Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. «Днепр-8», «Репортер - 7» магнитофондары.
2. Магнитофондардың құрылысына ортақ бөлшектер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
8 -Дәріс. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Магнитофондардың топтастырылуы
2. Сандықдиктофон
Әлемдік технологияның жетілдіріле түскені, жаһандық талапқа сай өзгеруі - қоғамдық құбылыс. Теле және радиожурналистикада қолданылатын магнитофондардың заман талабына қарай түрлері өзгеріп, атқаратын қызметтері жетілдіріле түскенімен, негізгі жұмыс принципі сақталынады. Аудиомагнитофондар классикалық (аналогтық) және сандық болып бөлінеді. Қолданылуына орай кәсіптіқ, тұрмыстық, стационарлық және жылжымалы болады.
Магнитофондардың топтастырылуы:
Жазу және дыбысты шығару жолдарына қарай: 1,2,3 және одан да көбірек жолды.
Дыбысты шығару жылдамдығына орай: 38,1 см/сек (студиялық); 19,05 см/сеқ (тұрмыстық және студиялық); 9,52 см/сек (тұрмыстық); 4,76 см/сек, 2,38 см/сек (негізінен тұрмыстық кассеталық магнитофондар).
Басының санына қарай: 1 басты (тек дыбыс шығарушы, ондай магнитофондар «плеер» деп аталады). 2 басты - алдымен дыбысты өшіретін головка қойылады, сонан соң жазатын әрі дыбыс шығаратын қойылады. 3 бастының да жұмыс принципі жоғарыдағыдай, бірақ жазатын немесе дыбыс шығаратын головкалар бөлек-бөлеқ қойылады.
Журналистика мамандығын меңгергендер үшін аса қажетті құралдардың бірі - диктофондар. Қандай магниттіқ жазу құралдарын пайдалану жөнінде студенттер жиі сұрақ қойып жатады. Сандық диктофондар XX ғасырдағы үш күрделі технологияның жемісі:
ақпаратты сандық жүйеде сақтау;
амплитудалы - сандық өзгертқіш құрылғылар (амплитудно-цифровые преобразователи).
3) ҒЬАЗН - сақтау.
Соған орай соңғы үлгіде жетілдірілген диктофондардың бірнеше маркалары ұсынылады:
Сандықдиктофон -Үатаһа РОСҚЕТҚАҚ СХ
Жазылған дыбыстың сапасы жақсы болуы үшін Үашаһа РОСКЕТК.АК СХ құрылғысын пайдалануға болады. Салмағы 92 грамдық құрылғымен 50 сағат бойы жазып және музыка тыңдауға болады, саусақтай батареялармен (АА) жазылатын дыбыс кәсіби жазу студияларында қолдануға лайықты. Оны 8іеіпЬе㧮 СиЬазе АІ4 дыбыстық студиясына қосу қереқ. Құрылғы жоғары сапалы стерео микрофонмен жабдықталған. РОСҚЕТҚАҚ СХ - жанды дауысты және кез келген жағдайда (шулы орта, далада т.б. болатын магниттік жазуларға қойылатын талаптардың бәрінде) дыбыс жаза беруге қолайлы.
8есигі 8І8-2000
Салмағы 92 граммдық құрылғы МРЗ 50 сағат бойы дыбыс жазып, 22 және 54 сағат бойы жазылған дыбысты тыңдауға болады, саусақ батареялармен (АА) жазылатын дыбысты кәсіби жазу студияларында қолдануға лайықты. Бір аудио файлдың максималды мөлшері - 2 Гб.
О1утри§-\¥8-2108-ЬР жүйесінде 138 сағаттан астам сандық дыбыс жазу мүмкіндігі бар құрылғы. Кез келген ақпаратты - музыка, мәтін, сурет, құжат т.б. сақтауға болады. ІІ8В -жүйесіне тікелей сымсыз жалғанады. Дыбысты шығару процесі де өте сапалы. Қуат көздері 21 сағатқа дейін кызмет көрсете алады. Көлемі шағын, ынғайлы.
Оіутрш Б8-2400 жоғары сапалы форматта жазатын, сығымдылығы да жоғары деңгейдегі, сиымдылығы 1 Гб құрылғы 157 сағат бойы жазуға мүмкіндіқ беретін соңғы технологиялардың тиімді түрі. Қажетсіз ақпараттарды ара-арасынан өшіріп тастауға да болады. Бағдарландырылған 3 түймесі бар. Файлдарды басқаруға арналған (әрқайсысы 200 файлдан болатын) 5 папқасы бар.
Магапіх РМБ661 - кәсіби сандық диқтофон. 80-сагёқа жазу үшін арналған. Ақпаратты компьютерге салу үшін ШВ 2.0. РМБ661 портын қосу керек. Салынатын 4 қуат көзінің жазу уақыты 5 сағат
Бі^қаі-Уоісе-Қесоггіег 8апуо 865Ьг
Дыбыс жазу үшін РЕС түймесін басып, үш режимде ЬР, НР, 8Р пайдалануға болады. \УАУ форматында сақталады. Салмағы 32 грамм. 87,5, 108 МГц диапазонды қамтитын ҒМ толқынындағы радиосы бар, түрлі-түсті ЖК -экран, ЧІ8В флэш-дискілі, сапалы микрофон орнатылған, көлемі 102 мм, 28 мм және 20 мм. Қосымша аксессуарлары: құлаққап, ШВ қабель,телефондық адаптер және микрофон
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Магнитофондардың топтастырылуы
2. Сандықдиктофон
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
9 -Дәріс. ДЫБЫС ЖАЗУДЫҢ ТАРИХЫ
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Дыбыс жазу құралдарының тарихы
2. Электромагниттік дыбыс жазу тарихы
Радиотолқындардың ашылып, ғылыми дәлелдеңгеніне дейін магниттік және электрлік құбылыстарды сымсыз байланыс жасауға пайдалану дүниежүзілік өнертапқыштарды ойландыратын еді. Бүгінгі дыбыс жазу құралдарының тарихы өте әріден басталады. Олардың негізіне Дабер деген сағатшының жасанды дыбыс шығаратын қуыршағынын (1844 ж.) әсері болған, аңыздар желісіне де (Мюнхау-зен әңгімелері) арқау болған дыбыс қабылдағыштар сол озық идеяның жүзеге асуына дәлел болатын факторлар. XIX ғасырдың басында-ақ физик Порта: «Дыбыстар ешқайда жоғалып қетпейді, оларды сақтауға болады», - деп жазады. Бұл ойды 40 жылдан соң Кеплер, тағы 20 жылдан соң Сиранно де Бержерак дәлелдеді. Олардың замандастары Томас Юнг дыбыстың табиғатын тану жаңалығын ашып, тұңғыш рет камертон құрылымының тербелісін жазды. Одан жетпіс жылдай уақыт өткенде француз ғалымы, физик, химик, ақьш Шарль Кро дыбыс жазатын аппарат туралы идеясын ұсынды.
Сымсыз байланыстың тәжірибелерін жасап шығарғандардың бірі - Морзе әліппесінің авторы Самуель Морзе еді. Морзенің тәжірибесін ары қарай жалғастырған ағылшын ғалымы Ландсей болатын. Оның жетілдіргіші сигнал қабылдау кезінде қуат-күші батареяны пайдалануда болды. 1954 жылы Ландсей сымсыз байланыс жасау жөніндегі тұңғыш патент алды. Онын патент алу жөніндегі берген өтінішінде «бір-бірінен 20 миль қашықтықта орналастырылған екі аппараты Америка мен Европа континенттерімен сымсыз байланыс жасата алады» деп жазғаны тарихи шындық.
Тұңғыш рет дыбыс 1887 жылы америкалық жаңалық ашушы Томас Альва Эдиссон деген өнертапқыштың құралымен жазылған. Ол фонограф деген аппарат ойлап тапқан. Осы жаңалық дүниеге келген күн 1887 жылдың 24 желтоқсаны тарихта механикалық дыбыс жазу дәуірінің басталған күні деп есептелінеді. Өнертапқыш иненің көмегімен валикке дыбыс жазуды жүзеге асырып көрген, екі жылдан соң бұл құралды жетілдіріп, екі минуттық дыбыс жазған. Сонан кейін екі жылдан соң 1889 жылы Вашингтонда 20 жасар эмигрант Берлинер граммофонды, жалпақ пластинканы ойлап шығарды. Ол дыбыс жазудың тік емес, көлденең түрін ұсынды. Бұл граммафон күйтабақтарының көшірмесін жасап, көптеп жасап шығаруға мүмкіндік жасады және де фонографқа қарағанда граммафондағы дыбыстың естілуі, дыбыстылығы анағұрлым сапалы еді. Бұл құралдың ереқшелігі дыбыс валикке емес, дискке жазылды және тік емес, көлденең жазу қолданылды. Осы механиқалық дыбыс жазу принципі әлі күнге дейін қолданудан шығып қалған жоқ. Алайда, электромагниттік дыбыс жазу кең қолданыс тапты.
Ал электромагниттік дыбыс жазу жөніндегі тұңғыш идея 1888 жылы Америқада шығатын «Электрикан руолд» деп аталынатын журналда Оберлин Смитт деген инженердін мақаласында айтылған болатын. Ол тамаша идеяны жариялағанымен, тез арада қолға ала қоймады. Тек он жыл өткен соң ғана дат физигі Вольдемар Паульсен жүзеге асырды. Ол өз әріптестеріне телеграфон деген, дүниежүзінде тұңғыш рет магниттік дыбыс жазу принпипінде жұмыс істейтін құралды шығарды. Телеграфон таза, дәл дыбыс жазғанымен, оны тек арнаулы күшейткішпен ғана тыңдауға болады. Ол кезде ондай күшейткіш құралдар жоқ болатын.
Эдиссонмен қатар сымсыз байланыс тәжірибесін ағылшындық Уильям Прис те зерттеді. Ал, анағұрлым сезімтал әрі ыңғайлы индикаторды француз физигі Эдуард Брайль ойлап тапты. 1890 жылы ол ұсақ металл үтінділері электрлік қарсылық процесін өзгертетінін байқады, сөйтіп ол электр толқындарын ұстайтын радиокондуктор деген құралды дүниеге әкелді. Алғаш рет «радио» деген сөзді электромагниттік толқынға пайдаланды. Бранлидің құралын одан әрі жетілдірген, сапасын жақсартып ұсынған ағылшын физигі Оливер Лодж болды. 1894 жылы ол «когерер» деп аталынатын құралды ойлап тапты. Бұдан кейінгі жылдары сымсыз байланыс жасау тарихындағы ұлы өзгерістерді жасаған А.С. Попов еді, оның ісін В.В. Скобельцин әрі қарай жалғастырды. Осы жылы патшалық Ресей Попов жаңалығын қолдай қоймағандықтан, бұл идеяны итальян ғалымы Марқони пайдаланып, электромагниттік толқындарды пайдалану жөніндегі жаңалықты таратты.
1903 жылы алғаш рет Берлинде сымсыз телеграфты дамыту жөнінде халықаралық конференция болды. Дүниежүзі ғалымдары қатысқан бұл жиыннан соң «радио» сөзі өз мәніне ие болды, осы жолы «радиотелеграфия» деген терминді қолдану ұсынылды. Ал, Ресей жерінде 1930 жылдан бастап
В.К.Викторскийдің басшылығымен сымға магниттік дыбыс жазу қолға алынды. 1933 жылы ең алғашқы Мосэнергоның диспетчерлік пунктінде апат кезінде берілетін бұйрықтар мен телефонмен сөйлескен сөздің автоматты түрде жазатын аппарат ұсынылды. Жазу жіңішке темір сымға жазылған еді. Міне, осылай алғаш жазу аппараттарының салған негізі бойынша бүгінгі сандық технология тарихы қалыптасқан еді. Сол алғаш дүниеге келген дыбыс жазу негізі - механикалық дыбыс жазудан сандық электроникаға көтеріліп, информация жинақтаудың және өңдеудің кезі келді.Осы дыбыс жазу процесінің бірнеше түрлері ғылымда дәлелденген:
Механикалық.
Фотографиялық.
Магниттіқ.
Мехонооптикалық.
Элеқтрохимиялық.
Электрондық.
Осылардың ішінде өндіріске көп қолданылып жүргені: механикалық-грампластинка өндірісінде; фотографиялық-кинолентаға жазу үшін; электромагниттік-магнитофондарға дыбыс жазу үшін, ал, магнитофондарға дыбыс жазу бүкіл электронды ақпарат құралдарында қолданылады. Қазақстан телерадио арналарының бәрінде қолданылып жүрген жанды дауыс жазу құралдарының бәрі жоғары сапалы болғандықтан эфир тазалығы әрдайым өз деңгейінде көрінуде.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс жазу құралдарының тарихы
2. Электромагниттік дыбыс жазу тарихы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
10 -Дәріс. МАГНИТТІ ДЫБЫС ЖАЗУҒА ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТТАР
Дәріс сабағының мазмұны:
Электронды арналардағы жаңа технологиялар.
Компьютерде дыбысты өңдеу.
Магнитті дыбыс жазу процесі арнайы акустикалық және техникалық жарақтандырылған студияда жасалынатыны белгілі.
Электронды журналистика тәжірибесінде студиядан тыс хабарлар да көптеп жасалынады. Олар арнайы ПРС, ПТС қондырғылы станциялары арқылы жүргізіледі. Хабарлар белгіленген жоспарлар бойынша белгіленген уақытта арнайы студияларда жүзеге асырылады. Хабарға қажетті техникалық құралдарды операторлар, инженерлер дайындауы қажет. Сонымен қатар, хабарға қатысушылармен бірге, жүргізушілерге де қатысты төмендегідей жайлар талап етілуі қажет:
Акустикалық жарақтандырылған бөлме дыбыстың сапалы жазылып, оған жаңғырық араласпауы үшін қажет.
Қажетті микрофон таңдау, егер хабар дөңгелек стол пішінінде болса көп бағытты конденсаторлы, үлкен залдардан жазылатын болса аспалы т.б. микрофондар тапсырыспен алынып және ғимараттың акустикалық ерекшеліктері ескерілуі керек.
Егер мәтін оқылытын болса, онда қажетті паузаның сақталуын ескерген жөн. Әйтпейінше монтаж жасалу кезінде қиындық туады.
1.Микрофонның сезімтал екенін ескеру. Қағазды сытырлатпау. Парақ беттерін аударған уақыттағы қағаздың сыбдыры микрофон құралына өте қатты естіліп, дыбыс сапасына зиян келтіреді. Сондықтан, қағаздың шетін алуға ыңғайлы етіп бүктеп қою керек. Немесе, сытырлатпай ақырын жылжытып отырған жөн.
2.Әдеттерді шектеу, артық дыбыс шығармау кейбір хабарға
қатысушылар қаламды тықылдатып, немесе үшын шығарып шытырлатып отырады. Кейбіреулер отырған орындарын қозғай береді, сол
сияқты т.б. әдеттерді қайталамауын ескертіп қою да дыбыс жазуға
қажетті шарттардың бірі. Қандай жағдайда дыбыс жазылмасын журналистік этиканың сақталуы. Неғұрлым қысқа, нұсқа, нақты, тұжырымды сөйлеу. Аудитория мәдениетін сақтау. Дауыс ырғағын, сөз екпінін, сөйлеу мәнерін, паузаны қадағалау.
3.Техниқалық ақауға жол бермеу, бола қалса тыңдарман психологиясына зиян келтірмейтіндей түсінік беру. Әрине, мұндай шектеулердің қөпшілігін компьютер арқылы да жүзеге асыруға болады. Кейбір шуларды тазартуға мүмкіндіктер бар. Міне, осылай эфирдің сапалылығы, тазалығы, барлық нормала ры сақталып жазылған дыбыстық эффектілердің өз тыңдармандарын табуы жолындағы енбекке журналистердің шығармашылығы қосыла келіп, озық эфирліқ өнім пайда болады.
Электронды арналардағы жаңа технологиялар туралы сөз болғанда бір мәселеге ерекше назар аудару керек. Ол бүгінгі таңдағы форматтар туралы. Қазір дыбыс пен бейнені жазудың екі стандарты кең тарап отыр. Бірінші дәстүрлі аналогтық жүйе, дыбыс табиғатын, тербелістерін ескеріп, магнитті лентаға жазу және қайта жаңғырту сияқты операциялармен шектеледі. Оның үлес салмағы қазір едәуір көп болғанымен, жыл өткен сайын азайып келеді. Аналогтық форматты цифрлық жүйелер ауыстыруда. Бұл жүйеде аналогтық сигналдардың барлығы белгілі бір алгоритм бойынша сығымдалып сақталып жазылады, соған сәйкес ойналады. Яғни олардың негізін сығымдау және кері қайта қалпына келтіру сияқты операцияларды жүзеге асыратын компьютерлік чиптер, процессорлар құрайды.
Осыдан келіп қазіргі заманғы мамандар акустикалық сигналды табиғатына қарай екі топқа жатқызады. Музыкалық аспаптардың әуендері, ән салу, сөйлеу, сондай-ақ табиғи шулар бастапқы сигнал деп аталады да, электроакустикалық құралдарда өңделгеннен кейін екінші өзгермелі сигнал деп аталады. Компьютердегі дыбыс табиғатын, оны өңдеудің ерекшеліқтерін зерттеуші А. П. Загуменнов өзінің «Компьютерная обработка звука» қітабында былай деп жазады: «Акустикалық сигнал уақытқа байланысты әр түрлі деңгейдегі тербеліс береді. Оның ең жоғарғы және төменгі мөлшері динамиқалық диапазонды құрайды және әдетте децибелмен өлшенеді. Сонымен қатар акустикалық сигналдың спектрі табиғатынан әр түрлі болып келеді. Яғни оның импульсі өзгермелі болып келеді. Дыбыстың осындай үйлесімді тербелістерден тұратындығы компьютерлік алгоритмін жасауда ескеріледі. Аналогтық сигналды пифрға ауыстыру үш кезеңнен тұрады: іріктеу, кванттау және кодтау. Іріктеу кезінде алғашқы сигналдың дыбыс тербелістері, қуаты мен жиілігі уақыт өлшемімен бір жүйеге іріктеледі. Кванттау мен кодтау компьютердің аналогтық-цифрлық өзгерткішінің мүмкіндігіне байланысты алғашқы сигналдың табиғатын сақтап, өзгермелі диапазоның жасау және оны компьютер тіліне айналдыру болып табылады, әдетте тікелей екілік кодпен жазылады».
Бұл өте күрделі өзгермелі процесс, осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер сан салалы болып келеді, бірізді пікір де қалыптасып болмаған. Дыбыс табиғатын өзгертпей, қалай табиғи күйінде жеткізе аламыз деген сұраққа жауап табу қиын. Өйткені, бұл жерде субьективтілік те басым түсіп жатады, әр адам дыбысты әркелкі қабылдайды, бір талғамның болуы да мүмкін емес. Бірақ, бір нәрсе анық, қазіргі заманғы қомпьютерлердің қуаты мен иқемділігі, дыбыс жазудың алгоритмдері мен сығымдау тәсілдері барынша жетілдірілген, қарапайым адамдардың есту қабілетін толық қанағаттандырып, дыбыс пен әуенді табиғи қалпына өте жақын күйде бере алады. Ал кейбір кәсіпқой музыканттарға ұнамаса, ол субъективті қабылдауы болса керек. Оның үстіне қазіргі техникалық құралдардың деңгейі де, бағасы да әр түрлі.
Сонымен, цифрлық дыбыстың сапасы компьютерлік чипке – аналогтық-цифрлық және кері өзгерткішке байланысты. Кейбір осындай сапалы өзгерткіштер бір секундта 48000 тербеліске дейін іріктеп, кванттап, кодқа түсіреді. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты тағы бір тауқімет туындайды. Дыбыстың сапасы неғүрлым жоғары болған сайын ол компьютердің ресурстарын көп пайдаланады, сақтап қоюға көп кеңістік қажет болады. Мысалы, стерео режимінде жоғары сапалы бір минуттық музыканы жазу үшін 10 мегабайттан аса диск кеңістігі қажет екен. Осыдан келіп оны сығымдау қажеттілігі туындайды. Қазір мұның да үздік алгоритмдері түзілген, олар ұқсас тербелістерді біріктіру, адам құлағы ести бермейтін жиіліктерді алып тастау сияқты жолдармен мағлұматтарды төрт, кейде тіпті он есеге дейін қысқартып, қомпьютерде өңдеуді жеңілдетеді. Ал дыбыс сапасындағы өзгерісті екінің бірі аңғара да бермейді.
Дыбысты компьютерге көшірудің артықшылықтары қандай дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:
цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен өзгермейді, мысалы, елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады, ал аналогтық магнитті лента ұзақ сақтауға жарамайды және қайта көшіру кезінде сапасы, деңгейі төмендей береді;
компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашады,
көп каналды өндеу, қосымша дыбыстармен араластыру, деңгейін өзгерту онай жүзеге асырылады,
шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер көп кедергі келтіретіні белгілі,
қашықтыққа беру мүмкіндігі өте жоғары, цифрлы әуен сол күйінде дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, интернетпен де жіберуге болады, ал табиғи дауысты сапалы деген телефон желісімен де екінші қашықтыққа өзгеріссіз беру мүмкін емес,
лазерлік технологиялармен кірігуі, СБжәне ОУТ) технологиялары музыканы сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздіқ құралдары болып қалыптасты,
дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті,
орасан музыкалық мұражайлар жасауға және оны еркін
тасымалдауға мүмкіндік берді, мысалы қазір МРЗ тәсілімен миллиондаған әндер, музыкалық шығармалар таратылуда,
радиотарату ісін автоматтандыруға жол ашты, мамандардың уақытын үнемдеуі және басқалар.
Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды. А. Загуменнов бұл процестерді үш топқа бөледі: қарапайым редақциялау, дыбыс процестері және дыбыс эффектілері.
Қарапайым редақциялау кезінде дыбыс материалы компьютерде өңделіп, артық тұстары алынып тасталады, орындары ауыстырылады және басқа да монтаждаудың дағдылы міндеттері атқарылады. Мысалы, жазып алған сұхбатыңыздың кез-келген тұсын кесіп алып тастайсыз, немесе орнын ауыстырасыз, қайталанған сөздерді, іркілістерді жоясыз және басқалар. Ал, абайсызда қателік жіберіп қойсаңыз кері оралып, жұмысты қайта жалғастыруыңызға болады. Аналогтық лентамен жұмыс істегенде байқаусыз қиған тұсыңызды қайта қалпына қелтіру тіпті де қиын.
Дыбыс процестеріне мына міндеттер жатады:
дыбыс тербелістерін біріктіру;
кері аудару, әдетте стереоэффектті қалпына келтіру үшін жасалады;
тербеліс деңгейлерін өзгерту, мысалы тым жоғары, қатты шыққан дыбысты төмендетеді, т.с.с;
тұрақты тоқты өзгерту;
қалыптандыру, дыбыс деңгейін бір дәрежеге көтеру үшін
қажетті аса маңызды фунқция, оны қолданғанда дыбыс деңгейінің
кенеттен төмендеп кетуі, бәсеңсуі болмайды, сапасына нұқсан
келтірмей, бұл операция осындай ой-шұқырларды теңестіреді;
панораманы кеңіту, дыбыстың шекарасын, ауқымын кеңітеді;
жиілігін түзету, бір сапа деңгейінен екіншісіне ауыстыру, мысалы, интернетте тарату үшін жоғары сапалы дыбыс қажет емес, сондықтан оны төмен жиілікке түсіру арқылы файлдың көлемі ықшамдалады және тез тасымалдануы үшін жеңілдетіледі;
әр түрлі сүзгілер, олар дыбысқа қосымша реңк беру үшін қолданылады.
Дыбыс эффектілері ретінде мыналар қарастырылады:
сигналды тежеу;
тербелісі мен фазасын өзгерту;
дыбысталу деңгейі мен уақытын өзгерту;
ерекше эффектілер қолдану;
жаңғырық;
караоке және басқалар.
Компьютерде дыбысты өңдеу тәжірибесі күн өткен сайын толыға түсуде және бұл бағытта мыңдаған адамдар ізденістер жүргізіп, жаңа мүмкіндіқтерді ашып, бар технологияны жетілдіруде, көптеген арнайы мектептер мен жоғары оқу орындары мамандар даярлау ісімен айналысуда. Болашағы зор нарық ретінде де қалыптасып үлгерді.
Радиотелевизиялық технологиялар да бір орнында қалып қоймай күнделікті даму үстінде. Соңғы кезде ол жаңа бір технологиялық секіріс жасап, бұған дейін радио ҒМ диапазонына көшуіне байланысты дыбыс сапасы едәуір жақсарып, жаңа деңгейге көтерілген еді. Барлық радиохабарларын тарату цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл үрдіс шетелдерде жаппай қолға алынуда. Мұндай жағдайда цифрлы радиоқабылдағыштар арқылы қазіргіден жоғары сапалы тіпті ауқымды естілетін дыбыс сапасына қол жеткізіледі. Шағын ғана радиоқабылдағыш құралдар сізді қай жерде жүрмеңіз ақпаратпен қамтамасыз етіп, болып жатқан оқиғаларды, ауа райын, ақша бағамдарын біліп отырасыз және сазды музыкалық шығармаларды тыңдайсыз.
Интернет арқылы радиотарату да кең қолданысқа енуде. Қазір оның екі мүмкіндігі бар. Оның біріншісі, реал-аудио яғни нақты уақытпен жер шарының кез-келген нүктесіндегі әуе толқынына тарап жатқан станцияларды тыңдау. Екінші, веб-серверлерде сақталған радиохабарларын тыңдау. Оларды тікелей, болмаса өз компьютеріңізге көшіріп алып тыңдауға болады. Осыған байланысты өз радиохабарларыңды интернет арқылы тарату қаражат шығынын талап етпейтін мол мүмкіндік ашады. Кез-келген журналист, музыкант интернетке өз хабарларын орналастырып, ешқандай радиожиілік сатып алмай-ақ, тендерге қатыспай-ақ хабар тарата алады.
Осы жұмыстарды атқаратын компьютерлік бағдарламалардың сипаты төмендегідей:
Ең көп тарағаны музыкалық редакторлар болып табылады, олар қарапайым дауыс жазудан бастап, монтаждау, жекелеген эффектілерді қолдану сияқты кең ауқымды шараларды компьютерде атқаруға мүмкіндік береді. Солардың қатарында, АёоЬе Аиёіііоп, Сооі Есііі, \¥ауеЬаЬ, Зошісі Ғог§е бағдарламалары кең тараған. 8атр1ішсіе Мазіег бағдарламасы көп каналды дыбыс жазуға, әр каналды жеке өңдеуге және соның барлығын біріктіріп тұтас музыка, не хабар жасауға көмектеседі.
Көп каналды жазудың артықшылығы әрқайсысын жеке өңдеп, сан рет өзгертуге болатындығы, ал нәтиженің басқа жолдарға әсер етпейтіндігі. Осындай тәсілмен көбіне музыкалық аранжировка жасалады, яғни музыка мен дауысты сәйкестендіру, деңгейлестіру жүзеге асырылады, минусовкалар, фонограммалар даярланады. Мұндай музыкалық құралдар МГОІ редакторлар деп аталады. Оның бір мысалы, Сақе\үа1қ бағдарламасы.
Компьютерде дүниеге келген музыкалық шығарманы нотаға түсіретін арнайы Ғіпаіе сияқты бағдарламалар да бар, онда компьютер өзі әуеннің ырғағын, жиіліктерін, деңгейін бағалап, нота сызығына түсіреді, қағазға бастырып алуға мүмкіндік жасайды. Сол сияқты музыкалық синтезаторлар, үлкен музыкалық қордан жаңа туынды жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар да бүгінгі музыканттар мен әуесқойлардың көмекшісі болып табылады. Солардың ішіндегі кең тарағаны кәдімгі Ямаха синтезаторлары.
Аналогтық көздерден, яғни магнитофондар мен грампластинкалардан музыканы көшіру кезінде пайдаланылатын өз бағдарламалары да бар. Мысалы, Оіатопсі Сш Ашііо Қезіаигаііоп, ІЧоізе Қ.егіисііоп Эігесі X бағдарламалары осындай сапасы төмен әуендердің шуын азайтып, артық тырсылдар мен фондарды, ескі эффектілерден тазартуға көмектеседі.
Интернеттегі музыка әлеміне арналған, оларды іздеу мен табуға көмектесетін бағдарламалар қатары да көптеп саналады. Сол сияқты әр түрлі музықалық форматтардағы әуен мен дауысты тыңдауға жол ашатын әмбебап ойнатқыштар қатары да жүздеп, мыңдап саналады. Жалпы, бұл саладағы компьютерлік бағдарламалар қатары да күн сайын өсіп, толығып, жақсарып отыратындығын естен шығаруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |