№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
154
Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап,
қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок
түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз,
қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, ӛріктің, жаңғағы
тағы басқалары.
Қазақ халқының дәстҥрлі ою-ӛрнегінің шығу тарихы. Қазақ халқының кӛне
заманнан бері қарай дәстүрінде ӛмір сүріп келе жатқан ою-ӛрнегі, олардың тыныс-
тіршілігімен тығыз байланысты. Ою-ӛрнектер елдің тарихымен, мәдениетімен және
ұлттық ерекшеліктерімен айқын танылуда.
Қазақтың «оюы» мен «ӛрнегі» бірігіп, латынша «орнамент» деген ұғымды
түсіндіреді, ал бұл сӛздің мағынасы «сәндеу, әсемдеу» дегенді білдіреді.
Қазақ ою-ӛрнегінің ӛзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау
алғашқы кӛне заман – тас, мыс, қола және темір дәуірлерінен бастау алады.
Тарихымызға жүгінсек, онда «палеолит» кезеңінде адамдар ӛнерге бейімделе
бастаған болатын. Палеолит кезеңіндегі ӛнердің алғаш туындысын 1879 жылы
кӛркемдеуші М. Саутуолой Испанияның Альтамир үңгірінен аң мен малдың
бейнелерінен тапқан. Сонымен бірге ағаштан және сүйектен жасалған «ана»
бейнелері Еуразияның бірнеше аймағынан археологиялық зерттеулер кезінде
табылған болса, соның бірі Мальтадан да табылған.
Неолит және қола дәуірін зерттеуден белгілі болған «ұлу» ӛрнегі сол
уақыттағы қоғамның таптық құрылысқа бӛліне бастаған тұсында пайда болған деген
тұжырым бар. Тарих зерттеушілерінің бірі Х. Арғынбаев анықтаған «ұлу» ӛрнек
элементтерінің ӛзі кӛптеген қазақ ру тайпаларынан белгілі болып келген. Қола
дәуіріндегі «Андронов мәдениетінің» космогониялық, геометриялық және
зооморфтық, мифтік ӛрнектерін қазақ ою-ӛрнек туындыларынан кӛруге болады.
Қола дәуірінде ӛмір сүрген адамдардың табиғи күштерге сенімінен туған
ӛрнектерін орта ғасыр сәулетшілері туындыларында кең қолданған. Энеолит
дәуіріндегі безендіру ісінде жай және күрделі геометриялық ӛрнектерді – ромб,
торкӛз, аралас түзу сызықтар қүні бүгінге дейін жеткен, ол «Таңбалы» мәдениетінен
аян екендігін ғалымдарымыз (Қ. Ақышев, Ә. Марғұлан, т.б.) мәлімдеп айтқан
болатын.
Қола дәуіріне жататын Үнді ескерткіштеріндегі ою-ӛрнек үлгісі геометриялық
– ирек, торкӛз, ірі түзу жолақтар, сынық сызықтар мен жіңішке тік сызықтар және
биологиялық тіршілік дүниелері, кейінгі қазақ ӛнерінде кӛрініс тапқан. Ою-ӛрнек
ғылымын жан-жақты зерттеуші ғалымдарымыз олардың құрылымы бойынша
былайша жіктегендігі белгілі, олар – космогониялық, геометриялық, зооморфтық
және ӛсімдіктік болып келеді.
Ежелгі адамдар ӛмірінің қоршаған ортасының, ӛздеріне беймәлім күштерінен
туған наным-сенім түрлері: анимизм, тотемизм, шаманизм, фетишизм сияқты
қарапайым сенімдері бүгінгі күні әлемге кең тараған буддизм, христиан, ислам,
индуизм сияқты ірі діни ағымдардың пайда болуына алып келді.
Адам ӛмірінде әрбір затқа киелі наным-сеніммен қарап, онда магиялық немесе
қасиетті күш-қуаты бар деп түсінгендіктен, осыған орайлас ӛздері салған оюларына
оны белгілеген. Магия кезінде әлем кеңістігінде кең таралғандықтан, олардың
тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын барлық заттарға космогониялық, геометриялық,
зооморфтық, ӛсімдік түріндегі ою мен олардың қосындысынан пайда болған және
киелі деп танылған ӛрнектердің түрлі нұсқалары адамдар арасында туындаған
болатын.
Күн мен ғарыш денелеріне қатысты туған ойдан ою-ӛрнектер түрлерінде
кӛшпелілердің қолӛнер бұйымдарындағы негізгі элементтері «күн» ӛрнегі алынған