№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
138
Осы дәстүр ХХ ғасырдың басында ерекше сипатқа ие болды. Ӛнердің бұл түрі,
әсіресе, Сыр бойы ақындары арасында кең орын алды. Шынында да Сыр
сүлейлерінің жазбаша айтысқа қатыспағаны
кемде-кем, тіптен, жоқ десек те болады.
Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп пен Керейт Даңмұрын, Қаңлы
Жүсіп пен Қаражанның Тӛлегені, Шәкей сал мен алты ақынның (біреуі Қаңлы
Жүсіп), Қаңлы Жүсіп пен Қарасақал Ерімбеттің, Он алты ақынның, Шораяқтың
Омары мен Қарасақал Ерімбеттің, Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібінің,
Шораяқтың Омары мен Нұрмақанның, Тұрмағамбет пен Шәді тӛренің, Тұрмағамбет
пен Сәнбаланың т. б. айтыстары осының дәлелі, - дейді Е. Әбдіхалықова [1, 17].
Сыр сүлейлерінің қаламынан туған ірілі-ұсақты бірнеше айтыстардың
кӛркемдігі мен мазмұнының ерекшелігін мына айтыстардан кӛреміз: «Шәкей сал
мен алты ақынның жұмбақ айтысы», «Тұрмағамбет пен Жүрсін», «Ырысты қыз бен
он алты ақын», «Шораяқтың Омарының балдызымен айтысы», т.б.
Сыр ақындары арасында кең етек жайған жазбаша айтысу дәстүрінің бір
саласы – жұмбақ айтысын да дәстүр жаңашылдығы деп бағалауымызға болады.
Яғни, ӛнердің бұл түрі де жазу сауаттылығына байланысты түрін ӛзгерткенімен,
жанр ауыз әдебиетінің үлгісі.
Жұмбақ айтыстардан сол дәуірдің ӛмір шындығына сәйкес ақынның ӛзіндік
кӛзқарасы мен түсінік-талғамын, ой-ӛрісін аңғаруға болады. Айталық, Ырысты
қыздың бір ауыз жұмбағын шешуге Сыр ӛңірінің әйгілі он алты ақыны қатысады. Әр
ақын қыз жұмбағын ӛзінше шешіп қана қоймай, ӛзінен бұрын жауап жазған
ақындардың сӛзін де сарапқа салып пікір айтады. Мұның ақыры үлкен тартыс, қым-
қиғаш дау-таласқа айналады. Осыншама жұртты пікір таласына тартқан Ырысты
жұмбағының сыры философиялық мәнінде жатқан сияқты.
Керуен түйең бар ма артқандай,
Қос артып жүк түйесін босатқандай?
Ӛзің де қартқа басқан кісі екенсің,
Кәріні бар ма амал жасартқандай?
Бұған Ешнияз сал «кәрінің жасармағы бір сұлу қыз» десе, алшын Әзілкеш
«кӛңілі шат кәрі ғана жасарады» дейді, ал Оңғар жырау «перзент, ұят, иман һәм сұлу
жар», Қарасақал Ерімбет «кірсіз киім, жан тыныштық», Балқы Базар «кәріні
жасартудың ылажы жоқ» десе, керейт Қалмағамбет «тағдырдың жазуына еш шара
жоқ» деп түйеді.
Бірақ қыз мұның ешқайсысына да қанағаттанбай жұмбағын ӛзі шешеді.
Қызы едім жайсаң ӛскен Елібайдың,
Бір сырды айтылмаған жұртқа жайдым.
Қосылған қосағыма кӛңілім толмай,
Кӛбейді кӛкірегімде басқан қайғым…
Болар
деп жақсы кеңес жақсылардан,
Серметкен себебі сол бұл жағдайдың.
Мысалы «ауған жүкті басқанменен,
Бара бар айтқан ақыл» деп ойлаймын!
Осы іспеттес Шәкей сал Дәуішқызының жұмбағы да ӛзінің астарлы ойға
құрылған тартымдылық сипаттарымен дараланады. Жұмбақ айтыстар, негізінде,
халықтың табиғат және қоғамдық құбылыстарға кӛзқарасы.
Сүлейлердің айтысының қайсысын алсаң да, тыңдаушысына терең ой салары
кӛрініп тұрады.
Қорытынды. Әдебиеттану ғылымында соңғы кездерде қолға алына бастаған
сӛз ӛнерін тарихи-функционалдық тұрғыдан, кӛркем ӛнерді басқа ғылым
салаларымен байланыстара отырып зерттеуді мақсат ететін кешенді зерттеу, кӛркем
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
139
шығарманы герменевтика тұрғысынан талдау, сӛз ӛнерінің модельдеуші-
таңбалаушы қырлары мен коммуникативті сипатын қарастыратын бағыттары
әдебиеттің қоғам және адамзат үшін қызметін, орнын, әсерін бақылауда маңызды
рӛл атқаратын бағыт болып табылады.
Қазақ әдебиетінің авторлық бой кӛрсеткен ежелгі дәуірі мен орта ғасырлық
мұралардың заңды жалғасы болып табылатын Сыр бойындағы ақын-жыраулар
поэзиясында даралық, шығармашылық дүниетанымның, авторлық сананың
қалыптасу, даму жолдарымен қатар қазақ қабылдаушысының даму эволюциясы
әдеби шығармалардың туу, айтылу, қабылдану процестері кезінде аңғарылады.
Әдебиеттер
1 Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.
2 Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы:
Дайк-Пресс, 1996. – 192 с.
3 Аристотель. Аналитики. – Минск:
Современное слово, 1998. – 448 с.
4 Потебня А.А. Эстетика и поэтика. – М.: Искусство, 1976. – 614 с.
5 Лотман Ю.М. Структура художественного текста. – М.: Искусство, 1970. –
384 с.
6 Лотман Ю.М. Лекции по структуральной поэтике. – Тарту, 1964. – 195 с.
7 Виноградов В.О. О теории художественной речи. – М., 1971.
8 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003.
9 Қазақ тілінің сӛздігі. – Алматы: Дайк пресс, 1999.
10 Тұяқбаев Ғ. Сыр бойы ақындарының жазбаша айтысу дәстүрі // 10 лет
независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. Материалы
международной научной конференций, 4-том. – Алматы, 2001. – 628 б.
11 Айтыс. ІІІ том. – Алматы: Жазушы, 1965. – 662 б.
12 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. –
288 б.
13 Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының қолжазба қоры, 534-папка,
1-дәптер, жинап, ӛткізген Ғ. Себепов.
14 Ізтілеуов Т. Таңдамалы шығармалар жинағы. Құрастырып баспаға
дайындаған Байділдаев М. – Алматы: Жазушы, 1972. – 263 б.