушының дүниетанымы кеңейе түседі, жаңа терминдерді тың сөздерді меңгереді, әдеби тіл мәнерімен сөйлеуге және жазуға дағдыланады. Ғылыми жұмыстардағы олқылықтар көркем әдебиет мәтіндерін тиянақты оқып меңгермей жаза бастаудан туындайды. Оқушыға жетекші кеңесші болған мұғалімдер қажетті ғылыми-теориялық әдістемелік әдебиеттерді іріктеп ұсына білуі тиіс.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ұсына білу тақырыпқа сәйкес әдістемелік негізділігі тиянақты зерттеулерді, нақты мәтіндерді дәйектемелік тұрғыдан пайдалануға үйрету арқылы мұғалім жетекшілердің деңгейі анықталады. Орта мектептегі оқушы ертеңгі студент, магистрант, ғылым докторы. Бұл қазіргі әлем өркениетіндегі оқу мен ғылыми зерттеу жұмыстар тұтастығы жүйесіндегі көрсеткіштер оқушы барлық деңгейдегі оқу кезеңдерінде іздену, зерттеу қабілеттерін дамытады.

Әдебиеттік оқу сабақтары материалдары негізінде оқушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ұсынбас бұрын мұғалім мынадай қарапайым бағдарламалық тақырыптарды жүйелі жүргізіп отыруы тиіс.



  • Мәтін жөнінде түсінік, түрлері. Көркем, ғылыми, ресми мәтіндерінің ерекшеліктерін аңғарту. Сипаттау талқылау пайымдау мәтіндерінің құрылымын ұқтыру.

  • Сыныптан тыс оқуды жүзеге асыру. Берлігі бір шығарманы оқушының өз бетімен тауып оқуына мәжбүр болатындай жағдай жасау.

  • Ғылыми танымдық шығармалардың (мақала, естелік) жазылу ерекшелігін аңғарту.

  • Әдебиет теориясы элементтерінен берілген түсініктерді нақты тәжірибелік жағдайда зерттей білуге үйрету.

  • Ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыстарды оқу, баяндауға үйрету.

16


  • Іс қағаздары үлгілерін (хат, күнделік, мақала) жазуды үйрету.

Оқушының сабақтан тыс уақытта және үйдегі теледидар, ғаламтор мәліметтерінен қызыға қарайтын көрілімдерінде ғылыми-зерттеу қабілетін қалыптастыруға, дамытуға бағыттап отыруға болады. Мысалы: Гарри Потер туралы кітаптар, коммисстар туралы журналдар, суреттер солардың негізіндегі фильмдер, сюжеттерін фольклордағы қиял-ғажайып ертегілер оқиғаларымен немесе әлем әдебиетіндегі ғылыми фантастикалық көркем шығармалармен сабақтастыра поэтикалық үндестік және ұлттық өзгешелік т.б. аясында зерттеулер жазуға болады.

Қазіргі қазақ мектебі- жаңа қазақстанның өскелең ұрпақтарына білім, ғылым негіздерін меңгертетін бастапқы орын. Қазіргі кездегі қазақ мектептері өздері дайындаған түлектерінің болашақ білікті маман ғалым болуы үшін бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Қазақ мектептерін бітірушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындықтары әртүрлі.

Алыс елді мекендерде орналасқан мектептерде мұғалім мамандарының тапшылығы, кітапханалардың жұтаңдығы, ғаламтор ақпараттарымен танысу мүмкіндігі жоқтығы, кейбір отбасылардың материалды жағдайы төмендігі тұрмыстық әлеуметтік жағдайлар қазақ ұл, қыздарын орта мектепте ғылыми жұмыс жазуға дайындығын дамытуға кері ықпал жасап жүр. Табиғи дарыны мен қабілеті бар талантты шәкірттердің қазақ өркениетін өркендеріміздің талай ғылыми жаңалықтар ашатынына сенеміз.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс жұмыстар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыруда бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:



  1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі педагогикалық технологияларды, әдістемелерді және тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.

  3. Мұғалімнің педагогикалық – кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуы мен оның тұрақтылығына жету.

  4. Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

  5. Оқушылар (әсіресе дарынды оқушы) табыстарын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу.

Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға

ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге жан-жақты

қолдау көрсету.
17
Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары төмендегі

басылымдарда жарияланған:

1.Ерназарова Г. Ш., Есболова А.А. Бастауыш мектеп оқушыларын ғылыми-зеттеу жұмысына бейімдеу // «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі перспективалары » республикалық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары.- Қызылорда,2011.74-76 б.

2.Ерназарова Г.Ш., Есболова А.А. Ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі ұғым ретінде, оның қызметі, критерийлері, кезеңдері мен шарттары // «Білім және ғылымның инновациялық дамуы: Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемаларымен болашағы» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары.-Қызылорда,2011.

Түйін сөздер: Зерттеу жұмысы, зерттеу әдісі, білім беру, ұғым, ғылыми болжам, ғылыми қоғам, материялдық база, шығармашылық, интеллектуалдық, дарындылық, жеке тұлғаның ерекшелігі, инновация, болжам, бақылау, эксперимент, жоба, жобалау.

18

РЕЗЮМЕ



Есболова Аселъ Айдархановна

Педагогические условия формирования навыков научно-исследовотельности у учашихся начальной ступени школы
на соискание академической степени магистра педогагических наук по специальности 6М010200- Педагогика и методика начального обучения
Актуальность исследования. В настоящи время основным обьектом образования является не только формирования образованного молодого поколения, умеющего заниматься самостоятельным поиском информации, анализировать, умело использовать их, также формирование способных личностных качеств, соответствующих жизнеспособности в быстро меняющем сегоднешнем мире.

В последним послании Президента шестая обязанность рассмотривает современное образование и профессианалное переподготовку, формиравание основ «интелектуальное экономики» новые технологии, использование идей и взгядов.

Основное измерение достижения реформы образования – повишение уровня специалиста, получившего необходимое образование, соответствуюшего требованиям любой страны

Главная цель 12-летнего все общего образования на общем национальном уровне- подготовка личности, способного к соперничеству, готового активному участию в социалной, экономической и политической жизни страны.

Способного к соперничеству считаем сформировавщуюся личност которая ответственна и свободна в любой сфере жизни, приспособлена к любым случам.

Ускоронное развитие науки, технический прогресс, современное потребности повисили разносторонние глубокие мыслительные способносты учащихся начальных классов. Поэтому для формирования творческой личности, способную к конкуренцем, исследовательско- поисковие работы необходимо начинать с начальных классов. Если основная цель 12-летнего образование- развити компетентной личности – то один из ожидаемых результатов – культурная компитентность. Это- познание деловой практики на основе общего гражданского культурного достижение и ноционольных способностей, способствующих к освоению возможностей этнокультурных явлений, общественных традиций и основ культуры в личной, семейной и социальной жизни. Познание научной роли в развитии человека общества. Познание культурной разновидносты своего народа и мира.



Обьект исследования: Подготовка процесса к научно- исследовательским работам учащихся начальных классов.

Дистеплина исследования: Формирования научно- исследовательской образованности учащихся.

19

Методические и теоретичиские основы исследования Состовляют развитие теории личности,формирование теориипоэтапной мыслительной деательности, деловая теория, теория проблемного обучения, теория педагогической технологии.



Методы исследования:

  • анализ педагогических, психологических и методических пособий по вопросам исследования.

  • заключение, проанализировав научные, познавательное исследовательские программы и методические пособия.

  • Контроль, беседа, сбор, передовой практики, анализ, заключение.

Научная новост исследования:

- на теоритической базе исследования опредилились значение понятий

«иследоватльность» , «компетентный», « компетентност ».

-определились возможности формирования научно-исследовательских,

поисковых знаний учащихся с помощью использование интерактивных

методов на основе гуманитарных дисциплин, обучающихся в начальных

классах.

Практическая ценность ислледования: Научные проекты учащихся , виды научно – поектных конкурсов, составленных по результатом исследования могут использовать учителья начальных классов и студенты « Педагогика и методика началного обучения» специальностей.

Построение диссертационной работы: Состойт из введение, двух глав, заключения, списка использованной литературы.

Ведение исследования дает возможность решения таких задач:

1. Прививать учащихся к поиску, освоить навыки исследования и знания;

2. Повысить заинтересовань учащихся в познании окружающей среды;

3. Стремление самостаятельных открытий учащимся новых знаний на в

готовым виде с помощью исследовательских действий изучая

окружающую среду.

4. Обеспечить достижение уровня развития учащегося по выбранному

направлению;

5. Научить анализировать литературу, работать со справками ;

6. Создать возможности разностронениего использования знаний и навыков.



Для обеспечения позновательной активности, заинтересованности

учащихся в секциях проводится заседания в различных формах:

1. Уроки-исследования

2. Творческие уроки

3. Практические уроки



4. Заключительно- теоретические работы: защита научных проектов
20

SUMMARY

Esbolova Asel Aydarhanovna

Pedagogical conditions of formation of skills in scientific issledovotelnosti TEACHER Selementary school level
For obtaining the academic degree of Master of Science specializing  pedogagicheskih 6М010200 - pedagogy and methods of primary education
The relevance of the study. At the time, for in these primary object of education is not only the formation of the educated younger generation, who knows how to do an independent search for information, analyze, skillfully use them as capable of shaping the personal qualities of the viability for today's rapidly changing world.
          In the last message of the President of the sixth obligation concider modern education and training professianalnoe, formiravanie basics "intellectual economy" new technologies, the use of ideas and vzgyada.
         The basic measurement of achievement of educational reform - povishenie level specialist who has received the necessary education, Relevant to the requirements of any country
         Main purpose of all 12-year general education in general, national level, training of the individual, capable to compete, ready to actively participate in sotsialnoy, economic and political life.
         Able to compete sformirovavschuyusya believe that the person responsible, and free in every sphere of life, adapted to any occasion.
        Uskoronnoe development of science, technological progress, the modern needs of diverse hung deep intellectual ability of primary classes. Therefore, for the formation of a creative personality, the ability to compete, research and exploratory work should begin with the elementary school. If the main goal of a 12-year-formation of a competent person - is one of the expected results - the cultural kompitentnost. This is the knowledge of business practices on the basis of a common civic culture and the achievement of notsionolnyh abilities that contribute to the development opportunities of ethnic and cultural phenomena, social customs and cultural foundations of personal, family and social life. Knowledge of the role of science in the development of human society. Knowledge of the cultural variety of its people and the world.
         
Object of study: Preparation process for the research works of students of primary classes.
         
Disteplina Research: Formation of the research education of students.
         
Methodological bases of research and teoretichiskie sostovlyaet theory of personality development, cognitive development teoriipoetapnoy deatelnosti, business theory, theory of problem-based learning, theory of educational technology.
Methods:


21

- Analysis of the pedagogical, psychological, and manuals on research.
- Finally, after analyzing research, cognitive research programs and teaching aids.
- Control the conversation, the collection, best practices, analysis, conclusion.
Academic News Research:

- On the basis of just a theoretical study of the value concepts opredililis
    "Isledovatlnost," "competent," "competence."
-Determined the possibility of forming research,
   search students' knowledge through the use of interactive methods
based on the

humanities,in primary classes.
The practical value of Trials: Scientific projects of students, types of research - poektnyh competitions, drawing from the research can use the primary school teachers and students, "Education and training methods nachalnogo" specialties.
Construction of the thesis: Sostoyt of the introduction, two chapters, conclusion, bibliography.

Doing research allows you to solve these problems:
     1. To vaccinate students to search, learn research skills and knowledge;
      
2. Increase the interest of students in the knowledge of the environment;

3. Striving samostayatelnyh discovery of new knowledge to students

On a prepared using the research as action learning
         environment.
      4. Achieve the level of the selected student
         direction;


5. Learn to analyze literature, working with references;
 6. Create opportunities raznostroneniego use of knowledge and skills.
To ensure poznovatelnoy activity, interest
students in the sections held meetings in various forms:
     1. Lessons from research

2. Lectures and lessons

3. Practical lessons
4. Closing and theoretical work: the protection of research projects



22
жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау