6
Кәсіпкер
келбеті
5 наурыз, 2016 жыл
К Ө К Е Й К Е С Т І
ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМ ИЕСІ
Еліміздегі тастандылар тағдыры адам шошырлық.
Жағамызды ұстап «астафыралламызды» айта бердік.
Бұрын күл-қоқыстарға лақтырылған тастандыларға
ашуымыз келіп жүргенде, одан да сорақыны көріп,
дәретханаға тасталған сәбидің тағдыры тіпті елді
есеңгіретіп кетті. Бүкіл ел болып ашуландық.
«Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген-ау. Елімізде
болып жатқан осындай келеңсіз оқиғалар, күн өткен
сайын көбейіп келеді.
Күні кеше ғана тағы бір Талдықорғанда кәріз су
жиналатын жерге лақтырылып кеткен тастандының
өлі денесі табылды,- деп теледидарда «сүйінші»
сұрағандай хабарлап жатты.
Өз баласын көліктен лақтырып кету де – біздің
қазақ қоғамында болып жатқан жағдайлар. Мектеп
оқушысының не істерін білмей абдыраған халіне
көмекке келудің орнына көшеге лақтырып кеткен
өгей ананың тірлігі тым қорқынышты. «Құдайдан
қорықпағаннан қорық» деген осы-ау, сірә. Бір баласын
бауырына баса алмаған бейбақтарға не деуге болады?!
Дәретханаға тасталған сәби анасының анасы беті
аймаңдай болып, теледидарға шығып, «мен білген
жоқпын, енді баланы ешкімге де бермеймін» - дегені
белгілі. Бұған дейін ол ай қарап жүр ме деген сауал өз-
өзінен туындайды. Бұрынғы өткен әже-аналарымыз
түскен келіндерінің екі-үш ай өтпей-ақ, «келінім
төсекпен көтерді» деген тұспалы айна-қатесіз дұрыс
келетін еді. Оған ешқандай 5-6 жыл оқудың, яғни ги-
неколог мамандығын бітірудің еш қажеті жоқ еді.
Олардың көрегендігі сол болатын.
Ал, қазіргі аналар бір қыздарының жүріс-тұрысы,
мінез-құлқы мен іші томпайып, тууға дейінгі
жағдайынан да бейхабар болуы түсініксіз жағдай. Ең
болмаса, «қызым-ау, мұның үлкен күнә ғой, оның да
обал-сауабы болады, кіммен қарайсаң сонымен ағар»
деп отыратын аналар қайда? Ел алдына шығып, «мен
білген жоқпын» деп ақталудың да еш қисыны жоқ.
Қызының «ойнақтап жүріп от баспасы» үшін «қызына
қырық үйден тиым жасап» алдын алуы керек еді, сыр-
ласу керек еді. Бір өкініштісі, қазақы отбасыларында
отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас әлі де
тығыз байланыста емес. Бұл да соның бір айғағы. Бұны
білу үшін психолог болудың да қажеті шамалы.
Қазақстан халқының көбі осы Таразда әжетханаға
тасталған тастанды бөбекке алаңдаумен болды. Ажал
аузынан аман қалған сәби Тараз қаласына жеткізіледі.
Ахметовтер отбасы алғашқылардың бірі болып, сәбиді
асырап алуға ниет білдіргендердің бірі еді. Бірақ,
олардың арманының орындалуы екіталай сияқты. Ерлі-
зайыпты Ескендір мен Елена да дәретханадан табылған
нәресте туралы естігелі өміріміз күрт өзгерді, дейді.
Отасқандарына төрт жыл болса да бала сүю бақыты
бұйырмаған отбасы баланы бауырына басқылары
келетінін айтады. Сәбидің Т.Рысқұлов аудандық «Үміт»
балалар үйіне жеткізілгенін есітіп, есік алдын торау-
ылдайды. «Жұмыста қыздардан естідім, сәбиді дереу
көргім келді, сол үшін ауырдым. Бірақ, ешкімге асырап
аламын деп айтқаным жоқ»,-дейді Жуалы ауданының
тұрғыны Елена Тұрғынбекова. « Есіл-дертім осы қызға
ауды, күйеуіме де айтқанмын, ол қыз түсіме кіріп жүр»
деп егіледі.
Ал, Айжан Жақсымбетова, «Үміт» балалар үйінің
бас дәрігері былай дейді. « Еске сала кетсек, қаңтардың
3 күні әжетханадан нәресте табылған.Араға 5 күн
салып, Т. Рысқұлов аудандық «Үміт» балалар үйіне
әкелінген. 21 жастағы анасы табылды. Өз баласын өлім
аузында қалдырған «анасымаққа» ешқайда кетпеуі ту-
ралы қолхатпен бостандықта көрінеді. Ендігі жерде, не
өзі, не жақындары баладан бас тартуы керек. Тек сонда
ғана сәбиді өзге отбасы асырап ала алады.Ресми түрде
сәбиге Жансая деген есім берілген. Бала асырап алудың
машақаты көп. Ерлі-зайыптылар кезекте тұруы керек.
Қазір, дәл осы балалар үйінен «бала асырап алам» де-
ген ниетте 100-ден астам арыз бар»-дейді.
Демек, еміреніп егілген Еленаға сәби берілмейді
деген сөз. Еленаның Жансаяны асырап алуы-
на елімізде тілекшілер көп болды. Бірақ, сірескен
заңдылықтар, түсініксіз кедергілер Еленаға ана болу
бақытын бұйыртпайтын сияқты. Қанша халқымыз,
жұртымыз тілеулес болғанымен, заңдылықтар алдында
дәрменсізбіз. «Алланың берейін десе, баласы жоқ емес,
жіберейін десе, бәлесі жоқ емес» деген емес пе?! «Көп
тілеуі көл» демейді ме, жұртшылықтың ықыласына
бөленген Еленаға Алла бала да берер.
Ал, тумай жатып өз баласын өз қолымен өлтіріп
жатқан бейбүйрек, қаныпезер «анасымақтарға» не
дейміз.Олардың жеңіл жүріс-тұрыстарының соңы
осындай жағдайларға себеп болып отырғаны да аян.
Намысты қыз ешқашан арын былғамайды. Бәрі де от-
басы, ошаққасы тәрбиенің кемшіндігінде жатыр-ау-
деп те ойлайсың.
«Осындай қыздарымыз қиналған кезде баратын жер
де жоқ, елімізде. Сол себепті осындай жайларға бара-
ды» деп те жатыр. Есігін айқара ашатын ұйымдардың
жоқтығы да рас шығар. Бірақ, бір нәрсе анық. «Адам
саған аналық жүрек берсін, аялайтын сәбиін көзі
ілінбей» деген өлең жолдарындағыдай мейірімге толы
алпыс екі тамырын иідіріп келетін аналық жүрек жет-
пей тұрған сияқты.
Осындайда әже-аналарымыздың жүріп өткен
кешегі жолына сүйсіне қарайсың. Олар шыбын екеш
шыбынды да өлтірмейтін еді-ау, тамаққа қонып тұрса
да ұшырып жіберетін. «Құрт-құмырсқаны да баспай-
тын. «Бұларды да Тәңір жаратты ғой» деп отыратын.
Не деген мейірімділік. Солар жүрген жолдан неге ада-
сып қалдық?!
Тіпті, хайуан екеш хайуан да, торғай екеш торғай
да өз балапаны үшін шыр-пыр болмай ма?! Бұндай
тасжүректікке, бейбүйректікке қалай келдік? Қазіргі
жаһандау заманының да, дағдарыстың да залалы
болар. Жұмыссыздық, үй-күйінің жоқ болуы, өмір
сүру деңгейінің төмен болуы тағы басқа себептер то-
лып жатыр. Бұл орайда ержігіттерді де кінәлармыз.
Олар «күлге аунап тумайды» ғой. Жетімдер үйінің,
жезөкшелердің, тастандылардың көбеюіне әрине,
сөз жоқ ер азаматтарымыз да кінәлі. Намысты, рухты
тәрбиеленген жігіттеріміз болса, қыздарымыз мұндай
келеңсіз қадамдарға бармас па еді-ау,дейміз кейде.
Мұндай жағдайға не себеп болса да кешірілмейтін
күнә.
Қоғамымызда оларды «жалғыз басты аналар»,
«көкек аналар» деп айтып жатамыз. Бұларға неге
тосқауыл жоқ. Ал, тумай жатып балаларға «жетім,
тастанды» деген ауыр сөздерді таға саламыз. Ал, ба-
уыр еті баласын қоқысқа тастап, есік алдына қойып
кеткендерді, өз баласынан бас тартатындарды «көкек»
ана деп айтамыз. Бұларды «ана» деудің өзі артық.
«Ана» деген киелі де, қасиетті сөзден садаға кетсін.
Шырылдап жылап жатқан нәрестесін лақтырып
кеткен «мақұлықты» адам деуге, «ана» деуге аузымыз
бармайды. «Ана» деген ардақты атқа сызат, дақ түсіріп
жүргендерге қатаң жаза керек сияқты. Бұл тұрғыдағы
заңдар бізде «солқылдақ» келеді. Жезөзекшелердің де
көшемізде тайраңдап тәнін саудалап жүргендері осы
«солқылдақ» заңдардың әсері. Әйтпесе, темірдей қатаң
тәртіп болса, бұлай еркінсудің жөні болмас еді. Бәрі де
жеңіл жүрістен басталады. Соңы осындай оқиғаларға
алып келеді.
Әйелдік тағдыр қай кезде де жеңіл болмаған. Біздің
әже-аналарымыз бастан кешкен қиындықтар нағыз
шын ерлік. Қандай ауыр, қиын болса да балаларынан
безініп, тастаған жоқ. Алды он бес, он бала туған
аналарымыздың өмірі тек ертегіден құралады,-деп
кім айта алар?! «Қайран біздің аналар арды ойлаған»
демекші, ар-ұятым бетімде,-деп түсінген аяулы
аналарымыздың өмірі қандай өнегелі?
Ал, бүгінгі қыздарымыздың тірлігі мынау. Бұл
туралы көпшіліктің ой-пікірі қандай? Әжетханаға
лақтырылған шақалақ сізді де бейжай қалдырмады ма?
Ой бөлісіңіз.
АҚТАЛАП, көп балалы ана. Мына жағдайды
есітіп иманымызды үйірдік. О заман да бұ заман
мұндай да жағдай болады деп, еш ойламаппын.
«Естімеген елде көп» дегендей, небір оқиғалар бо-
лып жатыр ғой. Мынау солардан да сорақылыққа бару
қазаққа да жетіпті ғой.
Әжетханада жыбырлап жатқан шақалақты
көргенде жүрегім аузыма тығылды. Обал-ақ. Мұндай
қатыгездікке бару қазақ қызына лайықты ма? Тура
жолмен жүрсе, еш адаспас еді ғой. Жеңіл жүрістің
әсері болар. «Қыз балаға қырық үйден тиым» деп дана
халқымыз бекерден-бекерге айтпады ғой. Отбасындағы
тәрбие дұрыс болмай тұр-ау. Көргенді қыз ұятты іс
істемейді ғой. «Көргені жақсы көш бастайды»деп
халқымыз тектен-текке айтпаған.Бұл көргенсіздіктің
ісі.
Соңғы кездері Таразда болып жатқан оқиғалар
адамды шошытады. Бірде қоқыс сияқты көліктен
сәбиді лақтырып жібереді, енді бірде кеше ғана сегіз
жасар ер баланы зорлап өлтіргені туралы теледидардан
хабарлап жатты. Сұмдық емес пе? Бәрі өзіміздің қара
көздеріміз.
Мені ойландырғаны, алпыс екі тамырын иідіріп
келетін аналық сезімі бұл қыздың қайда кеткен? Бір аяғы
көрде, бір аяғы жерде тоғыз ай бойы осы шақалақты
көтеріп келді емес пе? Осы аралықта аналық сезімі,
мейірімі оянбаған адамды адам деу де қиын екен.
Жалпы өмірімізде біз түсіне бермейтін жәйттар көп
болып жатыр. Осындай жандарға заң қаттырақ болса
екен. Сонда жеңіл жүріске түскен қыздарымыз, бәлкім
аяқтарын тартар. Олай болмайынша, бұл қайталана
беретін жағдай сияқты.
Әрбір ана өз қызының жүріс-тұрысына, қайда
жүргеніне жауап беріп отыруы тиіс. Әр ана қызына
үлгі-өнеге көрсетуі тиіс. Жеңіл өмір мен жеңіл жүрістің
соңы жақсылыққа апармайтынын құлағына құйып
отыру керек. Ер балаларына да «біреудің көз жасына
қалма, оның обал-сауабы болады» деп айтып отырса,
құба-құп болар еді.
Қазіргі отбасыларда мұндай сөздер айтыл бермейді.
Базарда 5 теңгеге 5 теңге қосып сатса, бір адамдың
алған затынан таразыдан жесе, «ой, менің баламнан
коммерсант шығады» деп аспанға көтереді. Рухани
тұрғыдағы тәрбиелер беріле бермейді. Дәретханаға
лақтырылған шақалақ соның көрінісі емей немене?
Құдайдан қорқып, аузында Алласы, жүрегінде има-
ны бар адам олай жасамайтыны анық. Имансыздың ісі
екендігінде дау жоқ. Өз баласын өлімге итермелеген
адамды мен өз қара басым түсінбедім.
Мөлдір Асқарқызы, екі баланың анасы: - Мына
жағдайды естігенде бас кезінде сенген жоқпын. Теле-
дидардан қайта-қайта көрсетіп жатқаннан кейін ғана
сендім. Сөз жоқ, не айтуға болады.
Маған Еленаның тағдыры көп ой салды. Біреу бір
баланы Алладан күні-түні сұрап, егіліп жүрсе, біреу
бауыр еті баласын әжетханаға лақтырып жатыр. Оу
әділетсіз жалған-ай, дейсің, осындайда, Еленаның не
жазығы бар, бір перзент сүйе алмайтындай. Жансаяны
қолына алғандағы сәті, аналық мейірімі, көз жасы бәрі-
бәрі маған қатты әсер етті. Күйеуінің де оны жазғырмай
қасынан табылып жүргеніне де сүйсіндік.
Мен де осы Жансаяны Елена асырап алса ғой деп
тіледім. Біреудің лақтырып кеткен баласына осынша
көз жасын төгуі бекерден-бекер емес шығар. Тағдыры
қандай қатал еді. Осынша мейірімді жанның етегіне
Алла неге бала бермеген, деген сауалдар жетегінде
жүрдік. Есімізде егіліп тұрған осы бейне қалып қойды.
Менің түсінігімде, дәретханаға лақтырылған сәби
анасының анасына алып өседі? Сол жағы мені мазалай-
ды. Өзі қыз бала, анасының тағдырын қайталамасына
кім кепіл? Сондықтан да Еленаның асырап алғаны
дұрыс болар еді. Жүз адам кезекте тұрса тұра берсін,
Еленаны көпшілік қолдап жатыр ғой. Көп тілегі қабыл
болса ғой, шіркін? Менің арманым сол, Жансаяны Еле-
на асырап алсын. Менің айтпағым осы. Сіз қалай ой-
лайсыз, құрметті оқырман.
Бетті дайындаған журналист,
Бағдагүл ОРАЗӘЛИЕВА.
ТАСТАНДЫЛАР ТАҒДЫРЫ ТОЛҒАНДЫРАДЫ
Дәретханаға лақтырылған сәби сізді бейжай қалдырмады ма?