№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
127
шекер ӛңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады. Ара
балының бӛлінуі негізінен, ара балы бір шырынды және кӛп шырынды болып
бӛлінеді.
Бір шырынды бал. Тек ӛсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны
ӛсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жӛке
ағаштың балы, т.б.) қарай атайды.
Кӛп шырынды бал. Ӛсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай
балды табиғи бал беретін ӛңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.)
әр түрлі атайды.
Табиғи балдың тҥрлері. Ӛмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал
араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда, табиғи,
жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ кӛмектеспейді. Жасанды балдың
құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй
жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да,
оған балды араластырасыз (Бір стақан суға – жартыстақан бал). Сол кезде тұнбаның
тӛменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың
құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қаншама ӛсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді
солардың бастыларын атап айтсақ.
Тҥйебҧршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық –
янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ
балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мӛлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл
түрі әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жӛке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға
қарсы қасиеті бар. Жӛке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ,
тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе
алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс
алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл
түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақҧмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады.
Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге,
магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да
балдың осы түрімен емдеуге болады.
Араның зияны. Айналаңызда ара ұшып жүрсе, оған мән беріп, оны қағып,
ӛлтіруге ұмтылмаңыз. Себебі, ара себепсіз адам баласын шақпайды. Тек адам
тарапынан қарсы әрекеттер кӛрсе ғана, ол ӛзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел
буады.
Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің
еш қажеті жоқ.
Ара шаққан кезде дереу жақын арадағы медициналық пунктке бару керек
немесе жедел жәрдем шақыртқан жӛн.
Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты
сыртқа шығаруға ықпал етеді.
Ара шаққан жерді сығуға, қасуға, тырнауға болмайды. Кері жағдайда, ағзаға
инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін.