3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Малдың терісінен тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тон әрі жылы, әрі жұмысқа ыңғайлы.
«Тоғыз қабат тоқадан, тоқтышақтың тоны артық» деген мәтел сонан қалса керек. Тон «қаптама», «камзолша» деп екіге бөлінеді. Қаптама-қысқы боранда малшылар киетін тонның түрі. Ал камзолша - етегі тізеден жоғары келетін қысқа тон.
Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың т.б. аңның терісінен, сыртын матамен тыстап тігетін киімді «ішік» дейді. Ішіктерді құндыздың, бұлғының, түлкінің терілерінен жасайды.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Ежелгі қазақтар теріні не үшін пайдаланған?
Тон неден тігіледі?
Оның қандай түрлері бар?
Ішік дегеніміз не?
Ішіктің қандай түрлері болады?
5- тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
Камзолша, қаптама, ішік, тон, тері, бағалы, құндыз, бұлғын, қымбат.
6-тапсырма. Тағы да қандай ұлттық киімдерді білесіңдер? Сол туралы сұхбаттасыңдар.
Қысқы киімдер:-------------------------------------------------------------
Жазғы киімдер:--------------------------------------------------------------
Бас киімдер:------------------------------------------------------------------
Аяқ киімдер:-----------------------------------------------------------------
7– тапсырма. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар.
Киім кию оң қолдан басталады.
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.
Шалбарды және етікті отырып киеді.
Киімнің жағасын басуға болмайды.
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.
Бас киімді босағаға емес, төрге іліп қояды.
8 - тапсырма: Берілген суреттерді қолданып, «Ұлттық киімдер» тақырыбына шағын әңгіме дайындаңдар.
Қазақ күйшілері мен әншілері
Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.
атақты – знаменитый (-ая) күй – кюй (мелодия)
заманымызға – до нашего времени сазгер – композитор
байқалды – заметили зеректігі - способность
бата – блогословение жеткізгендердің бірі – одна
из исполнителей
Дина Нұрпейісова – қазақстанның халық әртісі, атақты күйші, сазгер.
Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалды. Ол жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыдан бата алады.
Құрманғазы, Дәулеткерей және басқа сазгерлердің күйлерін біздің заманымызға жеткізгендердің бірі Дина болды. Динаның «Той бастар», «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «8 Март», «Бұлбұл», т.б. күйлері бар.
3. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Дина Нұрпейісова кім?
2. Ол неше жасында қолына домбыра ұстайды?
3. Дина Құрманғазыны неше жасында көреді?
4. Динаның қандай күйлерін білесіңдер?
3. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып,
олардың қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтаңдар.
4. Бата алу, көзге түсу -
етістіктерді нақ осы шақта жіктеңдер.
Қазақстан мерекелері
Достарыңызбен бөлісу: