50-баллдық Диагностикалық критерийлерді бағалап, қауіп төндіретін түсікті және жатырдан тыс жүкітілікпен салыстырыңыз



жүктеу 51,13 Kb.
бет1/22
Дата07.01.2022
өлшемі51,13 Kb.
#37073
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
50 - балл Акушер-гинекология


50-баллдық

1.Диагностикалық критерийлерді бағалап, қауіп төндіретін түсікті және жатырдан тыс жүкітілікпен салыстырыңыз.

Жүктіліктің үзілу қаупі — жатырдың жиырылу белсенділігінің артуы, ұрық жұмыртқасының жатыр кабырғасымен байланысы сақталады.

Клиникалық ішінің төменгі бөлігі мен сегізкөз аймағында ауырлык сезімі немесе тартып ауырсыну. Қанды бөліністер болмайды. Қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны сақталған, сыртқы ернеу саусақ ұшын өткізеді, ішкі ернеу жабык, жатыр тонусы жоғарылаған. Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес. Үзілген түтіктік жүктілікті жүктіліктің ерте мерзімінде үзілуінен ажырату барлық уақытта мүмкін емес. Анықтауға УДЗ көмектеседі, ол кезде ұрық жұмыртқасының орналасуы анықталады. Кейде лапароскопия жасауға да болады. Басталған түсік — ұрық жұмыртқасының жатыр кабырғасынан ажырауы. Жатыр жиырылуы кезінде қанды бөліністер пайда болады, іштің төменгі бөлігінде, бел аймағында толғақ тәрізді ауырсыну болады. Қынаптық тексеруде жатыр мойны сақталған, сыртқы ернеуі жабық емес аздап ашық, жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес. Жүктіліктің үзілу қаупінде және басталған түсікте — жүктілікке тест оң нәтиже береді. УДЗ кезінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінеді, хориальды кабықшаның ажырауы анықталады. Жүктіліктің үзілу каупі және басталған түсікті жатыр мойны мен қынаптың қатерсіз және қатерлі ауруларынан ажырату керек, олар айнамен мұқият қарағанда анықталады, қажет болса кольпоскопия немесе тіндер биопсиясы жасалады. Түсік жолында — ұрық жұмыртқасы жатыр қабырғасынан толык ажырап, оның төменгі бөлігіне, сонымен бірге цервикальды өзекке түседі. Әйел іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға және айқын қан кетуге шағымданады. Жатыр мойны каналында ұрық жұмыртқасы анықталады, оның төменгі полюсі қынапқа шығуы мүмкін.

Ұрықтанған жұмыртқа жатыр куысынан тыс жерде бекіп, дами алады. Мұндай жүктілік жатырдан тыс немесе эктопиялық жүктілік деп аталады. Жатырдан тыс жүктілік 99,5% жағдайда түтікте (түтіктік жүктілік), сирек (0,1—0,2%) — аналық безде (аналық бездік жүктілік) немесе іш куысы мүшелерінде (іш қуысындағы жүктілік) туындайды. Сонымен қатар, жүктілік жатырдың даму ақауларында, оның рудиментарлы мүйізінде және жатыр мойнында (жатыр мойнылык жүктілік) орналасуы мүмкін.Түтіктік жүктілік үдемелі және үзілген түтіктік жүктілік деп бөлінеді. Үдемелі түтіктік жүктілікті уақытында анықтау өте маңызды және қиын болады.Себебі алғашқы кезде ешқандай клиникалық көрініс бермей жатырлық жүктілікке ұқсас болады. УДЗ да жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай емес болады.Түтіктердің үлкеюі көрінуі мүмкін.

Түтіктік түсік түрінде жүктіліктің үзілуінің клиникасы мен анықтауы. Жүктіліктің күдікті және мүмкін белгілерімен бірге іштің төменгі жағында ауырсыну, жатырдың децидуальды кабатының сылынуына байланысты жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болады. Кейде етеккірдің кешігуі болмайды, етеккірдің уакытында жыныс жолынан жұғын түрінде кою қанды бөліністер пайда болады. Ауырсыну жатыр түтігіндегі ұрык жүмыртқасы сылынып, ажырауынан және канның іш куысына түсуіне байланысты пайда болады. Қан көлемі мен қан кету жылдамдығына байланысты клиникалық көрінісі де әр түрлі. Егер іш куысына түскен кан көлемі аз болса, әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді, бірақ шаншыған ауырсыну болады. Егер іш куысына 500 мл жоғары қан түсетін болса, ауырсыну айқын болып, ол оң жақ кабырға астына, жауырын астына, оң жак бүғанаға беріледі (френикус-симптом). Әлсіздік, бас айналу, естен тану, құсу да болады.Түтіктің жарылуы пайда болса бірдестен пайда болатын іштің ауырсынуы,ішперде тітіркену белгілері пайда болады: тілі құрғак, іші сәл керілген, төменгі бөліктерін пальпациялағанда ауырсынады, мүнда Щеткин симптомы оң мәнді. Гинекологиялық тексеру кезінде кіші жыныс еріндерінің, кынаптың және жатыр мойнының көгеруі болады, цервикальды өзектен қошқыл канды бөліністер бөлінеді. Бимануальды тексеруде жатыр мойнын жұмсарған, сыртқы ернеуі жабык, жатыр мойны қозғалысы ауырсынумен. Жатыр денесі жұмсарған және үлғаюы етеккір кідірісіне сәйкес емес. Зақымдалған жағында жатыр қосалқыларының ісіңкілігі мен ауырсынуы анықталады. Перитубарлы гематома немесе қалыңдаған түтік ауырсынатын, овоид тәрізді, шектері мен контуры нақты емес, жатыр бүйіріндегі немесе сәл артына қарай орналасқан, қозғалысы шектелген түзіліс ретінде пальпацияланады. Іш куысына айтарлықтай қан кетумен болған түтіктің жарылуын анықтау қиындық келтірмейді. Шағымдары кенеттен іш аймағында пайда болған күшті ауырсынуға, оның тік ішекке және оң жақ бұғанаға (френикус-симптом) берілуіне, күрт әлсіздік пен естен тануға негізделеді. Ауқымды қан жоғалтуда геморрагиялық шок дамиды: апатия, тежелу, тері қабатының бозаруы, салқын тер, ентігу. Тамыр соғысы жиі, толымдылығы әлсіз, артериялық қан қысымы төмендейді. Іші үрілген, төменгі бөліктерінде керілген, пальпация жасағанда күрт ауырсыну мен ішперде тітіркену белгілері анықталады, қуысты аймақтарды перкуторлы дыбыстың тұнықталуы болады. Гинекологиялық тексеру қынаптың кілегей қабатының көгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Цервикалды өзектен қанды бөліністер болмауы да мүмкін. Бимануальды тексеру кезінде ұлғайған, жұмсарған жатырдың шамадан тыс козғалғыштығы («жүзіп жүрген жатыр» симптомы), жатыр мойнын қозғалту кезінде күрт ауырсыну, қынаптың артқы күмбезінін айқын ауырсынуы мен салбырауы болады («Дуглас айқайы»). Түтіктің жарылуына тән клиникалық көрінісі болғандықтан, қосымша зерттеуді қажет етпейді

Үзілген эктопиялық жүктілікті жатырлық жүктіліктің ерте мерзіміндегі өздігінен түсігінен; аналық без апоплексиясынан; жатыр қосалқыларының жедел кабынуынан; жедел аппендициттен; аналық без түзілісінің аяқшасының оратылуынан ажырату керек. Жатырлық жүктілік кезіндегі өздігінен түсік, түтіктік жүктіліктегідей, етеккір кідіруінен кейінгі қанды бөліністермен, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынумен және жүктілік белгілерімен жүреді. Дегенмен, жатырлык жүктіліктің үзілуі кезінде құрсақішілік қан кету симптомдары болмайды, жыныс жолдарынан канды бөліністер ауырсынуға дейін пайда болады, олар алкызыл түсті, аз мөлшерден ауқымдыға ауысып, ұйындылармен кетеді және құрамында хориальды тін аралас болады, оны ішінде суы бар ыдыска құйған кезде қалқып шығады. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, ішперде тітіркену белгілері жоқ. Гинекологиялық қарау кезінде жатыр мойны каналы саусақ өткізеді, жатыры етеккірдің кідіру мерзіміне сәйкес ұлғайған. Жатыр мен қосалқылары аймағының пальпациясы ауырсынусыз. УДЗ кезінде ұрық жұмыртқасын жатыр қуысынан табуға болады. Жатыр қырындысында децидуальды айналумен эндометрий мен хорион бүрлері анықталады.




жүктеу 51,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау