Жаңа сөздермен танысыңдар.
зейнеткер – пенсионер
өткізу – проводить
құрметтеу - уважать
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Мақтақыз. Жазғы демалысты ауылда өткіздім. Онда атам мен әжем тұрады. Олар – зейнеткер. Атам 63 жаста, әжем 61-де. Жазғы демалыста атам мен әжеме көмектестім. Олардың үй жануарлары бар. Олар: қой, сиыр, жылқы, түйе.
Ауыл адамдары ата-әжемді құрметтейді. Мен де оларды жақсы көремін.
1. Мәтіндегі қыздың аты кім?
2. Мақтақыз жазда қайда демалды?
3. Оның атасы мен әжесі қайда тұрады?
4. Олар неше жаста?
5. Оларда қандай үй жануарлары бар?
6. Қалай ойлайсың, Мақтақыз жазды қалай өткізді?
7.Үй жануарларына нелер жатады?
2-тапсырма. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап, дәптеріңе жазыңдар.
Менің демалыс..., сенің әже..., сіздің немере...., оның демалыс..., біздің ата..., сендердің ауыл....,сіздердің ағайындар...., олардың қыз.... .
Менің ағайындарым
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар:
шопан – чабан
жайлау – летнее пастбище
ағайындар – братья
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Жандос. Екі ағам бар. Үлкен ағам Әсет ауылда тұрады. Әсет – шопан. Әйелі – Жәмила шопанның көмекшісі. Олардың бір ұл, бір қызы бар. Ұлының аты – Әбіш, қызының аты – Күлән. Әбіш 6 жаста, Күлән 4 жаста. Көрші ауылда кіші ағам Сәрсен тұрады. Ол агроном, әйелі Мәкен – мұғалім.
Біз отбасымызбен жазда Әсеттің жайлауында демаламыз. Уақытымыз көңілді өтеді. Анам қымыз піседі (дайындайды). Әкем бос уақытта балық аулайды. Мен достарыммен кешке «Ақ сүйек» ойынын ойнаймын.
Біздің отбасымыз өте тату.
1. Әсеттің неше ағайыны бар?
2. Олардың мамандығын ата.
3. Әсеттің неше баласы бар?
4. Әбіш неше жаста?
5. Жандос ата-анасымен қайда демалады.
6. Ол жолдастарымен қандай ойын ойнайды?
7. Қалай ойлайсыңдар, отбасы тату ма?
2-тапсырма. Сызба бойынша сөз тіркесін құраңдар.
Зат есім + зат есім
Сын есім-зат есім
Есімдік+ зат есім
Сан есім+зат есім
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңдар.
1. Мои братья живут в деревне. 2. У меня есть дядя. 3. У тебя есть родственники в деревне? 4. Где ты будешь отдыхать летом?
Досым туралы
Жаңа сөздерді түсініп оқыңдар.
сыпайы – вежливая
бірге – вместе
суретке түстік – фотографировались
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.
Менің достарым көп. Солардың ішінде ең жақын досым – Назерке. Оның жасы он бірде. Назерке Астана қаласында тұрады.
Назерке – өте ақылды, дарынды, сабырлы, тәрбиелі, сыпайы қыз. Ол – озат оқушы.
Назерке екеуіміз Баянауылда таныстық. Ол да отбасымен демалды. Назеркенің отбасында бес адам. Оның сіңлісі мен інісі бар. Олар да бізбен көлде шомылды. Біз бірге тауға шықтық, суретке түстік. Бұл демалыс көңілді өтті. Назерке маған хат жазып тұрады.
2-тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Достарым, ішінде, ақылды, інісі, таныстық.
3-тапсырма. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағаннан антонимдерін табыңдар.
Дос Жомарт
Ақылды Әлсіз
Өнерлі Қатыгез
Сабырлы Салмақты
Атасы мен немересі
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
шам - лампа
қорықпаймын - не боюсь
ештеңеден - ничего
сөну - потухнуть
сол сәтте - в это время
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.
Атасы бес жасар Ержанға ойыншық автомат сатып әперді. Кеш батып, шам жаққан кезде Ержан ойынға кірісіп кетті. Ол бір кезде креслода отырған атасына келіп:
- Ата, мен батырмын! Міне, автоматым бар. Ештеңеден қорықпаймын!-деді.
Атасы оны басынан сипап:
- Иә,батырсың,балам. Ештеңеден қорықпассың,-деді.
- Ержан автоматын атып, басқа бөлмеге жүгіріп кетті. Сол сәтте жарық сөніп, үйдің іші қараңғы бола қалды.
- Ата! Қараңғыда қорқамын! - деді Ержан.
- Неге қорқасың, «батыр» емессің бе?-деді атасы.
- Мен шам жанып тұрғанда батырмын,- деді немересі
(Т.Жексенбай).
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Сенің ата-әжең бар ма?
- ………………… .
- Олар неше жаста?
- Атаң мен әжең саған қандай сыйлық әперді?
- Сен оларға қалай көмектесесің?
- Қариялар қайда тұрады?
3-тапсырма. Әр қатардан тақырыпқа сәйкес келмейтін сөздерді табыңдар.
1. Ата, әже, немере, аға, сіңлі, мұғалім, ата-ана.
2. Айналайын, құлыным, жаман, жұлдызым.
3. Құттықтау, шашу, шілдехене, оқу, қуаныш.
Қазақ отбасы
Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта:
Тірек – опора
Ұйытқы – (здесь) основа, дружба
1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қазақ отбасында, ең алдымен, ата-ананы құрметтейді. «Әке – үйдің тірегі, ана – үйдің ұйтқысы» деп айтқандай, қазақ отбасында ата-ананың орны бөлек. Үлкен адамдарға «Сіз» деп атап, әрқашан төрден орын берген.
Отанды сүю – отбасынан басталады. Әке ұлына үлгі болса, ана қызына үлгі болу керек. Отбасындағы тәрбие жақсы болу тиіс.
1.Қазақ отбасында кімді құрметтейді?
2. Қазақ отбасында кімнің орны бөлек?
3.Үлкен адамдарға қайдан орын береді?
4. «Сіз» деп кімдерге айтамыз?
5. Үйдің тірегі кім?
6 .Үйдің ұйытқысы кім?
2-тапсырма. Өз ата-анаң,отбасың туралы шағын әңгіме құрастыр.
3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
Әке –асқар .... -- өседі
Әкеге қарап ұл ...., шешеге қарап қыз .... -- басталады
Отан отбасынан .... -- тау
Отбасындағы дәстүрлер
Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптеріңе жазыңдар.
дәстүрлер – традиции
құрмет – уважение
қарсы алу – встречать
көмектесу – помогать
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге көмек көрсету, туған күн, мерекелермен құттықтау.
Кеше менің туған күнім болды. Әкем мен анам маған ұялы телефон сыйлады. Туған күнге достарым келді.
Біз мерекелерді отбасымен қарсы аламыз. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.
1. Бұл отбасы қандай деп ойлайсың?
2. Дәстүр деген не?
3. Бұл отбасы дәстүрлерді сақтай ма?
4. Олар қандай дәстүрлер?
5. Наурыз мерекесінде кім не істейді?
6. Келген қонақтарды кім қарсы алады?
7. Қазақта қонақты қайда отырғызады?
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Райхан , сенің отбасың қандай?
- Менің отбасым үлкен және тату.
- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар ?
- Менің отбасымда өте жақсы дәстүрлер бар.
- Мысалы,...
3-тапсырма. Берілген сөздерге тәуелдік жалғау қосып, сөйлем құрастырыңдар.
Отбасы, қарындас, туыс, әпке, сіңлі.
Отбасы мүшелерінің мамандығы
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
мамандық – профессия
болашақта – в будущем
заңгер –юрист
тіліші – журналист
болғым келеді – хочу быть
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Асан. Отбасы мүшелерімнің мамандығы әр түрлі. Әкем – құрылысшы. Ол үй салады. Анам – дәрігер, ол №1 қалалық ауруханада жұмыс істейді. Ол адамдарды емдейді. Ағам – студент, болашақта заңгер болады. Атам зауытта жұмыс істейді, ал әжем – зейнеткер. Мен бесінші сыныпта оқимын. Болашақта тілші болғым келеді. Ол үшін мен қазақ, ағылшын тілдерін үйреніп жүрмін. Барлық мамандық адамдарға керек.
1. Отбасында қанша адам бар?
2. Асанның әкесінің мамандығы қандай?
3. Ол не істейді?
4. Анасы қайда жұмыс істейді?
5. Ағасының болашақтағы мамандығы қандай?
6. Атасы қайда жұмыс істейді?
7. Әжесі жұмыс істей ме ?
8. Асан болашақта кім болғысы келеді?
2-тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдеп жазыңдар.
Мамандық, тарақ, күнделік, ойыншық.
Отбасы демалысы
Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
жағажай – пляж
күнге қыздырыну – загорать
өткізу – проводить
былтыр – в прошлом году, прошлый
год
биыл – в этом году, этот год
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Ақерке. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз. Демалыста біз жағажайға, киноға, мұз айдынына, табиғатқа барамыз. Әкем мен шешем кезекті демалысқа жаз айларында шығады. Былтыр жазда отбасымызбен Бурабайға бардық. Биылғы жазғы демалысты Баянауылда өткіздік.
Сосын Астана, Алматы, Өскемен қалаларына туыстарға қонаққа бардық. Отбасымен демалған қандай жақсы!
1. Әр демалысты Ақерке кіммен бірге өткізеді?
2. Демалыста ол қайда барды?
3. Әкесі мен шешесі кезекті демалысқа қашан шығады?
4. Былтыр жазда отбасымен қайда барды?
5. Биылғы жазғы демалысты қайда өткізді?
6. Отбасымен демалған жақсы ма?
7. Туыстары қайда тұрады?
2-тапсырма. Өзара сөйлесіңдер.
- Марат, биыл сендер демалыста қайда бардыңдар?
- Біз биыл демалыста отбасымызбен ауылға бардық.
- Ауылда кім тұрады?
- Ауылда нағашы әжем мен атам тұрады.
- Ауылда не істедіңдер?
- Атам мен әжеме көмектестік. Көлде шомылдық. Орманға барып, жидек тердік. Жақсы демалдық. Ал сен өзің қайда болдың?
- Мен биыл отбасыммен Астана қаласында болдым. Мен де жақсы демалдым.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына өткен шақ жұрнақтарын қойып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Демалыс күні (қалай?) өтеді. Жаздыгүні (қайда?) балық аула...., күнге қыздырын..., (не?) тер..., суға шомыл...., табиғатқа шық.... . Менің отбасым (әр жексенбіде) (жыл сайын) қайда барады?
Жай ғана әжей
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
Тайғанақ – скользкий
Құлау – свалиться, упасть
Таң қалу – удивляться
Көмектесу – помогать
қылық – поступок
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Жолда ұл мен қыз келе жатты. Олардың алдында бір әжей келе жатқан. Жол тайғанақ еді. Әжей құлап қалды. Ұл қасындағы қызға сөмкесін берді де, әжейге көмектесті.
Қыз одан:
Ол сенің әжең бе? – деп сұрады.
Жоқ, - деп жауап берді бала.
Анаң ба? – деп таң қалды қыз.
Олай да емес! – деп жауап қайтарды бала. – Ол жай ғана әжей ғой.
1. Әңгіме кім жайында?
2. Ұл бала әжейге неге көмектесті, оның қылығы дұрыс па?
3. Өз басыңда ұқсас жағдай болды ма?
2-тапсырма. Осы әңгімеге қандай мақал-мәтел сай келеді?
А) Адамнан қарғыс алама, алғыс ал.
В) Адам азса, заман тозар.
С )Ақшалы адам – ақылшы.
3-тапсырма. Әжей балаға қалай алғыс айтты деп ойлайсың? Ойды жалғастыр.
4-тапсырма «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мақалды қалай түсінесің?
Мақұлжан
Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.
елгезек – чуткий,послушный
сүйсіну – любоваться
еркелету – ласкать,баловать
мақұл – ладно,хорошо
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Төлеужан бұзауға су берші.
Мақұл, апа.
Дүкеннен нан әкеле қойшы.
Мақұл.
Елгезек Төлеужан бәрін күліп жүріп орындайды. Ренжімейді. Ойынға да үлгереді. Бір жолы көрші ауылдан бір қария қыдырып келеді. Қария бәрін байқапты.
Төлеужан, сенің атыңды Мақұлжан қою керек еді. Дәу жігіт бол!Тіл алғаннан ешкім қор болмайды. «Алғыспен ел көгерер» деген, - дейді
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Әңгіме кім туралы?
2. Ол қандай бала?
3. Ол отбасына қалай көмектеседі?
4. Қария неге оны Мақұлжан деп атады?
5. Қария қандай бата берді?
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді мағынасына қарай бөліп жазыңдар.
Қария, Мақұлжан, апа, Төлеужан, дәу, дүкеннен, ауыл.
4-тапсырма. Берілген сөздер қай септікте тұрғанын анықтап, сөйлем құраңдар.
Дүкеннен, қарияның, бұзауға, Төлеужанның, апасымен.
Сен Отанға керексің
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
ерте – рано
күн сайын – ежедневно
өсу – рости
мықты – сильный
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Атасы немересіне:
- Сен жақсы адам болып өс. Күш жина. Таңертең ерте тұр. Жаттығу жаса. Салқын сумен жуын. Тамағыңды іш. Күшің көп болу керек, - деп ақыл айтты.
Ал өзіңіз неге аз жейсіз, ата? – деді немересі.
Мен шалмын. Мен енді өспеймін. Ал сен күн сайын өсесің. Саған тамақты көп жеу керек. Жемесең, өспейсің. Ақылың да аз болады. Біздің Отанымызға ақылды, күшті, батыр, әрі денсаулығы мықты жігіттер керек. Мен сені Отанымызға қызмет етсін деймін, балам. Сен де біздің Отанға керексің, - деп, атасы немересінің басынан сипап қояды.
1. Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
2. Немересі атасына қандай сұрақ қойды?
3. Неліктен балаларға жақсы тамақтану керек?
4. Отанды қорғау үшін қандай болу керек?
5. Қалай ойлайсыңдар біздің Отанымызға неге батыр, денсаулығы мақты жігіттер қажет?
2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Сумен, шалмын, біздің, тамақты, ақылың, немересінің, басынан.
3-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар. Өз әжелерің туралы өлең не әңгіме жазыңдар.
Сөзімді дұрыстайтын әже,
Айғайлай ұрыспайтын әже,
Қыдырса ерте кететін әже,
Ылғи да еркелететін әже.
Анамның ақылы
Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
қонақжай – гостеприимный
қолыңнан келгенше – по возможности
жақсылық жасағысы келеді – хочет сделать добро
қарсы алу – встретить
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Менің анам қонақжай. Біздің үйге қонақ көп келеді. Үйге келген қонақтарды жақсы қарсы алады. Ет асып, шай береді. Көйлек кигізеді. Сөмкесіне май, қаймақ салып береді. Адамдарға көмектесіп жүреді. Бәріне жақсылық жасағысы келеді. Анамның жақсылығын ешкім ұмытпайды. Анам маған: «Адамдарға қолыңнан келгенінше жақсылық жасау керек. Біреуге жасаған жақсылық – өзіңе жасаған жақсылық. Жамандық та, жақсылық та өз ісіңнен басталады», - дейді
2-тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, сөйлемді көшіріп жазыңдар.
3-тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар.
Сенің үйіңе қонақ жиі келе ме?
Қонақты қалай қарсы аласыңдар?
Сендер қашан қонақ шақырасыңдар?
...
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып, өлеңді жаттаңдар.
Анаң – күн..., жүрегің,
Әкең-өмір тірегің.
Сен бақытты ұлан...,
Бәрі саған қуансын!
Әжең-асыл ардағың,
Атаң – дана қорған...,
Сен бақытты ұлан...,
Бәрі саған қуансын!
Амандық хат
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
Жеңге – сноха
сәт-сапар – счастливого пути
айтпақшы – кстати
мерейтой – юбилей
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Амансыңдар ма, сүйікті аға-жеңгем? Хал-жағдайларыңыз жақсы ма? Менің іні-қарындасым, туыс, көршілерім аман ба?
Биыл отбасыларыңызда үлкен қуаныш болып жатыр. Биыл ұлыңыз мектепке барады ғой. «Тілашар»тойы болды ма? Нұртастың тойы құттықтаймын! Жақсы білім, тәрбие алып, үлкен азамат болсын! Нұртасқа сәт-сапар тілеймін. Айтпақшы, үйленгендеріңізге 10 жыл толуын тойлағалы жатыр екенсіздер.
Мерейтойларыңыз құтты болсын. Әрбір күніңіз мерекелі болып, бақытты өмір сүріңіздер. Бала-шағаңыздың рахатын көріңіздер. Қуаныштарыңызға ортақпын.
Аман-сау болыңыздар.
Сәлеммен інілеріңіз – Ғалым.
1. Хат жазушы кім?
2. Ол кімге хат жазды?
3. Ғалымның інісінің аты кім?
4. «Тілашар» тойын қашан тойлайды?
5. Ғалым інісіне қандай тілек білдірді?
2-тапсырма. Берілген сөздерді көпше түрде жазыңдар.
Қарындас, көрші, той, мереке, жыл, бала.
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік жұбын құрастырыңдар.
оқушы зор
той жанұя
отбасы шәкірт
үлкен мереке
Бата- тілек – ұлттық негіз
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
дәстүр – традиция мазмұнды – содержательное
бата – благославление мән – значение
1 –тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.
Халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі – бата беру. Бата сөзі – мазмұнды және тәрбиелік мәні бар мұралардың бірі. Бата-тілек бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. Қазақта батаны үлкен адамдар береді. Батаны бала аман болу үшін, жақсы болу үшін береді.
2-тапсырма. Диалогты оқып, жалғастырыңдар.
- Сенің ойыңша,батаны кім береді?
- Қалай ойлайсың, батаны не үшін береді?
- Батаны қай кезде береді?
- Сен үлкеннің батасын алдың ба?
- ...
3-тапсырма. Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.
Менің отбасым
Қорытынды сабақ
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Отбасы мүшелерінің атауын табыңдар.
А) үй, пәтер, бөлме.
В) аға, сіңлі, іні.
С) дәрігер, ұшқыш, сатушы.
2. Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.
А) орталығы В) орталықы С) орталыгы
3. «Қарындасым» деп кім айтады?
А) әкесі В) әпкесі С) ағасы
4. Үндестік заңы екі түрге бөлінеді ме?
А) иә В) жоқ С) білмеймін
5. Отбасы мүшелерін жасына қарай жазыңдар.
А) іні В) ата С) шеше Д) әпке.
6. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.
А) құрмет 1 әжем
В) менің 2 болу
С) көңілді 3 көрсету
7 . Сызбаға сәйкес сөзді табыңдар.
Түбір + қосымша.
А) ана В) қарындас С) әкесі
- Отбасы туралы 3 сөйлем жазыңдар.
- «Әпке» деген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Менің көшем
Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
ақын-әнші – поэт-песенник
атақты – известный
тұрғын үй – жилой дом
көше бойында – на протяжении улицы
көлік – транспорт
ғимарат – здание
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Айгүл. Мен Естай көшесінде тұрамын. Естай Беркімбайұлы – қазақтың атақты ақын-әншісі. Бұл көше – қаланың орталық көшелерінің бірі. Көше бойында тұрғын үйлер, сауда үйлері, дүкендер, дәріханалар. Көшеде қалалық демалыс бағы орналасқан. Көшенің екі жағында биік ағаштар, әдемі гүлдер өсіп тұр.
Көше бойымен автобус, жеңіл көліктер жүреді. Менің көшем кең, таза.
1. Айгүл қай көшеде тұрады?
2. Көшеге кімнің аты берілген?
3. Көшеде қандай ғимараттар бар?
4. Қалалық демалыс бағы қай көшеде орналасқан?
5. Көше бойында не өсіп тұр?
6. Көшемен қандай көлік жүреді?
7. Айгүл тұратын көше қандай?
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Сен қай көшеде тұрасың?
Көшең қандай?
Көше бойымен қандай көлік жүреді?
Көшеде қандай ғимараттар орналасқан?
Көше бойында ағаш пен гүлдер өсіп тұр ма?
Мектепке қандай көлікпен келесің?
Саған көшең ұнай ма?
3-тапсырма. Берілген сөздерді жатыс септікте қолданып, өз мекен-жайларың туралы жазыңдар.
Қала, көше, үй, қабат, пәтер
Менің үйім
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
жөндеу жұмысы – ремонт
көрші – сосед
оң жағында – на правой стороне
алыс емес – не далеко
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Әсет. Мен Естай көшесінде 101-үйде тұрамын. Біздің үй 9 қабатты. Үйде 5 подъезд бар. Мен 2-подъезде, 2-қабатта тұрамын. Үйдің іші таза. Жазда үйді жөндеу жұмысы болды. Бірінші қабатта азық-түлік дүкені орналасқан. Үйіміз көшенің оң жағында орналасқан. Менің үйімнен мектеп алыс емес. Үйдің алдында гүл өседі. Көршілермен тату тұрамыз.
1. Әсет қай көшеде тұрады ?
2. Әсеттің мекен-жайы қандай ?
3. Жазда үйді жөндеу жұмысы болды ма ?
4. Үйдің бірінші қабатында не орналасқан ?
5. Әсет мектепке қалай келеді ?
6. Әсет көршілерімен қалай тұрады ?
7. Баланың үйі көшенің қай жағында тұр ?
2-тапсырма. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Бір, бес, жиырма тоғыз.
Тест
1. Жатыс септікте тұрған сөзді белгіле.
А) үйдің В ) үйге С) үйде
2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
Мен бесінші .... тұрамын.
А ) қабатқа В ) қабатта С) қабатпен
3. Сөйлемнен жіктік жалғауы бар сөзді табыңдар.
Мен Естай көшесінде тұрамын.
А ) Естай В ) мен С) тұрамын
4. Ілік септіктің сұрағын белгілеңдер.
А )кімнің В )кімге С)кіммен
5. Көршілермен деген сөздің жалғау түрлерін анықтаңдар.
А )тәуелдік, септік В )көптік, жіктік С) көптік, септік
Менің пәтерім
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
ілулі тұр – висит
қонақ бөлмесі – гостиная
жататын бөлме – спальня
перде – шторы
жиһаз – мебел
жинау –убирать
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Анар. Мен Павлодар қаласында тоғыз қабатты үйде тұрамын. Менің пәтерім бесінші қабатта. Пәтерім кең,таза және жарық. Бұл пәтерде төрт адам тұрады. Пәтерде үш бөлме бар. Бұл асхана, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі және жататын бөлме. Әр бөлмеде бір үлкен терезе. Терезеде әдемі перде ілулі тұр.
Маған қонақ бөлмесі ұнайды. Қонақ бөлмесінде әдемі төбе жиһаз, үлкен теледидар, жұмсақ диван, еденде әдемі кілем жатыр. Біздің пәтеріміз жылы.
Мен анама пәтерді жинауға көмектесемін. Әкем биыл ас бөлмесіне жаңа жиһаз сатып алды.
Маған пәтерім ұнайды.
1. Мәтінде кім туралы айтылған?
2. Ол қай қалада тұрады?
3. Оның үйі неше қабатты?
4. Анардың пәтері неше бөлмелі?
5. Бөлмелер қалай аталады?
6. Анарға қонақ бөлмесі несімен ұнайды?
7. Анар анасына көмектеседі ме?
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Сенің пәтерің неше бөлмелі?
Сенің бөлмең бар ма?
Бөлмеде қандай жиһаз бар?
Сен бөлмеңді қалай жинайсың?
Пәтеріңде үй жануары бар ма?
Сендер гүл өсіресіңдер ме?
Отбасымен бос уақытты қай бөлмеде өткізесіңдер?
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды жазыңдар.
Менің пәтерім... , бес... қабатта, бала... бөлмесі, бөлмені жинай..., үй жануарлар... бар.
Керекті қосымшалар: -інші, - мын, -ым, -нің, -де
Менің бөлмем
Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
төбе жиһаз – горка
ыңғайлы – удобный
орнатылған – установлен
жақтауы – подоконник
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.
Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.
1. Мәтінде кім туралы айтылған?
2. Оның пәтері неше бөлмелі?
3. Оның өз бөлмесі бар ма?
4. Бөлмесі үйдің қай жағында орналасқан?
5. Бөлмесінде қандай жиһаз бар?
6. Қабырғада не ілулі тұр?
7. Бөлмені кім жинайды?
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Сенің өз бөлмең бар ма?
.......................................
Бөлмең қандай?
......................................
Терезең қайда қарап тұр?
.......................................
Бөлмеде қандай жиһаз бар?
.........................................
Бөлмеңді кім жинайды?
.......................................
Бос уақытты қалай өткізесің?
.........................................
Саған бөлмеңде не ұнайды?
...........................................
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
Мен досыммен ... бардым.
Маған ... бөлмесі ұнады.
Біз... ойын ойнадық .
... сурет салдық.
Сағат бесте ... үйге қайттық.
Керекті сөздер: 1. қонақта, қонаққа, қонақтан
2. Асанның, Асанда, Асанмен
3. компьютерді, компьютерге, компьютерде
4. бояуда, бояумен,бояуға
5. автобустың,автобусқа,автобуспен
Жатақхана бөлмелері
Сөздік:
Жатақхана – общежитие еден – пол
Кереует – кровать тұрғын – житель
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Университеттің жанында жатақхана бар. Жатақхана Абай даңғылының бойында орналасқан. Жатақхананың бөлмелері кең. Бөлмелердің терезелері үлкен. Бөлмелердің ішінде екі кереует, жазу үстелі, орындықтар және шкаф бар. Үстелдің үстінде қаламдар, дәптерлер, кітаптар жатыр. Еденде әдемі кілем жатыр. Жатақхананың тұрғындары бөлмелерін таза ұстайды.
1. Университеттің жанында не бар?
2. Жатақхана қайда орналасқан?
3. Жатақхананың бөлмелері қандай?
4. Бөлмелерде нелер бар?
5. Кілем қайда жатыр?
6. Үстелдің үстінде нелер бар?
7. Жатақхананың бөлмелері таза ма?
2–тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Біздің қалада жатақхана бар ма?
Иә, бар.
Ол қай көшеде?
Ол Толстой көшесінде орналасқан.
Сен жатақханада болдың ба?
....
3-тапсырма. Етістіктердің жіктік жалғауларын табыңдар.
Болдым, жатырсың, ұстайды, бардың, ұстаймыз.
Павлодар қаласы
Сөздік:
орталық – центр
танымал – известный
өнеркәсіпкәсіп орындары – промышленные предприятия
аймақ – регион
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Біздің облыс орталығымыз – Павлодар қаласы. Қаланың көшелері кең және таза. Көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар жүреді. Көшелерге Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Абай Құнанбаев, Естай Беркембайұлы тағы басқа танымал адамдардың есімі берілген және ескерткіштері орнатылған.
Қалада алюминий, мұнайхимия, трактор, машина жасайтын зауыттары, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ірі теміржол торабы, аэропорт, өзен порты және вокзалы бар. Біздің аймағымыздың бай тарихы және ежелгі мәдени әдет-ғұрпы бар. Қазіргі уақытта облысымызда 11 мұражай, 2 кәсіптік театр, 251кітапхана, 3 демалыс саябағы және 209 клуб мекемелері бар.
1. Облыс орталығы қандай қала?
2. Қаланың көшелері қандай?
3. Көшелерге кімдердің есімдері берілген?
4. Қалада қандай зауыттар бар?
5. Қалада аэропорт бар ма?
6. Облыста неше мұражай бар?
7. Қалада қандай демалыс орындары бар?
2-тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
Бесінші сынып оқушылары сабақтан кейін серуенге шықты. Мұғалім:
Балалар, біз қазір қала көшелерін аралаймыз, ескерткіштер туралы сөйлесеміз, - деді.
Оқушылар Торайғыров көшесіне келді.
Мұғалім:
- Біз қазір қай көшеге келдік?
- Ескерткіш кімге арналған?
- Ескерткіш қайда орналасқан?
- Ескерткіш неден жасалған?
3-тапсырма. Берілген сөздерді ілік және жатыс септік тұлғасына қойып, сөйлем құраңдар.
Ескерткіш, бақ, қала, көше, сәулетші
Қала көшесіндегі ескерткіш
Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.
мүсін – скульптура
салтанатты – торжественно
тұғыр – пьедестал
алаң – площадь
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Павлодар қаласында академик Қаныш Сәтбаевқа (1899–1964) орнатылған мүсін оның туған күні – 12-сәуірде салтанатты жағдайда ашылды. Мүсін Жамбыл облысы аймағындағы Қордай тауының гранитінен қашалып жасалған, жалпы биіктігі 8 жарым метр (мүсіннің биіктігі – 4 метр, 25 см, тұғырының биіктігі – 4 метр, 25 см.). Ескерткіш академик Сәтбаев көшесінің бойында, қалалық әкімдік ғимаратының жанындағы көрнекі алаңда орнатылған.
1. Ескерткіш кімге арналған?
2. Ескерткіш қайда орналасқан?
3. Ескерткіш неден жасалған?
4. Ескерткіштің авторы кім?
5. Ескерткіш қай жылы ашылды?
6. Торайғыров көшесінде кімнің ескерткіші бар?
2-тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар.
Бесінші сынып оқушылары сабақтан кейін серуенге шықты.Мұғалім:
-Балалар, біз қазір қала көшелерін аралаймыз, ескерткіштер туралы сөйлесеміз, - деді.
Оқушылар Сәтбаев көшесіне келді.
Мұғалім:
- Біз қазір қай көшеге келдік?
- ...
1-тапсырма. Берілген сөздерді ілік және жатыс септік тұлғасына қойып, сөйлем құраңдар.
Ескерткіш, бақ, қала, көше, сәулетші
Облыстық кітапхана
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
үздік – отлично
қор – фонд
өлкетану – краеведение
ұсыну – предлагать
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазіргі кезде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана – Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі ғылыми, оқу, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл ішінде кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап пен журнал беріледі. Бүгінде кітапхана құрамында, әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 14 бөлім бар.
Облыстық кітапхана кімнің атында?
Кім біледі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қай көшеде орналасқан?
Кітапхана қандай кітап үлгілерін ұсынады?
Бір жылда неше оқырман келеді?
Кітапханада неше бөлім бар?
Кітапхананың қандай бөлімдері бар?
2-тапсырма. Диалогты жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.
Облыстық кітапханада болдың ба?
........................................................
Кітапханадан қандай кітап алдың?
.........................................................
Кітапханаға жиі барасың ба?
.....................................................
Кітапхананың тәртібін білесің бе?
........................................................
Облыстық кітапханаға қандай көлікпен баруға болады?
....................................................
3-тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеп, сұраулы сөйлем құрастырыңдар.
Ұсыну, бару, оқу, жазылу.
Аялдамада
Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
көлік – транспорт
күтіңіз – ожидайте
қолшатыр – зонт
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Көлікке міну үшін аялдамаға келдім. Қарасам, бір әже жолдың шетінде тұр екен. Жаңбыр қатты жауып тұрды.
Әже, қайда барасыз?- деп сұрадым.
Балам, бұл қаланы білмейтін едім. Ауруханаға қандай автобус барады? -деп сұрады.
Аз күтіңіз. Автобусқа бірге отырамыз, -дедім.
Қуанып кетті. Сөйтіп қолшатырымның астына келіп тұрды.
Кішкене немерем қатты ауырып ауруханаға түскен еді. Тамақ апара жатырмын, -деді.
Біздің автобус келді. Мен әжейді ауруханаға жеткізіп салдым. Әжей батасын берді.
1. Бала аялдамада кімді көрді?
2. Ауа райы қандай болды?
3. Жолдың шетінде кім тұрды?
4. Әжейге қайда бару керек?
5. Әжей қаланы біле ме?
6. Әжей ауруханаға не үшін бара жатыр?
7. Бала әжейге қалай көмектесті?
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Кешіріңіз, орталық алаңға қандай автобус барады?
Қандай аялдамада түсемін?
Жолақысы қанша?
№29 мектепке қандай автобустармен келуге болады?
Трамвай жүрмей ме?
Көп рахмет. Жолыңыз болсын.
Алматы көшесінде
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
жайқалу – цвести
жарнама – реклама
дүңгіршек – киоск
қиылыс – перекресток
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Алматы қаласында әдемі, таза, түзу көшелер көп. Көше бойында жасыл ағаштар жайқалып тұр. Үлкен-үлкен даңғылдар мен көшелерге Абай даңғылы, Достық даңғылы, Төле би, Сәтбаев, Райымбек, Гоголь, Әл-Фараби т.б. көшелер жатады.
Көше бойы әр түрлі жарнамалар ілінген. Әр көшенің қиылысында –бағдаршамдар.
Мен Төле би көшесінің бойында тұрамын. Бұл көшенің бойында әр түрлі мекемелер, дүкендер, дүңгіршектер, мейрамханалар, мектептер орналасқан. Көше Ұлы жүздің биі Төле бидің атымен аталған.
1. Алматының көшелері қандай?
2. Алматыда қандай даңғылдар мен көшелер бар?
3. Даңғылдар мен көшелер кімдердің атымен аталған?
4. Көшенің бойында не бар?
5. Қалай ойлайсыңдар,көшелер қандай болу керек?
2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңдар.
Даңғыл, көшемен, көлік, көшелердің қиылысы, аялдамада.
Баянауыл
Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.
құрмет тұту – уважать итмұрын – шиповник
таңғажайып – удивительный қарақат – смородина
емдік қасиеті – лечебные свойства құлпынай – клубника
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің атым – Ерхан, туған ауылым – Баянауыл. Баянауылдың табиғаты өте әдемі. Баянауыл мөлдір көлдерімен, таңғажайып тауларымен әйгілі, онда қайың, қарағайлар өседі. Баянауылдың өсімдіктері емдік қасиетімен бағалы. Баянауылда итмұрын, қарақат, құлпынай, шие сияқты жеміс-жидек өседі. Бұл жерде Жаяу Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов сияқты ұлы адамдар дүниеге келген. Әрбір адам өзінің туған жерің құрмет тұтады.
- Мәтін не туралы?
- Баянауыл несімен белгілі?
- Онда қандай ағаштар өседі?
- Бұл жерде қандай ұлы адамдар туды?
- Баянауылда қандай жеміс-жидек өседі?
- Өсімдіктердің емдік қасиеті бар ма?
2-тапсырма. Диалогтың сұрақтарына жауап беріңдер.
- Сен Баянауылда болдың ба?
- Онда қандай көлдер бар?
-Баянауылдың табиғаты туралы не айта аласың?
- Баянауылда қандай ескерткіштер бар?
- Онда демалатын орындар көп пе?
- Павлодардан Баянауылға дейін немен баруға болады?
- Осы жазда Баянауылға барасың ба?
3-тапсырма. Қ, к дыбыстарның дыбысталуына мән беріп оқыңдар.
Құрмет, керемет, қайың, көлдер, қарағайлар, өсімдіктер, қасиетті, көптеген, қорғасын, қөмір, жер койнауы, бүкіл қазақ елі.
Алғашқы трамвай
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
кең тараған – распространенный
жегіліпті – запрягали
электр қуаты – электричество
айналды – превратился
|