8
Кәсіпкер
келбеті
Меншік иесі – «Кәсіпкер келбеті» ЖК
Директоры – Жүзбай ТАҢРЫҚБАЙ
Бас редактор – Ақжан АҒИЗАҚЫЗЫ
Тілші – Таңшолпан ТӨКЕН
Редакцияның мекен жайы: Қызылорда қаласы,
Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №40
Байланыс телефондары: 40-03-95; 8705-106-59-56
e-mail: kasipker_kelbeti@mail.ru
Газетте жарияланған авторлар пікірі редак -
ция ның көзқарасын білдірмейді. Редакцияға
келген хаттарға жауап жазылмайды және авторға
қайтарылмайды.
«Кәсіпкер келбеті» газетінде жарық көрген
материалдарды көшіріп басқанда, редакцияға
сілтеме жасау міндетті.
Газет ҚР Байланыс және ақпарат министір лігі нің
Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп, 2014 жылы
14 ақпанда №14159-Г куәлігі берілген. Газет «Принт» баспаха-
насында басылды. Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі №49
Газет айына 2 рет шығады. Көлемі 2 баспа табақ.
Таралу аймағы: Қызылорда обылысы
Таралым: 3000 дана
Тапсырыс: №2227
5 наурыз, 2016 жыл
Р У Х А Н И Я Т
Бала күннен жыр-толғауларға жаным
өте жақын болды. Оның себебі, мен өскен
ауылдың жанында іргелес жатқан Аманкелді
ауылында Сыр сүлейлері атанған Кеңесбай
жырау, Нақып жырау, Барат жырау, Нау-
рыз жырау, Рахмет жырау, Қуаныш ақын,
Бұрхан ақындар өткен. Сонау бала кезімде
Халық ақыны Баймағамбетов Қуаныш
пен Мәзқожаев Рахмет жыраудың төкпе
жыр ларын, терме, толғауларын тыңдап
өскендігімнен болар.
Айтпағым, бұл кісілер хақында емес,
өзімнің төл құрдасым, аламан айтыстың
ақтаңгері, жампоз жыршы, Сыр сүлейлерінің
саф алтындай сынығы, облыстық, респуб ли-
ка лық айтыстарда алдына жан салмай, шекер
сөзімен көпшіліктің көңілінен шыға білген,
өмірден өзі кеткенімен, көптің көңілінен кет-
пеген, айтыскер ақын, төкпе жырдың кемері
Серік Өтеуов жайында еді.
Ол 1956 жылдың 10 наурызында Сырда-
рия ауданына қарасты қасиетті Тораңғылды
Тартоғай ауылында дүние келді. Қазір бұл
ауыл Шиелі ауданына қарайды. Табиғат берген
талантының арқасы болар, Серік алты жастан
бастап домбыраны қолынан тастамай жүріп
үйреніп, терме айтуға бейім болып өседі.
Он жылдықты аяқтасымен шоферлық кур-
сты бітіріп, 1974 жылы Сырдария аудандық
мәдениет бөліміне автоклуб жүргізушісі
болып жұмысқа орналасады. Содан бастап
бойындағы өнерін ұштай түсіп, халыққа та-
ныла бастайды. «Қын түбінде алтын қылыш
жатпайды» дегендей, осы тұста Серік жар-
қырай көрініп, терме-толғаулар айтуға
құм был бет бұрады. 1974 жылы аудандық
мә дениет бөлімі жанынан жергілікті компа-
зитор Асылбек Өтеповтің жетекшілігімен
«Сырлы саз» оркестрі құрылып, соның белді
мүшесі болады. Осылай күйшіліктің де
тылсым сырына қанығып, оны да шыңдай
түседі. Сөйтіп, Серік оркестр құрамымен
алғаш рет 1976 жылы республикалық халық
шығармашылығының бүкілодақтық фести фа-
ліне қатысып лауреат атанады. Осыдан кейін
бойындағы талантының көзі бұлақтай ашы-
лып, жыраулық пен ақындыққа ден қояды.
Содан 1982 жылы облыстық ақындар ай-
тысында бағын сынаған ол жүлделі орынға
ие болады. Сол жылы ұйымдастырылған
Қызылорда-Талдықорған
телеайтысына
ал ғаш рет қатысып, Жұмаш Оспанбеко-
ва және Абай Асылбаевпен сөз сүрістіріп,
өзінің ақындық қырының осал емес екенін
дәлелдейді. Айтыстың ақ туын желбірете
түскен ол Батыс Қазақстан, Шымкент, Жез қаз-
ған, Қарағанды облыстарының азулы ақын-
да рымен шаршы топта сөз байқастырады.
Қы зылордалық ақындар Серік Ыдырысов,
Гүлнар Дәрменқұлова, Ниятолла Раманқұлов,
Әбілқан Маханов, Ұлмекен Асанова, Аман-
бай Өтепбаев, Лена Әбдіхалықовалармен
болған аламан айтыстың додасында талай
мәрте өзінің ақындық қырын байқатады.
Бұлармен туған бауырдай сыйласып, ел жүгін
бірдей көтерісті.
Өзінің сегіз қырлы-бір сырлы екенін
аңдатқан Серік жыраулық өнерге жол сал-
ды. Республикалық, облыстық жыршы-тер-
мешілердің дүбірлі сайыстарында да бас
бәйгелерді иеленді. Жыраулықтың ақ жел-
ке нін желбірете түскен Серік Өтеуовті 1996
жылы Алматыда өткен Халықаралық ІҮ Лорд
конференциясына арнайы шақырылғанда,
жыраулықтың қыр-сырын өнер зерттеушілер
алдында баян етеді. Міне, өнердің құдіретін
түсініп, оны елге енді жеткізе берген тұста,
жампоз жыршыны сұм ажал 1998 жылдың
28 тамызында, қырықтың қырқасына шыға
бергенде, 42 жасында бақилық дүниеге алып
кетті.
Осы үстіміздегі жылы ол тірі болғанда
еңселі 60 жасқа келген болар еді. Сөйтіп
мерейлі алпыс жастың қуанышын елімен
бөлісіп, тойлар еді деген ой келді қиялыма.
«Әттең» деген өкініш көмейімде кептетіле
тұрып қалды. Содан Серікпен алғаш танысқан
шағым еріксіз еске орала берді...
Сонау боз өкпе бозбала шақта екеумізді
таныстырған да, табыстырған да осы өнерге
деген іңкәрлік еді. Ұмытпасам, 1972 жылы
Айдарлы ауылында екеуміз той үстінде алғаш
рет таныстық. Біздің Жетікөл ауылында
Жанәділов Мырзағали деген ағамыз болатын.
Ол кісі өнер десе ішкен асын жерге қоятын.
Мені осы Айдарлы ауылында жаңа түскен
келіннің бетін ашуға «көтермелеп» алып бар-
ды. Сөйтсем, Серікті де Тартоғай ауылынан
«әспеттеп, осы бала келіннің бетін ашады»
деп алып келіпті. Екеуміз де бозбаламыз.
Қайсымыз ашсақ та бәрібір. Келіннің бетін
ашты деген аты болмаса, қазіргідей қырғын
ақша салдырып, табыс көзіне ешкімде айнал-
дырған емес. Ал, біз үшін ең қызығы «Ауылға
түскен келіннің бетін бәленше ашты» дегені.
Осы тойда Серік екеуміз бір атаның ба-
ласы болғандықтан тез тіл табысып, ажыра-
мас дос болып кеттік. Оны сол тойдан кейін
ауылға ертіп келдім. Ауылдағы достарыммен
таныстырдым. Бір жеті біздің үйде болып,
жыр-жырлап, ой бөлістік.
Сол бір сырласқан шақта байқағаным:
Серіктің арманы асқақ, ойы тереңде жатқанын
білдім. Бар арманы жыраулық өнерді ауыл
арасына кеңінен таратып, оның құдіретін
насихаттау екенін ұғындым. «Кенжалы-ау,
көп адам бұл жырды терең түсіне бермейді.
Білесің бе, нағыз қазақ боламыз, баяғы салт-
дәстүрді қалпына келтіреміз десек, оның
түп қазығы осы жырда жатыр. Керек болса,
тәрбиенің нәрі де, мәні де осы жырда» деп
айтқаны әлі есімде.
Оның азаматтық қасиеті мен бекзат ты ғы-
нан болар, ақындық пен жыраулықты қатар
алып жүруі. Бұл қасиетті де, киелі өнер бір
азаматтың басына беріле салар оңай сый емес.
Елдің жүгін арқалау, елдің мұңын айту, елдің
жоғын жоқтау азаматқа тән қасиет. Оғанда
биік өре, уытты тіл, орамды сөз, жүйрік ой
керек. Қоғамдағы көлеңкелі тұстарды билік-
тегі лердің санасына сіңіре жеткізе білу, ақын
үшін үлкен сын. Осы жағына келгенде Серік
айтыста арғымақтай арынды, сөзі жанар-
таудай жалынды, тілі сұңқардай алымды,
бабалардай дарынды болатын. Ақ домбыра-
сын қолына алып еңкілдете тартқанда бебеу
қағып жөңкіле жөнелетін.
- Қолыма алған домбыра,
Сенде өзімдей аңыра.
Ажал құрық салған күн,
Қаларсың бір күн адыра – деп соза түсіп
барып тоқтағанда, тыңдаушы жұрт жым-
жырт тына қалатын. Бесіктегі жылап жатқан
бала оның жылы әуезін ұйып тыңдап, еліте
ұйқыға берілетін. Әсіресе, оның жырды төк-
пелеп келіп барып, қайтарғандағы әуезді үнін
айт саңшы. Тыңдаушысы айдын көлге ма-
мырлап барып қаз конғандай әсерде қалатын.
Аспандағы аққудың үнін тыңдағандай елітіп,
демін ішіне тартып, «айта түссе» екен деген-
дей ынтазарлык күй кешетін. Тыңдаушысын
баурап алып, ұйыта, өзіне телмірте, ғашық
ете түсетін. Бұдан басқа оның бойындағы
актерлік шеберлік пен қазақша күрестігі
палуандығы жайлы сыр ағыту өз алдына бір
төбе әңгіме. Жігітке тән жеті өнерде Серіктің
сырбаз бойынан табылатын.
Біздің ауылға Серікті айтысқа ең алғаш
баулыған ұстазы, Жанәлі Ақжігітов Тарто-
ғай дан көшіп келгенде, «ұстазыма келдім»
деп арнайылап келіп тұратын. Жанәлі ағамыз
нағыз жырдың да, әннің де кені еді. Ол кісі
негізі текті жерден шыққан. Қыпшақтың
ішіндегі Көкмұрын руындағы Лақ аталы ғы-
нан тараған Ақжігіт бидің тікелей бел ұрпағы
Оржан көкеміздің кіші баласы. Біз жаққа
көшіп келгеннен кейін, ол кісінің үйіне Серік
екеуміз алғаш сәлем бере барғанда, оны көре
сала, орнынан атып тұрып:
-Келдің бе, сен жырдағы ақ қыраным,
Деген ең, мен артыңнан кеп тұрамын.
Шерімді тарқата алмай жатыр едім,
Шәкіртім келгеніне бек қуандым.
Әй, қатын, орныңнан тұр ақын келді,
Серіктей таба алмаспын жақынды енді.
Ер қадірін білетін қадірлі інім,
Жаныма жасын жырдан жарқыл берді –
деп төгіп-төгіп жіберген-ді.
Мен болсам, екеуінің бір-біріне деген
сыйластығына, достығына таңғалып тұрмын.
Көптен бері бір-бірін көрмеген бауырлардай
сағыныштан табысқан ыстық құшақ, ыстық
көңіл. Ақын інісі қалай қарап қалсын.
-Оу, Жәке, көңіліңді босатпағын,
Босағаңа жырды әкеп қосақтадым.
Үйдегі Нұрила анам сәлем айтты,
Өзіңе екі үрдісті қоса атқардым.
Осылай аманатты орындадым,
Жан аға, сағынышпен қолыңды алдым.
Ақ жеңге, бау-шарбағың аман болып,
Құтты болсын, жаңа қоныс орын дарың! –
деп барып бірақ тоқтады.
«Осылай айтпасаң, Серік болар мысың,»
– деп Жанәлі ағамыз ризалығын білдіріп
жатты. Төрінен орын берді. Жанәлі ағамыз
екеумізден 17-18 жастай үлкендігі бар. Өнер-
дегі сыйластық жасқа қарамайтынын сонда
түсіндім.
Бірде Қармақшы ауданына жолым түсе
барғанда аудандық мәдениет бөлімінің
бас шысы Сармолдин Сұлтан ағамыздан
көлік алып, Дәнекеров Орақ жырау екеуміз
Тұрмағанбет ауылындағы белгілі жырау
Сүйінбай Ақбаевтың үйіне бардым. Сонда ол
кісі Серікті қайта-қайта сұрап, өнеріне тәнті
екенін айтты. Оның ізденімпаздығына, та-
лантына, талабына қайран қалып отырды. Ол
жайлы көп айтты. Сөз арасы отырып, Серіктің
палуан екенін айтқанымда, Сүйекең: «Әп,
бәрекелді, серілер сондай болса керек-ті» деп
арқасын бір қомдады. Сөз соңында жырдың
дүлдүлі атанған қарт жырау: «Айтатыны жоқ,
Серік нағыз табиғат берген таза өнер иесі
ғой» деп тамсана бағасын берген еді. Талай
көне жыраулардың алдын көрген тарланбоз
жыраудың айтқаны мен үшін, иығыма шапан
жауып, ат мінгізгендей болдым. Осындай елге
жырдан нәр берген азамат Серік Өтеуовтың
есімін ел болып ардақтап, бұрынғы Сырдария
ауданының орталығы Тасбөгет кентінен бір
көше атауы берілсе деген көп тілегін билік
басындағыларға жеткізуді жөн көрдім. «Ердің
құнын-елі білер» деген.
Кенжалы ЕРІМБЕТОВ
АҚТАҢГЕР ЖЫРДЫҢ
АҚСҰҢҚАРЫ ЕДІ...