№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
129
асқазан, ішек, бір сӛзбен айтқанда, адам ағзасының ішкі құрылысының ауруына мың
да бір ем. Одан шыққан балдың түсі сарғыштау, хош иісті, мұрынды жарып тұрады.
Мұның құрамында глюкоза ӛте кӛп мӛлшерде болады, сонысымен де ӛте пайдалы.
Екінші түрі – жаздық, бұл кӛбінесе шайқурайдың шырыны. Әсіресе әлсіздік
пен жараны тез жазады. Оның түсі қоңырлау болады. Ең соңғысы – күздік, мұның
түсі ақшылға айнала бастайды. Ӛйткені шӛптер мен ағаштардың жапырақтары түсіп,
бойындағы
шырыны қатайып, ағаштардан да күш-қуат кете бастаған шақ.
Ара балының химиялық құрамы ӛскен ӛсімдікке, топырақтың құнарлылығына,
тағы да табиғаттың, қысты айтпағанда, тӛрт мезгіліндегі ауа-райына да байланысты.
Негізі зиянды дәрі пайдаланғанша, пайдалы балмен емделген дұрыс.
Бал арасының ҧясы мен балын емдік қасиетте қолдану. Ара балының
басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынадай:
Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-
4 данасын, жалқы ӛскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.
Тері қышымасына: ара ұясын (ӛңделген) спиртке 7 күн шылап, 8 күннен бастап
қышымаға бірнеше рет жағады.
Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа ӛртеп, 6 грамын суға
қайнатып, самасын
тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.
Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: ӛңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен
ауызды шайқайды. Ӛңделген ара ұясынан кішкене мӛлшерде алып, қақсаған тіске
басады.
Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мӛлшерде алып,
талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір
майына
араластырып, тез арада жараға жағады.
Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын ӛртеп, күлін кіндікке
таңады.
Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет
ішеді. Жасалу және ішу мӛлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат
және ұшқыш майы бар.
Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды
жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бӛліп, күніне 2 рет ішеді.
Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан
9 гр. мандарин қабығынан 6 гр.-ды суға лайықты мӛлшерде жоғарыдағы дәрілерді
қосып, қайнатып, самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққанда, балдан, ұзын
сарымсақтан тиісті мӛлшерде алып, жаншып, балға араластырып, жараға таңса,
жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып
жаншып, әзірлеген дәріні
ауызға салып, сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.
Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық
тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.
Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса,
тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.
Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда
жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ
ауруларын жазады.
Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні
қайнатып, қайнатпасына бал
қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
Қан қысымы ӛрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға
қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын тӛмендетеді.