№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
131
балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір
шәй қасық
балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
Балды үккіштен ӛткізілген сәбізден қосып, банкіге салып, біраз уақыт қойса,
әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты ӛте тәтті тағам болады. Оны,
әсіресе, бауыры, ӛт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол.
Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы
сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, ӛт жолы ауыратындарға
ӛте пайдалы.
Ӛкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек.
Оны қойдың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен
жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне
ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, ӛкпе ауруларына шипалы.
Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мӛлшерде
анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру
адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы
кӛмектеседі.
Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның
жағдайы ежептәуір жақсарады.
Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да ӛзіндік пайдасы бар. Қоңыр
шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса, бал
жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның
қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.
Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс
кӛреді.
Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге,
байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Қорытынды. Сонымен, бал арасы бізге керек пе? Біз олар туралы не білдік?
Бал арасының және балдың пайдасы:
- Табиғаттағы ӛсімдіктерді
тозаңдандыруға қатысады;
- Бал арасының уы да – ем;
- Бал арасының ұясы да – ем;
- Бал арасынан аналық сүт, балауыз, ара желімі (прополис), перга алынады. Бұл
заттар медицинада,
авиацияда кеңінен қолданылады;
- Бал арасынан алынатын бал 70 түрлі ауруға ем болады екен.
Демек, кішкентай ғана бұл тіршілік иесінің де табиғат пен адам ӛмірінде де
ӛзіндік орны бар екен. Тіпті Қазақстанда осы бал арасына арналып үлкен ескерткіш
орнатылған, бұл бал арасының медициналық зерттеулердегі адам тағдыры үшін
жасалған сынақтарға алғыстың белгісі.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», - деп С.
Торайғыров айтқандай, табиғат – біздің ортақ үйіміз, олай болса, жер бетіндегі
барлық тіршілік иесінің ӛзіндік орны бар.
Әдебиеттер
1 Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
2 Қазақ энциклопедиясы, 2 том.
3 Интернет желісі.
4 Бал арасы жайлы білесіз бе? Оқулық.
5 Бұл не? Ол кім?