Эпентеза
(гректің epenthesis – қыстырылу) сөз ішінде дауыссыздардың
арасына дауыстының қыстырылуы.
Қазақ сөздерінің буын құрамында біртектес екі фонема дауысты мен
дауысты немесе дауыссыз бен дауыссыз тіркесі қатар қолданылмайды. Ал
орыс тілі арқылы келген халықаралық және арабтан енген сөздердің
көпшілігі осындай фонемалардың тіркесінен құрылған.
Ауызекі сөйлеу тілінің әдетінде осындай сөздер ішіндегі дыбыс
тіркесінің арасында артық дыбысты қосып айту кездеседі.
Мысалы: класс – кылас, аброй – абырой, наурыз – науырыз, поэма –
пойэма, теория – тейория, театр – тейатр, Днепр – Дінепр тағы басқа.
Осындай біртекес фонемалардың арасында артық дыбысты сыналап қосып
айту эпентезалық құбылыс болып табылады.
Редукция
(лат. reduction – қайырылу, кері қайтару) – айқын естілмей
көмескіленуі немесе созыңқылығының қысқаруы нәтижесінде дыбыстың
артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен
дауыстылар Р. Ұшырайды, бірақ буындар мен сөздердің де Р. түсуі
кездеседі.
Метатеза
(грек.
metathesis - ауыстырып қою, перемутация,
транспозиция) – дыбыстардың (комбинаторлы) өзгерісі, бір сөз немесе буын
ішінде буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
Аферезис
– қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған
дыбыстардың өзара ықпал етуі. А. құбылысында алдыңғы сөздің соңғы
дыбысының әсерінен кейінгі тұрған сөздің бастапқы дыбысы жоғалады
(түсіріліп айтылады). А. элизияға қарама-қарсы құбылыс.
Гаплология
(гаплолалия, буындық диссимиляция) – (грек. Haploos –
жалғыз + logia – сөз, ілім) ағыл. haplology, фр. Haplologie, нем. Haplologie,
Silbenschichtung, Silbendissimilation дыбыстардың Комбинаторлық өзгерісі,
ол диссимиляция әсеінен өзара бірдей (немесе ұқсас) көрші буындардың
бірінің түсіп қалуы. Мыс., ор. т. минерологиядан минерология,
шивовороттан шиворот; қаз. т. жайтаңдандаудан жайтаңдау, қайсысынан
қайсы.
Диэреза
– сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция
негізінде пайда болады. Д.-ның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады.
Мыс.: қалмады – қамады.
Элизия
(лат. elision – жаншу, итеріп шығару) – 1. Келесі сөздің
басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы
сөздің соңында тұрған дауысты дыбыстың түсіпқалуы, айтылмауы.
Аферезиске қарама-қарсы процесс. 2. Дауысты дыбыстардың қосылып кетуі